Елордада экологиялық көлік пен сәулетті енгізу талқылануда
Астанада ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын орындау жөнінде «Энерготиімділік, энергоүнемдеу, экологиялық таза технологиялар» жобасы аясында «Экокөлік, экосәулет» семинары өтуде. Бұл туралы іс-шараны ұйымдастырушы – «Адам денсаулығы институты» ҚБ мәлім етті.
