Тікелей эфир

31 мамыр – Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Бүгін ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы датаға байланысты «Екпін» журналы журналист, әрі Тұрар Рысқұлов публицистикасын зерттеуші Мейрамхан Сағынқызын әңгімеге тартып, бүгінгі жастар біле бермейтін тарихи оқиғалармен танысуды жөн көрді.

— Бүгінгі таңда еліміз осы датаны қаншалықты маңызды деп санайды?

— Биылғы 31 мамыр Қазақстан үшін ерекше аталынып өтетін қаралы дата. Бұл жылы ашаршылық оқиғаларының болғандығына 80 жыл, саяси қуғын-сүргіннің, жалпы репрессияның болғандығына 75 жыл толып отыр. 31 мамырды «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, 1997 жылы Елбасымыз жарлыққа қол қойған. Бүгін Астанада арнайы үлкен ескерткіш ашылып, мұражай жұмысын бастайын деп жатыр. Кезінде қуғын-сүргін құрбандары тұрақтаған Қарағанды, Ақмола облысының маңындағы лагерьлерде еске алу шаралары өтеді.

Біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек. Кезінде осы жылдарға қатысты баспасөздің бір сыпырасын зерттеген болатынмын. Сол кезде біраз нәрселерге көзім жетті. Тарихқа үңіліп қарайтын болсақ, ашаршылық қазақ даласында 1929 жылы бірінші рет болып, кейін 1932 жылы қайталанған. Бірінші ашаршылықта бірнеше миллион халық қырылған болса, екіншісінде одан да көп халық аштықтан көз жұмды. Ал қырылғаннан қалғандары жан сақтау мақсатында басқа елдерге босып, тозып кетті. Бұның барлығы қазақ даласына жасалған қиянат болатын. Мысалы, сол кезде Қазақстанда басшы болған Голощекиннің «Кіші октябрь» саясатының өзі халықты осыған итермеледі. Ол бастапқыда малмен ғана күнін көріп отырған байларға, кейін орташаларға, ең соңында астық екпейтін малшыларға астық салығын салды. Астықты тауып бере алмағандарын шұбыртып, қаңғытып жіберді. Сөйтіп 1933 жылға дейін қазақ даласында болған 40 миллион малдың, 1933 жылдан кейін 15 миллионы ғана қалды.

Ал 1929 жылғы аштықтың салдарынан 123 300 000 дихан шаруашылығының саны 1936-1937 жылдары 56 500 болып қалған. Егер сол жылдары жарық көрген газеттер тек шындықты айтты десек, бұл өтірік болар еді. Ол кезде баспасөздегі материалдардың барлығы тек біржақты саяси екпінмен, тапсырмамен жазылған дүниелер болатын. Мысалы, 1930 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде Мұстафа Шоқайдың «1929 жылғы аштық» деген мақаласы жарық көрген болатын. Онда ол Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ жерінде болған аштықтың кесірі біріншіден табиғаттың қолайсыздығына байланысты болды» («Қазақ жеріндегі ашаршылық» атты мақаладан) деп айтқан пікіріне: «Бұл жерде ешқандай табиғаттың қолайсыздығы деген факті болған жоқ, қазақтың ойлы, қырлы даласында қанша қырғын, қанша жұт болса да, халқы былай жаппай қырылмаған. Сондықтан, Ахмет Байтұрсыновтың мына пікірлері кеңестік електен өткен деп, оның мақаласын шынайы сынға алады. Бұдан біз қазақ жеріндегі ашаршылыққа сол кезде билікте жүрген адамдар болсын, алаш ордашылар болсын, барлығы бір жақты ғана баға бергендігін көреміз. Яғни, олардың барлығы ашаршылықтың себебі табиғаттың қолайсыздығынан дегенге әкеліп тіреді.

