Мазмұнға өту

Жаңа

Оливер Кан: «Футболды дамыту үшін сіздерге әлі көп жұмыс істеу керек»

Елордада «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының» Тұсаукесері өтті. Осы жиынға арнайы шақырылғанқонақтардың арасында әлем футболының жарық жұлдызы, Германия құрамасы мен «Бавария» клубының экс-қақпашысы Оливер Кан да болды.

Жылнама:

**** Оливер Рольф Канн 1969 жылы 15 маусымда Карлсруэ қаласында дүниеге келген. Германия құрамасы мен «Бавария», «Карлсруэ» командаларында өнер көрсеткен.

**** Әлемнің үш рет үздік қақпашысы атанған: 1999, 2001, 2002 жылдары;

**** Еуропаның төрт рет үздік қақпашысы атанған: 1999, 2000, 2001, 2002 жылдары;

**** Германияның екі рет үздік ойыншысы атанған: 2000, 2001 жылдары;

****Неміс Бундеслигасының алты дүркін үздік қақпашысы: 1994, 1997, 1998, 1999, 2001, 2002 жылдары;

**** Корея мен Жапонияда өткен 2002 жылғы әлем чемпионатының үздікойыншысы әрі үздік қақпашысы;

**** XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы әлемнің ең үздікқақпашыларының бірі.

– Оливер мырза, Осында келемес бұрын «Астана» жайлы не естідіңіз?

– «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы» маған жақсы таныс. ОғанҚазақстандағы қарқынды дамыған спорт клубтары кіреді. Өзім футболшы болғандықтан футболды жақсы ажыратамын. Сондай-ақ, сіздердіңатақты велошабандоздарыңыз Александр Винокуровты жақсы танимын. Бір арнайы ұйымдастырылған жолдастық кездесуде Сашаға қарсы өнер көрсеткен болатынмын. Винокуров керемет жігіт, онымен кездесіп, дидарласу бір бақыт!

– Қазір сіз телекомментатор болып қызмет атқарып жүрсіз, жаңа жұмысыңыз қалай?

– 2008 жылы футболдағы карьерамды аяқтаған соң, әріптестерім сияқты бапкер боламын деп ойлаған едім. Бірақ кейіннен, білім алуды жөн санадым. Арада біраз уақыт өтті, бір күні маған телекомментатор болуғаұсыныс түсті. Мен өз келісімімді бердім. Қазіргі кезде осы жұмысыма көңілім толады.

– Соңғы чемпиондар лигасының финалында қос неміс командасы кездесті. Бұл Германия футболының әлемдегі мықтылығының көрінісі ме?

– Футболда экономиканың деңгейі бас­ты рөл атқарады. Қазіргі кезде Бундеслига Еуропадағы ең тиімді қаржылылық жоспар болып табылады. Соның айғағы Германияға әлемнің жоғары деңгейлі футболшылары көптеп келуде. Бұл неміс футболының ілгері дамуына өз ықпалын тигізеді. Біздің елде өткен 2006 жылғы әлем чемпионатынан соң, инфрақұрлым жаңа деңгейге көтерілді. Бүгінгі күні неміс Бундеслигасынан Марко Ройс, Марио Гетце сияқты жұлдыздарды көре аласыздар. Сондықтан да Бундеслиганы әлемдегі ең үздік лигалардыңбірі деуге болады.  

– Осыдан шамалы уақыт бұрын 2014 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу аясында Германия – Қазақстанқұрамалары екі рет кездесті. Осы кездесуді тамашалаған болсаңыз футбол маманы ретінде айтыңызшы, біздің ұлттық құрамаға қандай өзгеріс қажет?

– Қазақстанда қазір 17 млн халық тұрса, Голландияда 8 млн ғана адамөмір сүреді. Байқағандарыңыздай футболда сан үнемі жоғары сапаны көрсете бермейді. Футболды дамыту үшін сіздерге көп жұмыс істеу керек.Әсіресе, инфрақұрылымды жақсарту, жас талантты футболшылардықолдау, оларға көмек көрсету қажет. Сонымен қатар, мықты бапкерлерді оқытып, даярлау керек.

