Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері өз резервистерін дайындауда

Ақтау қаласындағы ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің кіші мамандарды даярлау оқу орталығының базасында әскери міндеттілерді даярлаудың бір кезеңі аяқталды.

Резервистерді даярлау автомобиль маманы, атқыш және басқа да жұмылдыру резервін толықтыруға қажетті мамандықтар бойынша жүруде. Жиынға 27-30 жас аралығындағы бұрын дәлелді себептермен әскери қызмет өткермеген 50 әскери міндетті тартылды. Олардың көпшілігі бухгалтерден бастап мектеп мұғаліміне дейінгі өз қызмет салаларының мамандары болып табылады.

Бір ай ішінде жас жігіттер әскери істің әліпбиімен танысып, әскери техника мен қару-жарақтың материалдық бөлігін, оларды ұрыста қолдану тәсілдерін зерделейді, дене даярлығымен шұғылданады және барлық өткен пәндер бойынша сынақтар тапсырады.

– Жалпы жұмылдыру резерві үшін әскери міндеттерді даярлау жөніндегі жиын табысты өтті. Әскери мамандық алған төрт әскери міндетті қазірдің өзінде келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруға тілек білдірді, – дейді кіші мамандарды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталығының бастығы полковник Данияр Галеев.

Бұл жолы оқу-жаттығу орталығында Атырау облысынан келген әскери міндеттілер даярлықтан өтті. Жиынның аяқталуы бойынша олар сертификаттар алып, оларға қатардағы жауынгер және сержанттар құрамының әскери атақтары берілді. Бұдан бұрын осы орталықта Маңғыстау облысының әскери міндеттілері даярлықтан өтсе, тамыз айының алғашқы күндерінен Батыс Қазақстан облысының жігіттері жаттығуға кіріспек.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
534

Сүйікті мекен: Куала Лумпур

Әлемдегі ең сүйікті мекеніңіз қандай? Бұл сұраққа әр адам әр түрлі жауап берер: біреулер салтанатты Парижге асықса, біреулер Лондонның жаңбырын армандайды, үшіншісі Бомбейді қызық көрсе, төртіншісі туған ауылын сағынып отырады. «Екпін» жобасы жазғы демалысты пайдаланып, оқырмандарының әлемдегі сүйікті мекендері жайында сұрастырып көрді.

Садық Шерімбек: Куала Лумпур

Өзім шетелге шыға бастағалы бері Еуропа немесе АҚШ-қа баруды ойланып көрмеппін. Көбінесе Азия елдеріне тартып тұрады. Азия елдерінің ішіндегі ең ұнаған және ең сүйікті болған қала – Куала Лумпур. Малайзия Корольдігінің астанасы!

Қоғам. Шымкенттен алғашқы рет барған кезімде үйрену, әрине, қиын болды. Ол жаққа барған соң, өзіміз қатарлы білім алып жүрген қазақ жастарының қасына орналастым. Жалпы, көпшілік азамат шет елге шыққан кезінде іштей патриоттық максимализммен шығады. Ол жақсы ғой. Бірақ, оған сәл қызбалық қосылса, жағдай қиындау. Бізде кейде көшеде кетіп бара жатқаныңда біреуді байқамай иығыңмен қағып кетсең, жоқ дегенде алара қарап, аяқ жағы төбелеске ұласып жатады. Халық көп жер болған соң ондайлар болады ғой. Біреуді қағасың, біреу сені қағады. Үнді және қытайларды көшеде көрсем, тиіскім келіп, байқамай соғып кететін кездер де болған. Бірақ, ол жақтың халқы ашуға ерік бере бермейді әдетте. Тіпті, сен соғып тұрсаң да, сенен «Sorry! Sorry!» (Кешіріңіз, кешіріңіз!) деп кешірім сұрап кетеді.

