Физика олимпиадасы — 7-ші сынып
7-ші сыныптың басында математика базасын, фундаментін қалағаннан кейін физика тақырыптарын бастау керек. Жалпы, жаңадан велосипед ойлап тауып, Американы ашудың керегі жоқ шығар - 7-ші сыныптың оқулығын алып оның ішіндегі тәртіппен тақырыптарды өту керек. Бірақ сол оқулықты 9 ай емес, 1-2 максимум 3 айда бітіру керек. Ол мәселе оқушының қабілеті мен мұғалімнің қалауына байланысты. Бірінші тоқсанда бітірейік. Содан кейін бірінші тоқсанның каникулында олимпиадалық кітаптарды (3800 задач по физике, Сборник задач Гольдфарб, 1001 задача по физике және т.б.) бастау керек. Бұл - бірінші вариант (барлық тақырыптарды бітіріп сұрақ жинақтарын бастау). Екінші вариант - бір-екі тақырыпты өтіп, сол тақырып бойынша алғашында оңай, содан кейін қиын сұрақтарды шығару. КӨӨӨП сұрақ шығару. Сосын келесі бір-…