«Туған елге тағзым» экспедициясы төртінші күн
03.07.13ж
Біздің төртінші күніміз де қаланың ішіндегі ғимараттармен танысумен өтті.Таңғы астан кейін барлығымыз Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университетке бардық.Онда "Күлтегін" және "Тоныкөк" ескерткіштерін көрдік.Менің бүгінгі білгенімше, осы екі ескерткіштің айырмашылығы:"Тоныкөк" жазбаларын Тоныкөктің жазған екен.Бұл ескерткіштердің көшірмесі ғана болса да,мен оларды көзбен көргеніме қуаныштымын.Одан басқа табылған көптеген ескерткіштер болған.Олар маған өздерінің ерекшелігімен ұнады.Университеттің ішінде Л.Н.Гумилевке арнаған музей бар екен.Ондағы экспедиция жүргізушіден мен көп нәрсе білдім.
Біз Л.Н.Гумилев атындағы Университетте атақты опера әртісін де кездестірдік. Онымен бірге фотосуретке түсіп,қолтаңбасын алдық.Университеттен кейін "Отырар кітапханасы" ғылыми орталығына бардық.Бірнеше кабинеттерге соқтық.Отырар кітапханасы 2001ж. ашылған екен.Онда барлығы шамамен 1500000 кітап, 500000 көне қолжазбалар бар.Бір арнайы кабинеттің өзінде қаншама кітап,қолжазба сақталған.Осыған қарап тағы да таңғалуға болады.Кейінгі уақытымыз бос болды.Міне, төртінші күн де өз мәресіне жетті.