Ал шын мәнінде бұл биліктің халыққа жасаған қиянаты еді. Әрине, ашаршылық сол кезде жалғыз болған жоқ. Қазақта «жұт жеті ағайынды» дейді ғой. Оған 37-жылы репрессия келіп қосылды. Сол жылдары шығып тұрған газеттерде күзде егінді орып болғаннан кейін қалған масақты тергені үшін сотталып, тіпті халық жауы аталып, атылған адамдар туралы ақпарат бар. Мысалы «Еңбекші қазақ» газетінде Қызыл тақта және Қара тақта деген айдарлар болды. Осы екі айдардың аясында қызыл тақтаға қуғын-сүргін, ашаршылыққа қарамастан шолақ белсенділік танытып жүрген мекемелер, ұйымдар, колхоз-совхоздардың басшылары туралы мақтау-мадақтау материалдары болатын болса, қара тақтада масақ теріп халық жауы атанған қарапайым, кінәсіз адамдардың есімі тізімге ілінді. Қара тақтаға ілінгендер күні ертең ату жазасына кесіліп отырды.

Ашаршылық пен репрессия тақырыбын айтпас бұрын, сол уақытты кезеңмен, саяси құрылыммен, тарихи деректермен қатар қарастыру қажет. Бір жақты баға беріп, бір жақты көзқарас таныту — тарих беттеріндегі ақтаңдақтарды одан сайын көбейтеді. Мәселен, «Қазақстан тарихы» оқулықтарымызда репрессия тақырыбында тек біржақты мәліметтер берілген. Көп жағдайда тарихшыларымыздың өзі сол уақыттарда болған нақты цифрларды бізге ұсына алмайды. Бірі 2 миллион қазақ қырылды десе, бірі 4 миллион дейді. Ал басқалары ашаршылық пен қуғын-сүргіннен 10 миллиноға жуық қазақ қырылды дейді.

Жан-жақты зерттелгенімен, мұнда тіпті бұл оқиғаларға кінәлі адамдардың аты ашық, анық айтылмайды. Тәуелсіздікке дейін, тәуелсіздіктен кейін шыққан кітаптар болсын, оларда көптеген саяси, тарихи қателер бар. Қазақ даласындағы аштық, репрессия — бұлардың барлығы, менің түсінігімде, отарлау саясаты механизмдерінің бірі. Революцияға дейінгі аштық, қуғын-сүргін — патшаның отарлау саясатының жоспарлы түрдегі механизмі болатын болса, 30-жылдардағы репрессия, ашаршылық оқиғалары кеңестік жүйедегі отарлау саясатының механизмі деп айтар едім. Бұл екеуі де қолдан жасалған оқиғалар. Мысалы, 1931 жылы Түрксіб темір жолы ашылған кезде оған үлкен мән-маңыз берілді.

Бұл теміржолдың арқасында КСРО аумағындағы көптеген мемлекеттер арасында біріншіден, әлеуметтік, екіншіден, стратегиялық, үшіншіден, экономикалық тұрғыдан қарым-қатынас орнайды деген. Әлеуметтік тұрғыдан елмен ел араласады, экономикалық тұрғыдан егін, астық, азық-түлік тасымалданады. Ал стратегиялық тұрғыдан қандай да бір соғыс бола қалған жағдайда теміржол қару-жарақ арсеналын тез арада жеткізеді деген үміт болған. Түрксіб өзін ақтады. Бірақ ашаршылық кезінде бұл теміржол арқылы Ресейден елімізге жіберілген қаншама астық жетпеген, жеткен күннің өзінде биліктегілер пайдалануға рұқсат бермеген. Міне, мұның барлығы ашаршылықтың қолдан жасалғандығының дәлелі.