– Қос құрама арасындағы кездесуден қандай әсер алдыңыз?

– Германия құрамасы Астанада 3:0, Нюрн­бергте 4:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақтарға меніңше сәттілік жолдас болған тәрізді. Әйтпесе, өзге елдің құрамалары «неміс машинасынан» ірі есеппен ұтылып жатыр.Әйткенмен Қазақстанның өз алдына қойған үлкен мақсаты бар. Сол мақсат жолында көп жұмыс атқару қажет.

– Сізге Қазақстан футбол федерациясы тарапынан бір жоғары лауазымды қызмет ұсынса, қалай қабылдар едіңіз?

– Әрине, шетелдік мамандарды шақыртып қана қоймай, олардың білімі мен тәжірибесін оңтайлы падалану қажет. Сол кезде ғана мұндай үрдістің қандай да бір нәтижесі болмақ.

– Қазіргі кездегі әлемде ең үздік қақпашы кім?

–  Мануэль Нойер! Менің ойымша ол әлемдегі ең үздік қақпашы. Осы жылы «Баварияның» сапында үш бірдей үлкен кубокты ұтып алды. Команданың толағай табысына Нойердің қосқан үлесі ұшан теңіз.

– Ал ойыншылардан кімді атар едіңіз?

– Неміс Бундеслигасындағы Франк Рибериді айтса болады.

– Германияның әдемі әрі қызықты футбол ойынын көрсеткенімен, соңғы жылдары әлем не Еуропа чемпионы бола алар емес. Мұны қандай себеппен байланыстыруға болады?

– Меніңше, біздің құрамаға сәл ғана сәттілік жетіспейтін секілді. Соңғы жылдары әлем, Еуропа чемпионаттарында Германияның жолын кесіп жүрген Испания құрамасы. Дегенмен, әлем чемпионы атанатын күн алыс емес деп ойлаймын.

– Сіздің футболдағы карьераңызда бірнеше рет ойынға көңіліңіз толмай төрешілермен дау­ласу, жанкүйерлермен келіспей қалу, қызыл қағаз алу сияқты оқиғалар көптеп кездесті. Қазір сол қылықтарыңызға ұялмайсыз ба?

– Осы жағдайды түсіндіре кетейін, мен футболда 600-ден астам кездесугеқатыстым. Тек соның бесеуінде ғана осындай келеңсіз жағдай орын алды.Әрине, қазір мен басқа адаммын. Бірақ, барлық ойын есімде. Сондықтан ол кезеңдерді ұмыту мүмкін емес. Бұл тек менің мінезім деп ойлаймын. Себебі, мен футболға бар күшімді, жігерімді, өмірімді арнаған жанмын.

– Егер осыдан алты жыл бұрын дағыстандық «Анжи» клубы мол қаржы ұсынып, өз қатарларына шақырса, келісер ме едіңіз?

– Мен «Бавария» сапында бірнеше жыл тер төктім. Осындай тамаша команданы ақша үшін өзге клубқа ешқашан ауыстырмас едім.

Бек ТӨЛЕУОВ, «Sport»

0
0
1002

Грек-рим күресінен қазақстандық палуандар Универсиаданың қос қоласын алқымдады

КАЗАНЬ. 15 шiлде 2013, 21:59. BNews.kz

Грек-рим күресінен қазақстандық қос спортшы – 66 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі Асхат Жаңбыров пен 120 кг дейінгі салмақта Нұрмахан Тыналиев Универсиаданың қос қоласын қоржынымызға салды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Үшінші орынға таласта Жаңбырбаев Румыниядан келген қарсыласы Разван Мотойды — 3:0 есебімен, Тыналиев Ресей спортшысы Сергей Андрусикті 3:1 есебімен тізе бүктірді», — делінген хабарламада

«www.bnews.kz».

