Соңғы күн!
Бүгін біздің Ақтөбемізге кететін күніміз.10-күнде өте шықты. Осы 10 күнде көптеген жерлерге барып,өте қызықты мәліметтер алдым. «Сол мағлұматтармен өз достарыммен бөлісем»,- деп ойлаймын.
Астана- арман қала!

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.
рейтинг
100
жазбалар
11
пікірлер
0
тіркелуші
0
жазылымдар
0
рейтинг
100
жазбалар
11
пікірлер
0
тіркелуші
0
жазылымдар
0
Бүгін біздің Ақтөбемізге кететін күніміз.10-күнде өте шықты. Осы 10 күнде көптеген жерлерге барып,өте қызықты мәліметтер алдым. «Сол мағлұматтармен өз достарыммен бөлісем»,- деп ойлаймын.
Астана- арман қала!

Таңғалжыған табиғат,
Бурабайдың ауасы-ай!
Бүгін естен кетпес күндердің бірі болды. Себебі Қазақстанның ең бір әсем жерлерінің бірі – Бурабайда болдық.Таза ауасымен дем алып, бір рахатқа бөлендік. Астана қаласында бірнеше рет болсақ та, Бурабайда бірінші рет болдық. Жұмбақтасты көріп , олар жайлы аңыз білдік. Аңызда қыздың сұлулығын қалай бейнелесе Жұмбақтастың сұлулығы да дәл солай.Бұл аңыз , бірақ әдемі Жұмбақтастың аты затына сай екені рас. Бұл күн осындай ғажайып жерлерімен бізді таңқалдырды!
Сегізінші күн! Бүгін таңның атысымен Қарағанды жеріне жол тартық. Қарағанды жерін тамашалауды Карлаг конс лагерінен бастадық. Бұл жерге кіргеннен бастап аянышты сезімде болдым.Себебі адамдардың мүсіндерін көрген кезде жанынның ауырмауы мүмкін емес.Көптеген бұрын соңды естімеген, білмеген мәліметтер алдық. Сол мәліметтер жайлы айтып кетсем.Жас бала өмірге келгеннен бастап аузына алған сөзі ата-анасы емес, капитан Сталин болатын.Баласы өсіп жетілгенімен ол өскесін оны ата-анасына қарсы қойған. Мейрам болған кезде түрмедегі таланты бар адамды әкеліп, ойнайтыны болса ойнатқызып, ән айтатыны болса айтқызып, болған соң қайтадан қамауға алып кететін болған.Оларға еш қамқорлық болмаған. Одан кейін Қарағанды NIS мектебіне барып гран-при алып,қуанышты болдық. «Мектебіміздің ашылғанына әлі жыл болма…
Бүгін елордамыздың 15 жылдығы. Өте маңызды мерей-тойлардың бірі. Осы күні бізде көптеген жерлерге бардық. Қаланың қай жеріне барсақ та мереке- той,концертболып жатты. Адамдар қалада қуанышты жүр. Олардың жүздеріне қарап, бүгін біз барлығына ортақ мерекелік күн екенін түсінуге күнінде елордамызда осы мерекені баршамыз болып атап өттік!
Бесінші күн! Кеше Астананың ғылыми орталықтарымен таныссақ,бүгін қандай сүт тағамдарын пайдаланатынын білу үшін «Родина» сүт зауытына жол тарттық. Бұл жерде сүт тағамдарының түр-түрі өндіріледі және барлығы өте дәмді,ал ең бастысы адам деңсаулығына пайдалы болып келеді. Канададан әкелінген сиырлар күніне 48 литр сут береді.Бұл зауытқа тапсырыс өте көп түседі.Сүттердің жоғары деңгейде шығарылуы бұл тазалыққа байланысты.Сиырларға тамақ беру үшін машиналар өткенде арнайы доңғалақтарын жуудан өткізеді.Сиырлардан сүт алған кезде олардың психологиясына жағымды классикалық музыкалар қосады.Осындай зауытта болып,қажетті мәліметтер алғаныма қуаныштымын. Себебі біз өзіміздің қандай сүт тағамдарын ішіп отырғанымызды білуге қажеттіміз! Кеше Астананың ғылыми орталықтарымен таныссақ,бүгін қандай сүт та…
Елордамыздың мақтанышы…… Төртінші күні елордамыздың мақтанышына айналған университеттердің бірі-Л.Н.Гумилев жеріне бардық.Бұл жер аса қасиетті және көрікті орталардың бірі болып есептеледі. Себебі қазақ халқы үшін маңызы зор Күлтегін ескерткіші орналасқан.Осы қасиетті ескерткіш жайлы айтып кетсем. Бұл ескерткіш Монғолия жеріндегі күлтегін ескерткішінің көшірмесі Тіпті түпнұсқа десек те болады. Мекемеде тек Күлтегін ескерткіші жайлы ғана емес, Л.Н.Гумилев жайлы да қызықты мәліметтер алдық.Экспедициямыздың екінші бөлігін «Отырар» ғылыми кітапханасында өткіздік.Бұл жерде де маңызды жайттарға куә болдық. Кемаль Ақышев жайлы мәліметтер бөлістік.Ең бастысы-Астана қаласының қажетті мәлімет іздейтін тұрғынына бұл кітапхананың маңызы өте зор екенін түсіндім Елордамыздың мақтанышы……Төртінші күні ел…
Міне,үшінші күнге де жеттік.Бүгін біз таң сәріден бастап,кеш батқанға дейін Астана қаласының көрікті жерлерін тамашаладық.Экскурсиямызды Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағатынан бастадық.Бұл жерде біз елбасымыздың қол қойған көптеген ресми құжаттарды көрдік.Мұрағатты аралап болғаннан кейін,экскурсиямыздың екінші бағыты-С.Сейфуллинге арналған мұражайға бардық.Маған бұл мұражайда өте ұнады.Бұл жерде біз тек ғана осы кісі туралы мәліметтер біліп қойған жоқпыз,сонымен қатар,бабамыздың қолданған заттарын да тамашаладық.Экскурсиямыздың қызықты өтуі соншалық, біз келесі мекемеге баруға асығып отырдық.Біздің келесі бағытымыз- Тәуелсіздік сарайы болды.Бұл жер де маған өзінің өзгеше қырымен ұнады.Сарай көптеген әдемі суреттермен,4D кинотеатрмен,ең үлкен конгресс холлмқен және тағы да басқа әдем…
Бүгін біз қазақ халқының ұлы қолбасшысы-"Қаракерей Қабанбай батырдың" кесенесіне бардық.Басында сол атамыздың аруағына Құран бағыштап, кейін сол батыр туралы Қабанбай батырды зерттеуші атадан көптеген мәліметтер естідік.Сол естіген мәліметтерді жазып кетейін.Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәу…
Астана қаласындағы экспедициямыз басталды!Сағат 13:20-да Астана қаласының вокзалында бізді "Dana tour" компаниясы өте жылы қарсы алды.Сол сәттен бастап мен осы экспедициямыз өте сәтті өтетініне сенімді болдым.Бізді қарсы алғандарынан кейін елордамыздың ең жақсы деген қонақ үйлерінің бірінде орналастырды."G empire" атты қонақ үй,менің ойымша,барлығының көңілінен шықты.Орналасып болғаннан кейін, біз "Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне" бардық.Бұл мектепте біз алдыңғы жылы біз секілді экпелицияда болған Зарина және Самал атты қыздармен сұқпаттасып,олардан ақыл-кеңес сұрадық,олар да бізге өз білгендерін айтты.Бұл кездесуден кейін біз кешкі Астананы тамашаладық.Маған сол кездегі көргендерімнің бәрі ұнағаны соншалық,мен өскенде осы жерде тұрақтаймын де…