Мазмұнға өту

Жаңа

Тоғызыншы күн!

Қазақстанның Швейцариясы!

Таңғалжыған табиғат,

Бурабайдың ауасы-ай!

Бүгін естен кетпес күндердің бірі болды. Себебі Қазақстанның ең бір әсем жерлерінің бірі – Бурабайда болдық.Таза ауасымен дем алып, бір рахатқа бөлендік. Астана қаласында бірнеше рет болсақ та, Бурабайда бірінші  рет болдық. Жұмбақтасты көріп , олар жайлы аңыз білдік. Аңызда қыздың сұлулығын қалай бейнелесе Жұмбақтастың сұлулығы да дәл солай.Бұл аңыз , бірақ әдемі Жұмбақтастың аты затына сай екені рас. Бұл күн осындай  ғажайып жерлерімен бізді таңқалдырды!

 
0
0
372

Сегізінші күн!

Сегізінші күн!
Бүгін таңның атысымен Қарағанды жеріне жол тартық. Қарағанды жерін тамашалауды Карлаг конс лагерінен бастадық. Бұл жерге кіргеннен бастап  аянышты сезімде болдым.Себебі адамдардың мүсіндерін көрген кезде жанынның ауырмауы мүмкін емес.Көптеген бұрын соңды естімеген, білмеген мәліметтер алдық. Сол мәліметтер жайлы айтып кетсем.Жас бала өмірге келгеннен бастап аузына алған сөзі ата-анасы емес, капитан Сталин болатын.Баласы өсіп жетілгенімен ол өскесін оны ата-анасына қарсы қойған. Мейрам болған кезде түрмедегі  таланты бар адамды әкеліп, ойнайтыны болса ойнатқызып, ән айтатыны болса айтқызып, болған соң қайтадан қамауға алып кететін болған.Оларға еш қамқорлық болмаған.
Одан кейін  Қарағанды NIS мектебіне барып гран-при алып,қуанышты болдық. «Мектебіміздің ашылғанына әлі жыл болмаса да бірлігіміздің және достығымыздың  арқасында жеңіске жеттік»-, деп ойлаймын!

Бүгін таңның атысымен Қарағанды жеріне жол тартық. Қарағанды жерін тамашалауды Карлаг конс лагерінен бастадық. Бұл жерге кіргеннен бастап  аянышты сезімде болдым.Себебі адамдардың мүсіндерін көрген кезде жанынның ауырмауы мүмкін емес.Көптеген бұрын соңды естімеген, білмеген мәліметтер алдық. Сол мәліметтер жайлы айтып кетсем.Жас бала өмірге келгеннен бастап аузына алған сөзі ата-анасы емес, капитан Сталин болатын.Баласы өсіп жетілгенімен ол өскесін оны ата-анасына қарсы қойған. Мейрам болған кезде түрмедегі  таланты бар адамды әкеліп, ойнайтыны болса ойнатқызып, ән айтатыны болса айтқызып, болған соң қайтадан қамауға алып кететін болған.Оларға еш қамқорлық болмаған.Одан кейін  Қарағанды NIS мектебіне барып гран-при алып,қуанышты болдық. «Мектебіміздің ашылғанына әлі жыл болмаса да бірлігіміздің және достығымыздың  арқасында жеңіске жеттік»-, деп ойлаймын!

Кубакті алған сәтіміз!

0
0
603

Астана күні!

Астана күні!
Бүгін елордамыздың 15 жылдығы. Өте маңызды мерей-тойлардың бірі. Осы күні бізде көптеген жерлерге бардық. Қаланың қай жеріне барсақ та мереке- той,концертболып жатты. Адамдар қалада қуанышты жүр. Олардың жүздеріне қарап, бүгін біз барлығына ортақ мерекелік күн екенін түсінуге  күнінде елордамызда осы мерекені баршамыз болып атап өттік

Бүгін елордамыздың 15 жылдығы. Өте маңызды мерей-тойлардың бірі. Осы күні бізде көптеген жерлерге бардық. Қаланың қай жеріне барсақ та мереке- той,концертболып жатты. Адамдар қалада қуанышты жүр. Олардың жүздеріне қарап, бүгін біз барлығына ортақ мерекелік күн екенін түсінуге  күнінде елордамызда осы мерекені баршамыз болып атап өттік!