0
0
517

Әйгілі фулболшы Паписс Сиссе өсімқор демеушінің жейдесін киюден бас тартты

АСТАНА. 15 шiлде 2013, 20:23. BNews.kz

Премьер-лиганың шабуылшысы мұсылман Паписс Сиссе діни әрі этникалық себептерге байланысты футбол клубының жаңа демеушісі болып табылатын несие беретін компания логотипі бейнеленген Ньюкасл Юнайтед жейдесін киюден бас тартқаны үшін жаттығу залында жалғыз өзі жаттығуға мәжбүр болды. Бұл жайында Оnislam хабар таратты.

Футболкаға қатысты аталмыш дау-дамай осыдан бірнеше ай бұрын басталған болатын. Бәленің бәрі өткен жылдың қазан айында Ньюкасл Юнайтедтің Wonga несие компаниясымен 24 млн фунтқа төрт жыл мерзімге келісімшартқа отырғанынан басталған еді.

Өсімқорлыққа ислам дініде тыйым салынғандықтан мұсылман ойыншылардың жылына несиесі бойынша 4,214 пайыз өндіріп алатын компанияның жейдесін киіп, харам нәрсені жарнамалаудан бас тартқанын айта кету керек.

Аталмыш клубтың құрамында Демба Ба, Паписс Сиссе, Шейк Тиоте және Атем Бен-Арфа есімді төрт мұсылман ойыншысы бар.

Мұндай жағдай мұсылман ойыншысы Фредерик Канутенің де басында болғанын айта кету керек. Ол да құмар ойындарды жарнамалайтын 888.com сайтының логотипі бейнеленген жейдені киіп жүруден бас тартқан еді.

Ньюкаслға қарағанда Болтон клубы жанкүйерлердің наразылығын ескеріп, QuickQuid несие компаниясының демеушілігінен бас тарта білді.

4500-ға жуық адам осынау келісімшартқа қарсы шықты. Қазіргі уақытта Болтон клубына FibrLec энергетикалық компаниясы демеушілік жасайды.

muslim.kz

0
0
406

Қазақстандық спортшылар винтовкамен атудан командалық есепте қола жүлде алды

Қазанда өтіп жатқан Универсиадада Қазақстанның қыздар командасы винтовкадан ату бойынша қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Шағын калибрлі винтовкамен 50 метрден ату бойынша Олеся Снегиревич, Юлия Морозова, Александра Малиновская Қытай және Ресейдің спортшыларынан осал түсті»,-деп жазылған хабарламада.

www.bnews.kz

0
0
288

Астанада Азия чемпионатында 8 медаль олжалаған спортшыларға қошемет көрсетілді

Астанада Азия чемпионатында 8 медаль олжалаған спортшыларға қошемет көрсетілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

1-8 шілде аралығында Иорданияның астанасы Амманда өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 алтын және 1 күміс медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Дүбірлі додада ел абыройын асқақтатып қайтқан спортшылар мен бапкерлерді сенімді жеңісімен халықаралық бокс қауымдастығының (АИБА) вице-президенті, Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев құттықтады.

«Сіздерді бокс федерациясы атынан шын жүректен құттықтаймын. Азия чемпионатындағы бұл жеңіс – әлемдік спорт аренасындағы Қазақстан боксының бұрын-соңды болмаған толағай табысы. Бұл үлкен оқиға. Азия чемпионаты өте маңызды жарыс. Қазақстан құрамасы Азияда ең мықты екенін, ал әлемде мықтылардың қатарында екенін дәлелдеді. Енді жанкүйерлеріңіз сіздерден жаңа жеңістерлі күтеді», — деді Тимур Құлыбаев.

Сондай-ақ ол бокс федерациясының ережесі бойынша Азия чемпиондары мен бас жаттықтырушы құрамға сыйақы қарастырылғанын атап өтті.