Алайда, бүгінге дейін біз шындықтың көзіне тура қарай алмай келеміз. Қазақстанның тарихына қатысты көп дүниелер, әсіресе осы ашаршылық пен қуғын-сүргінге қатысты дүниелер ашылған жоқ. Сол кездердегі КГБ-ның, НКВД-ның , кейінгі ҰҚК-нің архивтерінде том-том болып қапталып жатыр. Бірақ бұл мұрағаттарды ақтарып қопарудың қажеті де жоқ, себебі сол уақыттарда олардың барлығы фальсификацияланған, яғни, ойдан құрастырылған. Былтырғы жылы Мәскеуде болған кезімде сонда шыққан саяси қуғын-сүргінге арналған үлкен энциклопедиялық оқулықпен тыныстым. Бұнда архив құжаттарын ресейдің тарихшылары жан-жақты талдап-таразылаған. Құжаттың шындығы қайсы, ол істі басқарған адамдар кім, ол кімнің қол қоюымен, кімнің бұйрығымен орындалған нәрселер — соның барлығы тарқатылып айтылып, ашық жазылған. Ал бізде ондай кітаптар жоқ. Тіпті баспасөздің бетінде бүгінге дейін бұл мәселелер бүркемеленіп, шындық әлі айтылмай жатыр.

Мысалы, кезінде Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, тіпті Мағжанның өзі сол 37-жылы атылып кетті деп ойлап жүрдік. Ал қазіргі таңда көптеген тарихи фактілер, тарихи естеліктер олардың 1937 жылы атылмағандығын дәлелдеп отыр. Яғни, бұның барлығы біздің тарихи сананың жаңартылмағанын, зерттелмегенін, өз деңгейіндегі шындық әлі ашылмағандығын айтып отыр.

— Бұл тақырыпты қай уақыттан бастап зерттей бастадыңыз? Оған не түрткі болды?

— ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне оқуға түскеннен кейін, бірінші курсты аяқтайтын уақытта курс жұмысын жазуымыз керек болды. Сол кезде маған «Мұстафа Шоқайдың публицистикасы» деген тақырып берілді. Ол 1989 жыл болатын. Бұл уақытта Мұстафа Шоқай ақталмақ түгілі, оның атын ешкім айтпайтын (М. Шоқай 1997 жылы ғана саяси тұрғыда ақталды). Курс жұмысын жазу барасында оның жазбаларын қарап отырсам, осы ашаршылық, қуғын-сүргін туралы жазған материалдары бар екен. Сонда «бұл не деген нәрсе, бізге тарихта бұны неге айтпайды, неге біз бұның бүге-шүгесін білмейміз» деген ой келді. Бұл қызығушылық мені жетелеп алып, біздің мемлекеттік архивте сақталған құжаттарға, ұлттық кітапханадағы, ғылым академиясының кітапханасындағы сирек қолжазбалар сақталған бөлімге алып келді. Көптеген тың дүниелерді ақтарып, төте жазуды үйреніп, сол төтеше жазылған газет-журналдарды оқып, материалдарын өзімнің ой елегімнен өткіздім.

1994 жылы «Мұстафа Шоқайдың» публицистикасы деген диплом жұмысымды қорғадым. Одан кейін Қарағанды Мемлекеттік университетіне оқытушы болып бардым, сонда бұл мәселені тек өзім үшін ғана емес, студенттеріме рухани азық болсын деп зерттей бастадым.
Әрине, мен айтып өткен нәрселердің көп қырлары бар, көп жақтары бар. Оның барлығын бір сұхбаттың бойында айтып өту мүмкін емес. Соған қарамастан, негізгі фактілерін қамтыдым деп ойлаймын.

— Зерттеу кезінде көбіне қандай қиындықтар болды?

— Зерттеу деген оңай нәрсе болмағандықтан, оның жолында көптеген кедергілер кездесуі шартты. Мысалы, Ресейдің кітапханаларында, мұрағаттарында тарихи оқиғаларға байланысты материалдарды арнайы жинақтап, бөліп қойған. Ал бізде әлі күнге дейін мемлекеттік мекемелерде осы тарихи оқиғаларға байланысты мұрағаттарда ондай база жасалынбаған. Бір мәліметті табу үшін сол жылдары басылған барлық газеттерді ақтарып жүріп тауып алу керексің. Көп уақытың сонымен кетеді. Сонымен қатар, біздегі библиографиялық көрсеткіштер ескірген, жаңасының өзі толыққанды емес. Бұл зерттеуге кәдімгідей кедергі келтірді. Және мұрағаттардағы кейбір құжаттар әлі күнге дейін өзінің құпиялылығын жоймаған. Бізге ол құпия құжаттарға қол жеткізу әлі мүмкін болмай отыр.

