Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жас таланттарымызды жастар арасында шыңдадық

 

Бірақ Қазақстан волейбол федерациясы Богату мен Пустынниковтің Польшада өздерінен 2-3 жас үлкен спортшылармен сынға түскендеріне ерекше көңіл бөлуде. Енді бұл екеуі Хорватияда өтетін 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жоғары жетістіке қол жеткізеді деп күтілуде.

Польшаның Мысловице қаласында жағажай волейболынан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті. 23 жасқа дейінгі жағажай волейболшылары арасындағы бүкіләлемдік додаға қатысқан Қазақстан жұбы 17-орынмен шектелді.

Краков қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан Мысловицедегі жастар арасындағы әлем чемпионатына 32 командадан қатысты.

Ерлер арасындағы әлемнің таңдаулы осы үздіктерінің арасына біздің елден Сергей Богату мен Владислав Пустынников те ілікті. Бірақ екеуі небәрі 20-да.

Негізі, бұл екеуі 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынақатысулары керек болатын. Жақында екеуі (мамыр айының ортасында)Үндістанда өткен осы жас мөлшеріндегі Азия чемпионатында күміс медаль олжалап, әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болған.

Ал 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 19-23 маусым аралығында Хорватияда өтеді.

Жағажай волейболынан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстанқұрамаларының жаттықтырушылары Богату мен Пустынниковті Хорватиядағы бүкіләлемдік дода алдында шыңдап алуды жөн көріп, Польшада жалауын желбіреткен жостар арасындағы әлем чемпионатына қосыпты.

Қазақстан волейбол федерациясы осы екі жігітімізге ерекше сенім артып, «бұлар болашақта ұлттық құрама намысын абыроймен қорғайды» деп отыр.

Ақтаудағы «Каспий» клубының түлектері Польша қиыршық құмындағы әлем чемпионатын жеңіліспен бастады. Әуелі Германия жігіттерінен 0:2 есебіменұтылып, одан соң Австрия бозбалаларына 1:2 есебімен есе жіберіп қойды.

Есесіне, Австралия жігітерін 2:1 есебімен тізерлетіп, «G» тобында үшінші орынға ие болды. Соңғы жеңістерінің арқасында 1/8 финалына шықты.

Өкінішке қарай, әлем чемпионатының дәл осы сатысында (1/8 финалында) Венесуэладан келген бозбалалардан 0:2 есебімен ұтылып қалып, ширек финалға да шыға алмады.

Бірақ Қазақстан волейбол федерациясы Богату мен Пустынниковтің Польшадаөздерінен 2-3 жас үлкен спортшылармен сынға түскендеріне ерекше көңіл бөлуде.

Енді бұл екеуі Хорватияда өтетін 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жоғары жетістіке қол жеткізеді деп күтілуде.

Айтпақшы, хорват жеріндегі бүкіләлемдік додаға тағы екі жұбымыз қатысады.Виктор Пестов пен Кирилл Гурин осы жас мөлшеріндегі әлем чемпионатын електік сыннан бастайды.

Ал қыздар арасындағы Бахтыгуль Самаликова мен Любовь Богату жігіттер арасындағы Сергей Богату мен Владислав Пустынников жұбы секілді негізгі сыннан қосылады. Себебі Самаликова мен Богату да Азия чемпионатында жүлдеге ілігіп, қола медаль еншілеген болатын.


 
0
0
331

Осы тақырып бойынша

Жас таланттарымызды жастар арасында шыңдадық - Yvision.kz