0
0
465

Бесінші күн!

Бесінші күн!
Кеше Астананың  ғылыми орталықтарымен таныссақ,бүгін қандай сүт тағамдарын пайдаланатынын білу үшін «Родина» сүт зауытына жол тарттық. Бұл жерде сүт тағамдарының түр-түрі өндіріледі және барлығы өте дәмді,ал ең бастысы адам деңсаулығына пайдалы болып келеді. Канададан әкелінген сиырлар күніне 48 литр сут береді.Бұл зауытқа тапсырыс өте көп түседі.Сүттердің жоғары деңгейде шығарылуы бұл тазалыққа байланысты.Сиырларға тамақ беру үшін машиналар өткенде арнайы доңғалақтарын жуудан өткізеді.Сиырлардан сүт алған кезде олардың психологиясына жағымды классикалық музыкалар қосады.Осындай зауытта болып,қажетті мәліметтер алғаныма қуаныштымын. Себебі біз өзіміздің қандай сүт тағамдарын ішіп  отырғанымызды білуге қажеттіміз!

Кеше Астананың  ғылыми орталықтарымен таныссақ,бүгін қандай сүт тағамдарын пайдаланатынын білу үшін «Родина» сүт зауытына жол тарттық. Бұл жерде сүт тағамдарының түр-түрі өндіріледі және барлығы өте дәмді,ал ең бастысы адам деңсаулығына пайдалы болып келеді. Канададан әкелінген сиырлар күніне 48 литр сут береді.Бұл зауытқа тапсырыс өте көп түседі.Сүттердің жоғары деңгейде шығарылуы бұл тазалыққа байланысты.Сиырларға тамақ беру үшін машиналар өткенде арнайы доңғалақтарын жуудан өткізеді.Сиырлардан сүт алған кезде олардың психологиясына жағымды классикалық музыкалар қосады.Осындай зауытта болып,қажетті мәліметтер алғаныма қуаныштымын. Себебі біз өзіміздің қандай сүт тағамдарын ішіп  отырғанымызды білуге қажеттіміз!

Сүт жасалатын жер!

 
0
0
432

Төртінші күн!

Елордамыздың мақтанышы……
Төртінші күні елордамыздың мақтанышына айналған университеттердің бірі-Л.Н.Гумилев жеріне бардық.Бұл жер аса қасиетті және көрікті орталардың бірі болып есептеледі. Себебі қазақ халқы үшін маңызы зор Күлтегін ескерткіші орналасқан.Осы қасиетті ескерткіш жайлы айтып кетсем. Бұл ескерткіш Монғолия жеріндегі күлтегін ескерткішінің көшірмесі Тіпті түпнұсқа десек те болады. Мекемеде тек Күлтегін ескерткіші жайлы ғана емес, Л.Н.Гумилев жайлы да қызықты мәліметтер алдық.Экспедициямыздың екінші бөлігін «Отырар» ғылыми кітапханасында өткіздік.Бұл жерде де маңызды жайттарға куә болдық. Кемаль Ақышев жайлы мәліметтер бөлістік.Ең бастысы-Астана қаласының қажетті мәлімет іздейтін тұрғынына бұл кітапхананың маңызы өте зор екенін түсіндім

Елордамыздың мақтанышы……Төртінші күні елордамыздың мақтанышына айналған университеттердің бірі-Л.Н.Гумилев жеріне бардық.Бұл жер аса қасиетті және көрікті орталардың бірі болып есептеледі. Себебі қазақ халқы үшін маңызы зор Күлтегін ескерткіші орналасқан.Осы қасиетті ескерткіш жайлы айтып кетсем. Бұл ескерткіш Монғолия жеріндегі күлтегін ескерткішінің көшірмесі Тіпті түпнұсқа десек те болады. Мекемеде тек Күлтегін ескерткіші жайлы ғана емес, Л.Н.Гумилев жайлы да қызықты мәліметтер алдық.Экспедициямыздың екінші бөлігін «Отырар» ғылыми кітапханасында өткіздік.Бұл жерде де маңызды жайттарға куә болдық. Кемаль Ақышев жайлы мәліметтер бөлістік.Ең бастысы-Астана қаласының қажетті мәлімет іздейтін тұрғынына бұл кітапхананың маңызы өте зор екенін түсіндім.

