Мазмұнға өту
Nurym

Nurym

Сайтта 2012 ж. 28 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

99

жазбалар

38

пікірлер

57

тіркелуші

10

жазылымдар

0

Мәсіх және Мәһди (әс) Аллаһтың Елшісі Мұхаммедтің (сәс) көзімен. Хадис 31-40 (40тан).

(Жалғасы. Басы: Хадис 1-10 http://yvision.kz/post/365420

Хадис 11-20 көру үшін: http://yvision.kz/post/365429

Хадис 21-30 көру үшін: http://yvision.kz/post/396408)

№31. Мұхаммед Пайғамбарымыздың (са) Мәсіх-Маһдиге жолдаған сәлемі

Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты деп, Хазірет Анас (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды: «Кім де кім «Мәриямның ұлы Исаны» көрсе, оған менің сәлемімді жеткізсін».

(Мұстадрик Хаким. Китабу-л-фитан. Бабу зикри нафхи-с-сури)

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұхари мен Мүслим орнатқан шарттарды басшылыққа алған Имам Хаким, бұл хадисті сенімді деп тапқан. [1] Бұл хадисті шииттік дін мектептері де қабылдайды. [2]

Келтірілген хадисте, келешекте, ақыр заманда келетін, Исаға ұқсайтын адамның дәрежесі жайында айтылады, және оған иман келтіру керектігі сөз етіледі. Өйткені оған оның әміршісі, қожайыны Хазірет Мұхаммедтің (са) өзі дұғай мейірімге толы бейбіт сәлемін жолдап отыр. Басқаша сөзбен айтқанда, ол (са) Мәсіх-Маһдиді жақсы көретінін, сондықтан оны бағалап, қадірлеу керектігін үмметіне жеткізді. Шын Маһдидің шынайылығын дәлелдеу үшін (көріпкелдік бойынша) рамазан айында ай мен күн тұтылады. Пайғамбарымыз (са) оны «біздің Маһди» деген сөздермен ескеріп, оған деген сүйіспеншілігін білдірген. Сондай-ақ, Уәделенген Мәсіх (ас) жайында ардақты Пайғамбарымыз (са) былай деген: “ала иннаху халифати фи уммати” - яки, «Сендерге мәлім болсын! Ақиқатында, ол менің үмметімнен шыққан халифам (яғни, «наменгерім», «рухани мирасқорым») болады». Сондықтан ол (са): «кім де кім «Мәриямның ұлы Исаны» көретін болса, оған менің сәлемімді жеткізсін» -деді. [3]

Осы бір бейбітшілік жолдауында жасырын ишара бар, яки әлем жұртшылығы, баяғы әдетіне басып, Аллаһ тарапанан келген заман наменгеріне қарсы шығады, және оған қарғыстарын жаудыра тілдейді. Алайда, өзінің адал ізбасарларына үміт артқан Қасиетті Пайғамбарымыз (са) Уәделенген Мәсіхке (ас) бейбітшілік сәлемін жолдады, және оған иман келтіріп, оны қабылдауларын тапсырғанды. Өйткені, жәй ғана сәлем жолдау, әлбетте, абыройлы іс, бірақ құтылудың кілті емес. Сондықтан болса керек, Қасиетті Пайғамбарымыз (са) айтқан еді:

«Қашан Маһдиді көрген болсаңдар, оған адал болуға ант беріңдер, тіпті егер қарлы тауларды тізерлеп жорғаласаңдар да оған барыңдар, өйткені ол Маһди әрі Алланың халифасы («наменгері» - А.Р.) болады». (Ибн Мәжәһ, Китабу-л-фитан. Бабу хуруджи-л-маһди). Ибн Мәжәһ келтірген тағы бір баяндамада Қасиетті Пайғамбар (са) сол Имамға барынша көмек көрсетуді бұйырған. Тағы кейбір баяндамаларда, көктен шыққан дауыс Маһдидің шыншылдығын растайтынын айтады, және «Маһди – Алланың халифасы» деген сөздер көктен белгі көрсетілетінін білдіреді, осыдан кейін Маһдиге деген сенім күллі әлемге тарайды. Мәсіх-Маһдиді қабылдау, оған адал болуға ант беру және оған барынша көмектесу қаншалықты қажет әрі маңызды екенін келтірілген хадистерден ұғуға болады.

Бұдан бөлек, өз заманының имамын қабылдамаған адам, жәһилдік (яғни, надани) өліммен өледі делінген сөзбен сүнниттер де, шииттер де бірауыздан келіседі. [4] – Ал Уәделенген Мәсіх-Маһди  (ас) сол келуі тиіс ұлы имамның дәп өзі. Ол жайында хадистерде былай делінген, яки бұл үмметке сондай бір халиф келеді, ол тіпті Әбу Бәкр (ра) мен Умардан да (ра) асып түседі [5]; және Имам Мұхаммад бин Сирин Таби’и: келетін Маһдидің дәрежесін Әбу Бәкр мен Умардан үлкен болады, әрі оның дәрежесі пайғамбарлық дәреже, -деген. Сонда, кей адамдар таңғалып: «қалайша ол Әбу Бәкр мен Умардан асып түседі?» дегенге, келесі жауап қайырылған: «Бәлкім, оның дәрежесі тіпті кей пайғамбарлардан да үлкен болмақ». [6]

Міне, сол себепті Маһдиге сәлем жеткізу әмір етілгенді, сондай-ақ сүнниттік және шииттік әдебиеттерде, оны қабылдаудан бас тартып, оған тіл тигізгендерді имансыздардың қатарына қосқан-ды. [7]

Сондықтан, Аллаһ таңдаған Мәсіх-Маһдиіне сәлем жеткізу мүмкіндігі берілген адамдар бақытты жандар, өйткені оның келуін әлем жұртшылығы ғасырлар бойы күткен. Осы жайында әйгілі ақын Му’мин келесі сөздерді айтқан:

 

Әй Мүмін, егер уәде етілген Маһдидің заманына тап болсаң,

Ең алдымен Хазіретіміздің (са) пәк сәлемін жеткіз.

 

Бірақ, өкінішке орай, сол Маһди келгенде, адамдардың көбі оны тани алмады.

 

«Достар! – заман Мәсіхі келіп кетті,

оның келуін миллиондар күтіп о дүниелік болса да.

Оның мүбәрәк ғұмыры артта қалды, өкінішті-ақ».

 

(Уәделенген Мәсіхтің (ас) Екінші Халифасы Мирза Башируддин Махмұд Ахмад, Аллаһ оған разы болғай!)

 

Дереккөздер:

 

[1]. Имам Хаким. Мустадрак. 4 т., 503 бет. Ан-насру-л-хадисиййа. Рийад.

2. ‘Әлләмә Абу-л-Хасан ‘Али бин ‘Иса әл-Арбали. Кашфу-л-гумма фи ма‘рифати-л-аимма. 3 т., 272 бет. Дару-л-адва. Бейрут.

