Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыда үлкен футбол: Қазақстан – Болгария

4 маусым күні Алматының Орталық стадионында футболдан Қазақстан – Болгария ұлттық құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді. Басталуы –20:00.

Билеттер Орталық стадионның маңындағы кассаларда және Алматықаласындағы «Меломан» сауда желілерінде сатылады.

 
0
0
420

Қазақстан құрамалары қатысатын әлем біріншіліктері

 

Жақында Астанада өткен Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының басқарушы органы болып табылатын атқару комитетінің отырысында алдағы маусымдағы дүбірлі додалар тізімі бекітілді.

Ерлер арасындағы ұлттық құра­ма­мыз 2014 жылы Минскіде өтетін әлем чем­пио­на­тында бақ сынайды. Бұл – жо­ғар­ғы ди­ви­зион, әлемнің кіл мықтылары арасын­да­ғы дүлей дода. Аталған бүкіл­әлемдік бірін­шілік 2014 жылғы 9-25 ма­мыр аралығын­да өтеді.

Оған дейін біздің құрама Францияның Бриасон қаласында өтетін «Еурошақырты­лым кубогына» қатысады. Бұл доданың өт­кізілу мерзімі – 2014 жыл, 6-8 ақпан ара­лығы.

Сондай-ақ ерлер арасындағы ұлттық құрамамыздың Минскідегі әлем чем­пионатына дейін Австрия, Словения, Италия құрамаларымен кездесіп, дайын­дық­тарын пысықтауы жоспарланған.

Жалпы, ерлер арасындағы әлем чем­пионаты үш дивизион, жеті топқа бөлініп өт­кі­зіледі. Олар:

жоғарғы дивизион,

І ди­визион («А» және «В» топтары),

ІІ диви­зион («А» және «В» топтары),

ІІІ дивизион («А» және «В» топтары).

Жастар арасындағы құрамамыз (20 жасқа дейінгі) 2013 жылдың аяғындаҰлыбританияның Дамфрис қаласында өтетін бүкіләлемдік біріншілікте сынға түседі.

Бұл – жастар арасындағы әлем чем­пио­натының І-дивизионындағы «В» то­бы­ныңдодасы. Өткізілетін нақты уақыты – 2013 жыл, 9-15 желтоқсан аралығы.

Жастар арасындағы әлем чемпионаты үш дивизион, алты топтан тұрады. Бәрі ере­сектер арасындағыдай, тек үшінші дивизионда бір-ақ топ бар.

Жасөспірімдер құрамасы (18 жасқа де­йінгі) жастарымызға қарағанда әлем чем­пионатының бір саты жоғары тобында бақ сынайтын болады.

Нақтырақ айтсақ – бірінші дивизионның «А» тобында. Өткі­зі­летін мерзімі – 2014 жыл, 13-19 сәуір. Атал­мыш мұзайдын додасы Францияның Ницца қаласындаөтеді.

Бұл жас санатындағы әлем чемпионаты тура ересектер арасындағыдай – үш ди­визион, жеті топ.

Әйелдер арасындағы ұлттық құрама­мыз келесі жылы да бірінші дивизионының «В» тобында өнер көрсетеді. 2014 жылғы 14-22 сәуір аралығында Латвияның Вентс­пилс қаласындағы бүкіләлемдік біріншілік­те «А» тобына көтерілуге тырысып көреді.

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты екі дивизион, алты топқа жіктелген. Бұлар – жоғарғы дивизион, І дивизион («А» жә­не «В» топтары), ІІ дивизион («А» және «В» топтары) және ІІ дивизиондағы «В» тобы­ның електік додасы.

Бойжеткендер арасындағы құра­ма­мыз әлі бірінші дивизионның іріктеу тобы­нан жоғары көтеріле алмай жүр. Бұл – қыздар арасындағы әлем чемпиона­тының ең тө­мен­гі тобы.

Қазақстан қыздары 2014 жыл­ғы 17-23 наурыз аралығында Поль­ша­да өз бақтарын сынап, бірінші дивизион жол­дамасына таласып көреді.

