Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Астананың» бас бапкері Мирослав Беранек отставкаға кету жөнінде өтініш берді

 

Бүгін «Астана» ФК бас бапкері Мирослав Беранек отставкаға кету жөнінде өтініш берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мен Еуропа Лигасы аясында болгарлық «Ботев» клубына қарсы өткізілген кешегі ойыннан кейін командадан кетуді ұйғардым. Мен – бас бапкермін, демек клубтың нәтижесіне жауап беруім керек. Мына жағдайда жеңілісті өз мойныма алсам деймін. Қалыптасқан жағдайды талдай келе, «Астана» үшін менің клубтан кеткенім пайдалы екенін түсіндім», — деді Беранек өз шешіміне қатысты.

Клуб басшылығы әзірге Беранектің өтінішіне қол қойған жоқ.

«www.bnews.kz».

 
0
0
330

Осы тақырып бойынша

«Астананың» бас бапкері Мирослав Беранек отставкаға кету жөнінде өтініш берді - Yvision.kz