Бір қызығы, бірнеше аптадан соң өзім де солай кешірім сұрауға үйреніп қалыппын. Малайзия – біз секілді көпұлтты ел. Оның үстіне ресми түрде Ислам мемлекеті бола тұра, қаншама дін өкілдерін бір шаңырақта ұйытып отырғандары қол соғатын жағдай. Мұнда малай, қытай, үнді, корей ұлттарын өте жиі көресіз. Малайзияда халықаралық тіл – ағылшын тілі. Әдетте баратындардың көбі ағылшын тілін ғана үйреніп, сонымен-ақ жүре береді. Меніңше, бұл дұрыс емес сияқты. Мәселен, бізге шетелден адамдар келіп, қазақ тілін емес, орыс тілін үйреніп жатса, ашуланатынымыз рас. Сол секілді, егер Малайзия еліне барып жатсаңыз, ағылшын тілінен бөлек, белгілі бір уақыт мерзімінде суын ішкен малай ұлтының тілін сол ұлтқа құрмет ретінде үйреніп алсаңыз артықтық етпейді.

Аталмыш айдардың алдыңғы сандарында Жанна досым Фукуоканың жақсы жері – аэропортқа жету 10 минуттай уақытты алады деген екен. Ал, бұл жөнінен Куала Лумпур қаласында - мәселе. Аэропортқа жету қиынның қиыны. Кептелістер болмағанымен, АП қаладан 50 шақырымдай тыс жерде орналасқан. Жалпы, Куала Лумпурдың жолдары теңіз сияқты. Қандай көлікпен жүрсең де, кемеде кетіп бара жатқан сияқты қалқып һәм балқып жүресің.

Өмір сүру. Өмір сүру біздің Алматы және Астана қалаларынан қарағанда арзандау деп айтуға болады. Сондықтан кей жағдайларда Алматыда оқу мен Куала Лумпурда оқудың шығыны бірдей болып жатады. Қыздарды қайдам, бірақ, жігіттер үйде тамақ жасауды ұмыта бастайды. Өйткені, көшеде арзан бағадағы үнді немесе қытай асханалары өте көп. Таңертең жұмысқа яки оқуға кетіп бара жатқан кезіңізде отбасыларымен келіп асханалардан тамақтанып отырған адамдардың көруіңіз ғажап емес.

Білім. Куала Лумпурда жүрген қазақтардың барлығы дерлік оқу мақсатымен барған студенттер. Кей университтерде оқып жатқан қазақстандықтардың саны 500 адамнан ойланбай асып кетеді. Бұл дегеніңіз – біріншіден, білімнің қолжетімділігі болса, екіншіден, Қазақстан азаматтарының Малайзия елінің білім жүйесіне сеніммен қарағандығы болса керек.

Малайзияда аталмыш қазақстандық студенттерден құралған ұйымдар бар. Жиі-жиі жиналып әр түрлі шаралар өткізіп тұрады.

Табиғат. Енді бұл жағынан келгенде бұл елге тең келе қоятын елдер аз шығар. Өзіме қыстан гөрі көктем, жаз уақыттары өте ұнайды. Мұнда жыл он екі ай +30 градус жылы болып тұрады. Қаланың ішінде ағаштар өте көп болғандықтан кейде ыстық ауа райын сезе де бермеймін. Маған әсіресе, мұндағы жаңбырлы мезгіл ұнайды. Сондай уақыттарда балконның есігін сырып тастап, көпқабатты үйдің жоғарғы жағынан сіркіреп жауып жатқан жаңбырдың көрінісіне қарап отырудың өзі керемет сезім ғой.

Жол жүру. Куала Лумпурда қоғамдық көліктердің барлығы дерлік бар. Жалпы, қажетті жеріңізге жету қиындық туғызбайды. Мерзімдік автобустар, Метро, Монорельстер қаланы шыр айналып ытқи береді. Өзім Куала Лумпурда Букит Джалил деген шығынауданда тұрамын. Бұл Куала Лумпурдың орталықтан сәл шеттегі ауданы. Осы уақытқа дейін жол мәселесі туындаған жоқ. Егер орталықта кешке дейін қалып қойсам, кез келген такси үйге дейін алып келіп тастайды. Бағалары да көңілге қонарлық.