0
0
599

Ұлттық спорт — балалық шаққа саяхат

Оңтүстік Қазақстанға алты жасымда көшіп келгенімде біздің ауылдың балалары асық, ләнгі ойнап көкпар мен бәйгенің ең жалынды жанкүйері болды. Аз уақыттың ішінде мен де оларға қосылдым... Менімен бірге сол балалық шаққа саяхат жасап, ұлттық спортың қазіргі жағдайымен танысыңыз.

Жақында "Самұрық - Қазына" ҰӘҚ тапсырысымен біздің APEX Соnsult компаниясы ұйымдастырған фотоссесия кезінде "бойында Арыстың" өткен балалық шақ күндерім есіме түсті. Менімен бірге сол балалық шаққа саяхат жасап, ұлттық спортың қазіргі жағдайымен танысыңыз.

Қазіргі асық ойынының майталмандары секілді біз әдемі ұлттық киім кимейтінбіз. Асық ойыны ол кезде ұлттық спорт емес, Наурыздың кезінде ұлттық ойын есебінде жүрді. Көктем басталысымен ауыл балалары қораларында қапшықтарға сақталған түрлі түсті асықтарды көшеге алып шығатын.

Мерекелік ошақтағы отты жағудың арасында, асық ойнайтынбіз. Сақаларымен мақтанатын ))). Ал  металургия саласына жақындары тіпті қорғазын асықтарды да жасайтын. Алайда оларды ойыңға қатыспайтын.Ойындар да әр түрлі болды. Үш табан ойыны - қазіргі компьютердегі стратегиялар іспеттес, ойлануға, жылдам шешім қабылдауға үйрететін.

Омпы ойыны болса мергендікпен танылғандардың үстемдігін көрсететін ойын еді. Байқағаным асық ойыны әр аумақта әр түрлі екен. Тіпті асықты шертудің түрлері де аз емес.Қазір асық ойыны ұлттық спорт түрлерінің бірі.

Ойыншыларда арнайы киім, асық салатын дорбалар да бар екен. Фотосессияны біз Гумилев атындағы ЕҰУ өткізуді жөн санадық. айналадағы антураж жақсы жарасып тұрды.

Айтпақшы осындай ұлттық нақыштағы дизайн ерекші көрінеді екен, оның елімізде кең тарауына күш салған дұрыс секілді. Өйткені ұлттық ойындарымызды осы ескерткіштер арқылы да насихаттауға болады емес па.

Бүгінде асық ойыны ауылды жерде жақсы дамыса керек. Алайда бұрын асықты сүйіп ойнайтын ауылдастарым жағдай бұрыңғыдай емес екенін айтады. Бүгінгі балалар асыққа қарағанда компьютер ойындарын құп көретін көрінеді. Бұл да ойланатын жағдай, өйткені өзіміздің ұлттық ойындарымызды өз ұрпағымыздан басқа ешкім дамытпайды. Осыны бір сәт ойланғанымыз жөн. (Жалғасы бар...)

 
3
2
5758

Астанада жаңа арена ашылды

Бапкерлер бұл мұз айдынына өте жоғары баға берді. Тағы бір ерекшелігі, мұндағы мұз ерімейді. Біз өз мұз алаңымызды басқа нысандар жабық жаз кезінде де ұсына аламыз.

Астанада бірегей жаңа «Тарлан» мұз аренасы ашылды.Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады. Мұз аренасы негізінен хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан кәсіби, жартылай кәсіби және әуесқой пайдаланушылар үшін жаттығу кешені ретінде жоспарланған.

