Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстандық Сергей Емельянов – каноэмен есуден Универсиаданың күміс жүлдегері

Қазақстандық спортшы Сергей Емельянов 1000 метрде каноэмен жалғыз есуден Универсиаданың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Емельянов 4:11.515 уақытын көрсетті. Ал алтын алған венгр Тамаш Кисстің нәтижесі – 4:10.837 болса, үшінші орын иесі ресейлік Илья Штокалов – 4:12.668 уақытында мәреге жетті.

Бұл осы жарыс бойынша қазақстандықтардың бірінші медалі екенін атап өту керек

 

«www.bnews.kz».

 
0
0
342

Қорғаныс министрлігінде меланжды Қазақстаннан шығаруға байланысты баспасөз мәслихаты өтті

29 маусымда Алматы облысында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің техникалық мамандары ОБСЕ-нің, Ресей Федерациясы мен Украинаның сарапшы мамандарының тікелей қолдау көрсетуімен «меланж» зымыран отынының пайдаланылмаған төрт жүз он тоннасын Ресейге мамандандырылған кәсіпорындарда қайта өңдеуге жөнелту жұмыстарын аяқтады.

Одақ тараған соң Кеңес Армиясының орташа және жақын қашықтықтағы зымырандар мен зымыран кешендеріне пайдаланылатын «меланж» отынының мол қоры бұрынғы одақтас елдердің аумағында қалып қойған болатын.
Қазақстанда бұл отын қоры Алматы облысындағы Сарыөзек кентіне жақын жерде Қорғаныс министрлігінің арнайы цистерналарында сақталып келген.
Қауіптілігі өте жоғары бұл сұйықтықтың ұзақ уақыт тұрып қалуы қоршаған орта мен жергілікті халыққа қауіп төндірген.
Қазақстан Қорғаныс министрлігі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында ОБСЕ-ге «меланжды» утилизация жасауға алып кетуге жәрдем көрсету туралы өтініш жасаған болатын.
ОБСЕ-ге берген бұл өтініш 2006 жылдан бері қарастырылуда болды. Осы уақыт аралығында Қазақстан мен ОБСЕ-нің техникалық сарапшылары арасында бірнеше мәрте келіссөздер жүргізілді.
Уағдаластықтың нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен ОБСЕ заңдық, қаржылық және техникалық аспектілерді айқындайтын бірлескен жобаға қол қоюға қол жеткізді.
Аталған жобаны қаржыландырудың үлкен бөлігін қазақстандық тарап өз мойнына алды. Алайда, жобаға донор болып, қаржыландыруды қамтамасыз еткен Испания Корольдігінің қосқан үлесін де атап өткен жөн.
Сонымен, Қазақстанның аса қауіпті, химиялық белсенді сұйықты елімізден шығару туралы ОБСЕ-мен бірлескен жобасы сәтті аяқталды.
ОБСЕ-мен бірлескен жобаны жүзеге асыру Қазақстанның қару-жарақты таратпау және бақылау саласындағы халықарылық міндеттемелерді орындаудағы кезекті қадамы болды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
275

Рецензия на фильм «Астанаға көктем кеш келеді»

Астана - город надежд,  любви и разных  судеб. Сколько сериалов и фильмов  было посвящено этому молодому и процветающему городу.  И одним  из таких творений стала  работа режиссера Еркина Ракышева - "АСТАНАҒА КӨКТЕМ КЕШ КЕЛЕДІ". Сюжет этого фильма достаточно прост  и ясен в своем понимании. Меня привлекло то, что события  напоминают отрывки из жизни моих знакомых и родных, а это не может не радовать. Искренняя игра актеров, простота  общения все это делает нас, простой народ, ближе к этому фильму и  заставляет сопереживать  и сочувствовать главной героине.

В прокат картина вышла в 2009 году.  Однако фильм переносит нас в, казалось бы, далекие 90-е, когда наша страна претерпевала огромные перемены, в том числе и переезд  столицы из  Алма-Аты в Астану. На фоне становления новой, молодой столицы и происходят события из жизниглавной героини фильма - Назым. Будучи простой деревенской девушкой, для которой город открывает большие возможности, она сдает вступительные экзамены в институт, но, к огромному сожалению, не набирает  проходной балл. Все мечты, надежды, планы рушатся в одночасье и кажется, что лучшего выхода, чем скрыть это от родителей, нет. Назым все же решается остаться в новой столице.

