ru
Default banner
Разное
426 636 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Әділбек Жақсыбеков «Airbus Military» компаниясының президентімен кездесті

Бүгін Астанада Қазақстанның Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков «Airbus Military» компаниясының президенті Доминго Уренья-Расоспен кездесті.

- Қорғаныс министрлігі мен «Airbus Military» компаниясының арасындағы қарқынды дамып отырған ынтымақтастық Қазақстан мен Испания мемлекет басшылары арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастың нәтижесі болып табылады, - деп атап өтті Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков.
Қазақстан мен Испания арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың маңызды кезеңдерінің бірі С-295 әскери-көліктік ұшақтарымен жабдықтау туралы келісімшартқа қол қою болу табылады.
2013 жылдың қаңтар айында Қазақстан Қорғаныс министрлігі Әуе қорғанысы күштері үшін алғашқы екі С-295 ұшағын алған болатын. Қазақстандық ұшқыштар аталған авиациялық техниканың сипаттамасына жоғары баға беріп, ұшақтардың орнықтылығы мен басқаруға жеңілдігін ерекше атап отыр.
Қазақстан Қорғаныс министрлігі «Airbus Military» компаниясынан 2018 жылға дейін тағы алты С-295 ұшағын сатып алуды жоспарлап отыр.   Сондай-ақ, Қазақстан қорғаныс ведомствосы екі А-400М ұшағын сатып алу мәселесін және «Airbus Military» ұшақтарына қызмет көрсететін мекеме ашуды қарастыруда.
Әділбек Жақсыбеков «Airbus Military» компаниясына А-400М ұшағын көрсету үшін «KADEX-2014» қару-жарақ және әскери мүлік көрмесіне қатысуға ұсыныс жасады.
«Airbus Military» компаниясының президенті Доминго Уренья-Расос Қорғаныс министріне белсенді екіжақты ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді және компания жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамытуға күш салатынын атап өтті. Сондай-ақ, «KADEX» көрмесі бүгінгі күні танымал халықаралық қазақстандық бренд болып табылатынын, олардың алдағы көрмеге қатысуы нәтижелі болатынын жеткізді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі