«Қазақстан Барысы»
Енді бірер аптадан соң қазақ күресінің жанкүйерлері еліміздің бас барысын анықтайды. 30 маусым күні «Сарыарқа» велотрегінде сайдың тасындай іріктелген 33 жігіт «Қазақстан Барысы» атану үшін кілемге шығады. Биылғы доданың басты қаһармандары кімдер? Үшінші рет ұйымдастырылатын турнирде бұл жолы қандай өзгерістер болуы мүмкін? Бүгін сол сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Қазақ күресінен ұйымдастырылатын «Қазақстан Барысы» турнирі биыл үшінші рет шымылдығын түрді. Бүкілхалықтық сипат алған дода алғаш рет 2011 жылы Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өткен еді. Тұңғыш рет еліміздің әр аймағынан жиналған 64 балуан еліміздің бас батыры атану үшін барын салды. 9 сағатқа созылған белдесулер нәтижесінде қызылордалық Ұлан Рысқұлдың бағы да, бабы да қатар келген болатын. Финалда тараздық Бейбіт Ыстыбаев…