По велению судьбы, наша героиня вынуждена пойти в строители и тем самым  зарабатывать на жизнь.

Новая обстановка, знакомства, работа и кажется, что теперь она нашла свое призвание. Но вновь на ее пути появляются очередные неприятности. Назым знакомится с парнем на одной из дискотек. Ухаживания, симпатия, встречи... в итоге она оказывается жестоко обманутой и остается одна да еще и беременной. Нет ни близких, ни родных, способных прийти на помощь, но она собирает всю  свою  волю в кулак и решается сохранить ребенка и во что бы то ни стало стать  успешной женщиной. Не сказав ни слова своим родителям, она воспитывает ребенка и продолжает работать в строительной бригаде.

Бессонные ночи, утомительная работа и ребенок не могут заставить нашу героиню опустить руки. Она строит свою жизнь сама, не надеясь ни  на чью поддержку. Как это часто бывает, лишь мы сами способны помочь себе.

Однако, как известно, судьба - непредсказуемая штука, она может заставить нас разочароваться в жизни окончательно  и только те, кто выдержит все ее удары гордо, получат награду. Годы идут, после череды неудач, слез и  горя Назым все же удается добиться в жизни многого. Как и молодая столица она продолжает развиваться и строить свою жизнь, новую жизнь, но уже без тех слез и  обид.  Назым успешная руководительница одной из строительных бригад, безупречная мать и женщина. Она знакомится с отличным парнем, замечательным мужчиной, который способен обеспечить ее и сына. Не обошла стороной судьба и  того, кто когда-то жестоко с ней поступил... словом, ничто не остается безнаказанным. Девушка Назым спустя долгие годы, спустя те неудачи, которые свалились на ее голову, все же обретает настоящее женское счастье...

Судьба Назым тесно переплетена с судьбой нашей молодой столицы. Они обе молоды и только-только начинали свой жизненный путь, но в итоге каждая из них была признана, не смотря ни на какие трудности. Жизнь этой девушки, как говорится, лишь капля в море, огромное море тысяч других судеб и жизней, но посмотрев этот фильм можно понять, как порой нелегка бывает участь...

р.s/ Сюжет фильма и в самом деле заставляет задуматься о многом. Как часто, терпя неудачу, люди сходят с нужного пути. фильм дает понять, какова бы не была жестока судьба, на горизонте ждет светлое будущее, но строим его лишь мы сами. И, кстати, фильм на казахском языке. Приятного вам просмотра!

1
3
4587

Бөгенбай батыр

Бөгенбай батыр

Қанжығалы Бөгенбай – қазақтың атақты батыры, қолбасшысы.

Ол 1680 жылы Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келген.

Қазақ жауынгерлері арасында зор беделдісі болған. Атасы – Әлдекүн, әкесі – Ақша қанжағалы руы ішіндегі белгілі адамдар болған. Әкесін айтар болсық, Ақша батыр бойында ақындық, айтыскерлік, ұсталық қасиеті бар тұлға болған. Бөгенбай батырға да әкесінің ақындық, шешендік өнері дарыған. Елде кейбір айтыс секілді шешендік сайыстарда жүлдеге иеленіп жүрген.

Тәуке хан елді билеп тұрған кезде, 1710 жылы Қарақұмда Төле, Қазыбек, Әйтеке билер қатысқан жиында қазақ әскерлерінің қолбасшысы ретінде Қанжығалы Бөгенбайды сайлаған. Бұған дейін Тәуке хан Бөгенбай батырдың әкесі Ақша батырға 80 мың адамнан тұратын әскерді, ал Есім хан билеген кезде атасы Әлдекүнге қалың қолды сеніп тапсырған. Ал Бөгенбайдың бұдан да көп әскерге басшылық етуге себеп – 1710 жылғы Сары Кеңгір өзені жағасындағы жоңғар ноянымен болған айқаста көрсеткен ерлігі.

