ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Интернетсіз күні жоқ...

Бүгінде ғаламтор күнделікті тұрмыстың қажетіне айналды. Іздегеніңді дер кезінде тауып, көрсетіп беретін интернеттің пайдасы ұшан-теңіз. Алайда адамзатқа тигізер зияны да аз емес. Бұл енді бөлек әңгімеге тиек болар тақырып.

Жақында американдық ғалымдар өте қызықты, әрі өзекті  зерттеу жүргізді. Оған ғаламторда жиі отыратын, әлеуметтік желілер мен басқа да сайттарда уақытының көп бөлігін өткізетін 4000 адам (50%  ер адамдар, 50% әйел адамдар)қатысты. Қатысушыларға мынадай сұрақ қойылды: Егер сіздің еліңізде ғаламторға кіруге тыйым салса, не істер едіңіз? Алынған нәтижелер ғалымдарды ойлануға мәжбүр етті. Жауап берушілердің  67% тұрғылықты жерін тастап, интернетке кіру мүмкіндігі бар елге  көшіп кетуге қарсы еместіктерін айтқан. Көріп отырғаныңыздай, патриоттық сезім  олар үшін екінші орынға оп-оңай ысырылды. Facebook, Twitter секілді желілерде отыру туған жеріңнен маңыздырақ. Ал 14 пайызы белгілі бір уақытқа дейін депрессивті күйге түсетіндіктерін жеткізген. Ғаламтордың жоғына қуанатын адамдар да бар екен. Олар барлық қатысушылардың 11% -н құраған. Олардың айтуынша, ғаламтор болмаса, туған-туысқандар мен жақын адамдарға бөлетін уақытың көп болады. Компьютерлік ойындарды жандары сүйетін 6 пайызы виртуальды әлемдерінде қала беретінін айтады. Интернетсіз күні қараң сорлылар да жоқ емес.  Ғаламтор болмаса, өзіме-өзім қол жұмсаймын деген 78 адам 2 пайызды құрады. Бір таңқаларлығы олардың 64-і әйел адамдар. Америка ғалымдары интернет технологиясының өте қарқынды дамып, оның адамзатқа тигізер теріс ықпалын өз зерттеулері арқылы талай рет дәлелдеп келеді. Медицина еш көмектеспейді. Интернетке басын байлаған тәуелділерді емдеу мүмкін емес.

Нұргүл Әубәкірова