Саяхат. Егер бұл қалаға келе қалсаңыз, Куала Лумпурдың өзінде де баратын керемет орындар көп. Бір қызығы, бұлардың әкімшілік ауданы негізгі қаладан бөлек тұрады. Сондықтан, әкімшілік ауданның өзін көріп қайту да бір ғанибет. Сонда әлемге танымал Ханзада мешіті бар. Одан бөлек қаланың ішінде әр түрлі аттракциондар, гольф орталықтары көп. Бірақ, табиғи нәрселер іздесеңіз Batu Caves деген жерді ұсынар едім. Ол жер мыңдаған жылдық тарихы бар, қиын қыстау кезеңдерде жергілікті тайпаларды панасына алған тарихи орын. Қазіргі уақытта оның ішінде кішігірім будда ғибадатханасы бар. Үнділерді жиі көресіз. Маймылдарды да. Егер қаланы тар көріп жатсаңыз, Малайзияның өзінің көптеген туристік аралдары бар. Ұшаққа отыра қалып Langkawi сияқты керемет аралдардың біріне тартып кетсеңіз болады. Яки тарихи жәдігерлерге бай Джоржтаун қаласына барсаңыз да өкінбейсіз. Осылардың барлығына да Куала Лумпур қаласынан арзымаған бағаларға жетіп бара бересіз.

Негізі, көбірек мәлімет беруге де болатын еді. Бірақ, көп естігеннен бір рет көрген жақсы. Ең сүйікті мекенім – өз Отаным. Өз туған жерім Оңтүстік Қазақстан. Мүмкін, Куала Лумпур мен Шымкенттің арасындағы кейбір ыстық ұқсастықтар үшін ұнатып қалған болуым керек. Қайда жүрсек те, қазығымыздың қайда қағылғанын естен шығармауымыз шарт.

Сапарларыңыз сәтті болсын!

Ұқсас материалдар:

Сүйікті мекен: Жапония, Фукуока

Сүйікті мекен: Нью-Йорк


Ал сіздің сүйікті мекеніңіз қай жерде?

3
2
1654

Жұмасқалиевтің шыңы

«Тобыл» футбол клубының көшбасшысы, әрі бойтұмарына айналған аңыз капитаны Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстан футболының тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.

«Тобыл« футбол клубының көшбасшысы, әрі бойтұмарына айналған аңыз капитаны Нұрбол ЖұмасқалиевҚазақстан футболының тарихындағы ең үздік сұрмергенатанды.

Ел біріншілігінің 21-туры аясында »Жетісу» қақпасына гол соққан»Тобыл» капитаны Нұрбол Жұмасқалиев өзінің голдарының санын 148-гежеткізді. Бұл ел футболының тарихындағы жаңа рекорд. Бұған дейін аталмыш рекорд марқұм Олег Литвиненкоға тиесілі болатын. Оның да еншісінде 148 гол бар, бірақ біреуі кейін саналмай тасталған.

Сонымен, Қазақстан футбол тарихының жаңа сұрмергені өзінің 148голының 10-ын »Астана» сапында ойнап жүріп соққан. Ал қалған голдарының барлығын «Тобыл» клубында ойнап жүргенде соғыпты. Бірқызығы, өзінің 148-ші, яғни рекордты голын Жұмасқалиев «Жетісудың»қақпасына соқты. Ал біле білсеңіз, Нұрбол кезінде «Тобылға» талдықорғандықтардың сапынан ауысқан еді. Бұл 2000 жыл болатын.

 

Қазақстан футболының үздік сұрмергендері:

1) Нұрбол Жұмасқалиев — 148 доптар

2) Олег Литвиненко — 147 гол + 1 саналмай тасталған

3) Нүркен Мазбаев — 142

4) Мұрат Тілешев — 138

5) Андрей Мирошниченко — 115

 
0
0
417

Австралиялық боксшы Головкинмен жұдырықтасуға дайын екендігін айтты

Орташа салмақтағы IBF чемпионы австралиялық боксшы Дэниэл Гил осы салмақтағы WBA титулының иегері Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екендігін айтты, деп хабарлады allboxing.ru порталына сілтеме жасай отырып Sports.kz.

«Мен 2001 жылы Осака қаласындағы Шығысазия ойындарында Головкинмен жұдырықтастым. Мен сол кезде нашар өнер көрсеткендіктен, ол мені ұпай бойынша жеңіп кетті. Оның жетістіктерімен қатар, кемшіліктері де бар. Қазір ол барлығын өз күшімен қорқытқанымен, мен онымен жекпе-жекке шығуға дайынмын. Головкинді жеңу үшін одан қорықпайтыныңды көрсету керек» — деді Гил.

 

«www.bnews.kz».

 
0
0
326

«Ертіс» ФК бас бапкері: Жігіттерге кінә артпаймын

«Широки Бриег» командасынан қарымта ойында 2:0 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасының жарыс жолынан шығып қалған «Ертіс» командасының бас бапкері Талғат Байсуфинов өз шәкірттеріне кінә артпайтынын айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз тең дәрежеде ойнадық. Қарсыластарымыз тың, ал біз шаршаңқы болдық. Оларда чемпионат енді ғана басталып жатыр. Біз болсақ, соңғы 28 күннің ішінде 8 ойын өткіздік. Осы шаршаңқылық біздің жеңілуімізге әкеп соқты. Егер бірінші таймда біздің ойыншының соққан добы бағанаға тимей, қақпаға дарығанда ойын өрнегі өзгеше болар еді», – деді матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Т. Байсуфинов.

«Амал қанша, жанкүйерлерімізге италиялық командамен ойынды тарту етейік деген жоспарымыз орындалмады. Жігіттерге тағар кінәм жоқ, олар барын салды», — деп түйіндеді бас бапкер.

 

«www.bnews.kz».

 
0
0
275

«Боруссия» неміс Суперкубогын иеленді

Әлем назарын өзіне аударған «Сигнал Идуна Парк» стадионы тартысты кездесудің жеңімпазын анықтады. «Боруссия д» мюнхендік «Баварияны» 4:2 есебімен жеңіп, неміс Суперкубогын иеленді. Осылайша Чемпиондар лигасының финалында жіберген есесінің орнын толтырғандай.

Көптеген букмекерлік орталықтар Хосеп Гвардиола баптайтын мюнхендік команданың жеңіске жетуі мүмкін деген болатын. Алайда дортмундтық «Боруссия» барын салып, бұл маусымды жеңіспен бастады. Осылайша Юрген Клопп шәкірттері Германия Суперкубогын 4-ші рет иеленіп, «Бавариямен» теңесіп отыр.

Кездесу соңынан Хосеп Гвардиола: « Біз бүгін жеңілдік. Меніңше шәкірттерім қарсыластарынан жақсы ойнады деп ойлаймын. «Боруссияны» жеңісімен құттықтаймын. Бір аптадан кейін басталатын бундеслиганың ойындарында бұл қателігімізді түзейміз» — деп  мәлімдеді.

«Боруссия» (Дортмунд) – «Бавария» (Мюнхен) – 4:2 (1:0)

Голдар: Ройс, 5 (1:0). Роббен, 54 (1:1). Ван Бюйтен, 56 – автогол (2:1). Гюндоган, 57 (3:1). Роббен, 65 (3:2). Ройс, 87 (4:2).

«Боруссия» Д: Вайденфеллер, Хуммельс, Суботич, Шмельцер, Гросскройц, Бендер (Кель, 45), Гюндоган (Папастатопулос, 88), Нури Шахин, Блащиковски (Обамеянг, 72), Ройс, Левандовски.

«Бавария»: Штарке, Боатенг, Ван Бюйтен, Алаба, Лам, Тиагу Алькантара, Кроос (Данте, 86), Шакири (Швайнштайгер, 67), Мюллер, Роббен, Манджукич (Писарро, 75).

Ескерту: Боатенг, 90+2.

Бас төреші: Дрес

 
0
0
270

«Шахтер» келесі кездесуін Астанада өткізетін болды

U-Ground Ultras фанаттар бірлестігі ұйымдастырған »Шахтер» үйде ойнауы керек» атты акция аяғына дейін жетпей тоқтатылды. Олар басшылыққа «қарағандылық клуб келесі матчын өз алаңында өткізуі керек» деп талап қойған болатын.

Айта кетейік, осыған дейін БАТЭ-ден басым түскен «Шахтер» клубы келесі мачтын Астанада өткізетіндігі жөнінде шешім қабылданған болатын. Оған себеп ретінде футбол басшылары «кеншілер» стадионының 1958 жылы салынғандығы және УЕФА чемпиондар Лигасы үшінші іріктеу матчын өткізу талаптарына сай келмейтіндігін айтып отыр.

