Инстаграмдағы жас аналар

Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, фотограф, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Ал бүгінгі материалымыз ерекше, себебі осы жазбада жас аналардың инстаграмына шолу жасадық, декреттік демалыста болса да, белсенді инста-мамалармен танысайық.
Санди Рахимбаева
"Екпінде" осыған дейін йога жаттықтырушысы ретінде аты аталған бұл жас ана Инстаграмда қазірде lovesanfrancisco нигімен белгілі. Санди әрқашан салауатты өмір салтын жүргізуге талпынады. Әрі өмірінде жас нәресте пайда болғанда да дұрыс тамақтану мен спортын тастаған емес. Баласын кішкентайынан жүзу сабақтарына апарып, қайырымдылық марафонын қалдырмай қатысатын жас ана өзінің бар білгені мен тәжірибесін өзі сияқты екі жас анамен қосылып жүргізетін journeyof3.tumblr.com блогында белсенді түрде жазып жүреді.



Марина Шарипова
Келесі біздің үлгі аларлық жас аналарымыздың қатарында maricherie нигімен белгілі - Марина. Ол өзінің жеке ibagyou.tumblr.com блогы мен Cosmopolitan Kazakhstan сайтында фэшн блогын жүргізіп, look.tm, dress-me.kz, facelook.kz, pandaland.kz сайттарына материалдар жазып тұрады. Сондай-ақ Марина шебер аспаз ретінде де интернетте танымал. Онлайн шоппингті жақсы көреді. Сөмкелер мен сәнді, ас үй мен отбасын әрдайым бірге алып жүретін қазақ аруына таң қалмасқа болмайды.



Нұргүл Алдабергенова
Massaget.kz сайтында қыз-келіншектерге арналған "Бастаңғы" бөліміне материал жазады, блогын жүргізеді. Нұргүл сондай-ақ хэндмэйд жағалар мен асүйде тәтті тағамдар жасап, отбасымен саяхаттағанды ұнатады. Сүйікті Искандері мен aldabergenovan нигімен сурет жариялайтын жас ананың біраз суреттері:



Әйгерім Галабир
Қазнеттің үздік кулинар-блогшысы Yvision.kz сайтында рецептерімен бөлісіп, әдемі фото түсірумен қатар, ана, әйел болудың қыр-сырларымен де бөлісіп тұрады. Әйгерімнің ерекшелігі - кішкентай ұлдың анасы болуымен қатар, журналист ретінде де, блогшы ретінде де, кулинар ретінде де өзін таныта алуында. Инстаграмында да өте белсенді.



Гауһар VerryBerry
Гауһар "Екпін" оқырмандарына бұрыннан таныс. Осыдан бірнеше жыл бұрын Гауһар фэшн-блогын жүргізіп, біраз оқырманға ие болған. Дәл қазір ана атанып, инстаграмында өзінің бос уақыты туралы жазып тұрады: кулинария, сән және кішкентайының суреттері.



Жанель Бектемісова
Жанель отбасымен Лондонда тұрады. Туған жерінен алыс болса да қазақстандық оқырмандары үшін блог пен инстаграмын үнемі жүргізіп тұрады. Блогында өзінің өмірі, кішкентай ұлы мен спорт, дұрыс тамақтану, рецепттерді жазып отырады. Мысалы, әр дүйсенбіде Жанель етсіз тамақ дайындаудың түрлерімен бөліседі.



![]()
Материалды дайындаған: Айжан Кәрібаева
Әлия Сембай
![]()
Ұқсас материал:
