Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы полициясы мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында бюджеттік қаражатты ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін қамауға алды

Ақмола облысы бойныша Қаржы полициясы департаменті А.Қасымовтың басшылығымен және Б.Аманов пен С.Касимова құрамындағы ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз қызметін ашты. Олар мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында бюджеттік қаражатты ұрлаумен айналысқан.

Қылмыстық топ 2012 жылғы мамыр – 2013 жылғы ақпан аралығында мемлекеттік ұйымдардың 11 млн.теңгеден астам ақша қаражатын электрондық порталда бағалық ұсыныстарды сұрау арқылы өткізілетін мемлекеттік сатып алуларда жалған қатысу арқылы ұрлаған.

Касимованың жеке кәсіпорны төмендетілген бағаларды көрсету арқылы мемлекеттік сатып алулар конкурстарында жеңімпаз атанып тұрған. Бірақ қылмыстық топ мүшелері келісім-шарттың 50%-дық алдын ала төлемақысын алғаннан кейін міндеттерін орындамай жасырынған.

Топтың қылмыстық әрекетінен 9 мемлекеттік ұйымға залал келтірілген, олар: Минералды шикізатты кешенді өндірудің ұлттық орталығы, Қазақ өңдеуші және тамақ өнеркәсібінің зерттеу институты, Семей қаласының кеңес-диагностикалық орталығы, Сатпаев атындағы канал «Казводхоз» РМК филиалы, Павлодар облысы бойынша Құрылыс және тұрғын үй-шаруашылық агенттігінің жобаларының мемлекеттік сараптамасы, Орал ақпараттық технологиялар колледжі, «Центр Алматыгортранс» ЖШС, Қостанай облысындағы Сарыкөл орталық емханасы, Ақтөбе облысындағы Шалқар аудандық емханасы.

Касымов, Аманов және Касимоваға қатысты алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, олар сот санкциясымен қамауға алынды.

Бұдан басқа, ағымдағы жылғы 22 мамырда соңғыларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оның қызметіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

0
0
377

Осы тақырып бойынша