Бүгін — «Көк тарландары». Телехикая («Қазақстан» ҰТА, 2012 ж.).
Әскердегі сарбаздардың тынымсыз тағы бір күні туралы бүгін сағат 21.50-де Ұлттық арнада «Көк тарландары» телехикаясында!
Әскердегі сарбаздардың тынымсыз тағы бір күні туралы бүгін сағат 21.50-де Ұлттық арнада «Көк тарландары» телехикаясында!
7-ші сыныпты бастаған оқушы ең алдымен математиканы үйрену керек. Математиканы қатты тереңдетіп оқытудың керегі жоқ, физика сұрақтарын шығаруға жеткілікті мөлшерде оқытылуы тиіс.
Ең бірінші болып санның түбір мен дәрежені өтуіміз керек. Сандардың квадрат түбірі, куб түбірі, түбірі бар болған теңдеулер, нөлден аз сандардың түбірі сияқты тақырыптарды жақсылап меңгеру керек.
Екінші болып теңдеулермен жалғастырған жақсы. Бір белгісізі бар теңдеулерді балалар оңай шығара алады, сондықтан квадраттық теңдеулерді бастау керек. Квадраттық теңдеулердің графигін сызып, шешімнің геометриялық мәнін көрсету керек. Содан кейін екі белгісіз (х және у) теңдеулерін шығарту керек. Бұның барлығы бір апта, ең көп екі апта болуы керек.
Үшінші болып функцияларды өту керек. y=a, y=ax, y=ax+b, y=ax2+bx+c, y=1/x сияқты функцияларды, олардың графиктерін түсіндіру керек. Бұл тағы да бір апта болады.
Қосымша ретінде арифметикалық және геометриялық прогрессияларды өтуге болады. Бұл да бір апталық тақырып.
Енді физиктер үшін өте маңызды математика бөлімі - тригонометрия басталды. Жетінші сыныптың оқушысы тригонометрияны түсіне алады. Тригонометрия векторларды (күш, жылдамдық және т.б.) компоненттерге (горизонталь мен вертикаль, тангенциалдық және нормаль) бөлу үшін қолданылады. Түсіндірудің ең басында осыны оқушыға өте тиянақты әрі мұқият жеткізу керек. Өйткені адам баласы мағынасы, мақсаты, мәні бар информацияны ұғады.
Тригонометрияның ішінде градус пен радиан, синус, косинус, тангенс сияқты ұғымдарды түсіндіргеннен кейін, олардың векторларды компоненттерге бөлу қолданысын көрсету керек. Инженерлік калькулятордағы синус, косинус, тангенс функцияларын үйрету керек. Ең соңында тригонометриялық функциялардың графиктерін өту керек.
Логарифм, туынды, интеграл деген тақырыптарды сегізінші сыныпта өтуге болады.
Геометрияның ішінен пішіндердің ауданы, көлемі, векторлар, орталар (i, j, k) сияқты тақырыптарды тереңдетпей, тек қана жалпы түсінік үшін өту керек.
Сегізінші, тоғызыншы сыныптарда логарифм, туынды, интеграл, Тэйлор қатарлары, күрделі сандар (комплексные числа) және тағы басқа тақырыптарды өту керек.
Жалпы, оқушыға бағыт беру маңызды. Мысал ретінде мойнында жібі бар болған күшікті алайық. Онымен жүрудің екі тәсілі бар: біріншісі, сіз алда, ол артта, сіз тартасыз, ол әрең-әрең артыңыздан жүреді. Осы жағдайда оның жылдамдығы ешқашан сіздің жылдамдығыңыздан аспайды. Екінші тәсіл: жіпті алып тастап, оған алдындағы мақсатты көрсету, "Жүгір!" деп әмір беріп оны алға жіберу. Бірінші тәсілде мақсатқа жету - қиын, ұзын, қызықсыз. Екінші тәсілде мақсатқа жету - оңай, тез, қызықты.
Біз (мұғалімдер) - баланы ұстап тұрған жіп емес, шабыт беріп, бағыт көрсететін, шығармашылық еркіндік, егемендік жағдайын жасаушы болсақ - балаға да жақсы, бізге де жақсы, елге де жақсы болады. Басқа тілмен айтқанда, дәнді таза сумен, шуақты күн жарығымен, құнарлы жермен кездестіру керек. Ал кездестіргеннен кейін, уайымдаудың қажеті жоқ.