3. ‘Әлләмә Табарани. (360 ж. х.) Әл-му’джаму-с-сагыйр.  1 бөлім, 257 бет. Дару-л-фикр. Бейрут.

4. а) Муслим. Китабу-л-амарати. Бабу-л-амри би-лузуми-л-джама‘ати.

б) Бихару-л-әнуар. 51 т., 160 бет. Дару ихйаи-т-турас әл-‘арабий. Бейрут. Ливан.

5. Ибн Аби Шаиба. 15 т., 198 бет. Идарату-л-Кур’ан дар әл-’улүм әл-исләмиййа. Карачи.

6. Хафиз Абу ‘Абдуллаһ На‘им бин Джаммад. Китабу-л-фитан фи сирати-л-мәһди.  98 бет. Мына сілтеме б/ша: ‘Әлләмә Йусуф бин Йахйа. ‘Ақду-д-дурар фи ахбари-л-мунтазир. 149 бет.

7. а) ‘Әлләмә Йусуф бин Йахйа. ‘Ақду-д-дурар фи ахбари-л-мунтазир.
157 бет. Бірінші басылым. 1979 ж. Мәктәбә ‘Алиму-л-фикр. Қаир.

ә) ‘Әлләмә Ибн Хаджар Хайсми. Әл-қаулү-л-мухтасар фи ‘әләмәти-л-мәһдийи-л-мунтазир. 56 бет. Мәктәбәту-л-Кур’ан. Қаир, әл-Кумаш к-сі, 3 үй.

   

№32. Ізгілікті халифат жайындағы пайғамбарлық

Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айты деп, Әбу Һурайра (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды:

«Исраил ұрпақтарына пайғамбарлар билік еткен, және қашан бір пайғамбар қайтыс болса, оның орнын басқа пайғамбар басқан, міне олардың  жағдайлары осындай болған. Бірақ менің соңымнан ешқандай пайғамбар жоқ, тек халифалар (наменгерлер) болады. Кейде наменгерлікке талап білдіргендердің саны біреуден көп болады». Сахабалар сұрады: «Мұндай жағдайда бізге не істеу керек?». Ол айтты: «Кімге адал болуға ант берсендер, берген анттарыңа берік болыңдар, және оған (әміршілеріне) қатысты өз міндеттеріңді орындаңдар. Ал, ол өз міндетін қалай орындағаны жайында Аллаһу Тағала одан Өзі сұрайды».

(Бұхари, Китабу-л-анбийа. Бабу ма зукира ан Бани Исраила уә Мүслим)

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті Бұхари мен Мүслим бірауыздан сенімді деп қабылдаған. Оны Ибн Мәжәһ та келтіреді. Исраилдіктер мен Мұхаммед (са) үмметінің наменгерлік тізбегі арасындағы ұқсастықтарға қарамастан, Қасиетті Пайғамбарымыз (са) бұл баяндамада айырмашылықтарды да сөз етті, яки исраилдіктерде пайғамбарлардың наменгерлері болып пайғамбарлар келіп отырған, алайда Мұхаммедтің (са) үмметінде халифат жүйесі орнағандықтан,  халифалар (наменгерлер) шариғатты сақтау үшін пайғамбар болмайды. Сондықтан болса керек, Қасиетті Пайғамбарымыз (са), егер онан кейін іле-шала біреуге пайғамбарлық дәреже дарыған болса, онда ол Умарға (ра) дарыр еді, өйткені оның бойында лайық сипаттар бар -дегенді. Осылайша, Хазірет Умар (ра) халифалардың бірі болғанымен, пайғамбар болмады. Дегенмен, Қасиетті Пайғамбарымыз (са) ұзақ уақыттан кейін оның үмметіне (шариғатты) орындаушы пайғамбар келетінін жария еткен, және келетін Уәделенген Мәсіх (ас) Алланың пайғамбары болады деп төрт рет куәландырған. [1]

Тағы бір жерде Қасиетті Пайғамбарымыз (са): «менімен және оның (Мәриямның ұлы Исаның) арасында ешқандай пайғамбар болмайды» -деп, мәселені шешіп анықтама берген. [2]

Сонымен, «менен кейін пайғамбар жоқ» деген сөздердің бір мағынасы, (исраилдіктердегі секілді) «менен кейін іле-шала пайғамбар болмайды», өйткені «менен кейін» делінген дәуірді, Қасиетті Пайғамбарымыз (са), Уәделенген Мәсіхтің (ас) келгеніне дейінгі уақыт аралығын меңзеген-ді. Сондықтан да, ардақты Пайғамбарымыз (са) айтқан, егер қандайда бір пайғамбар келмесе, онда бәрінен ең жақсысы, ең абзалы Әбу Бәкр (ра) болып қала бермек. [3] Басқаша сөзбен айтқанда, Қасиетті Пайғамбарымыз (са) үмметтің ішінен шығатын орындаушы пайғамбардың келу мүмкіндігін ашық қалдырған. Тіпті Хазірет Мұса (ас) Құдай Тағалаға дұға етіп, Мұхаммедтің (са) үмметінен пайғамбарлық дәреже беруін сұрағанда, ол келесідей жауапты алған екен: «үммет пайғамбары сол үмметтің ішінен шығады». [4]

«Менен кейін пайғамбар жоқ» деген сөздердің екінші мағынасы келесідей болуы мүмкін, яки менен кейін ұлылық пен кемелдіктің шынына жеткен мен секілді пайғамбар болмайды, өйткені жоққа шығаратын «лә» сөзі араб тілінде кемелдікті де жоққа шығаруға қолданылады. Осылайшы, бірде Қасиетті Пайғамбарымыз (са) былай деді: мына Кесарь (Рим патшасы) мен Хосров (Парсы патшасы) өлген соң, олардан кейін кесарь мен хосров болмайды –деп. Алайда, әлгі кесарь мен хосровтан кейін бірнеше кесарьлар мен хосровтар дүниеге келіп жатты, бірақ олардың ешқайсысы Қасиетті Пайғамбардың (са) заманындағы кесарь мен хосровтың ұлықтығына жеткен емес. Демек, бұл хадистегі жоққа шығарушы «лә» сөзі, кемелдік пен ұлықтықты жоққа шығаруға қолданылған, өйткені Құран Кәрім мен хадистер «лә» сөзін тұлғаның келуін жоққа шығаруға рұқсат бермейді. Сондықтан бұл хадисті, «менен кейін ешқандай пайғамбар болмайды» - деген мағынада талқылауға болмайды. Оны былай түсіну керек:

«Менен кейін, мен секілді заң әкелуші пайғамбар болмайды; ал келуге тиіс адам, менің ізбасарым, мен әкелген заңды орындаушы, менің қызметшім, менің адал құлым болады» -деп.

 

Дереккөздер:

 

[1]. Мүслим. Сахих. Китабу-л-фитан. Бабу зикри-д-даджяль.

2. Абу Дауд. Китабу-л-малахим. Бабу хуруджи-д-даджяль.

3. ‘Әлләмә Суйути. Джами‘у-с-сагыйр. Мәктәбәту-л-исләмиййа самандари. Лалпур.

4. ‘Әлләмә Суйути. Хасаису-л-кубра.  1 т., 12 бет. Дару-л-китаби-л-‘арабий. 1320 ж. х.

     

№33. Ақырғы пайғамбар және ақырғы мешіт

Әбу Һурайра (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды, Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан екен: «Мен – ақырғы пайғамбармын, ал менің мешітім – ақырғы мешіт» -деп. (Мүслим, Китабу-л-хадж. Бабу фазли-с-саляти би масджиди Макка уа Мадина)

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті Имам Ахмад бин Ханбал да, Тирмизи де баян еткен, және екеуі де оның сенімділігін растаған.

Келтірілген хадис бойынша, ардақты Пайғамбарымыздың (са) мешіті қалайша ақырғы болса, дәл сол мағынада ардақты Пайғамбар да (са) ақырғы пайғамбар болып табылады. Ардақты Пайғамбарымыздың (са) Мәдинадағы мешітін, одан кейін ешбір жерде және ешқашан бірде-бір мешіт салынған жоқ деген мағынада, ақырғы мешіт деуге келмейді, бұл анық та, әрі дау тудырмайтын жәйт. Сондықтан, «ақырғы мешіт» деген сөз абырой- дәрежелік, ұлылық пен артықшылық тұрғысында ақырғы мешіт саналғандықтан, тура осы мағынада ардақты Пайғамбарымыз да (са) ақырғы пайғамбар болып табылады. Өйтпесе, Мәуләнә Мұхаммад Қасым Нанаутви жазғандай, пайғамбарлар кезегінің соңында ғана келу ешқандай   артықшылықты білдірмейді. [1]  Сондай-ақ, Ғұлама Хақим Тирмизидің пікірі бойынша, бұл хадисті әлгіндей мағынада (яғни, «енді ешқандай пайғамбарға жол жоқ» деген мағынада) тек надандар мен сауатсыздар ғана талқылай алады. [2] Күмәнсіз, Пайғамбарымыздың (са) дәуірі де ақырғы дәуір болып табылады, алайда «ақырғы пайғамбар» деген сөз, негізінде Пайғамбарымыздың (са) ақырғы – ең биік пайғамбарлық дәрежеге жеткенін білдіреді. Міне, хадистерде Пайғамбарымыз (са) өзің осы мағынада ақырғы пайғамбар деген, ал өзінің үмметін осы мағынада – ақырғы үммет деген. Яғни ол (са) ақырғы заң әкелуші пайғамбар болып табылады, сол себепті оның үмметі ақырғы үммет дәрежесін алған; өйткені ардақты Пайғамбарымыз (са) барша пайғамбарлардың ең абзалы болғандықтан, оның үмметі де ең үздік, ең абзал үммет болып табылады.

Уәделенген Мәсіх (са) айтады: «Біздің Басшымыз, Әміршіміз, пайғамбарлардың ішіндегі ең абзалысы, олардың Көсемі, барша пайғамбарлардың Мөрі – Мұхаммед Мұстафа (са)... ең биік дәрежеге, ең ұлық мәртебеге ие, бұл дәреже-мәртебелер барлық кемел сипаттарға ие болған тұлғаның (са) бойына біткен. Енді бұл деңгейге жету тұрмақ, оны ұғуға да ешкімнің шамасы жетпейді». [3]

 

Дереккөздер:

 

[1]. Мауляна Мұхаммад Қасым Нанаутви. Тахзиру-н-нас. 7 бет, Мәктәбә Касыму-л-’улүм. Карачи.

2. Хаким Тирмизи. Хатаму-л-аулийа. 341 бет, Әл-касулискийа, Бейрут.

3. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Таузих-и-марам. 23 бет. // Рухани Хазаин.
3 т., Мубарак Саки, Лондон. 1984. 62 бет.

     

№34. Жалған пайғамбарлардың келуі

Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты деп, Сәубан (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды: «Расында, менің үмметімнен отыз жалғаншы шығады, олардың әрқайсысы өзін пайғамбар атайды, алайда мен – пайғамбарлардың мөрімін, және менен кейін пайғамбар жоқ». (Мүслим, Китабу-л-хадж. Бабу фазли-с-саляти би масджиди Макка уа Мадина)

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті Имам Хақим де, және хадис жинаушы Ибн Әби Шаиба да баяндаған. Имам Хақим оны сенімді деп тапқан. [1]

Бұл хадисте жалған-пайғамбарлардың саны отыз санымен анық шектелген, бұл дегеніміз шын пайғамбардың келуіне де мүмкіндік қалдырады деген сөз, әйтпесе пайғамбарлардың Мөрі Мұхаммед Мұстафа (са) өзінен кейін пайғамбарлыққа талап білдіргендердің барлығын, еш шектеусіз, түгін қалдырмай барлығын жалғаншылар дер еді.

Отыз санына келетін болсақ, бұл дегеніміз жалған пайғамбарлардың өте көп болатынын білдіреді, өйткені кейбір басқа баяндамаларда жалған-пайғамбарлардың бұданда көп саны көрсетілген. Алайда, тіпті егер көрсетілген отыз санын жалған-пайғамбарлардың нақты саны ретінде қабылдайтын болсақ та, бәрібір,  бұл көріпкелдік баяғыда орындалып қойғанды. Осылайша, хижра бойынша 828 жылы қайтыс болған Имам Әбу Әбдуллаһ былай деп жазады, бұл хадис толығымен орындалды, егер ардақты Пайғамбар (са) заманынан бері барлық жалған-пайғамбарларды санап шығатын болсақ, отыз саны толығымен толып отыр, және тарихты білетін адамдарға бұл жақсы мәлім. [2]

Бұл хадистегі «хатаман-набиййин» (яғни, «пайғамбарлардың мөрі)» деген сөз де түсіндіруді қажет етеді. Ескеріп қойған жөн, хатам сөзі та әріпінің үстінде фатха белгісімен жазылады; яки, касра белгісімен жазылмайды, өйткені касра белгісімен жазылса (хатам емес) хатим деп оқылар еді, және бұл «бір нәрсенің біткенін» білдірер еді. Осының ара-жігін ажырату үшін Хазірет Әли (ра), ұлдарының ұстазы, оларға Құранды үйреткен Әбу Әбду-р-Рахман әс-Салмиге мынаны айтқан екен: «Әй Хазірет! Хасан мен Хусейнге хатам сөзін оқытқанда, та әрпінің үстінде фатха белгісімен оқытып үйрет» [3], өйткені хатам сөзі «мөр» дегенді білдіреді, ал «пайғамбарлардың мөрі» деген сөз, ардақты Пайғамбарымыздың (са) дәрежесін анықтайды, яғни басқа барлық пайғамбарлардың хақтығын растайтын дәрежесін. (Сүре Әс-Саффат, 37:38 қара)