«Жоба бірінші кезекте, балалар мен жаңа бастап жүрген спортшыларға арналған. Біздің міндетіміз жас хоккейшілер үшін жаттығу алаңын жасау еді. Сонымен қатар, мұнда мәнерлеп сырғанау мектебі де айналыса алады. Мұз айдыны болашақ спортшылар мен жаппай сырғанауға арналған»,- деді «Каспий» спортты дамыту қоры» ҚҚтөрағасы Ғазиз Шаханов.

Жоба өте қысқа мерзімде австриялық жүйе бойынша салынды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, Астанада мұндай ғимарат тұңғыш рет пайдалануға беріліп отыр.

«Бапкерлер бұл мұз айдынына өте жоғары баға берді. Тағы бір ерекшелігі,  мұндағы мұз ерімейді. Біз өз мұз алаңымызды басқа нысандар жабық жаз кезінде де ұсына аламыз. Алаңымыздың барынша тиімді екендігін атап көрсеткіміз келеді», — деді Ғазиз Шаханов.

 

Жолдасбек Дуанабай,

«Айқын» газеті

 
0
0
375

Любко Петрович «Ақжайық» ФК-ны басқарады

Оралдық команданы танымал серб маманы Любко Петрович жаттықтыратын болады. Петрович қазақстандық футбол жанкүйерлерге «Тараз» командасының жаттықтырушысы ретінде жақсы таныс, деп хабарлайды Sports.kz.

Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алған Петрович оралдықтармен бірінші жаттығу жұмысын жүргізді. Артур Авакянц, Бауыржан Баймұхамедов, Эдуард Столбовой және Драган Джурджевич серб маманына команда жұмысы бойынша көмектесетін болады.

Қазіргі уақытта Любко Петрович командамен бірге Астанада жүр. Келісімге әзірше қол қойылған жоқ

 

«www.bnews.kz».

 
0
0
254

«Астана» велошабандозы Якоб Фульсан — «Тур де Франстың» 15-ші кезеңінде жетінші сатыға тұрақтады

Британдық Кристофер Фрум «Sky» көпкүндік «Тур де Франс» жарысының 15-ші кезеңінде жеңіске кетті, деп жазады Sports.kz.

Екінші орында колумбиялық Найро Кинтана «Movistar», үшінші орында испан спортшысы Микель Ниеве «Euskaltel-Euskadi», дат Якоб Фульсан «Астана» жетінші орынға тұрақтады.

Жалпы есепте Фрум көш бастап тұр, одан кейін голландиялық Бауке Моллема «Belkin» мен Испания спортшысы Альберто Контадор «Saxo-Tinkoff», ал Фульсан — жетінші орында.

«Тур де Франс», 15-ші кезең

Живор — Мон-Ванту, 242,5 шақ

1. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, «Sky»)

2. Найро Кинтана (Колумбия, «Movistar») — +0:39

3. Микель Ниеве (Испания, «Euskaltel-Euskadi») — +1:23

7. Якоб Фульсан (Дания, «Астана») — +1:43

Жалпы есеп

1. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, «Sky») — 61:11:43

2. Бауке Моллема (Голландия, «Belkin») — +4,14

3. Альберто Контадор (Испания, «Saxo-Tinkoff») — +4:25

7. Якоб Фульсан (Дания, «Астана») — +6:22.

 

«www.bnews.kz».

 
0
0
253

«Астананың» бас бапкері Мирослав Беранек отставкаға кету жөнінде өтініш берді

 

Бүгін «Астана» ФК бас бапкері Мирослав Беранек отставкаға кету жөнінде өтініш берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мен Еуропа Лигасы аясында болгарлық «Ботев» клубына қарсы өткізілген кешегі ойыннан кейін командадан кетуді ұйғардым. Мен – бас бапкермін, демек клубтың нәтижесіне жауап беруім керек. Мына жағдайда жеңілісті өз мойныма алсам деймін. Қалыптасқан жағдайды талдай келе, «Астана» үшін менің клубтан кеткенім пайдалы екенін түсіндім», — деді Беранек өз шешіміне қатысты.

Клуб басшылығы әзірге Беранектің өтінішіне қол қойған жоқ.

«www.bnews.kz».

 
0
0
368