Қазақ басшылары сол қиыншылық кездерде, шапқыншылық кезеңдңрде бір шешімге келе алмай, араларында туындаған. Бірі жауға қарсы тұрамыз десе, кейбіреулері жоңғар хандығы жағына шығайық деген.

Осындай дау кезінде Қанжығалы Бөгенбай ақсақалдардың алдына шығып, семсерін аяғының  астына тастап, көйлегінің алдын жыртып, кеудесін ашып:

-         Жауымыздан есемізді қайтарамыз, тоналған жайлауымызды, тұтқындалған балаларымызды көріп қарап отыра алмаймыз, өлсек, қолымызға қару алып өлеміз. Қыпшақ даласының батырлары қай кезеңде бастарын төмен түсірген? Мен қолымды жауымның қанына бояған кезде сақалыма әлі ақ түспеген еді! Қазіргі келімсектердің зорлығына қалай шыдаймын. Біз әлі жүйрік аттардан кенде емеспіз. Әлі қорамсақта өткір ұшты жебеміз бар,- деген.

Бөгенбай бабамыз жоғарыда айтып кеткендей жастайынан атқа отырып, жауға қарсы шыққан. Сол кездегі өзімізбен қатар, 15 жастан жаңа асқан ержүрек бабамыздың ерлігіне қалай таңғалмаймыз?!...

Қазақ әскерлеріне қолбасшылық еткен кезде Қанжығалы Бөгенбай Ақмола облысының маңындағы, Астанадан солтүстік-шығысқа қарай 156 шақырым қашықтықта жатқан Ерейментау қаласында да қалмақтарға тойтарыс беріп, оларға қарсы шабуыл жасаған. Сол Ерейментау  жайлы біраз мәлімет бере кеткен жөн.

Ертедегі аты – Ерментау. Негізі 1948 жылы қаланған. 1965 жылы халық санына байланысты қала статусын алған. Осы қалада 1991 жылы Бөгенбай батырдың 300 жылдығына арнап ескерткіш қойылған.

Ең бастысы, қазақ жерін жауға таптатпай, ел намысын қорғаған Бөгенбай бабамыздың басына киген дулығасы Ерейментау қаласының тұрғыны, бабамыздың ұрпағының  ұйінді сақталған. Ол -  атадан – балаға жеткізіліп кележатқан дүние. Әрине, 3 ғасырдан астам уақыт бойы сақталып келе жатқан темір дулыға баз қалпын жоғалтқан. Дегенмен де, ол дулыға қасиетін, құдіретін жоғалтпаған. Оны өз қолымызбен ұстап, басымызға кигенде, ерекше бір сезімде болдық. Бабамыздың өзі бізге «ки!» деп ұсынып тұрғандай болды. Дулығаның көлемі мен ауырлығына қарағанда , қазақ халқының жігіттерінң алыптығын, күштілігін көруге болады.

Өзіміз тікелей алған сұхбатта дулығаның қазіргі иесі атадан - балаға келе жатқан мұрасын мұражайға бергісі келмейді екенін айтты. Бұдан да батырдың ұрпағының бойындағы аманатқа қиянат жасаму секілді, уәдеге беріктік сияқты, яғни қазаққа тән жақсы қасиеттерді көруге болады.

Ертедегі ата-бабамыздың қандай алып денелі, қара күш иесі болғанын бір сөзбен айтып жеткізу қиын. Сол денелерін жау турап тастамайынша, қазақ жерін жаудың аяғына таптатпай, аналарымызды, балаларымызды қорғап отырған батырларымыздың ерлігіне сан жетпейді. Осындай намысқой деп танылған қазақ халқының қазіргі кейпі қандай?! Қазіргі жастар, керісінше, бір сөзбен айтқанда, азайып барады. Мен қазіргі жастарға сын айтатын жаста емеспін. Дегенмен де, сол жаугершілік заманда елін, жерін, халқын жауға бермеген бабаларымыздың ісінен үлгі алып, патриоттық сезімдері оянып, жерімізді қорғау арқылы  еліміздің дамуына зор үлесін тигізеді деп ойлаймын.

