Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан құрамасы «Каспий кубогында» Болгариядан ойсырай ұтылды

Фото дереккөзі: prosportkz.kz

 

Әзірбайжанда 17 жасқа дейінгі ойыншылардан құралған жас құрамалар арасында Футболдан «Каспий кубогы» халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Қазақстан құрамасы бірінші ойында Болгариядан 0:13 есебімен ұтылды. Бүгін Қазақстан Грузиямен кездеседі», — делінген хабарламада.


0
0
387

«Сарыарқа» велотрегінде «Жұлдыз кубогі» халықаралық турнирі өтеді

31 мамырда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде Астана әкімінің жүлдесіне көркем гимнастикадан «Жұлдыз кубогі»-2013 II халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлады қалалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. «Халықаралық турнир биылғы жылы Ресей, Әзірбайжан, Беларус, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Израиль, Грузия, Сингапурдан қонақтар мен Қазақстанның 12 қаласынан өкілдерді қабылдайды. Турнирге барлығы 285 адам қатысады. Жасөспірімдер арасындағы жеке бағдарламада 9 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оған 1998-2006 жылдары туған қыздар қатысады», — делінген ақпаратта. Жарыс 31 мамыр және 1 маусым аралығында өтеді. Ашылу салтанаты 31 мамырда сағат 19:00-де өтсе, ресми жабылу салтанаты 1 маусымда сағат 18.30-да ұйымдастырыла…

0
0
406

Жүлде қоры – 22 миллион евро

Бұл күндері Францияның астанасы Париж қаласында «Үлкен дулыға» санатына жататын турнирлердің бірі – «Ролан Гаррос» өтіп жатыр. Бұл дода әдеттегідей төрткүл дүниеніңтеңдессіз теннисшілерінің басын қосты. Солардың арасында Қазақстанның да өкілдері бар. Биыл жарыстыңжүлделік қоры 22 миллион евроны құрап отыр. Яғни осы турнирде сәттіөнер көрсету арқылы тек бедел жиып қана қоймай, материалдықтұрғыдан да мол олжаға кенелуге болады. Аталмыш турнирдің тұсауы сонау 1891 жылы кесілген болатын. Алғашқы кездері ол тек Францияныңішкі біріншілігі ретінде ұйымдастырылып, ол Париж корттарында жергілікті теннисшілер ғана күш сынасатын. Және де ол бас-аяғы бір күннің ішінде мәреге жететін. Десек те, жарыстың беделін арттыруды мақсат тұтқан ұйымдастырушылар 1925 жылы шет мемлекеттерден келген ойыншылардың қ…

0
0
592

Қарулы Күштерде резервистер дайындау жалғасуда

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери оқытылған резерв (жұмылдыру резервін) даярлау жөніндегі әскери жиындардың кезекті кезеңі аяқталды. Әскери міндеттілерді даярлау Қазақстанның түрлі өңірлерінде орналасқан бес оқу-жаттығу орталығында жүзеге асырылуда. 2013 жылы барлығы сегіз мыңнан астам азамат «Әскери міндеттілерді әскери оқу-жаттығу жиындарына шақыру туралы» Үкіметтің қаулысына сәйкес даярлықтан өтеді. Бүгінгі таңда 800-ден астам әскери міндетті әскери жиыннан өтті. Оның ішіндегі үш жүз жас жігіт бұрын Қарулы Күштер қатарында қызмет өткермеген. Әскери қызмет тәжірибесі жоқ азаматтарды даярлау Қарағанды облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Бір ай бойы жиынға шақырылған азаматтар әскери пәндерді зерделеп, саптық және атыс даярлығының негіздерімен таны…

0
0
661

Бүгін — «Жақсы жігіттер». Шытырман оқиғалы фильм (АҚШ, 1992 ж.)

«Қазақстан» Ұлттық арнасында «Оскар», «Алтын глобус» жүлделерімен марапатталған фильм! Тәуекелге бас тігіп, шындық іздеген жақсы жігіттер туралы бүгін Ұлттық арнадан сағат 23.55-те тамашалаңыз!

0
0
349

Дін істері агенттігінің төрағасы Қ. Лама Шариф Қазақстандағы БАӘ Төтенше және өкілетті елшісі С.М. әл-Кетбимен кездесті

А.ж. 29-мамырында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Қазақстандағы Біріккен Араб Әмірлігінің Төтенше және өкілетті елшісі Сухейл Матар әл-Кетбимен кездесті. Әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын және осы үрдіс Қазақстан мен БАӘ-нің рухани үндестігімен нығайтылғанын атап өтті.

Сондай-ақ кездесуде Астана қаласында Қазақ-әмірлік үкіметаралық комиссиясының 6-шы бірлескен отырысы аясында ҚР Дін істері агенттігі мен БАӘ ислам істері және уақыптар жөніндегі бас агенттік арасында түсіністік туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі қаралды.

0
0
333