Астанада «Жасыл экономикаға» көшу мәселелері талқыланды
Энергия үнемдеу және қоршаған ортаны зиянды заттардан қорғау. Бұл мәселелер «Экокөлік және экосәулет» атты семинар барысында кеңінен талқыланды. «Энергия үнемдегіш ғимараттар салу – жасыл экономиканы дамытудың бірден-бір жолы»,- дейді жиынға қатысушылар. Сондықтан бұл саладағы білікті мамандарды даярлауға аса көңіл бөлу қажет. Сондай-ақ, жиында экологияның қауіпсіздігі сөз болды. Жыл сайын елімізде қоршаған ортаға 1 млн 300 мың тонна зиянды қалдық шығарылады екен. Оның 60 пайызы – көліктердің үлесінде. Ал Алматы қаласында бұл көрсеткіш тіпті 80 пайызға дейін жетіпті. Сол үшін келесі жарты жылдықта Қазақстанға импортталатын, ал 2014 жылдан бастап елімізде шығарылатын көліктер Евро 4 класына көшірілмек.