— Зерттеулеріңіздің нәтижесі қандай болды? Зерттеу еңбектеріңіз жарық көрді ме?

— Әзірге студенттерге азық ретінде, соларға ой салу үшін дайындалған жеке өзімнің қолжазбаларым электронды лекциялар негізінде ЖОО-дарында бекітіліп, әдістемелік құрал ретінде жарыққа шықты. Ал жеке кітап қылып шығару әлі де көп зерттеулерді, пайымдауларды қажет етеді.

Ғылым деген шындығында да «инемен құдық қазғандай». Оған үлесіңді қосу үшін сенің айтқан сөзің, келтірген пікірлерің бұлтартпас нақты болуы қажет. Менің зерттеген зерттеулерімде әлі де жетіспейтін жақтар бар. Сондықтан оны әлі пісіріп, тарихи құжаттармен бекітіп, мұрағаттардың фактілерімен толықтыру қажет. Ал кітап шығару болашақта ойымда бар.

— Тарихта нақты деректер жоқ деп айтып жатырсыз. Алайда, біздерге оқуға кеңес беретін зерттеушілердің еңбектері бар шығар?

— Шыны керек, бір кітаптың ішінен осы дүниелерге қатысты деректердің барлығын тауып алу деген бекер әурешілік. Ал жекелеген авторлардың жазған материалдары бар. Мысалы, Дихан Қамзабекұлының еңбектерін, сонымен қоса, Рысқұловтың мәселелеріне байланысты Ордалы Қоңыратбаевтың зерттулерін, кітаптарын ұялмай, мақтанышпен оқуға болады. Осылардың айқын ойлары, пайымдаулары, пікірлері нақты екендігінде ешқандай шүбә жоқ.

— Мұстафа Шоқайдың өміріне арналған киноның жарық көргеніне 4-5 жылдай болып қалды. Көрген боларсыз. Режиссер фильмде оны тарихи тұлға ретінде аша алған ба?

— Кино — ол кәдімгі эмоциядан, қиялдан, фантазиядан құралып, тарихи фактілермен астасып, сонымен араласып, адамның санасына визуалдық әсер ететін өнер ғой. Негізі Мұстафа Шоқайдың тұлғасы одан да биік және жеке азамат ретінде бір фильмнің төңірегінде оның бейнесі толыққанды ашылды деп айта алмаймын.

— Қазір зерттеумен айналысып жүрсіз бе?

— Әрине, бұл тақырып менің зерттеу нысанамнан ешқашан кеткен емес. Себебі сол 1989 жылдардан бері қазақ журналистикасының тарихы мен оған қатысты мәліметтерді жинау бір жағыннан қарағанда хоббиіме айналып кеткен. Бұл зерттеу тоқтатылған емес, тоқтатылмайды да. Бұл оқиғалардың шындығына көз жеткізсем деймін. Сол үшін де бұл зерттеулеріме ешқашан нүкте қойылмайды.

— Бүгінгі күні кезінде саяси қуғын-сүргінге ұшыраған кісілердің істерін, барлығын толық болмаса да, зерттеп, ақтап жатыр. Алайда, көзден тыс қалды дейтін тұлғалар бар ма?

