Тоғызыншы күн!
Қазақстанның Швейцариясы!
Таңғалжыған табиғат,
Бурабайдың ауасы-ай!
Бүгін естен кетпес күндердің бірі болды. Себебі Қазақстанның ең бір әсем жерлерінің бірі – Бурабайда болдық.Таза ауасымен дем алып, бір рахатқа бөлендік. Астана қаласында бірнеше рет болсақ та, Бурабайда бірінші рет болдық. Жұмбақтасты көріп , олар жайлы аңыз білдік. Аңызда қыздың сұлулығын қалай бейнелесе Жұмбақтастың сұлулығы да дәл солай.Бұл аңыз , бірақ әдемі Жұмбақтастың аты затына сай екені рас. Бұл күн осындай ғажайып жерлерімен бізді таңқалдырды!