Хатаман набиййин сөзін Хазірет Айшаның (ра) бірнеше рет жасаған мәлімдемесі де жақсы түсіндіреді. Хазірет Айша (ра) анамыз былай деген: «Мұхаммед Мұстафаны (са) пайғамбарлардың мөрі деп айтыңдар,бірақ одан кейін ешқандай пайғамбар болмайды деп айтпаңдар». [4]

Хатам сөзінің мағынасын келесі хадис те жақсы түсіндіреді: «Мен – пайғамбарлардың Мөрімін, ал сен, Әли – әулиелердің Мөрісің». [5] Сүнниттердің де, шииттердің де ешбір өкілі, ешқашан, Хазірет Әлиден (ра) кейін үмметте ешбір әулие туылған емес деп түсінген жоқ. Алайда оны әулиеліктің сондай бір дәрежесіне ие деп санайды, егер оның соңынан ілсетін болса әулиелікке де жетуге болады. Осы мағына хатамул-анбийа деген сөзге де тән, яғни ардақты Пайғамбарымыз (са) пайғамбарлық дәреженің ең биік шынына ие болды. Енді ешкім, Қиямет күніне дейін, оған бағынбастан пайғамбарлық дәрежеге жете алмайды. Бұл рухани дәреже енді тек оның үмметінен шыққан және оған толықтай бағынышты болған адамға ғана тарту етіледі, өйткені Аллаһу Тағаланың Өзі былай дейді,  Аллаға және Оның Пайғамбарына (са) мойынсұнғандар Алланың жарылқауын алғандардың қатарына қосылады - яғни: пайғамбарлардың, шыншылдардың, шәйіт кеткендердің, салиқалылардың қатарында. (Сүре Ан-Ниса 4:70)

Осыдан кейін, жоғарыда келтірілген хадистегі тағы бір сөз жіті түсіндіруді қажет етеді, ол – ба’ди (яғни, «менен кейін») деген сөз. Өйткені бұл сөз мерзімдік мағынамен бірге, «қарсы тұру» («қарсылас болу») деген мағынаны да білдіреді. Өйткені Құран Кәрімде, Аллаһу Тағала былай дейді: «Олар Алладан және Оның аяттарынан басқа (немесе оған қарсы келіп), қай сөзге сенеді?» (Сүре Әл-Жәсия 45:7). Сондай-ақ, ардақты Пайғамбар (са) түсінде қолында екі алтын білезек көргенін айтты, және осы түсін жорыған кезде, ол (са) «қарсылас» мағынасында ба’ди сөзін қолданып, оған қарсы екі жалған-пайғамбар бас көтеретінін айтты. Бұл жалған-пайғамбарлар Асвад Анси мен Мусайлима болып шықты. [6] Бұл жалған-пайғамбарлар ардақты Пайғамбарымыздың (са) тірі кезінде пайда болды, сондықтан мұнда ба’ди сөзі «бағынбау» және «қарсылық көрсету» деген мағынаны білдіреді. Өйткені, ардақты Пайғамбарымыздың (са) тірі кезінде-ақ, жалғаншы Мусайлима өзін заң әкелуші пайғамбармын деп жариялаған, ол ішімдік пен зина жасауға рұқсат беріп, намаз парызынан босатып, Құран Кәрімге қайшы келетін сүрелерді ойлап шығарған. [7]

Демек,  лә нәбийә ба’ди – сөздері, енді ардақты Пайғамбарға (са) бағынбайтын, әрі оған және оның әкелген шариғатына қарсы келетін ешқандай заң әкелуші пайғамбардың келмейтінін білдіреді; алайда тек оның үмметінен шыққын, әрі Мұхаммед Пайғамбарға (са) толықтай бағынышты және барлық ісінде оның (са) соңынан еретін пайғамбар келуі мүмкін. Сондықтан болса керек, Табараниде осы баяндамамен қоса келесі қосымша сөздерге де жол берілген, яки: «менен кейін пайғамбар жоқ, тек егер Алланың қалауы болса». Сондықтан ғұламалар мынандай пікірге келген, егер бұл хадис сенімді болса, онда бұл жерде «Исаның» (ас) келуі меңзеледі. Осы себепті Мұхаммед бин Саййид Джами’у-с-Сихахта Хазірет Анастың (ра) келесідей баяндамасын келтіреді: «Мен – пайғамбарлардың мөрімін, менен кейін пайғамбар жоқ, тек егер Алланың қалауы болса». [8]

Мұхаммедтің үмметінен шығатын Уәделенген Мәсіхті (ас) ардақты Пайғамбарымыз (са) төрт рет нәбиу(А)ллаһ (яғни, «Алланың пайғамбары») деп атаған, бұл дегеніміз ардақты Пайғамбарымыздан (са) кейін, тек қана үмметтен шығатын, атқарушы пайғамбардың келетінін күмәнсіз дәлелдейді.  Сондай-ақ, бұл жерде исраилдік Исаның (ас) келетіні әлбетте меңзелмейді, өйткені хатаму-н-набиййин аяты мен лә набийа ба’ди хадисі қандай да бір басқа дінді ұстанған халықтың шариғатындағы пайғамбардың келуіне рұқсат бермейді. Құран Кәрімге қайшы болғанына қарамастан, (Назареттік – А.Р.) Иса (ас) әлі тірі дегенге сенетін адамдар, оны пайғамбар санап және ол ардақты Пайғамбарымыздан (са) кейін қайтадан келеді деуімен, Алла сақтасын, олар Исаны соңғы пайғамбар және пайғамбарлардың мөрі дегенге қыйыстырады!

Уәделенген Мәсіх (ас) бұны былай түсіндірген:

«Егер кімде-кім сұраса: «Ардақты Пайғамбар (са) хатаму-н-набиййин (яғни, Пайғамбарлардың Мөрі) болғандықтан, қалайша енді тағы да пайғамбар келуі мүмкін?», онда мұның жауабы келесідей:

«Бір нәрсе күмән тудырмайды: ешбір пайғамбар, мейлі бұрынғы немесе жаңа пайғамбар болсын, сендер Исаны ақыр заманда (аспаннан) ‘түсіргендей’ келе алмайды, сондай-ақ сендер оны пайғамбар санайсыңдар... Мұндай сенім – әлбетте тіл алмаушылық (Пайғамбарымызға (са) қарсы келушілік) болып табылады... Заң әкелуші пайғамбарлықтың барлық есіктері жабулы, алайда бір ғана есік ашулы – адалдық пен махаббатқа толы өмір есігі, яғни  (өз-өзіңді ұмытып) Пайғамбарымызға (са) толықтай сіңісіп кету керек-ті. Демек, осы есік арқылы Құдайға бара жатқан адам, пайғамбарлық киімін, Мұхаммедтің (са) пайғамбарлық киімін кигендей болады, сондықтан мұндай адамды пайғамбар деп анықтауда ұят пен қызғаныштыққа орын жоқ». [9]

 

Дереккөздер:

 

[1]. Фатху-л-бари. 6 т., 558 бет. Дару нашри-л-кутуби-л-исләмиййа. Лахор.

