«Астана» велошабандозы Якоб Фульсан — «Тур де Франстың» 15-ші кезеңінде жетінші сатыға тұрақтады
Британдық Кристофер Фрум «Sky» көпкүндік «Тур де Франс» жарысының 15-ші кезеңінде жеңіске кетті, деп жазады Sports.kz.
Екінші орында колумбиялық Найро Кинтана «Movistar», үшінші орында испан спортшысы Микель Ниеве «Euskaltel-Euskadi», дат Якоб Фульсан «Астана» жетінші орынға тұрақтады.
Жалпы есепте Фрум көш бастап тұр, одан кейін голландиялық Бауке Моллема «Belkin» мен Испания спортшысы Альберто Контадор «Saxo-Tinkoff», ал Фульсан — жетінші орында.
«Тур де Франс», 15-ші кезең
Живор — Мон-Ванту, 242,5 шақ
1. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, «Sky»)
2. Найро Кинтана (Колумбия, «Movistar») — +0:39
3. Микель Ниеве (Испания, «Euskaltel-Euskadi») — +1:23
7. Якоб Фульсан (Дания, «Астана») — +1:43
Жалпы есеп
1. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, «Sky») — 61:11:43
2. Бауке Моллема (Голландия, «Belkin») — +4,14
3. Альберто Контадор (Испания, «Saxo-Tinkoff») — +4:25
7. Якоб Фульсан (Дания, «Астана») — +6:22.
«www.bnews.kz».

