Мазмұнға өту

Жаңа

Megaline мен iD Net жылдамдықтарын ұлғайтамыз!

Абоненттерге арналған  тамаша жаңалықтарымыз бар!

2013 жылдың 1 шілдесінен бастап  Megaline Hit Optima  мен  Megaline Light Optima жылдамдығын 1 Мбит/с-тан 2 Мбит/с дейін,   iD Net Hit  пен  iD Net Light   жылдамдығын - 20 Мбит/с-тен  30 Мбит/с дейін, iD Net Turbo мен  iD Net Turbo Light жылдамдығын -  30 Мбит/с-тан  40 Мбит/с дейін ұлғайтамыз!

1
4
322

ҚР ҚК Бас штабының бастығы Ұлыбритания Қорғаныс штабының бастығымен кездесті

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Ұлыбритания Қорғаныс штабының бастығы генерал-полковник Николас Хаутонмен кездесті. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылдың негізі ерте қаланған. Былтыр Астанада өткен екі ел Қорғаныс министрлері Әділбек Жақсыбеков пен Филипп Хаммондтың кездесуі Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастың дамуына қосымша қарқын берді. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ұлыбритания Қарулы Күштері арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары «Қазбриг» бітімгерлік бөлімшесінің жеке құрамын дайындау және Қазақстанда 10 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Дала қыраны» бітімгерлік оқу-жаттығуларын ұйымдастыру мен өткізудегі ынтымақтастықт…

0
0
577

ҚР Қорғаныс министрі әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатына қатысушыларды құттықтады

Бүгін Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әділбек Жақсыбековтің қатысуымен әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан 35-әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі болды. Қорғаныс ведомствосының басшысы қатысушыларды жарыстың басталуымен құттықтап, дүниежүзінен жиналған дзюдошыларға сәттілік пен табыс тіледі. Ашылу салтанатында арнайы келген дүниежүзілік армия спорты кеңесі дзюдо спорты комитетінің төрағасы Фред Синхорст жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, қабылдаушы қазақстандық тарапқа алғысын білдірді.Әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар арасында Бразилия, Беларусь, Қытай Халық Республикасы, Польша, Эстония, Италия, Франция, Германия, Моңғолия, Корей Халық Демократиялық Республикасы, Ирак, Словакия, Алжи…

0
0
234

«Қазақтелеком»-нан жаңа әрі ыңғайлы қызмет

Құрметті абоненттер! Сіздерге ыңғайлы болу үшін, біз Smart Internet жаңа қызметін – VPN IPSec сервисінің көмегімен интернетке қосылу әдісін ұсынып отырмыз. Жаңа сервис : Жеке қосылудың қауіпсіздігін арттыруға (қызметті пайдалану кезінде бүкіл трафик шифрланады); Басқа операторлар орнатқан шектеулерді айналып өтіп, ресурстарға қосылуға; Қосылудың стандарттық порттары бұғатталса, шетелде IP-телефония қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Қызметті пайдалану үшін, абоненттің ноутбугінде, мобильдік телефонында немесе планшетінде арнайы бағдарламалық жасақтама орнатылуы керек: РС/Mac үшін Cisco VPN Client бағдарламасын; iOS ( iPad/iPhone) базасындағы мобильдік құрылғылар үшін кіріктірілген Cisco VPN Client бағдарламасын; Android базасындағы мобильдік құрылғылар үшін VpnCilla бағдарламасын ұ…

1
0
313

«31 арна» журналистері жоғары бағаға ие болды

Мінсіз дәлелдерді алға тарту, фактілерді байланыстыра білу, қоғамның өзекті мәселелерінің шешілуіне септігін тигізу, көкейкесті тақырыптарды көтеру нағыз журналистің міндеті. «31 арнаның» еншісінде осы қасиеттерге ие болғандардың саны аз емес. Оған дәлел кәсіби мереке қарсаңында алған сан түрлі сыйлықтар мен марапаттар. 26 маусым күні Қазақстан журналистер одағы Республикалық шығармашылық конкурсының қорытындысын шығарып, үздік жұмыстарды анықтады. БАҚ жұмыскерлерінің арасындағы биылғы жылдың үздіктеріне Қазақстан журналистер одағының лауреаты атағы берілді. Жеңіске жеткендердің арасынан «31 арнаның» қатарынан екі журналист табылды. Үздік «Журналистік зерттеу» номимнациясы бойынша маңызды тақырыптарға зерттеу жасап жүрген «Сөздің шыны керек» бағдарламасының редакторы Ирина Алимжанова мен…

1
0
1703

Әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін қазан айына дейін өткізеді

 

Қазақстандық былғары қолғап шебері, WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін тамыз немесе қыркүйек айларында өткізеді.

Бұл туралы Г.Головкин британдық Мэттью Маклинді үшінші раунда нокаутпен жеңгеннен кейін өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық спортшының промоутері Том Леффер мәлім етті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Еске сала кетейік, Маклинді тізе бүктірген Головкиннің қоржынында 27 кездесудегі 27 жеңіс бар. Оның ішінде қазақстандық өз қарсыластарын 24 рет нокаутқа жіберген. Маклинді жеңгені үшін отандасымыз 350 мың АҚШ долларына ие болды.


0
0
389

«Астана» велошабандозы «Тур де Франс» кезеңінде 7-ші орынға тұрақтады

«Астана» қазақстандық командасының италияндық шабандозы Франческо Гавацци маусымның ең беделді көпкүндігі «Тур де Франстың» екінші кезеңінің қорытындысы бойынша жетінші сатыға тұрақтады. Бұл туралы Vesti.kz жазып отыр. Гавацци жарыс сапындағы өзге велошабандоздар секілді жеңімпаз — Ян Бакелантсқа бір минутқа есе жіберді. Белгиялық мәре сызығына бірнеше шақырым қалғанда топ жарып, оған жетіп алу мүмкін болмады. Атап өткен абзал, мәре сызығын кесіп өткен алғашқы 40 шабандоздың арасында Гаваццидан басқа «Астана» құрамасының өкілдері болмады. Екінші орын словакиялық Петер Саганға бұйыртса, үштікті поляк Михал Квятковский түйіндеді. Велошабандоздар 1 шілде күні Аяччо мен Кальви қалаларының арасындағы 145,5 шақырымды бағындыратын болады. Үшінші орташа тау кезеңі пелотон үшін Корсиктегі соңғы жа…

0
0
374