Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астанада жаңа арена ашылды

Бапкерлер бұл мұз айдынына өте жоғары баға берді. Тағы бір ерекшелігі, мұндағы мұз ерімейді. Біз өз мұз алаңымызды басқа нысандар жабық жаз кезінде де ұсына аламыз.

Астанада бірегей жаңа «Тарлан» мұз аренасы ашылды.Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады. Мұз аренасы негізінен хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан кәсіби, жартылай кәсіби және әуесқой пайдаланушылар үшін жаттығу кешені ретінде жоспарланған.

«Жоба бірінші кезекте, балалар мен жаңа бастап жүрген спортшыларға арналған. Біздің міндетіміз жас хоккейшілер үшін жаттығу алаңын жасау еді. Сонымен қатар, мұнда мәнерлеп сырғанау мектебі де айналыса алады. Мұз айдыны болашақ спортшылар мен жаппай сырғанауға арналған»,- деді «Каспий» спортты дамыту қоры» ҚҚтөрағасы Ғазиз Шаханов.

Жоба өте қысқа мерзімде австриялық жүйе бойынша салынды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, Астанада мұндай ғимарат тұңғыш рет пайдалануға беріліп отыр.

«Бапкерлер бұл мұз айдынына өте жоғары баға берді. Тағы бір ерекшелігі,  мұндағы мұз ерімейді. Біз өз мұз алаңымызды басқа нысандар жабық жаз кезінде де ұсына аламыз. Алаңымыздың барынша тиімді екендігін атап көрсеткіміз келеді», — деді Ғазиз Шаханов.

 

Жолдасбек Дуанабай,

«Айқын» газеті

 
0
0
337

Осы тақырып бойынша

Астанада жаңа арена ашылды - Yvision.kz