Соңғы екі параграфты адам түсінерлік тілге аударсақ, менің (мұғалімнің) жеткіліксіз білімім, тәжірибесіздігім оқушының дамуына әсер етпеуі керек. Сол үшін, керек болса, кітап тауып, басқа мұғалімдердің (профессорлардың) сабақтарына қатыстырып, оқушыларды олимпиадалық жазғы мектептерге жіберіп тұрғанымыз жақсы болады. Оқушы менің (мұғалімнің) түсіне алмаған нәрселерімді түсіне алады, мені (мұғалімді) оза алады, озуы керек, озуға міндетті.
Бірақ Қазақстан волейбол федерациясы Богату мен Пустынниковтің Польшада өздерінен 2-3 жас үлкен спортшылармен сынға түскендеріне ерекше көңіл бөлуде. Енді бұл екеуі Хорватияда өтетін 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жоғары жетістіке қол жеткізеді деп күтілуде.
Польшаның Мысловице қаласында жағажай волейболынан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті. 23 жасқа дейінгі жағажай волейболшылары арасындағы бүкіләлемдік додаға қатысқан Қазақстан жұбы 17-орынмен шектелді.
Краков қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан Мысловицедегі жастар арасындағы әлем чемпионатына 32 командадан қатысты.
Ерлер арасындағы әлемнің таңдаулы осы үздіктерінің арасына біздің елден Сергей Богату мен Владислав Пустынников те ілікті. Бірақ екеуі небәрі 20-да.
Негізі, бұл екеуі 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынақатысулары керек болатын. Жақында екеуі (мамыр айының ортасында)Үндістанда өткен осы жас мөлшеріндегі Азия чемпионатында күміс медаль олжалап, әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болған.
Ал 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 19-23 маусым аралығында Хорватияда өтеді.
Жағажай волейболынан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстанқұрамаларының жаттықтырушылары Богату мен Пустынниковті Хорватиядағы бүкіләлемдік дода алдында шыңдап алуды жөн көріп, Польшада жалауын желбіреткен жостар арасындағы әлем чемпионатына қосыпты.
Қазақстан волейбол федерациясы осы екі жігітімізге ерекше сенім артып, «бұлар болашақта ұлттық құрама намысын абыроймен қорғайды» деп отыр.
Ақтаудағы «Каспий» клубының түлектері Польша қиыршық құмындағы әлем чемпионатын жеңіліспен бастады. Әуелі Германия жігіттерінен 0:2 есебіменұтылып, одан соң Австрия бозбалаларына 1:2 есебімен есе жіберіп қойды.
Есесіне, Австралия жігітерін 2:1 есебімен тізерлетіп, «G» тобында үшінші орынға ие болды. Соңғы жеңістерінің арқасында 1/8 финалына шықты.
Өкінішке қарай, әлем чемпионатының дәл осы сатысында (1/8 финалында) Венесуэладан келген бозбалалардан 0:2 есебімен ұтылып қалып, ширек финалға да шыға алмады.
Бірақ Қазақстан волейбол федерациясы Богату мен Пустынниковтің Польшадаөздерінен 2-3 жас үлкен спортшылармен сынға түскендеріне ерекше көңіл бөлуде.
Енді бұл екеуі Хорватияда өтетін 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жоғары жетістіке қол жеткізеді деп күтілуде.
Айтпақшы, хорват жеріндегі бүкіләлемдік додаға тағы екі жұбымыз қатысады.Виктор Пестов пен Кирилл Гурин осы жас мөлшеріндегі әлем чемпионатын електік сыннан бастайды.
Ал қыздар арасындағы Бахтыгуль Самаликова мен Любовь Богату жігіттер арасындағы Сергей Богату мен Владислав Пустынников жұбы секілді негізгі сыннан қосылады. Себебі Самаликова мен Богату да Азия чемпионатында жүлдеге ілігіп, қола медаль еншілеген болатын.
Тайландтың Пкухет қаласында өтетін Азия біріншілігіне еркін күрестен қатысатын балуан қыздардың тізімін спорт сайты alasharena.kz жариялады.
