Құрлық әскерлері әскери институтында түлектерді шығарып салу салтанаты өтті
Бүгін Алматыда Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқу бітірген түлектерді шығарып салу салтанаты өтті. Салтанатқа бір кездері осы әскери оқу орнынан қанат қаққан бүгінде Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, Ұлы отан соғысының және Қарулы Күштердің ардагерлері, курсанттардың ата - аналары мен туған туыстары қатысты. Биыл Әскери институт өз қабырғасынан 400-ден астам лейтенанттарды шығарып салмақ. Әскери саланың он бір мамандығы бойынша, атап айтқанда мотоатқыштар, танкистер, артиллеристер, инженерлер, десантшылар, автомобилистер, тыл, тәрбиешілер, қару-жарақ және техника мамандары тәрізді бағыттар бойынша арнайы білім алған жас офицерлер оқу орнының кең плацында салтанатты сап түзеп, көтеріңкі көңіл-күй жағдайында диплом алу рәсімін жасады.…