pheeria
RECURSION. see recursion.
рейтинг
100
жазбалар
35
пікірлер
119
тіркелуші
27
жазылымдар
92
рейтинг
100
жазбалар
35
пікірлер
119
тіркелуші
27
жазылымдар
92
Екінші ең керемет тіл
Төрткүл дүниенің ең танымал тілдер тобы романс тілдері екеніне ешкімнің күмәні жоқ шығар. Солардың ең кең тарағаны, әрине, испан тілі, барлығы 690 миллион ана тілі ретінде қолданушыдан 47 пайызымен сөйленуде. Бірақ, соған қарамастан, французша (11%), итальянша (9%) сияқты тілдер, қолданыс аясы аз болса да, халық тарапынан үйренілуде. Сол тілдер адам баласы үшін әлі де тартымды. Себебі, соларда көптеген көркем әдебиеті, әуендер жазылғаны болса керек. Иелері тілдің мәртебесін жоғары ұстап, дамыта беруде. Қазіргі таңда түркі тілдес халықтардың (200 миллионға жуық) арасында түрікше 40%, ал қазақша болса 4% пайызы ғана сөйлейді. Қазақша сөйлесе алатындардын санын жақын арада түрікше білетіндерден арттыруға болмайтыны анық. Сонда да, егер де өзіміз тілге ие бола алсақ, еңсемізді биік ұстасақ, т…
Аяқдоп
Шыңғыс ағамыз айтқанындай: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деп қазақ тілі сыныбында жазылып тұратын. Қазір өткен өміріме шағын бір шолу атсам, мектепте ғана бір Кирилл атты орыс сыныптасым болған еді, одан басқа таныс, жақын орыстар болмаған-ды. Оны жігіттер «аққұлақ» дегенде маған ұнамайтын еді. Қалай, а? Өздері соның тілінде сөйлесіп, оны мазақтаған дұрыс болмас. Енді де, қарасам, айналам өмір бақи қазақтар еді, мен онда неге орысша сөйлесейін? Тілдің атағын шығаруым үшін ең алдымен өзімнен бастап, барлық ойларымды ана тілінде жеткізуге тырыса бастадым. Басында қиын болар ‒ ана тіліңде қатемен сөйлесу ұят емес пе? Бірақ, онсыз да қазақпыз ғой, көптеген сөз санамен-ақ қана түсініледі. Маңыздысы паразит сөздерден (давай, короче, звонить, молодец т.б.) арылу. Ең жиі қолданыла…
Ең маңызды әріп
Сегізінші сынып. Геометрия сабағы. Мұғаліміміздің ылғи қолы тимейтін - өз сабағына практиканттарды жіберетін. Ал, сол күндердің бірі. Келді. Анау-мынау. Сабақты түсіндіре бастады. Бұрыштармен байланысты бір тақырып болған-ды, нақтысы есімде жоқ. Терминатор ағай (деп атайтынбыз :) ) бір бұрышты сызып: - Бұның аты "Ң" болсын,- деді. "Ө" атты бұрыштар ғой! Неге барлығын қазақшаландырмасқа? *** Өткен аптада бір ой келді маған. Әліпбиіміздің қай әрпі ең маңызды? Сол кезде миыма дереу "Ң" деп келді. Неге екенін білмеймін. Бірақ есіме алғаш келетін әріп осы. Сол-ақ әріппен диктант жазғанда проблемаларым болатын. Қазір енді көбірек түсіне бастадым оны. Ілік септігінде, және осы шақтың(мінеки, ілік септік!) екінші жақ анайы түрінде (сен барасың; қалайсың?; және т.б.) қолданылады. Айтылуы да қызық…
Қолым қышып жүр
Мен 10-шы қараша 2011: Қайырлы күн! Сізге бір сұрағым бар еді: - Неге Польшадағы Елшілігіміздегі сайттының Қазақстан жалаулы "қазақ" нұсқасында деректер орысшаға аударылған? Қазақстанның бір-ақ ресми тілі бар: ана тілім, қазақша. Құрметпен, Қазақстан Республикасының азаматы Асқар Әбдірахманов 18-шы қараша 2011: Құрметті Қазақстан Республикасының азаматы, Сізден 10 қарашада түскен Елшілік вебсайтының қазақшасы нұсқасы жөнінде хатыңызға алғысымды білдіремін. Вебсайттың қазақша парағы біраз уақыттан бері ашылмай, орыс нұсқасына бағыттағаны рас. Бұл жағдай техникалық ақауға байланысты туындаған болатын. Қазіргі кезде бұл мәселе өз шешімін тапты. Қазақша парақтағы ақпаратты ары ғарай жетілдіруге әлі біраз жұмыс бар екенін мойындаймыз. Қалай болғанда да, бейжай қалмағаныңызға рахмет. Құрметпен,…
Әстектер, инктер, испандықтар, каталондықтар, қазақтар...