Тайландтың күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталады. Маусымның 13-16 аралығында өтетін сайысқа еркін күрестен қатысатын балуан қыздардың құрамы мыналар:
44 келі – Мәдина Бақдәулет (ҚЧ күміс жүлдегері)
48 келі –Назгүл Нұрахан (ҚЧ қола жүлдегері)
51 келі – Кристина Яловенко («Флатс Оупен» турнирінің жеңімпазы, ҚЧ жеңімпазы)
55 келі – Айгүл Нұрәлім (ҚЧ қола жүлдегері)
59 келі – Аяулым Қасымова (ҚЧ қола жүлдегері)
63 келі – Екатерина Ларионова (ҚЧ жеңімпазы)
67 келі – Ирина Казюлина (ҚЧ жеңімпазы)
72 келі – Гүлмарал Еркебаева (ҚЧ күміс жүлдегері)
Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек,қыздарды Тайландқа аға бапкер Болат Нұрмахамбетов бастап апарады.
Былтыр Алматыда өткен Азия чемпионатында еркін күрестен Қазақстан қыздар құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 3-і орынға табан тіреді.
Кеше Астанада Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінде жаңа редакциядағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасы кеңінен талқыланды. Талқылау шынымен қызу әрі мазмұнды өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Барлық спорт қауымдастығы өз ұсыныстарын айтып, жаңа заңды қызу талқылады. Мемлекеттік ведомстводан мәлім еткендей, аталмыш заң бұқаралық спортты дамытуға және қазақстандық спорттың болашағын қалыптастыруға бағытталған. Құжатты 2013 жылдың қыркүйегінде Мәжілістің талқылауына ұсыну жоспарланып отыр.
Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовтың айтуынша, бұған дейін қабылданған заң үлкен өзгеріске ұшырап, заман талабына сай құрылатын болады.
«Спорт туралы заң шамамен 10 жылда бір рет өзгеріп тұруы тиіс. Бүгін біз жаңа заңды толықтай талқылап, оның артықшылықтары мен кешіліктерін анықтамақпыз. Қолданыстағы заң айтарлықтай ескіріп қалды. Соған байланысты заңды жаңадан редакциялау туралы шешім қабылданды. Заң 70%-ға өзгереді. Біздің пайымымызша, ол Қазақстан спортын дамытуға үлкен көмек болады. Біз басқа елдердің осыған ұқсас бірқатар заңдарын саралап, оның озық тұстарын өзіміздің заңға енгізуге тырыстық. Жаңа заң жобасына сәйкес, жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, Қазақстан спортын дамытуға үлкен үлес қосқан спортшылардың жалақысы өсетін болды. Егер заң жобасына қатысты басқа да қосымша ұсыныстар жасалатын болса, оны да асықпай талқылауға әзірміз. Осы мақсатта біз арнайы жұмыс тобын құрып, ол парламент депутаттарының қатысуымен бірнеше отырыстар өткізіп үлгерді. Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Шишигина аталмыш заңды талқылауға белсенді қатысып, қолдау білдіруде, сондықтан осынау құжат заң шығарушы органда да қолдау табады деген сенімдеміз. Заңды сапалы әрі бұқаралық спорты дамытуға көмектесетіндей етіп жасау үшін бар күшімізді салып жатырмыз», — деді Елсияр Қанағатов.
Келе берсін-ау, Пасулько, Пайперс сияқты мамандар қазақ футболының көсегесін көгертіп, аяқдобымызды дамытуға сүбелі үлес қоса берсін дейміз. Бірақ өздерімен қоса, көмекшілерін алып келгенді былай қойып, енді іні-бауырларын алып келетіні қызық екен…
Жақында «Тараз» футбол клубына қазақ жанкүйерлеріне кеңінен танымал голланд маманы Арно Пайперс бас бапкер болып тағайындалды.
Осы бар ғой, қазақтың наны тым тәтті ме дейміз. Кеткен мамандардыңқайсысы болсын шақырсақ.., қайтып келуге дайын. Ынтығып тұрады. Нанымыз тәтті ме, құшағымыз ыстық па, әйтеуір, шетелдіктерді тартып тұрар бір «магнитіміз» бар…
Қазақ ықылым заманнан әзіл-оспаққа жүйрік қой. Терең ой мен кең мазмұндықамтитын, шындықты тіліп өтер ащы мысқыл мен әжуа айтуға шебер халықпыз.
Сондай қазақтың бірі «осы ел «развод по итальянски» деп жатады, бірақ оның өзі «развод по казахскидің» жанында түкке тұрғысыз,қазақтар бәленбай рет айырылысып, сонша рет қайта қосыла береді» деп еді.
Сол «қазақша айырылысып-қосылу» біздің футболда да бар…
Қазақстан футболында қаншама бапкер бір клубтан кетіп, сол клубқа қайта келіп жатады. Келеді, кетеді, кейінірек қайтып келеді. Бір Гулямхайдаровтың өзі «Қайраттан» неше рет кетіп, қанша рет қайтып келді десеңізші.
Жарайды, бұл үлкен спортта, жұмыс бабына байланысты болып тұратын үрдіс,әрине. Бірақ осы үрдіс кейінде шетелдік бапкерлерге қатысты өршіп барады. Кеткен бапкерлерді «айналайын» деп қайта шақырып алу жиілеп келеді.
Анау жылы (дәлірек айтқанда, 2004 жылы) қазақ футболынан Виктор Кумыков аластатылып еді. Бірақ 2011 жылы қайта шақырып алдық. Қазір «Шахтердің» «шамын» жағып отыр.
Одан кейін өз еліне кеткен Бернд Шторкті де бір жылдан соң қайта шақырып алдық. Бірақ мұны дұрыс шешім болды деп айта алмаймыз. Неміс маманы екінші рет келгенінде де, біздің елде көп тұрақтамады. Кетіп қалды. Қазір Грекиядағы «Олимпиакос» клубында.
«Ордабасы» клубының ойынын жандандырған Виктор Пасулько да былтыр өз еліне кетуге мәжбүр болған. Анық-қанығы айтылмағанымен, бір кілтипан болды ма, әйтеуір, Пасулько өз жұмысын соңына дейін жеткізе алмай кеткендей еді.
Бірақ оны есіне алушылар көп болды. «Ордабасы» биылғы маусымды ойдағыдайөрбіте алмай, сүреңсіз ойындарымен жанкүйерлерін мезі қылғанда, Пасульконы «сағынғандар» табылды. Ақыры Пасулько қайта шақырылып, Шымкент клубының тізгінін қолына алды.
Қазір «Ордабасы» клубынан кейбір ойыншылар кетіп, басқа командаға ауысып жатыр. Яғни бас бапкер команда сапын қайта сүзуде. Дәл қазір қалай сүзсе де,қалай екшесе де, өз еркі шығар…
Енді, міне, 2005-2008 жылдары Қазақстан құрамасының бас бапкері болған голланд маманы Арно Пайперс те қазақ футболына қайта оралды. Бүгінде «Тараз» клубының бас бапкері ретінде өз жұмысына кірісіп кетті.
«Тараз» футбол клубының ресми сайты таратқан ақпаратқа жүгінсек, өзі жалғыз келмеген. Өзімен бірге Питер деген інісін ерте келіпті. Оны да жұмысқа орналастырған. Өзінің көмекшісі болмақ көрінеді…
Иә, бір кездері Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған, кейбір жанкүйерлерәлі ұмыта алмай, жиі-жиі естеріне алатын Арно Пайперс қазақ футболына қайта келді. Енді кежегесі кейін тартқан «Тараз» клубының қарқынын үдетпек…
Қызық енді басталмаса етті… Қайтқан бапкерде береке бар ма? Болуы мүмкін ғой. Любомир Петрович ақсақалды лайықты деңгейде алмастыра ала ма, жоқ па, оны уақыт көрсетер. Бәлкім, Петрович ақсақалдан да асып түсіп, көпшілікті тамсандырар…
Көреміз, бәріне уақыт төреші. Әйтеуір, бір білеріміз, қазақ футболының дәмін бір татқандар, қайта келуден бас тартпайды. Тіпті ұмыта алмай жүретіндері де бар.
Мысалы, Градимир Црногорац деген Босния және Герцоговинаның футболшысы отандық басылымдардың біріне берген сұхбатында «бүгін шақырып, Қазақстан төлқұжатын алып беремін десеңіздер, таңертең сіздерге қарай құстай ұшуға дайынмын» деп өз ойын ашық айтқан.
Келе берсін-ау, Пасулько, Пайперс сияқты мамандар қазақ футболының көсегесін көгертіп, аяқдобымызды дамытуға сүбелі үлес қоса берсін дейміз.