— Әрине бар. Негізінен біз тек республикамыздың көлемінде шектелеміз. Олардың өзін 100%-ға зерттеп, ақтап, шығармаларының мән-маңызын аштық деп айта алмаймын. Тасада қалып қойған азаматтар көп. Шығармашылығы толық зерттелмеген тұлғалар, тек қана біржақты баға берілген азаматтар бар. Мысалы, Смағұл Садуақас, Тұрар Рысқұлов, Нәзір Төреқұлов, Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтардің қайраткерлігі, публицистикасы, шығармашылығына әлі нақты баға беріліп, толықтай зерттелген жоқ. Олардың ғұмырларында біз білмейтін тұстар әлі көп. Сонымен қатар, қуғын-сүргін, репрессия кезінде шет елге кетуге мәжбүр болған қазақ азаматтары бар. Тек қарапайым ғана халық үдере көшкен жоқ, олардың басында халықты, елді шашыратып алмас үшін уысында ұстап, оларды аман сақтап қалу үшін аянбай еңбек еткен тұлғалар бар. Сол үшін бізге зерттеу еңбектерін тоқтатпау керек, керісінше, мүмкіндік болса, мемлекеттік гранттар алып, мемлекеттік деңгейде шынайы көз жеткізіп зерттеу қажет.

— Әңгімеңізге көп рахмет!


Сұхбаттасқан Айнұр Ракишева

Алия Arsik
31 мамыр 2012, 13:57
34953

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

репрессия төңірегіндегі тарих беттері әлі көп құпияларға толы болып қала беретін сияқты. ал ашаршылық туралы жан түршігерлік оқиғаларды әкемнің өзінің аталары туралы айтқан әңгімелерінен білемін. Құдай ешкімнің басына сондай азапты бермесін.
amirus
2
0
сұхбат үшін үлкен рахмет!
"Коллективизация"да малдарын оз еркменен Укметке откизп, Атам бала-шагасын аман алып калыпты. 29-шы жылдары- аштык,"оба"...басталганда копшиликпен брге Ажемзбен ,кенжеси - Акемизди "аман алып кал деп "Сибкрайга" жиберген екен. Атам 2 улымен (акейдн агалары) елде калган. Ажелеримз 33-ж. кайтып келгенде - туыскандар тугел кырылып калган ! Елде (улкен ауылда) 4,5 кана тири адам калыпты!!! Ол заман - оте коп жануяны кырып , журнаксыз калдырды гой !"Иманды болсын"!-ол жазыксыз курбандар !
Иа, бұл жылдары қазақтың басына не келіп, не кетпеді. Ашашылық талай адамның өмірін жалмады. Сіз сияқты осы жайды барша қазақ білсе нұр үстіне нұр болар еді, Әттең көп жастарымыз талтаңдап, осы күннің қадірін де білмей жүр. Осы жай өзегімді өртейді...
Мейрамхан апайымыздың кітабын асыға күтеміз. Ол кітаптан бұрын-соңды естіп-білмеген, ойға келмеген, нағыз рухты оятар дүниелер шығары сөзсіз. Апайдың лекциялары жаңалықтарға толы еді, әр дәрісінен рухани байып, жаңалықтар ашып шығатынбыз. Мемлекеттік грантты осындай ғалымдарға бөлсе екен билігіміз, қазағымыздың санасы "сілкініп", көп нәрсеге көздері ашылар еді. Осы сұхбаттың өзінен-ақ бұрын-соңды ешбір кітапта жарияланбаған құнды дүниелерді біліп қалдық. Мейрамхан апайдың айтары том-том кітапқа татиды, соған мүмкіншілік жасалса екен дейміз. Осындай қазақ ұлтына ауадай қажет жандарды барында қастерлеп, қадірін түсініп, жағдай жасай білсек екен...
Arsik
0
0
сәлем, Перизат, пікіріңе көп рахмет.
Осынша қорлық көрген қазақ халқын, бүгінгі БИЛІК пен ҰРЫ МИЛЛИАРДЕРЛЕР мен МИЛЛИОНЕРЛЕР
не істеп отырғанынан ұялар емес ! Ол кезде тырнағын ішіне бүккен жаулар қырса, қазіргі Биліктің ісін не деуге болады ? Жерді сатып, Тілді қорлап, Қазақ халқын келісмсектердің табанына салғандай, қайдағы бір "КӨП ҰЛТТЫ" дейтін жалған саясатпен Ел намысын таптап отыр. Қазақ Елінде Қазақтан басқа ҰЛТ жоқ ! Қалғандары КЕЛІМСЕКТЕР, мұны анық айту адамшылық екенін ұққан жөн.
Осынша қорлық көрген қазақ халқын, бүгінгі БИЛІК пен ҰРЫ МИЛЛИАРДЕРЛЕР мен МИЛЛИОНЕРЛЕР
не істеп отырғанынан ұялар емес ! Ол кезде тырнағын ішіне бүккен жаулар қырса, қазіргі Биліктің ісін не деуге болады ? Жерді сатып, Тілді қорлап, Қазақ халқын келісмсектердің табанына салғандай, қайдағы бір "КӨП ҰЛТТЫ" дейтін жалған саясатпен Ел намысын таптап отыр. Қазақ Елінде Қазақтан басқа ҰЛТ жоқ ! Қалғандары КЕЛІМСЕКТЕР, мұны анық айту адамшылық екенін ұққан жөн.
Жоғары да айтқандай: Мысалы, кезінде Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, тіпті Мағжанның өзі сол 37-жылы атылып кетті деп ойлап жүрдік. Ал қазіргі таңда көптеген тарихи фактілер, тарихи естеліктер олардың 1937 жылы атылмағандығын дәлелдеп отыр. Шынымен Бауыржан Момышұлы 1941-1945 жылғы соғыста Мағжан Жұмабаевті көргенін айтады.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 22059
  • 5
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 4386
  • 20
«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

Люди старшего и среднего поколений помнят шумные, недобрые, грубо ругающиеся очереди советских лет. Увидеть, как это было, можно теперь разве что в каком-нибудь фильме. Хотя не только.
openqazaqstan
26 апр. 2017 / 16:14
  • 3060
  • 33
Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Мне часто доставались мужчины, поломанные браком. Таких почти сразу видно – у них маска состоявшегося мужчины по швам трещит. И каждый из них реагирует по-своему. Поясню на паре примеров.
Jamiklisa
28 апр. 2017 / 14:21
Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент Назарбаев призвал крупных бизнесменов делиться с народом, следуя примеру своих коллег из развитых стран. В Казахстане, действительно, сегодня много богатых людей.
openqazaqstan
27 апр. 2017 / 14:09
  • 2610
  • 29
Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Житель Алматы по имени Марк Усачев недавно оказался на телепрограмме "Лучше всех", с успехом идущей на Первом канале России. 9-летний алматинец покорил публику своими недюжинными знаниями.
Seattle
24 апр. 2017 / 16:59
  • 2734
  • 2
Карсакпай — посёлок-музей казахстанской металлургии

Карсакпай — посёлок-музей казахстанской металлургии

Хоть здесь крайне редко бывают СМИ, посёлок Карсакпай очень интересен. Основанный англичанами, он был первенцем медеплавильной промышленности в СССР. С 70-х годов из труб завода-пионера дым не идёт...
theYakov
29 апр. 2017 / 8:14
  • 2634
  • 3
Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Чтобы вы знали, чем занимаются в сфере образования - педагоги являются основой массовок. Какое отношение к учителям со стороны государства, такого же уровня и качество образования.
SaukovV
26 апр. 2017 / 16:05
  • 2537
  • 16
Как стать караоке-шлюхой в Корее? Твои обязанности – развлекать гостя, вот и всё

Как стать караоке-шлюхой в Корее? Твои обязанности – развлекать гостя, вот и всё

Я думаю, многие видели различные объявления в интернете о наборе девушек в караоке-клубы в Южную Корею. Садитесь поудобнее, я вам сейчас расскажу что это за шняга.
savira6
28 апр. 2017 / 17:02
  • 2600
  • 21