   
0
0
27282

«Туған елге тағзым» (11-күн соңғы саяхатымыз)

Сәлем!

Бүгіндікке біз тек Назарбаев Орталығына барып,саяхаттап келдік.

Назарбаев орталығында біз біршама экспонаттармен таныстық.Бұл орталық Назарбаев қалауымен 2012 жылы 23 қаңтар айында құрылған. Орталық Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне арналады.

Мұражайда біз кейбір Елбасымыздың құжаттарымен таныстық.Сонымен қатар,Алтын және Күміс залы деп аталатын екі залға барған болатынбыз.Оның ішінде Алтын Адам,алтын мен күмістен жасалған әшекей-бұйымдарды көріп,тамашаладық.

Айталық,саяхат барысында бізді 24 kz арнасы түсірген болатын. Кей оқушылар интервью беріп,көңіл-күйлерімізбен бөлістік.

Сонымен, достар, орталықтан кейін біз жолға шықтық. Яғни,ақ мекен - Ақтөбеге оралып бара жатырмыз.

Жалпы,маған біздің саяхатымыз көңілімнен шықты. Өте қызықты,тамаша,естен кетпестей өтті. Біздер," Dana tour" атты компаниясына алғысымыз шексіз. Олар бізге көп-көп көмектесті.Бар жағдайымызды жасады.

Осымен , "Туған елге тағзым" атты экспедициямыз аяқталды. Барлықтарыңызға,назарларыңызға көп рахмет!Сіздермен НЗМ оқушысы Абуова Альбина

Көріскенше)

2
0
564

«Туған елге тағзым» экспедициясы бесінші күн

04.07.13ж.

Бүгінгі күн маған өте ерекше өтті.Біріншіден, біз қала сыртына шығып, "Родина" атты ауылға бардық.Жалпы, біздің мақсатымыз бұл "Родина" сүт зауытына барып танысу болған.Алайда біз тек қана зауытпен емес елді мекенмен де таныстық.Зауыттың өзі тек маған емес,барлық группа қатысушыларына ерекше әсер қалдырды.Зауытта біз алдымен бас директорымен,директорымен және басқа жұмысшыларымен танысып,сұхбат алдық.Ал сүттің сапалылығына көз жеткізу үшін бәріміз дәм таттық.Маған табиғи сүт өте ұнады.Бірақ мен оны жол жүру алдында ішпеу керек екенін түсіндім.Және біз бұл зауыттың тек қана сүт емес басқа да сүт өнімдерін(айран,ірімшік ,т.б.) өндіретінін білдік.Кетер жолда супермаркеттен осы зауыттың продукцияларын сатып алдық.

Содан кейін біз бір шебердің үйіне бардық.Ол керамика және глинадан түрлі-түрлі ыдыстар,мүсіндер, құмыралар жасайды екен.Бірақ біздің бір жақтырмағанымыз бұл жағымсыз иіс.Не болса да,біз оның үйіне келгеніміз бекер болмағанын ескердік.Өйткенң біз шебердің барлық мүсіндерін сатып алдық.Шебер де біздің келгенімізге қуанған болар.Осылайша біз қонақ үйге қайттық.Кешкі уақытымызда қонақ үйде өткіздік.

0
0
385

«Туған елге тағзым» экспедициясы төртінші күн

03.07.13ж

Біздің төртінші күніміз де қаланың ішіндегі ғимараттармен танысумен өтті.Таңғы астан кейін барлығымыз Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университетке бардық.Онда "Күлтегін" және "Тоныкөк" ескерткіштерін көрдік.Менің бүгінгі білгенімше, осы екі ескерткіштің айырмашылығы:"Тоныкөк" жазбаларын Тоныкөктің жазған екен.Бұл ескерткіштердің көшірмесі ғана болса да,мен оларды көзбен көргеніме қуаныштымын.Одан басқа табылған көптеген ескерткіштер болған.Олар маған өздерінің ерекшелігімен ұнады.Университеттің ішінде Л.Н.Гумилевке арнаған музей бар екен.Ондағы экспедиция жүргізушіден мен көп нәрсе білдім.