Сонымен қарағандылық «Шахтер» келесі іріктеу матчын «Скендербеуге» қарсы 30-шілде күні «Астана-Аренада» өткізбек. Ал қарымта ойын 6-тамызда Албания астанасы Тиранада болады.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

 
0
0
381

Бекіре тұқымдас балықтардың шабақтары Жайық өзеніне жіберілді

2013 жылдың 25 шілдесінде «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК табиғи мекендеу ортасына Жайық өзеніне 1,6 млн. дана мөлшерінде шоқыр шабақтарын жіберу жүзеге асырды.

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК өсіру тоғандарынан бекіре тұқымдас балық шабақтарының екінші легін Жайық өзеніне жіберді.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/07/3126-118/

0
0
241

Мөлдір махаббат

Адам ағзасы қызық қой. Әдетте жарты тәулік бойы көз ашпастай,рахаттана, қор ете уйықтайтын мен ұйқы дегенді тіпті ұмытқан екем.Тәулігіне екі-ақ сағат көз шырымын аламын,оның өзі түс мезілінде болады. Түні бойы көз ілмей, қараңғылыққа үңіле ,азан шақырылып ,таң атқанша көзім бадырайып, жалғысырап,басымды ойлаудан шаршатып жата беруді әдетке айналдырып алыппын.Бүгін түнде қолыма Сәбит Мұқановтың "Мөлдір махаббатын" алдым да, соңына дейін оқып бітіруге бел будым.Столдағы шамды қосып ,кітаптан көз алмадым. "Жарайды, ертең-ақ оқып бітермін,"-деп, жаба қоятын кітап емес.Соңына қарай кітаптағы оқиғалар одан әрі қызуланып,қызықтай тусіп,  мен немен бітерін білуге құмарланып,өқып бітіргенше асық болдым. Солай отырып түнді өткіздім де,кітапты жауып,шамды өшірсем үйдің іші жап-жарық. Сағатқа қарасам 05:52.

Әйел дейтін "халықтың" әр нәрсеге жылай беретіні бар,оған қоса өзімнің босаңси беретінім бар романды оқып бітірісімен ал кеп жыла.Көзімнен  мөлтілдеп жас ағып , мұрыным пысылдап, төсегіме жатып, біраз жатқан соң әзер тыйышталдым.  Езіліп жылаған себебім аштық кезінде болсын, жаугершілік заманында болсын, қай заманда болса да адам жүрегін тербелткен ,тебіренткен ,толқытқан- МАХАББАТ. Бірақ кейіпкерлерді аяп жыламаған болармын. 18-ге келе ,мен әлі ғашық болған емеспін. Содан болар немесе мөлдір махаббатымды кездесіре алмаспын деп қорыққанымнан болар,әлде жай ғана жалғысырағандықтан болар, мен әдемі жазғы күндердің бірінде, таң мезгілінде , төсегімде бүркеніп алып жыладым да қойдым...

1
0
1126

Домбыра Party халықтың сүйікті шарасына айналып келеді

Астана қаласында болып жатқан Домбыра Partyде түсірілген фото.

Блогерлердің ұйымдастыруынан бастау алған осы шара халықтың апта сайын күтетін жиынына айналды.

Осы аптадағы Домбыра Party қонағы - Сон Паскаль.

Домбыра тарта алатын кез келген жан Домбыра Party қатысушысы бола алады :-)
Домбыра Party ұйымдастырушыларының бірі - Алмас Алтай  апта сайын әуелетіп ән шырқайды.
Қыздар тіпті әннің мәтінін қағазға түсіріп әкеліпті. Дайындық мықты! :)
Маралбек пен Алмас әр бейсенбі сайын ән айтып, кәсіби әншінің дәрежесіне көтеріледі, бұйырса :)
Ай, масалардың жаны кіретін болды-ау, осынша адамды көргенде :) Бірақ, оған қарап жатқан халық жоқ, ән тыңдап, құлақ құрышын қандыруда.
Әр бейсенбі сайын Нұржол аллеясында кешкі сағат 20:00де домбыраның күмбірін тыңдауға келіңіз!
Біз әр аптада болатын Домбыра Partyді қалдырмай түсіруге тырысамыз. Ол видеоларды мына жақтан көре аласыздар: http://kaztube.kz/kz/video?category_id=45
1
2
1308