Мазмұнға өту

Жаңа

Шымбайға батса да шындықты айтайық

Түрлі жат ағымдардың жетегінде кетіп, солардың сойылын соғып жүрген қаракөз бауырларымызды көрген сайын Африка елініңкөсемі Нельсонның: «Миссионерлер елімізге келгенде қолдарында кітап, біздің иелігімізде жер болған еді. Көзімізді жұмып қайтаашқанымызда олардың иелігінде жер, ал біздің қолымызда кітап қалды», деп ащы да болса шымбайға бататын шындықты айтып кеткенойлы сөзі тіл ұшына орала береді. Бөлінгенді бөрі жейді Иә, атабабасы ғасырлар бойына ұстанып келген қасиетті де қастерлі дәстүрлі дінінен бүгінгі ұрпағының қағынан жеріген құландайжиренуіне не себеп сонда? Жүз отыздан астам ұлыс пен ұлт өкілдерінің баласын кең құшағына сыйдыра білген сайын дала төсіндеқазақтың баласының бірі – сәләф, бірі – уаһаб, енді бірі құраншыл болып, басы қосылмайтыны несі? Жә, олар бірдеңені біліп айтса,…

0
0
1171

«Off Road Қазақстан» клубына – 10 жыл

Қазақстанда автомотоспорт федерациясы сонау 1992 жылы құрылғанымен, елімізде спорттың бұл түрі тек кейінгі кезде ғана қарқынды дами бастады. Бәрі де мұны Марат Әбіқаев бастаған «Off Road Kazakhstan» клубымен байланыстырады. Бұл бекер емес. Құрамында Марат Нұртайұлын айтпағанда, Қанат Шағыров, Артур Ардавичус, Александр Линник сынды саңлақтары бар аталмыш команда «Дакардың» да дәмін татып, Африка жерін де таптап өткен. Биыл бұл ұжымөздерінің онжылдықтарын атап өтті. Түсінген жанға бұл да бір кішігірім мерей­той. Кеше ғана сияқты болып көрін­гені­мен, содан бері талай нәрсе өзгер­ді. Отандық спортсүйер қауымның авто­жарыс­тарға деген түсінігі түбегейлі өзгерді. Бұрын тек өзге командалардың қаты­суы­мен өтетін ралли жарыстарына қазақтың«сәйгүліктері» де қатыса бастады. Ел ішіндегі авто­до­да…

0
0
330

Серік Сәпиев «футбол патшасы» Пелемен бір қатарда

Қазақстандық боксшы, 2012 жылғы олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиев спорт саласындағы ерекше жетістіктері үшін «Спорт бойынша ЮНЕСКО Чемпионы» дегенқұрметті атаққа қол жеткізді. Бұл туралы «Астана Спорт» басылымы хабарлап отыр. «Спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы» (UNESCO Champion for Sport) — жас ұрпақтың болашағы үшін дене шынықтыру мен спортты насихаттап, барша әлемде ЮНЕСКО идеясын таратуға ықпал еткенәлемдік дәрежедегі танымал спортшыларға берілетін атақ. — Бұл аса құрметті атақ, ЮНЕСКО-ның бұл атағына лайықты болып танылғаныма қуаныштымын, — деді Серік Сәпиев. — Бұл туралы маған Иманғали Нұрғалиұлы хабарлады, ол әлемде «Спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы» атағы 12 рет қана берілгенін айтып,құттықтады. Бұл мен үшін асқан құрмет. Спортты бұд…

0
0
447

Осы жарыста жүлде бұйырмай жүр

Испанияның Барселона қаласында су спорты түрлері бойынша 15- ші әлем чемпионаты өтуде. Екі жылда бір ретұйымдастырылып тұратын бұл жарыстан қазақстандықтар да тыс қалмады. Жекелей сында өнер көрсететін отандастарымыздан бөлек, су добынан қос құрамамыз (ерлер және әйелдер) да додаға араласты. Жалпы су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатында біздің елдің өкілдері бірде бір рет жүлдегерлер қатарына іліге алмаған. Биыл суға секіру, жүзу, ашық суда жүзу, синхронды жүзу және ватерпол сияқты дәстүрлі спорт түрлеріне құздан секіру жаттығуы қосылып, чемпионат бағдарламасы толыға түсті. Жарысқа қатысушылар барлығы 68 медальдар жиынтығын сарапқа салатын болады. Олардың дені жүзу спортына тиесілі екенін де айта кетейік. Жарысқа алғашқылардың бірі болып су добынан ерлер мен әйелдерқұрамамыз араласты…

0
0
605

«Астана» «Тур де Франс» жарысында 26 540 мың еуро табыс тапты

АСТАНА. 25 шiлде 2013, 15:54. BNews.kz

«Тур де Франс» велокөпкүндігінің нәтижесі бойынша қазақстандық «Астана» командасы 26 540 мың еуроға ие болды, деп хабарлады Sports.kz.