Біз Л.Н.Гумилев атындағы Университетте атақты опера әртісін де кездестірдік. Онымен бірге фотосуретке түсіп,қолтаңбасын алдық.Университеттен кейін "Отырар кітапханасы" ғылыми орталығына бардық.Бірнеше кабинеттерге соқтық.Отырар кітапханасы 2001ж. ашылған екен.Онда барлығы шамамен 1500000 кітап, 500000 көне қолжазбалар бар.Бір арнайы кабинеттің өзінде қаншама кітап,қолжазба сақталған.Осыған қарап тағы да таңғалуға болады.Кейінгі уақытымыз бос болды.Міне, төртінші күн де өз мәресіне жетті.

0
0
382

Шығыс Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне дейін

Мектепте оқығанда ең ұнайтын пәндерімнің бірі география еді. Басында география пәніне онша қызықпайтынмын. Бірақ, себебі табылып географияға қызыға бастадым. Мұғалімнің сабақ үстінде климаттық белдеулер туралы тақырыпты өткенде Шығыс Қазақстанды мысалға келтіріп, ойын бірнеше рет қайталап «еске сақтаңдар» дегенде жатталып қалғаны:

-Шығыс Қазақстанда барлық бес климаттық белдеулер өтеді. Шығысында субартикалық климат, оңтүстігінде шөлейт даланың климаты, -деп тақтада ілінген көптеген фотосуреттерге қарай сілтеме таяқшасымен меңзеп-мезеп қойғаны бар еді.

