Шетелде білім алу: China University of Petroleum, Beijing
24 жастағы Аслан Жанзаков Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында туылған. Қазірде Бейжіңдегі Қытай университетінде магистрлік дәрежесін алуда. Сондай-ақ Аслан осы жылы Қытайдың 18 мың студент арасынан «Жыл студенті» атанды. Бұл марапатқа қалай ие болғанын және де Қытайда білім ерекшеліктерін Асланның өзінен сұрап көрелік. — Сәлем, Аслан! Алдымен өзің жайлы қысқаша айтып өтсең? — Сәлем, Айжан! Менiң толық есiмiм Жанзаков Аслан, 1989 жылы туылдым. Отбасымда менi қосып санағанда төрт адам. Әкем Жаңажол мұнай кен орнында жұмыс жасайды, анам дәрiгер, 19 жастағы қарындасым Алматы университеттерiнiң бiрiнде 2 курс студентi. Қандыағаш қалалық №1 орта қазақ мектебiнде оқыдым. Ең сүйiп оқитын пәндерiм математика, физика және Қазақстан тарихы болды. Тарих пәнi бойынша бiрнеше рет пәндiк олимпиадаларына қ…