Мазмұнға өту
nur_girl_91

A.N.A

@nur_girl_91

Сайтта 2012 ж. 20 мамырКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

11

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

7

Интернетсіз күні жоқ...

Бүгінде ғаламтор күнделікті тұрмыстың қажетіне айналды. Іздегеніңді дер кезінде тауып, көрсетіп беретін интернеттің пайдасы ұшан-теңіз. Алайда адамзатқа тигізер зияны да аз емес. Бұл енді бөлек әңгімеге тиек болар тақырып. Жақында американдық ғалымдар өте қызықты, әрі өзекті зерттеу жүргізді. Оған ғаламторда жиі отыратын, әлеуметтік желілер мен басқа да сайттарда уақытының көп бөлігін өткізетін 4000 адам (50% ер адамдар, 50% әйел адамдар)қатысты. Қатысушыларға мынадай сұрақ қойылды: Егер сіздің еліңізде ғаламторға кіруге тыйым салса, не істер едіңіз? Алынған нәтижелер ғалымдарды ойлануға мәжбүр етті. Жауап берушілердің 67% тұрғылықты жерін тастап, интернетке кіру мүмкіндігі бар елге көшіп кетуге қарсы еместіктерін айтқан. Көріп отырғаныңыздай, патриоттық сезім олар үшін екінші орынға оп-о…

0
0
1303

Өмірді ұзартатын тәсіл табылды

Әлемде сағат, тіпті минут сайын неше түрлі жаңалықтар болып жатады. Технологияның дамығаны сонша, өлген адамды тірілтетін дәрежеге жеткен. Ғаламтор желісіндегі LivesOn жобасының ертеректегі ұраны: «Құдай жоқ, ал сервер бар. Өмірден өткеннен кейін де тірі бол» деп айқайлап тұрады. Бір таңқаларлығы, LivesOn мұндай «ұсынысты» екінші болып ұсынды. 2012 жылдың қаңтар айында DeadSocial желісі өз қолданушыларына мақала, хаттарды алдын-ала сақтауға кеңес берген-ді. Содан соң адамдарға өлгеннен кейін Фейсбук пен Туиттерде біртіндеп олардың хабарламалары жарық көретінін айтқан. LivesOn алгоритмі қолданушының тірі кезінде интернетті «жортып», адамның жиі айтатын сөздері мен әлеуметтік желілерде өзін ұстау әдеті бойынша ақпараттар жинайды. Бұл сіз қайтыс болғаннан кейін достарыңыздың «парақшаларына»…

0
0
553

«Батып бара жатқан адамды құтқарам деп, басыңыз бәлеге қалмасын»

Әдетте, «әннің де есері мен естісі бар» деп айтып келсек, енді, бұл теңеу заңды да «іліп» әкеткен сыңайлы. Иә, Әлемде талай қызық бар. Сол қызықтардың бірі – жер бетіндегі түрлі мемлекеттердің «ақымақ» заңдары. Дегенмен, кейбір «ақымақ» заңдардың тиімді тұстары барын ескеру де қажет. Мысалы, Канаданың радиосында шырқалатын әрбір бесінші әнді міндетті түрде канадалық азамат орындауы тиіс. Сол себепті, эфирде Селин Дион мен Брайан Адамстың әндері жиі орындалады. Ал, бізде қазақ эстрадасының әншілері жаңа әндерін радио арқылы үгіттеу үшін қыруар қаржы жұмсайтыны жасырын емес. Керісінше, батыстың танымал поп жұлдыздарының әндерін еліміздің радио толқындары үздіксіз айналдырады. Ал, Канаданың Квебек провинциясында маңдайша жазулардың барлығы француз тілінде жазылуы керек. Егер ағылшын тілінде…

0
0
575

Рүстем Жүгінісов: «Арманым — Қазақстанның халық әртісі болу»

Өнерлі өрге жүзер деген. Алты жасынан бастап қасиетті сахна төрінде ән айтып, талай тыңдармандардың құлақ құрышын қандырып жүрген жас әнші, халықаралық байқаулардың лауреаты Рүстем Жүгінісов жақында өзінің жеке концертін берді. Он сегізге енді аяқ басқан Рүстем Қазақстандағы өзінің ән кешін берген ең жас әнші. Жақында әншімен сұхбаттасудың сәті түскен еді. Туған жерің, өскен ортаң туралы қысқаша айтып берсең... Мен Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында 1995 жылы дүниеге келдім. 2000 жылы ел ордасы Астанамызға қоныстандық. Өнерім Астанамызбен бірге өсіп келеді. Анаңыздың елге танымал өнер адамы екенін білеміз. Сенің әнші болуыңа сол кісінің әсер-ықпалы болды ма? Анам Қ. Қуанышбаев атындағы академиялық драма театрының әртісі. Мені әлпештеп, ардақтап өнерге жол көрсеткен менің анам және ұст…

