Мазмұнға өту

Жаңа

Берлиндегі Наурыз тойында садақ атудан сайыс өтті

Берлин. 2 сәуір. Baq.kz – 29 наурыз немістердің «Osternfest» мерекесінің демалысына орай Берлиндегі 30 қазақ отбасы Наурыз мерекесін тойлады. Кешіктіріліп ұйымдастырылған Наурыз тойы қала шетіндегі орманды саябақта өтті. Жергілікті қазақ ағайындармен бірге Қазақстан және басқа елдерден келген қазақ студенттер қатысқан мерекелік іс-шара кезінде қазақ биі – Қаражоға биленіп, өнерлі жастар домбыраның құлағында ойнады. «Жершарының қай ендік, қай бойлығында жүргеніне қарамастан текті қазақтың ұрпағы табиғатпен етене екенін әйгілеп, орманды саябақта жиналды. Ұлыстың ұлы күнін кеш қарсы алған берлиндік ағайындар ет асып, бауырсақ пісіріп, қазақ ауылының думанды тойын көз алдыға елестетті. Кәрі құрлық төрінде қос ішектен күмбірлете күй төгіп, қазақ халық әндерін тамылжыта орындаған қазақ жастары…

0
0
763

«Қазақ» газеті: «Соғыс һәм қымыз мәселесі»

Соғыс һәм қымыз мәселесі Соғысқа қазақ үйі қолайлы болған соң, киіз үй алынды. Соғысқа қазақ аты төзімді болған соң, қазақы аттар алынды. Соғысқа қазақтың қымызы да керек болатын көрінеді. Соғысқа қымыздың не керегі барлығын «Р.Б.» газетасында М.К. деген біреу былай жазады: Біздің Россияда көкірек аурулылар қай кезде де болса көп еді, енді соғыс уақытында, соғыстан кейінгі кезде де көкірек аурулылар бұрынғысынан көбейеді. Соғыстан қайтқан әскерлердің арасында көкірек аурулылар көп болатыны шүбәсіз. Көкірек ауруға қарсы қам қылу үшін соңғы кезде бүкіл Россиялық көкірек ауруымен алысатын қауым деген ашылды. Бірақ ол қауым ісіне қалалар, земстволар кіріспесе, халық арасына тамыр жайып тарала қоятын емес. Халыққа тарап тамыр жайған соң онан пайда аз болып тұр. Жайшылықта бұл іске көңіл қойып…

3
0
4591

Әскерге шақырылушылар апталығы өтті

Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейі, қалалық мәдениет сарайы, Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының көмегімен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 2013 жылдың 26-29 наурызында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына көктемгі әскерге шақыруға арналған «Көктемгі әскерге шақырылушылар апталығы» атты іс-шара өткізді. «Көктемгі әскерге шақырылушылар апталығы» атты іс-шара жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу, Отан алдында әскери және азаматтық борышын өтеу сезімін қалыптастыру, жас ұрпақтың Отан қорғауға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі. Бұл күндері Семейде әскерге шақырылушылар үшін облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жауынгерлік және еңбек Даңқы бөліміне экскурсия ұйымдастырылды. Мұнда әскерге шақырылушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, интернациона…

0
0
426

Шашлычная — Кәуптар??? (И смех, и грех)

Добрый день! Ляпы на казахском языке в столице нашей страны продолжаются, и это не очень меня радует...

Шашлычная - Кәуптар  →  правильно: Кәуапхана.
Ошибки: 1. в слове «кәуптар» пропущена буква «а»;
2. если хотели перевести как «кәуаптар», что подразумевает ассортимент шашлыков, то русское слово должно бы выглядеть как «шашлыки». Помимо орфографических  и грамматических ошибок, не соблюдена аутентика переводимого слова «шашлычная».
Оставляйте свои комментарии, может кто еще видел подобное. Остановим безграмотность!
1
0
593

«Көктем-2013»: әскерге шақыру науқаны басталды

Елімізде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды. Биылғы көктемде Қарулы Күштерге, сондай-ақ өзге де әскерлер мен әскери құралымдарға 15 мың адамды шақыру жоспарланып отыр. Шақыру әскерлерді аумақтық және аумақтан тыс жасақтау принципі бойынша жүзеге асады. Бұл дегеніміз, әскерге шақырылған жас сарбаз туған үйіне жақын жерде де және Қазақстанның басқа өңірінде де қызмет ете алады деген сөз. Мерзімді әскери қызметке бірінші кезекте кейінге қалдыру құқығы жойылған немесе осыған дейін басқадай себептермен шақырылмай қалған ер азаматтар, сондай-ақ ҚР ҚМ әскери-техникалық мектептерінің түлектері шақырылатын болады. Сонымен қатар, жоғары арнаулы білімі бар азаматтар да шақырылуға жатады. Шақырылушылардың жеке істерімен танысу барысында комиссия өкілдері олардың білімдеріне,…