Бойжеткендер арасындағы әлем чем­пионаты екі дивизион, үш топтан ғана құ­рал­ған. Таратып айтар болсақ, жоғарғы ди­ви­зион, І дивизион және І дивизионның електік додасы.

 
0
0
274

Жастарды жаттықтыруымызда мін жоқ...

 

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының електік сынына дайындығын бастады. Әзіршеқұрама сапы жарияланып, ел намысын қорғайтын жас таланттар іріктелініп алынды.

Әуелі 2015 жылғы Еуропа чемпиона­тының електік сынына атүсті тоқтала кет­сек. 52 мемлекеттің жастары 10 топқа бөлін­ген. Сегіз топта – бес командадан да (3-10 топтарда), қалған екі топта – алты коман­дадан (1 және 2 топтарда).

Осы он топта бірінші орынға ие болғандар және екінші орын алғандардыңішіндегі көрсет­кіш­тері жоғары төртеуі екінші кезеңге өтеді.

Екінші електе әлгі 14 команда жере­бе бойынша жеті жұп құрайды. Осы жұп­тарда жеңіске жеткен жеті құрама Еуропа чемпионатына барады. Сегізінші команда – Еуропа чем­пионатының қожайыны Че­хия жастары.

Яғни 2015 жылғы жастар ара­сындағы Еу­ропа чемпионатының ақ­тық додасында екі сатылы сүзгіден екшеліп шыққан сегіз елдің таланттары ғана бақ сынайды.

Қазақстан жастары жоғарыда аталған 10 топтың оныншысына түскен. Қарсылас­тары – Франция, Беларусь, Армения және Исландия жастары. Сергей Боровский жат­тықтыратын жастарымыз алғашқы ой­ындарын 11 маусым күні БеларусьтіңБори­сов қаласында өткізеді.

Осы ресми ойынға дайындық жыл басынан басталған. Беларусь маманы Сергей Боровский баптайтын жастарымыз әуелі Астанада оқу-жаттығу жиынын өткі­зіп,өз еліміздегі ортаңқол екі командамен жолдастық кездесулер өткізген.

Бұдан кейін Санкт-Петербургте өткен «Достастық кубогына» қатысып, 6-орынды қанағат тұт­қан. Одан соң Түркияда оқу-жаттығу жиы­нын өткізіп, Украина мен Норвегияның екі клубымен жолдастық кездесулер өткізді.

Бұдан әрі тіпті тамаша. Мамыр айының алғашқы күндері Италиядағы әйгілі «Ми­лан» клубының базасында жаттығып, да­йындықтарын әлемдегі ең үздік стадион­дардың бірінде пысықтап қайтты. Тіпті ше­жіресі мол «Милан» клубының жаста­ры­мен кездесіп, 2:1 есебімен басым түс­кен болатын.

Енді 1-4 маусым аралығында Эстония­да, ал 5-8 маусым күндері Латвияда оқу-жат­тығу жұмыстарын жүргізбек. 9 маусым­да ғана Беларуське барып, дайындық­та­рын пысықтайтын болады.

Осы жиын ба­ры­сында 4 маусым күні Таллинде Эсто­ния жас­тар құрамасымен жолдастық кез­десу өткізу де жоспарланған.

Иә, жастарымызда арман жоқ шығар. Ұлттық федерация жан-жақты жағдай жа­сап, оларды «ойға да, қырға да» апарып бап­тауда. «Судың да сұрауы бар» демекші енді тек сенімді ақтау керек.