Мексика – халқы 113 724 226 адам, дүниежүзі бойыншы халық тығыздығынан 11ші орында. Испапияның халық саны болса - 46 162 024 тұлға. Мексикандықтар неге испанша сөйлеседі деген сұрақ тумайды ма? Тарихте әстектер ретінде қалған мексикандықтар бай мұраға ие. Науа(Nahuatlaca) тілінде сөйлеген әстектердің саны 1,5 млн болған еді. Өте дамыған ел – ғимараттары дүние мирасы жатады. Бірақ, толығымен жойылды. Себебі, саны 600ға(!) жетпейтін Эрнан Кортестің(біздің Хан Жәңгір есіме келеді) әскері. Болды! Күллі ИМПЕРИЯ жоқ болды! Тіл, дәстүр, жерінен – барлығынан айрылды. Әстектермен бірге еске инктер де келетін шығар? Қазіргі Перудің территориясында орналасқан-ды. Керемет мәдениетке, керемет тілдері – кечуа, аймара сияқты (айтпақшы, аймара тілі, итальяндық философ Умберто Эконың ойынша, әлемдегі ең к…
Кешіріңіз, мен қазақша сөйлемеймін
- Кешіріңіз, мен қазақша сөйлемеймін. Айнұр Төлеуова. Сылтау табу оңай ғой. Шыныңызды айтыңызшы – араңызда орысшаны толық мәнде оқығандарыңыз бар ма екен? Өйткені, славян тілдері үйренуге қиын, осы күндерде басқа бір славян тілін меңгеруге тырысып жүрмін – бірталай септіктері бар, ережеден тыс, әлде мүлдем ережесіз ұғымдары да бар. Жат елде екі ай жүріп, тіл оқуға өте-өте аз уақыт бөліп, сонда да аздап айтқандарын түсіне бастадым, анда-санда өзім де бірдеңе ілестіріп қоямын. Ойланып қарасам, Кеңес Одағының соңғы жылдарында туған мен бала кездерімде қазақ тіліндегі көркем әдебиеттен, бейнефильмдерден, әндерден мақрұм қалдым. Себебі де аспандай ашық – жас елдің басқа талаптары сол уақытта маңыздырақ болған-ды. Және де қолымыз да, тіліміз де Ресей тіліндегі (иә, славян халықтары оны орысша е…
Үйде сияқты
Тимо. Шын аты өте ұзын, үш-төрт тегі бар. Жиырма жасар. Жартылай неміс, жартылай поляк. Есі бар, ақылды жігіт. Бес тіл біледі. Таныстық, сөйлесіп келе жатырмыз. Қызық-қызық сұрақтар сұрауда. Енді екі бөлек мәдениет өкіліміз ғой. Шамам жеткенше жауаптауға тырысамын. Әңгіме Исламға дейін де жетті. Орташа еуропалықтан көбірек мәліметке ие екен. Азаңшы деген сөзді де біледі. Швейцария және бүкіл Еуропаның мұсылмандармен кейде болатын қақтығыстарды талқылай бастадық. Оның пікірі бойынша, шетелдіктер келсін, қаласа - оқысын, жұмыс істесін. Қаласа - арнайы кварталдар құрсын, мешіттер салсын. Бірақ, дейді ол, кейбір нәрселерді сұрап жасасын - яғни, жергілікті халық азаң естуді қаламаса, азаң оқылмасын. Өйткені, бұл мұсылмандарға қарсы агрессия әлде жеккөрушілік емес, бұл тек қана өмір тәртібіндег…
Жаңа әнім. Жаңаөзен оқиғаларына арналады
Қазақ тілі
Ана тілім туралы ән:
