Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шығыс Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне дейін

Мектепте оқығанда ең ұнайтын пәндерімнің бірі география еді. Басында география пәніне онша қызықпайтынмын. Бірақ, себебі табылып географияға қызыға бастадым. Мұғалімнің сабақ үстінде климаттық белдеулер туралы тақырыпты өткенде Шығыс Қазақстанды мысалға келтіріп, ойын бірнеше рет қайталап «еске сақтаңдар» дегенде жатталып қалғаны:

-Шығыс Қазақстанда барлық бес климаттық белдеулер өтеді. Шығысында субартикалық климат, оңтүстігінде шөлейт даланың климаты, -деп тақтада ілінген көптеген фотосуреттерге қарай сілтеме таяқшасымен меңзеп-мезеп қойғаны бар еді.

Жетінші сыныпта жаз айында үлкен ағамның арқасында Алтай тауларының қойнауында орналасқан Зырян қаласынан Зайсан көлінің жағасындағы Тұғыл кентіне дейін үш тәулікке созылған ерекше мыңжарым километрге тақау жерге сапар шектім.
Бұрынды соңды мұндай сапарды басымнан өткізбеген едім. Ағама жұмыс бабы жол жүруіне себепші болғандықтан -оған іс-сапар, маған алғашқы саяхатым болды. Сондықтан ба үлкен әсер алдым. Таңқалдырғаны, мың километрге созылған жер алқабының көрінісі мен климаты. География мұғалімінің сабақ үстінде айтылғған сөздері бірнеше рет есіме түсіп дәлелін тауып жатты.
Бірінші таулікте Зырян қаласына жеттік. Екінші күні Зырян қаласынан шығып иен даладаға жетіп сонда түнедік. Үшінші күні Тұғыл кентіне жеттік. Қызыл түсті «Жигули» көлігіміз болды.
Өскемен қаласынан үш-төрт сағат жүріп алыстаған соң алғашқы таңғажап табиғат көріністеріне тап болдым.
Биіктігі 40-70 метрден аспайтын қала сыртындағы тауларды көріп өскенге биктігі 300-400 метрлік таудың дәл орта белінен өткенде көрген көрініс ерекше болды. Төменгі жақта үлкен шыршаларымыз сіреңке шырпысанан кішкене болып көрінсе, жоғары қарасаң тау басы көрінбейді. Биік асудан асқанда алда көрінген алқап көрінісі көргенде «ну орман» деген сөздің мағынасын түсіндім. Алыста көкшіл тартып көрінген тау бастары қар басқан, таулардың қойын -қойындары қою жасыл мамық төселген. Шын мәнінде ше? Бір-бірінемен жарыса өсекен биік қарағай тектес қылқан жапрақты ағаштардың бастары. Шығыс Қазақстанның солүстігі Зырян қаласының маңы осындай.
Тура оңтүстікте мың километр жерде Қытаймен шекарласып Тарбағатай таулары жатыр. Ортасындағы жазық даланы Қалба жотасы бөледі. Жотаның ені 100-150 километр. Қалбатау кенті жотада орналасқан ең ірі елді мекен. Жотаны құрайтын кішігірім тау мен төмпешіктер арасынан Айыртау тауы ерекшеленеді. Өскемен қаласының батыс шетінен көруге болады. Таудың басындағы айрығы сексен километр жерден анық көрінеді. Жотаның арғы жағында Көкпекті кенті орналасқан. Таңғы он шамасы, Көкпекті кентінен асып әрі қарай кетіп қалдық.
Адымызда жазық дала. Он сағат ішінде ылғалды, қоңыржай ну орман ортасынан анда-санда өскен бұта кездесетін ысып тұрған жазық далаға тап болдық. Далада салқын самал жел де, ыстық желге де алма-кезек соғады. Африкада болмасам да бұл жерді Қазақтанның саваннасы дер едім.
Жазық даланы кесіп өтетін ұзақ жолдан көзім талғандықтан ба, ауаның ыстығы мазамды кетіргеннен бе белгісіз, анда-санда көзіме судың елестері көрінеді.
Түс ауған кез. Бір уақытта ағам машинаны тоқтатты, сыртқа шығып машинаның жан-жағын айналып қарап шықты. Алдыңғы оң жақтағы дөңгелек камерасы жарылып қалыпты. Кешке дейінгі уақыт дөңгелектің камерасын ауыстырумен өтті. Аялдағанымызды пайдаланып біраз жерді жаяу аралап көрдім. Жолда келе жатқанда сарғыш-жасыл реңді шыршаға ұқсас өсімдіктерге көзім түскен еді, сондай біреуінің қасына жақындап келіп анығырақ қарасам кәдімгі қурай болып шықты. Далада жел соққанда жер бетімен дөңгелетейтін қаңбақ ретінде білетінмін. Сыпырғыш сібіртке ретінде пайдаланатынбыз. Шөбі мол жерде мал азығы ретінде бұл өсімдікті санамайтынбыз. Бізге арам шөп болып көрінетін. Шөлейт жерде ше өсімдікпен қорректенетін ірі жануарлардың негізгі азық қорын құрайды. Өсімдіктер сирек өскен соң алыстан ерекшеленіп көрінеді.
Аяқ астындағы топырақ борпылдақ. Қонышы қысқа аяқ киімнің іші топыраққа толды. Топырағын қолыма алсам майда құм болып мүжіледі. Кейбір жерде тас төселгендей қап-қатты. Қиыршық тас кездеспеді. Әдейлеп іздеп те көрдім, таба алмадым. Машинада түнеп шықтық. Түн әдеттен салқын көрінді.
Күн ысымай тұрғанда машинамызға от алдырып жолымызды жалғадық. Сағат таңның төрт шамасы.
Жүз километр жүрген соң даламыз шөлейт жерге орын бере бастады. Бірден көзге түскені топырақ түсі. Сұр, сары, қошқыл қызыл түсті. Ақ түсті топырақ, батпақ та бар. Ақмектеп атаулы шағын елді мекенге келіп жеттік. Бұл жерден Қабанбай ауылына дейін шөлейт жер. Тұщы су тапшы, құдықтан ащы су шығады. Бір жарым сағат ішінде Қабанбай ауылын қасынан жанай өте Зайсан көлінің оң жақ жағалауында орын тепкен Тұғыл кентіне жеттік.
Зырянда қоңыр салқын, ылғалды ауа. Көкпекті маңы қырық градус ыстық! Тұғылда, Зайсан көлінің жағасында көлден соққан ерекше самал жел. Қалба жотасының төмлелі жазықтық жердің самал желінен бөлек, онда самал жел соқса бетке үзік-үзік болып тиеді. Бұл жердің самал желі үзілмейді, көп тұрсан тондырып та жібереді. Өйткені бұл желге көлдің лебі қосылған. Осылайша ағамның іс сапары, менің саяхатым аяқталды.

1
0
887

Осы тақырып бойынша

Шығыс Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне дейін - Yvision.kz