Жастарымызды шыңдап жүрген Сер­гей Боровский өз отандастарымен өтетін ресми ойынға мына ойыншыларды ша­қыр­тыпты:

қақпашылар – Сергей Ткачук («Шах­тер» Қарағанды), Стас Покатилов («Ақ­жайық» Орал)

қорғаушылар – Бақдәулет Қожабаев («Ордабасы» Шымкент), Саят Сариев («Жетісу» Талдықорған), Дмитрий Ми­рошниченко («Ақтөбе»), Кирилл Па­сич­ник, Игорь Пикалкин (екеуі де – «Ас­тана»);

жартылай қорғаушылар – Бауыржан Исламхан («Кубань», Ресей), Исламбек Қуат («Астана»), Әлібек Аяғанов («Ер­тіс» Павлодар), Бауыржан Байтана («То­был» Қостанай), Шерхан Бауыржан («Тараз»), Илья Калинин («Қайрат» Ал­маты), Александр Ульшин («Ақтөбе»);

шабуылшылар – Абзал Бейсебеков («Астана»), Станислав Лунин, Роман Мур­тазаев (екеуі де – «Шахтер» Қара­ғанды), Эльвин Аллаяров («Ертіс» Пав­лодар).

Оқу-жаттығу жиыны барысында қан­дай да бір себептермен бұлардың біріқатардан шығып қалса, онда олардың орнын резервте тіркелген ойыншылар басады:

Мақсат Әмірханов («Тараз»), Айбар Нұрлыбеков («Атырау»), Кирилл Корот­кевич («Іле-Сәулет» Өтеген-Батыр ауылы), Ярослав Бондаренко («Ордабасы» Шым­кент), Сергей Григорьев («Жетісу» Талды­қорған), Сергей Кейлер («Қайрат» Алматы).

Бапкерлер құрамы: Сергей Боров­ский – аға жаттықтырушы, Қайрат Айма­нов – аға жаттықтырушының көмек­шісі, Андрей Ферапонтов – жаттықтыру­шыныңкөмекшісі, Игорь Кулиш – қақ­пашылар бапкері.

Енді Қазақстан U-21 құрамасының 2015 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасындағы ойындар күнтізбесіне көңіл аударыңыздар:

11 маусым 2013 жыл: Беларусь – Қазақстан

11 тамыз 2013 жыл: Қазақстан – Армения

5 қыркүйек 2013 жыл: Франция – Қазақстан

10 қыркүйек 2013 жыл: Исландия – Қазақстан

10 қазан 2013 жыл: Қазақстан – Беларусь

14 қазан 2013 жыл: Армения – Қазақстан

5 наурыз 2014 жыл: Қазақстан – Исландия

2 қыркүйек 2014 жыл: Қазақстан – Франция

 
0
0
301

Мырзағали Айтжанов: «Олимпиада чемпионы атанбай, Елеусіновті ешқайда жібермейміз»

 

— Олимпиада чемпионы болмай, ол ешқайда кетпейді. Жібермейміз. 69 келі өз салмағымыз болып кетті ғой. Рио Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілсін, сосын кәсіпқой боксқа ауысуына болады.Сондықтан, «Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысып кетіпті» деген қауесеттердің барлығы негізсіз.

Таяуда Қазақстан бокс федерациясының биылғы додасыныңжеребе тарту рәсімі өтіп, регламенті бекітілді. Осы  жаңалықты желеу етіп, негізінен ел боксында болып жатқан соңғы оқиғалар жайлы пікірін білмек ниетпен ұлттық құрамамыздыңбас бапкері Мырзағали Айтжановпен хабарласхан едік.

—  Федерация кубогы додасында биыл өзгерістер көп. Одан өздеріңіз де хабардарсыздар. Ширек финалды топтық турнир ретінде бір қаладаөткізуді жөн көрдік. Әуесқой боксқа жақындатқанымыз ғой. Боксшыларүш күнде үш кездесу өткізетін болады.

—   Ширек финал мен жартылай финал арасындағы уақыт алшақтығы тым көп емес пе?

—  Жоқ, бұл аралықта ұлттық құрама боксшылары әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалуға мүмкіндік алулары тиіс.

—      Федерация кубогы өз миссиясын қаншалықты атқара алып жатыр деп ойлайсыз?

—      Біле білсеңіз, бұл өзі керемет жоба болды. Әр аймақ осы додағақатысуға мүдделі. Боксшылар арасында бәсекелестік күшейді. Нәтижесінде дарындар да көптеп шыға бастады. Әр аймақ осы турнирде жеңімпаз атануға ұмтылады. Өйткені, өздерінің жұмыстарын көрсетіп, «бізде де мықтылар бар» деген сияқты атаққа таласады. Кубок иегері атану зор мәртебе!