0
0
475

Үш үміт, үш қауіп

Ресей, Қытай, Америка. Үміт бейбіт өмірде. Ресей мен Қазақстан арасында әлдеқандай соғыс өрті тұтануы неғайбыл. Себебі ОРТАҚ құндылықтарымыз көп. Ал, Қытай мен Америка біздің Ресеймен дастарханымыз бір болғандықтан, қолдарын созуға қауқары жоқ.
Қауіп те жоқ емес. Қазақ тілі орыстанып кетуі мүмкін. Әзірге бір ғана қақпа тұр арада. Ол тәуелсіздігіміз! Аллаһқа мың шүкір! Екінші қауіп халқымыз қытайланып кетуі мүмкін. Қазақстанда жүрген 350 мыңға жуық қытай мен 300 мыңдай бойдақ қазақ қыздары турасында ойлансақ. Алып қауіп Америкадан боп тұр. Түрлі фильмдер мен клиптер. Сорақысы музыкалары. Аллаһтан дұға етейік! Бейбіт заман, саналы ұрпақ сұрайық! Жеңіл сөзге үйір ойсыздардан сақ болайық!

Еркебұлан Ерлен

0
0
691

Итермей тұршы...

Қоғамдықкөлік-мәдениеторны. Күнінекеміндетөртретавтобусқаотыратынболғандықтанболар, ондаайтылатынбарлықфразалардыжатқасоғатынболдым ;-). Автобусішіәдеттетыныш. Теккондуктораялдаманыхабарлапотырады. Әрхабарындаекіадамтүссе (егертүссе) орнынатөртадаммінеді. Қайтсінбәріжұмысқаасығыс. Адамлықтолғандааяқкиіміңдікөрудіңөзімұңболады. Өзкеудеңдікөріптұрсаңсоғандарахмет! Осысәттенбастапжолаушыларданмазакетедідеәр-әржерденмынадайдауыстарестілебастайды: "көзіңеқарасай!", "итермейтұршы!", "әрітұршы!", "тоңқаймайтұршы!", "аяғым", "қолым", "қысылдым", "артынендіашпа!", "ақшаданөлгенбұлар!", "сексеуілтиепкележатсыңба?", "малтиепкележатсыңба?", "қазіргіжастарорынбермейді", "мағанорынбересіңба, балам?", "сенанажерденұсташ, мағанкедергіжасаптұрсың", "сеныңғайсызтұрыпқалдыңше, яәрі, яберітұршы", "анауөтірік…

0
2
1551

Америкалық жолды таңдау қажет

Қайдан туған қызығушылық? Жасым жиырма жетіде. Мектепте ағылшын тілі пәнін әупірімдеп бітірдім. Бағам толық 3 деуге тұратын шығар. Тіпті «а», «an», «the» артикльдерінің қолдану орнын да ұқпай кеттім. Ал мектеп бітіргелі он жыл өтті. Неліктен соңғы кездері менің ағылшын тіліне деген қызуғушылығым артып жүр? Қызмет бабымда талап етіп жатқан ешкім жоқ. Жан-жағым толы қазақ. Ағылшынша сөйлеп жүрген бірі жоқ. Бірақ, ағылшын тілі туралы сөз бола қалса, бәрі бір ауыздан «соны үйрену керек еді»,-деседі. Яғни бәрінің де таласы бар. Бұл неткен күш? Шекспирге дейін... XV-XVI-шы ғасырға дейін тіпті ағылшындардың өзі бұл тілде сөйлемеген көрінеді. Ұлыбританияның мемлекеттік тілі французша болса, ағылшын тілінде тек кедейлер, қарақшылар, шаруалар ғана өзара сөйлескен екен. Ол замандарда французшасы азд…

0
0
690

Несібеміз – несие, жетісеміз несіне?

Несие келін. Жиырма бірінші ғасырға дейін қазақтар тойдың барлық іс-шараларын шаңырақта атқарған болса, қазір тек ресторандарда тойлайтын болды. Несие алудың қарқын алғаны соншалық, той күнін белгілеуде дүйсенбі мен сейсенбі жексенбіден кем түсіп тұрған жоқ. Осыған орай қалаларда ресторан құрылыстары да қыза түсті. Әр тойшының шама шарқын қай ресторанда той өткізуінен біле беріңіз. Әй, бірақ қазір байдың тойынан кедейдің тойын ажырату тіптен қиын боп кетті-ау. Қоянды қамыс, қазақты бәсеке өлтіретін заман туды ғой. Күндестігі күштінің, несиесі де күшті. Ақшаның буы соншалық (несиеден алынған) кейбір әпкелеріміз ыдыс-аяқ жууды, түрлі салаттар даярлауды, тамақ пісіретіндерді жалдамалы қолға істетуге көшті. Бұл өз кезегінде келіндер арасындағы ауызбірлікке соққы болмас па екен? Уақыт өте келе…

1
3
1427