0
0
1777

Гитлер көктемі

Мюзикл - музыкалық-сахналық қойылым. Бұл жанрдың ішінде ән де, диалог та, би де де бір-бірімен қабаттасып, басты рөлді ойнайды. Көпке дейін театр өнерінің жеке-дара жанры ретінде мойындалмаған мюзикл Американың өзінде тек он тоғызыншы ғасырдың 20-30 жылдарында бастауын алып, тамырын жая бастаған. Ән айтып, би билеп көрерменнің көңілін көтеретін бұл қызықты жанр еліміздің театр сахналарын жиырма бірінші ғасырдың бас кезінен бері сығалап келеді. Бүгінде өнерпаз, талантты, жаңашыл жас әртістеріміздің арқасында мюзикл қойылымдары молайып, оны көруге асығатын қауымның да саны арта түсуде. Жақында менің өзім университетте сондай бір мюзиклді көруге мүмкіндік алдым. "Продюсеры" деп аталатын қойылымды өзіммен қатарлас университет студенттері қойды. Американдық әртіс, сценарист, режиссер Мел Брукс…

0
0
568

Қыздардың қылығына қамығамын

«Заманына қарай - адамы» демекші, батыстық өркениеттің лап беріп кіруі қыздарымыздың қылығына қатты әсер етті. «Қыз қылығымен» деген сөздің бүгінгі өмірдегі мәні көңіл көтеру орындарында түтінін бұрқыратып, еріндерімен емірене сорған темекілеріне тірелгенге ұқсайды. Бүгінде қазақтың қаракөз қыздары темекі шегуді сәнге балап, ермегіне айналдырды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, қазіргі таңда әлемде әйелдердің 12 пайызы темекі шегеді екен. Әйелдер арасында темекі шегушілік ең көп тараған ел Дания болып отыр. Ондағы әйелдердің 37 пайызы темекі шегеді екен. Ал Қазақстан халқының 35 пайызы темекі шексе, оның 10 пайызын темекіні тұрақты тұтынатын қыз-келіншектеріміздің үлесіне тиеді. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш ұдайы өсу үстінде. Осы сандарға қарап еліміздег…

0
0
3262

Бала — болашағымыз

Бүгінгі ұрпақ - ел тұтқасын ұстар азамат. Сондықтан балаға дұрыс тәрбие беру ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Дүние есігін ашқан сәттен бастап оған ұлттық тәрбие беру, қазақы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптан хабардар ету, оның бойына отаншылдық, патиоттық сезімін ұялату – әрбір адамның борышы десек те, қазіргі таңда елімізде бала тәрбиесінің ақсаңдап бара жатқаны дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомадай ап-анық. Неге десеңіз, таңның атысы, күннің батысы жасөспірімдердің дені компьютерлік ойындарға қызығып, түнгі клубтан бір елі шықпайды. Ең сорақысы, атыс-шабыстан тұратын ойындар мен ішінде неше түрлі бәле бар «жұмбақ ғаламтор» жас жеткіншектеріміздің санасын қаптаған қара қытайдай жаулап алғанын қайтерсіз?! Күн санап қуыспақ, асық ату, жасырынбақ ойнап, ата-әжелерден ертегі, әңгіме…

0
0
2822

Мен – тәуелсіздіктің құрдасымын!

1991 жылы Қазақстан атты кең байтақ еліміз көк байрағын көкке желбіретіп, ежелден аңсаған азаттығына қол жеткізгенде мен де анамның құрсағынан жарық дүниеге шыр етіп келген едім. Содан бері тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп, бірге ер жетіп, жігер-қайратымызды жандандырып, күннен-күнге гүлденіп, көркейіп келеміз. Қарап отырсам, 20 жыл деген тарих үшін қас-қағым сәт қана. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» демекші, мірдің оғындай зымырап өткен жиырма жылда еліміздің бағындырған белестері мен қол жеткізген жетістіктері, сондай-ақ «қап» деп сан соқтырған тұстары да аз болған жоқ. Оның бәріне мына біз бен сіз куә. Бүгінгі Қазақстанға материалистік тұрғыдан баға берер болсақ, бұл орайда еліміздің өзге ТМД елдерімен салыстырғанда көш ілгері тұрғанын нық басып айтуға болады. Әсем Астананың елікт…

0
0
2125