Бірақ өздерімен қоса, көмекшілерін алып келгенді былай қойып, енді іні-бауырларын алып келетіні қызық екен…
Бәрі де өзімізден, бәрі де өзімідің артқа қарайлай беретін әдетімізден. Мысалы, маусым басында «Ордабасы» ұтыла бастап еді, Шымкент жанкүйерлері клуб басшыларына Пасульконы қайта-қайта айта берді…
Қазір ұлттық құрамамыз ұтылған сайын Пайперсті де сағына еске алатындар көп. Осыдан кейін шетелдіктер бауырларын ертіп келмегенде қайтсін?! Өз талаптарын көлденең тартпайды дейсіз бе?!
Әрі бұл тек қана футболда емес. Бетін аулақ қылсын, бірақ ертең «Барыс» хоккей клубы нәтижелі ойын өрнегін көрсете алмаса, «Владимир Крикуновты қайта шақыру керек» деушілер табылады. Оған күмәнданбай-ақ қойыңыз.
Біздікі жай айту ғана. Осы бір өткенге қарайлай беретін әдетіміз ел спортына кесірін тигізбесе екен дейміз де. Бәлкім, кейбір жағдайларда «өтті, кетті, болды енді» деп, кесімді шешіммен тығырықтан шығудың басқа да жолдарын іздестіру керек шығар…
Фильмге арқау болған күлдіргі оқиға Бәйтерек ауылында өтеді. Фильмнің бас кейіпкері досына «Гиннестің рекордтар кітабына» ену үшін «бір қойдың етін бір өзің же», - деген ұсыныс жасайды.
16 маусым күні сағат 19.40-та «Қазақстан» Ұлттық арнасынан қазақ эстрада жұлдыздарының концертін тамашалаңыздар!
Бүгінде ғаламтор күнделікті тұрмыстың қажетіне айналды. Іздегеніңді дер кезінде тауып, көрсетіп беретін интернеттің пайдасы ұшан-теңіз. Алайда адамзатқа тигізер зияны да аз емес. Бұл енді бөлек әңгімеге тиек болар тақырып.
Жақында американдық ғалымдар өте қызықты, әрі өзекті зерттеу жүргізді. Оған ғаламторда жиі отыратын, әлеуметтік желілер мен басқа да сайттарда уақытының көп бөлігін өткізетін 4000 адам (50% ер адамдар, 50% әйел адамдар)қатысты. Қатысушыларға мынадай сұрақ қойылды: Егер сіздің еліңізде ғаламторға кіруге тыйым салса, не істер едіңіз? Алынған нәтижелер ғалымдарды ойлануға мәжбүр етті. Жауап берушілердің 67% тұрғылықты жерін тастап, интернетке кіру мүмкіндігі бар елге көшіп кетуге қарсы еместіктерін айтқан. Көріп отырғаныңыздай, патриоттық сезім олар үшін екінші орынға оп-оңай ысырылды. Facebook, Twitter секілді желілерде отыру туған жеріңнен маңыздырақ. Ал 14 пайызы белгілі бір уақытқа дейін депрессивті күйге түсетіндіктерін жеткізген. Ғаламтордың жоғына қуанатын адамдар да бар екен. Олар барлық қатысушылардың 11% -н құраған. Олардың айтуынша, ғаламтор болмаса, туған-туысқандар мен жақын адамдарға бөлетін уақытың көп болады. Компьютерлік ойындарды жандары сүйетін 6 пайызы виртуальды әлемдерінде қала беретінін айтады. Интернетсіз күні қараң сорлылар да жоқ емес. Ғаламтор болмаса, өзіме-өзім қол жұмсаймын деген 78 адам 2 пайызды құрады. Бір таңқаларлығы олардың 64-і әйел адамдар. Америка ғалымдары интернет технологиясының өте қарқынды дамып, оның адамзатқа тигізер теріс ықпалын өз зерттеулері арқылы талай рет дәлелдеп келеді. Медицина еш көмектеспейді. Интернетке басын байлаған тәуелділерді емдеу мүмкін емес.
Нұргүл Әубәкірова
Үш балалы, жалғызбасты әйел Эрин Брокович күндердің күнінде өмірін өзгертетін мүмкіндік туғанға дейін бірқалыпты өмір сүріп жатқан. Оның сұлулығы тағдырын өзгертуге мұрындық болғанда, Эрин бұл мүмкіндікті қалт жібермеді.