2. ‘Әлләмә Абу ‘Абдуллаһ Мухаммад бин Хальфа. Икмалү-л-икмаль, шарх Муслим. 7 бөлім, 258 бет. Са‘адат. Мысыр; Шайх ‘Абду-р-Рахман бин Хасан (хижра б/ша 1258 ж. қайтыс болған). Фатху-л-маджид, шарх Китаб ат-таухид. 275 бет. Ас-сунна әл-Мухаммадиййа. Қаир.

3. ‘Әлләмә Суйути. Ад-дурру-л-мансур. 5 т., 204 бет. Дару-л-ма‘рифа ли-т-таба‘а уә-н-нашр. Бейрут.

4. ‘Әлләмә Суйути. Ад-дурру-л-мансур. 5 т., 204 бет. Дару-л-ма‘рифа ли-т-таба’а уә-н-нашр. Бейрут.

5. ‘Әлләмә Абу Джа‘фар Мухаммад бин ‘Али Шахр-и-Ашуб. (хижра б/ша 558 ж. қайтыс болған) Манакибу Али Аби Талиб. 3 т., 261 бет. Матба‘ ‘илмиййа. Кум. Иран.

6. Бұхари. Сахих. Китабу-л-магази. Бабу киссати-л-асвади-л-анси.

7. Наваб Сиддик Хасан Хан. Хиджаджу-л-кирама. 324 бет. Парсы тілінен аударма. Шахджахани баспасы. Бхопал.

8. Мухаммад Тахир бин ‘Али Хинди. Тазкирату-л-маузу‘ат. 986 ж. х. Таба‘а Мунириййа. Дамаск.

9. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Эк галати ка изаля. 3 бет. // Рухани Хазаин.
18 т., Мубарак Саки, Лондон. 1984. 207, 208 беттер.

   

№35. Пайғамбарлық сарайының соңғы кірпіші

Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты деп, Әбу Һурайра (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды: «Ақиқатында, мені мен менен бұрын болған пайғамбарлардың мысалы, бір кісінің  әшекейлеп, бірақ бұрышында бір кірпіштің орны бос болып қалған әдемі тұрғызған үйі секілді. Үйдің қасынан өткен адамдар, оның әдемілігіне тамсанып, неліктен мына бос орынға кірпіш қойылмаған екен? - деседі».

Пайғамбарымыз (са) айтты: «Мен сол кірпішпін, әрі мен – пайғамбарлардың мөрімін»

(Бұхари. Китабу-л-манакиб. Бабу хатами-н-набиййин)

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадистің сенімділігін Имам Бұхари мен Мүслим мойындаған, сондай-ақ бұл хадис кішкене өзгешеліктермен Тирмизидің, Насаидің және тағы басқалардың жинақтарына кірген. Бұл жерде ең толық баяндама негізге алынып отыр, ол өз тақырыбын өзі түсіндіреді. Әлгі ғимарат негізінде шариғаттың (яғни, діни заңның) символикалық ишарасы ретінде келтірілген ғимарат, ол ардақты Пайғамбарымыздың (са) келуімен толығымен аяқталған. Пайғамбарлықтың аяқталуы сонымен қатар шариғаттың да толыққанын білдіреді. Хазірет Ғұлама Ибн Хаджар Аскалани осы хадистің түсіндірмесіне былай деп жазған:

«Әр пайғамбардың заңы (сол заманның қажеттілігі бойынша) өзіндік толыққанды және кемелденген болғанына қарамастан, бұл жерде Мұхаммедтің (са) шариғаты бұрынғы шариғаттармен салыстырғанда барынша толығырақ, кемелдірек екенін көрсету мақсат болған». [1]

Сонымен, келтірілген хадистің мағынасы былай болмақ, яки қасиетті Пайғамбарымыз (са) пайғамбарлықтың тізбегі мен шариғатты құрастыру процессін кемелдікке жеткізген.

Тіпті егер хатам сөзін «ақырғы» деген мағынада келтірсек те, бәрібір, әл- артикілі мұнда заң әкелуші пайғамбарларды білдіреді, олар өздерімен бірге шариғатты әкеледі. Демек, хатаму-н-набиййин сөздері «заң әкелген соңғы пайғамбар» дегенді білдіреді, енді одан кейін ешқандай жаңа шариғат, жаңа кітап, жаңа діни қағидалар келмейді.

Уәделенген Мәсіх (ас) айтады:

«Біз, Құран Кәрімнің ақырғы Кітап және соңғы заң жинағы екеніне сенеміз, енді одан кейін Қиямет күніне дейін, заң әкелуші (шариғат беруші) ретінде немесе ардақты Пайғамбарға (са) бағынбастан уахи алалатын, ешқандай пайғамбар келе алмайды. Бұл есік Қияметке дейін жабулы. Ал ардақты Пайғамбарға (са) бағыну арқылы, уахи берекесін алу есігі Қияметке дейін ашулы». [2]

   

Дереккөздер:

 

[1]. ‘Әлләмә Ибн Хаджар. Фатху-л-бари. 6 т., 559 бет. Дару-н-нашри-л-кутуби-л-исләмиййа. Лахор.

2. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Ревью бар мубахаса Батальви уә Чакральви. 6 бет. // Рухани Хазаин. 19 т., Мубарак Саки, Лондон. 1984. 213 бет.

     

№36. Егер ардақты Пайғамбардың (са) ұлы Ибраһим тірі болса*, ол шынайы пайғамбар болар еді

Ибн Аббас (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды, Алланың елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұлы Ибраһим қайтыс болғанда, Алланың елшісі (са) оған жаназа намазын оқыған соң, былай деді:

«Ақиқатында, ол үшін жұмақта асыраушы бар. Егер ол тірі болса (яғни, ұзағырақ ғұмыр сүрсе), ол шынайы пайғамбар болар еді, және оның нағашы туыстары, Мысырдың копттары, құлдықтан босар еді (яғни, жалған сенімнің құлдығынан болар еді)».

