ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Любко Петрович «Ақжайық» ФК-ны басқарады

Оралдық команданы танымал серб маманы Любко Петрович жаттықтыратын болады. Петрович қазақстандық футбол жанкүйерлерге «Тараз» командасының жаттықтырушысы ретінде жақсы таныс, деп хабарлайды Sports.kz.

Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алған Петрович оралдықтармен бірінші жаттығу жұмысын жүргізді. Артур Авакянц, Бауыржан Баймұхамедов, Эдуард Столбовой және Драган Джурджевич серб маманына команда жұмысы бойынша көмектесетін болады.

Қазіргі уақытта Любко Петрович командамен бірге Астанада жүр. Келісімге әзірше қол қойылған жоқ

 

«www.bnews.kz».