Тайландта өтетін Азия біріншілігіне баратын жасөспірім балуан қыздар белгілі болды
Тайландтың Пкухет қаласында өтетін Азия біріншілігіне еркін күрестен қатысатын балуан қыздардың тізімін спорт сайты alasharena.kz жариялады.
Тайландтың күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталады. Маусымның 13-16 аралығында өтетін сайысқа еркін күрестен қатысатын балуан қыздардың құрамы мыналар:
44 келі – Мәдина Бақдәулет (ҚЧ күміс жүлдегері)
48 келі –Назгүл Нұрахан (ҚЧ қола жүлдегері)
51 келі – Кристина Яловенко («Флатс Оупен» турнирінің жеңімпазы, ҚЧ жеңімпазы)
55 келі – Айгүл Нұрәлім (ҚЧ қола жүлдегері)
59 келі – Аяулым Қасымова (ҚЧ қола жүлдегері)
63 келі – Екатерина Ларионова (ҚЧ жеңімпазы)
67 келі – Ирина Казюлина (ҚЧ жеңімпазы)
72 келі – Гүлмарал Еркебаева (ҚЧ күміс жүлдегері)
Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек,қыздарды Тайландқа аға бапкер Болат Нұрмахамбетов бастап апарады.
Былтыр Алматыда өткен Азия чемпионатында еркін күрестен Қазақстан қыздар құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 3-і орынға табан тіреді.

