Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін — «Жақсы жігіттер». Шытырман оқиғалы фильм (АҚШ, 1992 ж.)

«Қазақстан» Ұлттық арнасында «Оскар», «Алтын глобус» жүлделерімен марапатталған фильм! Тәуекелге бас тігіп, шындық іздеген жақсы жігіттер туралы бүгін Ұлттық арнадан сағат 23.55-те тамашалаңыз!

0
0
351

Дін істері агенттігінің төрағасы Қ. Лама Шариф Қазақстандағы БАӘ Төтенше және өкілетті елшісі С.М. әл-Кетбимен кездесті

А.ж. 29-мамырында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Қазақстандағы Біріккен Араб Әмірлігінің Төтенше және өкілетті елшісі Сухейл Матар әл-Кетбимен кездесті. Әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын және осы үрдіс Қазақстан мен БАӘ-нің рухани үндестігімен нығайтылғанын атап өтті.

Сондай-ақ кездесуде Астана қаласында Қазақ-әмірлік үкіметаралық комиссиясының 6-шы бірлескен отырысы аясында ҚР Дін істері агенттігі мен БАӘ ислам істері және уақыптар жөніндегі бас агенттік арасында түсіністік туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі қаралды.

0
0
335

1-ші мауысымда 'Олжа' бағдарлама отбасылық үлгідегі балалар үйінде қонақта.

Мұндағы бір отбасы балаларының арманы су жаңа компьютерге қол жеткізу болатын. Олжа бағдарламасы олардың арманын орындауға тырысады. Бүлдіршіндер жүргізушінің барлық сұрақтарына дұрыс жауап бере алса компьютерді еншілейді.

0
0
1213

Қаржы полициясы агенттігі жалған кәсіпкерлер мен салықшылардан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі

Бұрын біз Оңтүстік Қазақстан облысында Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері 4 жылдан астам уақыт жалған кәсіпкерлікпен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкерелегендігін хабарлаған болатынбыз. Қылмыстық топтың құрамына Л. Әзімова, Б. Сарыбеков, олардың сенімді адамдары Ж. Дүйсебаева мен оның қызы К. Оразбаева, есепшілер И. Ли, А. Ли, Д. Кәрібаева, С. Кауц, О. Зиновьева, Сұлтанбекова З., Әбдіқасов Е., Сарыпбекова Л. және Оңтүстік Қазақстан облысының салық органдарының қызметкерлері кірген. Топтың басшылығын Әзімова мен оның күйеуі Сарыбеков атқарған. 2008-2012 жылдар аралығында қылмыстық топ 60 астам жалған кәсіпорын тіркеген. Олардың есеп-шоттары арқылы жалған шот-фактуралар жазып беру және қолма-қол ақшаға айналдыру жолымен коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден…

1
0
327