Жетінші сыныпта жаз айында үлкен ағамның арқасында Алтай тауларының қойнауында орналасқан Зырян қаласынан Зайсан көлінің жағасындағы Тұғыл кентіне дейін үш тәулікке созылған ерекше мыңжарым километрге тақау жерге сапар шектім.
Бұрынды соңды мұндай сапарды басымнан өткізбеген едім. Ағама жұмыс бабы жол жүруіне себепші болғандықтан -оған іс-сапар, маған алғашқы саяхатым болды. Сондықтан ба үлкен әсер алдым. Таңқалдырғаны, мың километрге созылған жер алқабының көрінісі мен климаты. География мұғалімінің сабақ үстінде айтылғған сөздері бірнеше рет есіме түсіп дәлелін тауып жатты.
Бірінші таулікте Зырян қаласына жеттік. Екінші күні Зырян қаласынан шығып иен даладаға жетіп сонда түнедік. Үшінші күні Тұғыл кентіне жеттік. Қызыл түсті «Жигули» көлігіміз болды.
Өскемен қаласынан үш-төрт сағат жүріп алыстаған соң алғашқы таңғажап табиғат көріністеріне тап болдым.
Биіктігі 40-70 метрден аспайтын қала сыртындағы тауларды көріп өскенге биктігі 300-400 метрлік таудың дәл орта белінен өткенде көрген көрініс ерекше болды. Төменгі жақта үлкен шыршаларымыз сіреңке шырпысанан кішкене болып көрінсе, жоғары қарасаң тау басы көрінбейді. Биік асудан асқанда алда көрінген алқап көрінісі көргенде «ну орман» деген сөздің мағынасын түсіндім. Алыста көкшіл тартып көрінген тау бастары қар басқан, таулардың қойын -қойындары қою жасыл мамық төселген. Шын мәнінде ше? Бір-бірінемен жарыса өсекен биік қарағай тектес қылқан жапрақты ағаштардың бастары. Шығыс Қазақстанның солүстігі Зырян қаласының маңы осындай.
Тура оңтүстікте мың километр жерде Қытаймен шекарласып Тарбағатай таулары жатыр. Ортасындағы жазық даланы Қалба жотасы бөледі. Жотаның ені 100-150 километр. Қалбатау кенті жотада орналасқан ең ірі елді мекен. Жотаны құрайтын кішігірім тау мен төмпешіктер арасынан Айыртау тауы ерекшеленеді. Өскемен қаласының батыс шетінен көруге болады. Таудың басындағы айрығы сексен километр жерден анық көрінеді. Жотаның арғы жағында Көкпекті кенті орналасқан. Таңғы он шамасы, Көкпекті кентінен асып әрі қарай кетіп қалдық.
Адымызда жазық дала. Он сағат ішінде ылғалды, қоңыржай ну орман ортасынан анда-санда өскен бұта кездесетін ысып тұрған жазық далаға тап болдық. Далада салқын самал жел де, ыстық желге де алма-кезек соғады. Африкада болмасам да бұл жерді Қазақтанның саваннасы дер едім.
Жазық даланы кесіп өтетін ұзақ жолдан көзім талғандықтан ба, ауаның ыстығы мазамды кетіргеннен бе белгісіз, анда-санда көзіме судың елестері көрінеді.
Түс ауған кез. Бір уақытта ағам машинаны тоқтатты, сыртқа шығып машинаның жан-жағын айналып қарап шықты. Алдыңғы оң жақтағы дөңгелек камерасы жарылып қалыпты. Кешке дейінгі уақыт дөңгелектің камерасын ауыстырумен өтті. Аялдағанымызды пайдаланып біраз жерді жаяу аралап көрдім. Жолда келе жатқанда сарғыш-жасыл реңді шыршаға ұқсас өсімдіктерге көзім түскен еді, сондай біреуінің қасына жақындап келіп анығырақ қарасам кәдімгі қурай болып шықты. Далада жел соққанда жер бетімен дөңгелетейтін қаңбақ ретінде білетінмін. Сыпырғыш сібіртке ретінде пайдаланатынбыз. Шөбі мол жерде мал азығы ретінде бұл өсімдікті санамайтынбыз. Бізге арам шөп болып көрінетін. Шөлейт жерде ше өсімдікпен қорректенетін ірі жануарлардың негізгі азық қорын құрайды. Өсімдіктер сирек өскен соң алыстан ерекшеленіп көрінеді.
Аяқ астындағы топырақ борпылдақ. Қонышы қысқа аяқ киімнің іші топыраққа толды. Топырағын қолыма алсам майда құм болып мүжіледі. Кейбір жерде тас төселгендей қап-қатты. Қиыршық тас кездеспеді. Әдейлеп іздеп те көрдім, таба алмадым. Машинада түнеп шықтық. Түн әдеттен салқын көрінді.
Күн ысымай тұрғанда машинамызға от алдырып жолымызды жалғадық. Сағат таңның төрт шамасы.
Жүз километр жүрген соң даламыз шөлейт жерге орын бере бастады. Бірден көзге түскені топырақ түсі. Сұр, сары, қошқыл қызыл түсті. Ақ түсті топырақ, батпақ та бар. Ақмектеп атаулы шағын елді мекенге келіп жеттік. Бұл жерден Қабанбай ауылына дейін шөлейт жер. Тұщы су тапшы, құдықтан ащы су шығады. Бір жарым сағат ішінде Қабанбай ауылын қасынан жанай өте Зайсан көлінің оң жақ жағалауында орын тепкен Тұғыл кентіне жеттік.
Зырянда қоңыр салқын, ылғалды ауа. Көкпекті маңы қырық градус ыстық! Тұғылда, Зайсан көлінің жағасында көлден соққан ерекше самал жел. Қалба жотасының төмлелі жазықтық жердің самал желінен бөлек, онда самал жел соқса бетке үзік-үзік болып тиеді. Бұл жердің самал желі үзілмейді, көп тұрсан тондырып та жібереді. Өйткені бұл желге көлдің лебі қосылған. Осылайша ағамның іс сапары, менің саяхатым аяқталды.

1
0
934

туған елге тағзым

10.07.98 

Сегодня мой др)
Мне 15^^
Но праздник особо не чувствуется>~<
Сегодня отправились в Назарбаев центр. 
Гид встретила нас неплохо поначалу. Позже назвала нас не интеллектуалами потому что иы уснули на её лекции. 
Так и прошла экскурсия без эмоций. 
Далее ниш Астаны.
Презентации. 
Дорога.
Кипиш.
И Актобеее)
0
0
383