«Астана Опера» қорытынды жасайды
Ауқымды мәдени шара – «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері–өткен аптаның басты оқиғасы болды. Қазанның 21 мен 24 аралығында тұсаукесерге арналған төрт күндік мерекелі кеш өтіп, бұл күндері жаңа өнер шаңырағының астына әлемге танымал 25 елден келген дирижерлар, қоюшы режиссерлар, опера әншілері, театр директорлары мен әлемдік театр сыншыларыжиналды. Өнер саласының майталмандарымен қатар театрға астананың зиялы қауымы және Белинджери Маркиздер, Торлония ханшайымы Олимпия Вейлер, Стефан Блок, Анна Майами сынды шетелдік ақсүйектер отбасы және басқалары келді. 21 қазан басты кеш болды, бұл күні көрермен итальяндық шебер Пьера ЛуиджиПицци қойған Дж. Вердидің «Аттила» операсының тұсаукесерін тамашалады. Тұсаукесерде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевболды. Елордаға дүние жүзіндегі…