«Бұл тек қана спортшылардың жеңісі емес, бүкіл федерацияның табысы. Үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Халықаралық жарыстарға тыңғылықты дайындаламыз. Спорт базалары қажетті құралдармен жабдықталған. Сондықтан, спортшылардың осы жарыста үлкен жетістікке жетпеуі ұят болар еді. Барлығы тырысып, жақсы өнер көрсетті. Алдымызда биыл үлкен жарыс – әлем чемпионаты тұр. Жарыс алғаш рет Қазақстанда өтеді. Сол себепті спортшыларымыз жақсы дайындалып, ұлттық құраманың жаттықтырушылары бар күшін салып, елімізде өтетін әлем чемпионатында Қазақстанның мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатуға тырысамыз», — деді Қазақстанның бокстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов.

Жиында сөз алған бокстан ұлттық құраманың капитаны, биыл «Азияның үздік боксшысы» атағын иеленген Данияр Елеусінов бокс федерациясының көрсетіп отырған қолдауы үшін алғысын білдіріп, алдағы байрақты бәсекелерде ел сенімін ақтайтынын, «боксшыларымыз үлкен жеңістерден үмітті» екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, Теміртас Жүсіпов, Берік Әбдірахманов, Мерей Ақшалов, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Антон Пинчук пен Иван Дычко Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынса, Әділбек Ниязымбетов күміс медаль иеленді.

Айымгүл ӘБІЛЕВА, фото Бауыржан ЖУАСБАЕВТІКІ
 
0
0
340

А.ж. 15 шілдеде Министрліктер үйінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Кеңес отырысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, өзге де мемлекеттік органдар мен дәстүрлі діндердің діни бірлестік басшылары, дінтанушы-ғалымдар, қоғамдық қайраткерлер қатысты.

Іс-шара барысында діни бірлестіктердің Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңын орындаудағы өзекті мәселелері қарастырылды.

0
0
276

Шілденің 15-і мен 21-і аралығында «31 арна» көрсететін фильмдерге шолу

Шаруаға қол, еңбекке жайлы болып отырған жаңбырлы жаздың дәл ортасына да келдік. Біздің құрметті оқырмандарымыз жылдың сағындырып жетер осы бір кезеңін қызықты һәм көңілді өткізіп жатыр деген үміттеміз. Ал, ұзақты күннің кешінде "31 арнадан" әлемдік киноның іліп-алар фильмдерін көру дұрыс демалысты еселей түседі.

15 шілде, яғни дүйсенбі күні сізді "Крокодил Данди" күтеді. 22.45-те экранға шығатын фильм Австралияның қиян түкпіріне келген американдық журналист пен жергілікті қолтырауын аулаушының басынан кешірген хикаяларын суреттейді. "Үздік ер адам рөлі" номинациясында "Алтын глобус" алған комедиядан табиғаттың ортасынан шыққан бас кейіпкердің тас қала Нью-Йоркке барып адам жасаған джунглиде қиындықтарға тап болғанын көре аласыз.

Австралиялық аңшы Майкл Данди туралы қызық оқиғалар сейсенбі күні де жалғасады. 16 шілдеде 22.45-те аборигендік лашығын американдық пентхаусқа ауыстырған қолтырауын аулаушы сүйіктісін құтқарып алу үшін колумбиялық мафияға қарсы күресін бастайды. Кеңестік кинопрокатта ең көп көрілген шетелдік фильмдер арасында 25-ші орынды алып тұрған "Крокодил Данди 2" кино саласындағы ең табысты автралиялық жоба болып саналады.

Сәрсенбі мен бейсенбі 22.45-те атышулы "Полицейская академия" жобасының екі бірдей бөлімі көрсетіледі. 17 шілдеде "Полицейская академия 4: Граждане в дозоре" фильмі арқылы комендант қиқар, қырсық Лассардтың "Азаматтар кезекшілікте" атта бастама көтеріп, оның қандай күлкілі әрі қызықты оқиғаларға ұласқанын біле аласыз.