—   Азия чемпионаты мен Универсиада ойындары жақындапқалды. Осы додаларға қатысатын боксшыларды анықтапқойдыңыз ба?

—  70-80 пайызға анық. «Сары құрлық» додасына ұлттық құраманыңбірінші нөмірлі боксшылары, Универсиадаға екінші нөмірлі жігіттер аттанады. Маусым айының 14-інде Астанада жиналамыз. Сол кезде осы мәселені толыққанды шешеміз. Кейбір салмақтарда өзгерістер болуы мүмкін.

—   Жалпы, отандық боксшылардың бүгінді ахуалдары қалай?

—   Жыл басынан бері бас командамыздың бірінші, екінші және үшінші нөмірлі боксшыларының әрқайсысы үш турнирден қатысты. Кейбіреуі пісіп тұр. Кейбіреуіне әлі де ысыла түсу керек. Жақында Хабаровскідегі халықаралық додада өнер көрсетіп, 7 алтын, бір қола еншілеп қайттық. Рас, Ресей мен Украина үздіктерін қоспаса да, Филиппин, Корея, Қытай сынды елдер мықтыларын әкелген болатын. Жеті алтынның ішінде өзіме 60 келідегі Берік Әбдірахманов, 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов және алып Иван Дычконың өнер көрсетуі ұнады.

—      Айтпақшы, жақында ұлттық құрамамыздың капитаны Данияр Елеусінов Германияға кетіпті деп естіп едік…

—   Иә, барып келді. Денсаулығын тексертті. Ем-дом қабылдап қайтты ғой.Қазір шүкір, жарақатынан айықты. Алаңдайтындай еш дәнеңе жоқ. Жаттығуға қайта кірісті.

—   Демек, Даниярдың кәсіпқой боксқа ауысатындығы туралықауесет өтірік болды ғой?

—  Мынаны айтайын. Олимпиада чемпионы болмай, ол ешқайда кетпейді. Жібермейміз. 69 келі өз салмағымыз болып кетті ғой. Рио Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілсін, сосын кәсіпқой боксқа ауысуына болады. Алдымен осы мақсатына жетіп алуы тиіс. Сондықтан, «Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысып кетіпті» деген қауесеттердің барлығы негізсіз. Өзі де алдымен Олимпиада чемпионы болуды армандайды.

 
0
0
638

Қарқаралыда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарының көшпелі кеңесі өтті

2013 жылғы 31 мамырда Қарқаралы мемлекетттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ҚР Парламенті Сенатының Табиғат пайдалану және селолық аумақтарды дамыту комитеті мүшелері мен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және министрліктің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің биологиялық әртүрлілікті сақтау саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша бірлескен көшпелі кеңес отырысы өтті.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/05/3124-93/

0
0
423

Бүгін — «Айтуға оңай...».

Қазақ халқына қарсы жасалған зұлмат - саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықты бір сипатта қарастыруға бола ма? Зобалаң жылдары ұлт басына түскен тауқымет туралы бүгін Ұлттық арнада «Айтуға оңай...» ток-шоуында!

0
0
229

Бүгін — «Жерұйық». Тарихи драма («Қазақфильм», 2011 ж.)

«Жерұйық» - жұттан кейін басқа түскен қиын заманға қарамастан, шын көңілімен ілтипат көрсетіп, қайғысына ортақ болғаны үшін қазақстандық корей, неміс, түрік, шешен, күрт және басқа да ұлттардың осы қасиетті жерге әрі қазақ халқына деген алғысы ретінде түсірілген фильм.

0
0
318

«Біз бақытты баламыз».

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Қазақстан» Ұлттық арнасында арнайы жоба! Тәуелсіз елі бар, кең байтақ жері бар, арман қала төріндегі «Біз бақытты баламыз» музыкалық фильмін Ұлттық арнадан 1 маусым күні, сағат 12.50-де тамашалаңыз!

0
0
358