Ең көп сыйақы — 525 690 мың еуроға британдық «Sky Procycling» командасы ие болды. Екінші орында «Movistar» — 344 980 мың еуро және үшінші орында «Saxo-Tinkoff» — 205 780 мың еуро. Қазақстандық команда тапқан табыс сомасы бойынша 16-шы орынға тұрақтады.

0
0
283

«Ақтөбе» жарады

Өз алаңында Норвегияның «Хедд» клубын 2:0 есебімен тізе бүктірген «Ақтөбе» Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Енді жерлестеріміз Исландия чемпионатыныңкүміс жүлдегері «Брейдаблик» командасымен кездеседі. «Ақтөбе» (Қазақстан) — «Хедд» (Норвегия) – 2:0 Голдар: Давыдов, 6. Давыдов, 61. Ескерту: Эурснес, 77. «Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Бадло, Праймус, Кенжесариев, Логвиненко, Хайруллин, Ковальчук, Кападзе (Харабара, 77), Давыдов (Тағыберген, 85), Гейнрих (Гридин, 90). «Хедд»: Лие, Мольту, Брандаль, Тернквист, Вибе (Торсет 64), Сандаль, Хелланн, Магнуссен (Йельмесет 85), Рекдаль, Эурснес, Стандаль (Эртсос 63) Бас төреші: Мете Калкаван (Түркия) Бірінші ойын – 0:1. Шыны керек, жеңіске қанша күш қажет болса, жерлестеріміз сонша күш жұмсады. Артық тыраштанған жоқ. Өздеріне…

0
0
339

Трансшекаралық өзендерді қолдану және қорғау мемлекетаралық комиссиясының отырысы

24-25 шілде аралығында Атырау қаласында трансшекаралық өзендерді қолдану және қорғау мемлекетаралық комиссиясының  III (XXI) отырсы өтті.

Екi ел аралығындағы ынтымақтастық 7 трансшекаралық өзен – Орал, Ертiс, Есiл, Тобыл, Қиғаш, Үлкен және Кіші Өзен арқылы жүзеге асырылады.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/07/3126-112/

0
0
384

Орал өзенінің суы таязданып барады

Орал өзенінің бүгінгі жағдайы табиғат жанашырларының үлкен алаңдаушылығын тудырып отыр.

Егер бұл мәселенің шешу жолдарын қарастырмаса, онда Оралдың орнын сипап қалуымыз мүмкін. Осыған орай Атырауда трансшекаралық өзен суының таяздануы мен оны ысырапсыз қолдануға байланысты Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының отырысы өтті. Орал өзенінің күн санап таязданып бара жатқандығы бірінші рет айтылып тұрған жоқ. Бірақ одан нәтиже аз. Осыны  меңзеген бүгінгі комиссия мүшелері өзен суының азаюы  кез келген уақытта қоршаған ортаға залалын тигізетіндігін айтуда.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/07/3126-110/

0
0
512

Атырау облысы: Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясы су мәселесін талқылауда

Атырауда трансшекаралық өзенді қорғау және бірігіп пайдалану жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының отырысы өтуде. Жиын барысында екі ел үшін маңызды деген – көктемгі су тасқыны, су қоймаларын толтыру және халықты, экономиканың әр саласын сумен қамтамасыз ету секілді мәселелер бар. Сонымен қатар, мемлекетаралық жиында су қорғау шараларын ұйымдастыру мен трансшекаралық өзендердің жағдайын жақсарту да әңгіме өзегіне айналды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/07/3126-106/

0
0
298

Қазақстан Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге запастағы офицерлер шақырылуда

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде офицерлік құрам лауазымдарын келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтаудың жаңа жүйесі бойынша запастағы офицерлермен жасақтау жөніндегі жұмыс жалғасуда. Еліміздің барлық өңірлерінде үгіттеу-түсіндіру сипатындағы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау тәртібі туралы хабардар ету жүргізіліп келеді. Халықты қамту ауқымын ұлғайту мақсатында келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеудің 61 пункті құрылды, олардың ішіндегі 34 стационарлық пункт қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен басқармалардың базасында өрістетілсе, 11 пункт халыққа қызмет көрсету орталықтарында әрекет етуде. Бір пункт Астана қаласының темір жол вокзалында жұмыс істеуде. Бұдан басқа респуб…

0
0
482