Өзбек олигархы Әлішер Усманов лондондық «Арсеналды» сатып алуға дайын
Қазірдің өзінде «Арсенал» футбол клубының 29, 95% акциясының иесі Әлішер Усманов канонирлердің клубын тұтастай сатып алмақшы ниетте. Әйтсе де, лондондық клубтың басшылары «Арсеналдың» тағдырын өзбек байына емес, америкалық Стэн Кренкеге тапсырғысы келіп отыр екен. Соған қарамастан әкәлап-укәлап адамдардың іші бауырына кіріп кететін Әлішер мырза клуб жанкүйерлерін өз аузына қаратып, клубты сатып алған жағдайда бар қаражатын салуға, тіпті, су жаңа супер ойыншыларды да алатынын мәлімдеп отыр, деп жазады«Аладоп» газеті. L’Equipe басылымына берген сұхбатында: «Арсен Венгер әлемдегі ең мықты бапкерлердің бірі. Бірақ, оның жұмысы тым ауыр. Оның жұмысын жеңілдету керек. Керек кезде ол қалаған қымбат ойыншыларды сатып алып беру керек. Бірақ, бүгінгі клубтың саясаты бойынша Арсен бапкер қымбат футб…