(Ибн Мәжәһ. Китабу-л-джанаиз, Бабу ма джа’а фи соляти а’ла ибни расули(А)ллаһ ‘алейхи уәссәлям)

Хадистің түсіндірмесі:

Бұл баяндама Мұснад Ахмад бин Ханбалда да кездеседі, Хазірет Анас бин Маликке (ра) сілтеме жасалған күйінде, және оның барлық баяндамашылары сенімді адамдар, олар: Әбду-р-Рахман бин Маһди, Суфйан бин Саййид және Исмаил бин Әбду-р-Рахман ас-Сади. [1]

Хатаму-н-набиййин аяты хижра бойынша 5-ші жылы түсірілген болатын, ал Ибраһим хижра бойынша 8-ші жылы туылған. Егер де ардақты Пайғамбарымыз (са) хатаму-н-набиййин аятын пайғамбарлықтың барлық түрі аяқталды деген мағынада түсінген болса, онда ол (са) өзінің ұлына қатысты, бәлки, былай дер еді: «Күмәнсіз, онда пайғамбар боларлықтай барлық қасиеттер болған, бірақ хатаму-н-набиййин аяты түсіп қойғандықтан, егер ол тіпті ұзақ ғұмыр сүрсе де, пайғамбар болмас еді». Алайда ардақты Пайғамбарымыз (са) бұлай демеді, оның айтқаны бұған тура қарама-қайшы, яки: «Егер ол тірі болса, ол шынайы пайғамбар болар еді». [2]

Демек, әйгілі ханафилік ғұлама Молда Әли Қаридің хатаму-н-набиййин аятына берген анықтамасын мойындауға тура келеді, ол былай деген: Егер Ибраһим тірі болса, ол Хазурға (са) бағынған атқарушы пайғамбар болар еді, және ардақты Пайғамбарымыздың (са) бұл сөздері хатаму-н-набиййин аятына мүлдем қайшы келмейді, өйткені хатаму-н-набиййин сөздерінің мағынасы ардақты Пайғамбарымыздан (са) кейін, оның (са) шариғатын ыдырататын және оның үмметінен шықпайтын бөгде пайғамбардың келуне ешқандай мүмкіндік жоқ дейді. [3]

Осы сөздерді, Деобанд қозғалысының негізін қалаушы, Мәуләнә Мұхаммад Қасым Сахиб Нанаутви де жазады:

«Егерде ардақты Пайғамбардың (са) заманынан кейін қандай да бір пайғамбар келеді дегенді елестетіп көрсек те, бәрібір: Мұхаммедтің (са) хатаму-н-набиййин (яғни, «пайғамбарлардың Мөрі») екендігіне ешқандай өзгеріс болмайды». [4]

 

_______________________________

*Яғни, пайғамбарлар сүретіндей ғұмыр сүрсе.

   

Дереккөздер:

[1]. ‘Әлләмә Ибн Хаджар ‘Аскалани. Тахзибу-т-тахзиб. 2 т., 251 бет. 4 т., 100 бет. 1 т., 273 бет. Академи ‘Абду-т-Таууаб. Мултан.

2. ‘Әлләмә Ибн Хаджар Хайсми. Әл-фатауә-л-хадисиййа. 125 бет. Мұстафа әл-Бали әл-Хальби. Мысыр.

3. Хазірет Молда ‘Әли Қари Ханафи. Маузу‘ат-и-кабир. Аударма. 322 бет. Кур’ан Махал. (Керісінше Мауляуи Мусафирханы.) Карачи.

4. Мұхаммад Қасым Нанаутви. Тахзиру-н-нас. 46 бет. Мәктәбә Касыму-л-‘улүм. Карачи.

   

№37. Мұхаммед (са) үмметінің ішіндегі уахи-аяндар тізбегі

Алланың елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келесі сөздерді естідім деп, Әбу Һурайра (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды: «Пайғамбарлықтан тек мүбәшширит (яғни, «ізгі хабарлар») қалды». Сахабалар сұрады, мүбәшширит деген нені білдіреді? –деп. Ол (са) айтты: «ізгі аяндар» (яғни, ізгілікке жетелеген аяндар да мүбәшшириттің бір бөлігі болып табылады).

(Бұхари. Китабу-т-та’бир. Бабу-л-мүбәшшират; Тирмизи. Абуәбу-р-руайа)

Хадистің түсіндірмесі:

Бұл хадисті сонымен қатар Әбу Дауд, Мұснад Ахмад пен Ибн Мәжәһ та баяндайды.

Құран Кәрімде, имандары берік болған адамдарға періштелер түсіп, ізгі хабар жеткізеді деп, Аллаһу Тағала уәде береді (Сүре Ха-Мим-Сәдждәх 41:31). Құдайдың мұндай ізгі хабары кейде түс арқылы, аян арқылы келеді, ал кейде уахи арқылы және діни шабыт арқылы келеді (Сүре Әш-Шура 42:52). Хазірет Анас (ра) баяндайды, бірде ардақты Пайғамбарымыз (са) былай деген екен: пайғамбарлық және елшілік тізбегі үзілді, менен кейін пайғамбар да, елші де жоқ.

Мұны естіген сахабалар (ра) қатты абыржыды, өйткені пайғамбарлық тізбектің үзілуі уахидың да аяталғанын білдіреді ғой дегендей. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (са): аяқталған тек заң әкелуші пайғамбарлардың тізбегі, ал мүбәшширит (ізгі хабар тізбегі) жалғасын таба береді, және ол пайғамбралықтың ажырамас бір бөлігі, – деп сахабалардың көңілдерін жайландырды. [1] Міне сондықтан Алланың елшілерін хабар әкелушілер және ізгі хабар жеткізушілер деп те атағанды, өйткені кейде олар жағдайдың қажеттіліктеріне орай бір нәрселер жайында ескертулер жасайтын. Демек, келтірілген хадис басқа да хадистердегі мағынаны растайды, яғни: пайғамбарлықтан тек ізгі хабар пайғамбарлығы ғана қалды, ал  заң әкелуші пайғамбарлық толығымен аяқталды. Енді, Құраннан басқа заң жиынтығымен бірде-бір пайғамбар немесе бірде-бір елші дүниеге келмейді, алайда ізгі хабар мен ескертетін жолдамалар тізбегі жалғаса береді.

Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад Қадиани (ас), Алланың бұйрығына бойсұнып, атқарушы пайғамбарлыққа талап бірді, заң әкелішу пайғамбарлыққа емес. Хазірет Ғұлама Ибн Араби осы хадистің түсіндірмесіне былай деп жазады, яки ардақты Пайғамбардың (са) қайтуымен аяқталған пайғамбарлық, тек шариғат әкелуші пайғамбарлық қана, ал «менен кейін пайғамбар жоқ» деген сөздер Мұхаммедтің (са) шариғатына қарсы келетін пайғамбарды жоққа шығарады. Ал егер қандайда бір пайғамбар келетін болса, онда ол ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (са) әкелген шариғатымен жүреді. [2]

Осы мәнерде Хазірет Шах Уәлиуллаһ Дехлеуи де жазады, яки, «менен кейін пайғамбар да жоқ, елші де жоқ» деген хадистен бізге мәлім болғаны, Пайғамбарымыздан (са) кейін аяқталған пайғамбарлық пен елшілік – заң әкелуші пайғамбарлық қана, бұны ардақты Пайғамбарымыздың (са) өз пікірі растайды. [3]

Осы хадисті және осы тақырыпқа байланысты басқа да хадистерді әлгіндей мағынада түсінгендер Ғұлама Турбашти, Ғұлама Жәләлу-д-дин Суйути, Ғұлама ‘Әбд әл-Уәххәб Ша’рани, Ғұлама Синдхи, яки, енді ардақты Пайғамбарымыздан (са) кейін заң әкелуші пайғамбар келмейді, ал Мұхаммедтің (са) шариғатына бағынышты атқарушы пайғамбардың келуіне, лә набийа ба’ди («менен кейін пайғамбар жоқ») хадисі кедергі емес.

Уәделенген Мәсіх (ас) осы хадисті түсіндіргенде, былай деген:

«Ардақты Пайғамбардың (са) өзі айтты, пайғамбарлықтан ештеңе қалмады, мүбәшшириттен басқа, яғни пайғамбарлықтың барша түрінен тек біреуі ғана қалды, ол – ізгі хабарлар. Ізгі хабарлар аянды түстермен және шынайы уахилармен байланысты, олар тек әулие адамдарға түсіріледі... Көкірегі ояу адам бұл жерде жақсылап ойланып көруі керек, осы хадистен пайғамбарлықтың есігі толығымен жабылды деген қорытынды шығаруға бола ма; тіпті хадистің өзі куәландырады, яки шариғат уахиын беретін кемел пайғамбарлықтың түрі ғана аяқталды, алайда мүбәшширитті әкелетін пайғамбарлық Қиямет күніне дейін болады және ешқашан үзілмейді». [4]

Сонымен қатар ол былай деді:

«Заң әкелуші пайғамбарлық ардақты Пайғамбарымызбен (са) аяқталғанына біз кәміл сенеміз, ендігі біздің талабымыз Илләһи уахилардың арқасында, Аллаға жүгініп, Онымен тілдесудің арқасында және Алланың берген көріпкелдіктері арқылы осы шариғатқа қызмет ету». [5]

   

Дереккөздер:

[1]. Тирмизи. Абвабу-р-руайа. Бабу захби-н-набуввати уә бакиййати-л-мубашширати.

2. Футухат маккиййа. 2 т., 3 бет. Дар садар. Бейрут.

3. Куррату-л-’айнайни фи тафзили-ш-шайхайни. 319 бет. Муджтабаи. Дели. 1893.

4. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Таузих-и-марам. 19 бет. // Рухани Хазаин.
3 т. Мубарак Саки, Лондон. 1984. 60-61 беттер.

5. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Мальфузат. 5 т., 468 бет, Жаңа басылым.

   

№38. Миғраждың керемет аян-көріністері

Әнәс бин Мәлик (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды, Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түнде Қасиетті Мешіттен (Мәсжид әл-Харам) саяхатқа аттанғанда, оған үш адам келген, және бұл ардақты Пайғамбарға (са) уахи түспей тұрып болған. Ардақты Пайғамбар (са) Қасиетті Мешіттің ішінде ұйықтап жатты (осыдан кейін жеті қат аспанға көтерілу көріністері айтылады, Пайғамбарымызды (са) онда періштелер жеткізген еді), ақыры, ол ең шеткі шектегі ағашқа жетті. Сосын, Аллаһу Тағала уахи арқылы ардақты Пайғамбарға (са) басында, оның үмметі күніне 50 рет намаз оқулары міндетті екенін айтты. Содан кейін, Мұса пайғамбар (ас) бұл тапсырманың қиын болатынына ардақты Пайғамбардың (са) назарын аудартқаннан кейін, намаздардың саны бірте-бірте беске дейін қысқартылды, және Аллаһу Тағаланың жариясы бойынша, сол намаздардың сауабы он есе еселенді, яки жалпы соммасы елуге жетті. Сосын ардақты Пайғамбар (са) оянып кеткенде, ол әлі сол Қасиетті Мешіттің ішінде жатты.

(Бұхари. Китабу-т-таухид. Бабу уә кәллямаллаһу Муса тәклима)

Хадистің түсіндірмесі:

 

Осы хадистің сенімділігімен келіскен Имам Бұхари оны өзінің жинағына қосты.

Келтірілген хадисте ардақты Пайғамбарға (са) уахи түсірілмей тұрған кезде орыналған уақиға жайында айтылады, бұл уақиға «Аллаһ тарапына саяхат» деген атауға да ие. Алайда ардақты Пайғамбардың (са) өмірбаянының авторлары, Исра мен Миғраж уақиғалары хижра бойынша 11-ші жылы орын алды дейді. Үмметтің ғұламалары бұл мәселенің шешімі ретінде, бәлки, суреттелген уақиға бернеше рет орындалған дегенді ұсынды; яғни, Исра мен Мағраж атты рухани көрініс-аяндары ардақты Пайғамбарға (са) бір емес, бірнеше рет көрсетілген, және қарастырылып отырған уақиға  солардың ішіндегі ең алғашқысы. Бірақ, бәрібір, Исра мен Миғражды бір оқиға деп түсінетін ғұламалардың пікірі бойынша, жоғарыдағы баяндамадағы  «уахи түспей тұрып болған» сөздері, бұл оқиға Миғраж жайында түсірілген Құрани уахидан бұрын көрсетілген дейді.

Үмметтің ең алғашқы уақытынан бері, ардақты Пайғамбарымыздың (са) Миғражына қатысты екі түрлі пікір қалыптасқан. Адамдардың бір тобы ардақты Пайғамбардың (са) көтерілуі заттық тұрғыда орыналды дейді, яғни Пайғамбар (са) фәни денесімен көтерілгенді. Ал басқалары бұл оқиға рухани тұрғыда орын алды дейді. Келтірілген хадисте өзеңе жіті назар бөлуін қажет ететін өте маңызды екі жәйт жайында айтылады. Біріншісі, - ардақты Пайғамбар (са) Кағбаның ішінде ұйықтап жатқаны, ал екіншісі – «сосын ардақты Пайғамбар (са) оянып кетті» деген сөздер. – Бұдан мәлім болғаны, миғраж бір рет болды ма, әлде бірнеше рет болды ма, бұл маңызды емес, - бұл біздің әміршіміз ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (са) аян ретінде түсірілген рухани оқиға, оны Пайғамбарымыз (са) түсінде көрген. Міне сондықтан, басқа толығырақ хадистерде Жәбірейіл періште (ас) ардақты Пайғамбардың (са) көрген түсіне түсіндірме береді. Ал егерде бұл Пайғамбардың (са) өңінде болған көрініс болса, онда ол жоруды, түсіндіруді қажет етпес еді. Құран Кәрімде Исра оқиғасы да «көрсетілген түстің» бір түрі делінген (Сүре Бәни Исраил 17:61).

