Бөгенбай батыр
Бөгенбай батыр Қанжығалы Бөгенбай – қазақтың атақты батыры, қолбасшысы. Ол 1680 жылы Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келген. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделдісі болған. Атасы – Әлдекүн, әкесі – Ақша қанжағалы руы ішіндегі белгілі адамдар болған. Әкесін айтар болсық, Ақша батыр бойында ақындық, айтыскерлік, ұсталық қасиеті бар тұлға болған. Бөгенбай батырға да әкесінің ақындық, шешендік өнері дарыған. Елде кейбір айтыс секілді шешендік сайыстарда жүлдеге иеленіп жүрген. Тәуке хан елді билеп тұрған кезде, 1710 жылы Қарақұмда Төле, Қазыбек, Әйтеке билер қатысқан жиында қазақ әскерлерінің қолбасшысы ретінде Қанжығалы Бөгенбайды сайлаған. Бұған дейін Тәуке хан Бөгенбай батырдың әкесі Ақша батырға 80 мың адамнан тұратын әскерді, ал Есім хан билеген кезде атасы Әлдекүнге қалың қолды се…