Ал, 18-інде "Полицейская академия 5: Место назначения – Майами Бич" туындысы жүреді. Лассардты құтқарамыз деп Майамиге барған біздің сүйікті кейіпкерлеріміз тәртіп пен заңды қорғауға барын салады.

19 шілде, жұма. Киномандарды қарық қылатын күн. Алдымен 21.45-те есірткі саудасымен айналысатын бандалардың былығына байқамай кіріп кеткен аспаз Джеки Чанды көрсетеміз (енді ше... кім айтты сізге аспаздық ең бейбіт мамандық деп:) Оған "Мистер Крутой" дәлел).

Іле-шала, 23.45-те Бен Аффлектің "Город воров" қылмыстық драмасы болады. 37 млн доллар бюджеті бар фильм әлемдік прокаттан 154 млн доллар табыс тауып, көрермендерге аса ұнаған болатын. Банктер мен инкассатор көліктерін тонайтын төрт жігіттің хикаясын сіз де көріңіз.

Сенбі күні (20 шілде) бағдарламамыздан үш бірдей фильмді іліп-алып, таныстырсақ деп отырмыз.

17.00. "Кто подставил кролика Роджера". "Оскардың" үшеуін бірдей қанжығасына байлаған комедия қалың елге жақсы таныс. Тірі актерлер мен қолдан салынған анимацияның араласып беруі таң қалдырмай қоймайды, әрине.

19.00. "Властелин колец: Две крепости". Фэнтезисүйер қауымға арналған сыйымыз жалғасуда! Фродо мен Сэм Мордорға жету үшін амалсыздан Голлумды жолбасшылыққа алды, ал Саруманның әскеріне қарсы тұру үшін Сақина бауырластығының өзге батырлары күш жинап жатыр.

22.00. "Угнать за 60 секунд". "Мемфис" атты лақап аты бар көлік ұрлықшысы бауырын құтқару үшін бір түнде аса қымбат елуден астам автомобиль ұрлауға мәжбүр болады. Николас Кейдж бен Анджелина Джоли ойнайтын фильм қуатты әуенімен және әдемі көліктерімен есіңізде қалары анық.

Николас Кейдждің фанаттары жексенбі, шілденің 21-інде де 31 арнаны әбден қарай алады. "Воздушная тюрьма" - нағыз экшнның керемет үлгісі. Аса қауіпті қылмыскерлерді тасымалдайтын рейстен қашпақшы болған рецидивистер мен оларға қарсы Кейдж кейіпкерінің күресін сағат 21.30-да тамашалаңыздар.

Біздің шолуға апта ішінде көрсетілетін фильмдер толық енген жоқ. Мәселен, керемет мультфильм "Вверх", болмаса Тим Аллен, Джон Траволта, Мартин Лоуренс түскен "Реальные кабаны" комедиясы туралы айтқан жоқпыз. Сондықтан, 31 арнаның бағдарламасын қарап тұрыңыз, сіздің талғамыңызға сай фильмнің табыларына нық сенімдіміз. Жаңа аптада сәттілік тілейміз!

0
0
621

«Алғашқы махаббат»

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 17 шілдеден бастап жаңа телехикаяның тұсаукесері. Алау сезім, албырт кезең – «Алғашқы махаббат» телехикаясын дүйсенбі-жұма аралығында сағат 19:30-да тамашалаңыздар.

0
0
398

1
0
984

Соңғы күн!

Соңғы күн!
Бүгін біздің Ақтөбемізге кететін күніміз.10-күнде өте шықты. Осы 10 күнде көптеген жерлерге барып,өте қызықты мәліметтер алдым. «Сол мағлұматтармен өз достарыммен бөлісем»,- деп ойлаймын. Астана- арман қала!

Бүгін біздің Ақтөбемізге кететін күніміз.10-күнде өте шықты. Осы 10 күнде көптеген жерлерге барып,өте қызықты мәліметтер алдым. «Сол мағлұматтармен өз достарыммен бөлісем»,- деп ойлаймын.

Астана- арман қала!

0
0
322