Адам көркі — шүберек #1: Гаухар Very Berry

Алия 2012 M11 7
9955
31
8
0

Қазақстандық бьюти- және фэшн-блоггер қыздардың арасында Very Berry атымен танымал Гаухар есімді қыз жобамыздың жаңа айдарында бірінші қонақ болып отыр. Гаухардың блогы "The very berry day" деп...

Қазақстандық бьюти- және фэшн-блоггер қыздардың арасында Very Berry атымен танымал Гаухар есімді қыз жобамыздың жаңа айдарында бірінші қонақ болып отыр. Гаухардың блогы "The very berry day" деп аталады және де Вконтактеда сән мен сұлулыққа арналған парақшасы бар. Қазіргі кезде Гаухар архитектура дизайнері мамандығы бойынша ҚазБСҚА-да білім алуда.


Өмірде қызығушылықтарым мол, сондықтан да белгіленген бір стильге тоқтамай, әр түрлі стильдерде эксперимент жасаудан қорықпаймын. Қазіргі кезде уақытым тығыз болғандықтан, дүкендерге шығып, киім не әшекей іздеп жүруге жағдайым жоқ. Сондықтан кешкі уақытты пайдаланып, интернет-дүкендерге кіріп, ұнаған заттарға тапсырыс беремін. Соңғы кездері тіпті анамның гардеробынан өзіме қатты ұнап қалған киімді сұрап алып, өз стиліме келтіріп, тіктіртіп киемін.

Гаухардың кигені:

Интернет-дүкеннен сатып алынған көйлек пен белдемше. Осы көйлекті кеше ғана интернеттен сатып алғанмын, алдын ала тапсырыс беріп, кеше алып кеттім.

Көйлектің түсі де, фасоны да өзіме бірден ұнап қалды. Биыл жаз ыстық, сол үшін қысқа көйлек кигенді дұрыс деп табамын. Оған қоса, етегі ұзын көйлектер шаршатты. Бір жақсысы, осы көйлектің артқы етегі сәл ұзындау келеді, сондықтан қысқа көйлекті киюге ұяламын дегендерге сай келеді.

Rue De Fleur дүкенінен сатып алынған клатч. Маған бұл клатчтың өрнегі ұнайды. Осындай өрнектер қазіргі кезде өте сәнді, және кез келген қарапайым киімді әсемдетіп жібереді.

Аяқ киімімді жай дүкеннен екі жыл бұрын сатып алғанмын. Бұл өмірімдегі ең ыңғайсыз туфли, тақасы өте биік, есесіне биік тақамен дұрыс жүре алмаймын да. Бірақ өте жарасымды, әдемі болып көрінеді, осы үшін жақсы көремін. Әдемілік үшін өздерін құрбан ете алатын қыздар мені түсінеді деп ойлаймын.

Білезік - Hermes, жігітімнің сыйға тартқаны. Осы білезікті бір жылдай армандаған болармын. Қара түсті тері мен алтынның жарасымдылығын әлемдегі ең дәл үйлесім деп табамын. Күндіз де, кешке қыдыруға шыққанда да әшекейлердің ең келісімдісі - осы білезік. Қызыл білезік Ninko деген әшекей дизайнерінің сыйлығы. Табиғи тастардан жасалған.

Киімді қай жерден сатып аламын

Қазіргі кезде интернет арқылы тапсырыс беріп сатып алған киімдерден басқа, қыдырып жүргенде қала дүкендерін аралап, ұнаған киімдерімді аламын. Бұл барлықтарыңызға таныс Zara, Mango, ал соңғы кезде жаңадан ашылған Topshop-тан шықпайтын болдым.

Алматыда соңғы уақыттарда Garage sale танымал болып келе жатыр. Осы сатылымдарда қолынан бал тамған шеберлер өз туындыларын сатады. Өзіме ұнап қалған заттарды сол жерден де аламын.

Мен үшін заттың қымбат не арзаны жоқ, ең басты, сол заттың өзіме ұнағаны, үйлескені маңызды.

Фото: Әлия Сембай

Оцените пост

8

Комментарии

1
маған осындай посттар ұнайды. айда, аптырлар! оқырмандардан look қабылдайсыңдар ма?
0
ұнағаныңыз бізге ұнайды :)) оқырман осы айдарға кейіпкерді ұсынып отырса, әрине, күшті :)
0
ой, менде де осында көйлек бар:))
1
Адарларың күшті екен!!! Құтты болсын!!! Мен де қатысқым келеді!!!!!
0
рахмет, кезекке жазылыңыздар))
Показать комментарии