Құран Кәрімнің басқа жерінде, ардақты Пайғамбарымыз (са) Миғраж кезіндегі көріністерді жүрегімен көрді делінеді (Сүре Ән-Нәжм 53:12). Басқаша сөзбен айтқанда, ол (са) болып жатқан көріністерді бас көзімен көрген емес. Хазірет Айша (ра) анамыз да айтқан, Миғраж түнінде Пайғамбардың (са) денесі орнында қалған, саяхатқа оның рухы аттанған, - деп. Ардақты Пайғамбардың (са) Исра оқиғасын Хазірет Муавийа да солай анықтаған, оны «хақ аян» деп. [1]

Миғраж оқиғасын рухани аян-көрінісі – деп, Ғұлама Ибн Қаййим мен Хазірет Дата Гандж Бахш Хажвари де анықтаған. Олар былай деп жазады, осы рухани саяхат кезінде ардақты Пайғамбардың (са) рухы (жаны)     басқа пайғамбарлардың рухтарымен кездескен (яки, Иса Пайғамбардың (ас) рухымен де кездескен), бұл жайында кітаптың бас жағында (№1-хадисте) егжей-тегжейлі айтылады.

   

Дереккөз:

 

[1]. Ибн Хишам. Сират. 1 т., 399-400 беттер. Муассисату ’улүми-л-Кур’ан. Мысыр.

   

№39. Пайғамбарлардың жеке пікірі өзгеруі мүмкін

Әбу Мұса (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды, Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан екен:

«Мен түсімде, Меккеден құрма бақтары көп елге қарай көшеді екенмін. Менің ойымша: мүмкін, бұл Йамам немесе Хаджр жайында айтылған, алайда бұл Йасриб (Мәдина)қаласы болып шықты».

(Бұхари. Китабу-л-манакиб. Бабу а’лямати-н-набуввати фи-л-ислам)

Хадистің түсіндірмесі:

Бұл хадистің сенімділігін Бұхари мен Мүслим бірауыздан мойындайды, сонымен қатар оны Наса’и мен Ибн Мәжәһ келтіреді.

Пайғамбарлардың түстері мен аян-көріністері уахи дәрежесінде келеді, алайда, Илләһи хикмет бойынша, кейде түстер мен аяндардың түсіндірмесі, соны көрген адамдардың өздеріне жасырын болады, - ол түстер уақыты келгенде орындалып, мән-мағынасы өздігінен ашылмайынша. Осылайша, худайбийа келісімі кезінде, ардақты Пайғамбар (са) түсінде сахабаларымен бірге Қағбаны қиналмай жайбарақат айнылып жүргендерін көреді, сонда ол (са) умра жасауға ниет білдірді. Алайда сол жылы ол умра жасай алмады, және Меккенің мүшріктерімен уағдаласып, умраны келесі жылға қалдырды.  Сол кезде, тіпті Умар (ра), ұлы сахаба, ашуға бой алдырып, Пайғамбардан (са) сұрады: «Уа, Алланың елшісі! Алланың берген уәдесі ақиқат емес пе? Мұндай қорлыққа неге көнігеміз? – деп. Сонда Пайғамбар (са): «Әлбетте, Алланың берген уәдесі ақиқат, алайда уәдеде умраны міндетті түрде биыл жасаймыз делінбеген» -деді. [1]

Бірде, ардақты Пайғамбарымыз (са) өзінің соңғы сырқаты кезінде, Алладан хабар алып, пәк әйелдеріне айтты, кімнің қолы ұзын сонымен о дүниеде бірінші кездесемін, -деп. Мүміндердің аналары, Пайғамбарымыздың (са) бұл сөздерін тура мағынада түсініп, қолдарын салыстыра бастады, кімдікі ұзынырақ екен деп. Сөйтіп олар ардақты Пайғамбармен (са) бірінші болып Хазірет Сауда (ра) кездеседі деген ұйғарымға келді (яки, ол әйелдерінің ішінен бірінші болып қайтыс болатын шығар деп). Бұны Пайғамбарымыз да (са) жоққа шығармады, және әйелдеріне де бұны жоққа шығартпады. Сосын Хазірет Айша (ра) айтады: «бірінші болып «мұқтаж жандардың анасы» Хазірет Зейнеп (ра) қайтыс болды, біз сонда ғана түсіндік, «ұзын қол» - садақаны көп беру дегенді білдіретінін. Ал марқұм Зейнеп (ра) садақаны көп беретін, қайырымдылықты өлшеусіз жасайтын» -деп. [2]

Осы тақырып жоғарыда келтірілген хадисте де орын тапқан: ардақты Пайғамбар (са) түсінде қоныс аударатын жерін көргенде, ол (са) бұны Йамам немесе Хаджр деп ойлады, алайда ақыры бұл Йасриб (Мәдина) болып шықты. Демек, егер пайғамбарлар өз түстерін кейде дұрыс түсінбей, дұрыс жорымай жатса, бұл қарсылық білдіретін негіз емес. Алайда бұл, Алланың өзіндік хикметі бойынша, Аллаһ тарапынан оларға берілген берекеті мен сый-сияпаты болып табылады, бұның мәні мынада:  Аллаһу Тағала көрместің пердесін бір шекке дейін ашады, ал қалғаны өз уақытында ашылады. Уәделенген Мәсіх (ас) айтады:

«Барлық пайғамбарлар жеке пікірінде қателеседі, бұл жерде бәріміз бірдейміз. Тіпті осылай болуы да керек, адам Құдайға тең келмес үшін... Ардақты Пайғамбарымыз (са) өзінің қоныс аударатын жерін басында Йаман деп ойлады, алайда қоныс Мәдинаға жасалды. Жүзім ағашы жайында, ол (са) бұны Әбу Жахлге арналған деп ұқты, алайда кейінірек бұл Акрамға арналғаны анықталды. Пайғамбарлардың да білімі бірте-бірте дамиды, міне сондықтан Құран Кәрімде: «Ей, Пайғамбар, дұға ет: «О Раббым, білімімді арттыр» (Сүре Та Һа 20:115) -деп, жазылғанды».  [3]

   

Дереккөздер:

 

[1]. Бұхари. Китабу-ш-шурути. Бабу шурути фи-л-джихади-л-масалиха.

2. Бұхари. Китабу-з-закат. Бабу фазли садакати-ш-шахихи-с-сахих.

3. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Мәлфузат. 2 т., Жаңа басылым. 224 бет.

   

№40. Барша пайғамбарлар адамзатынан шыққан

Рафи’ бин Хадидждің (оған Алланың ризашылығы болсын) айтуы бойынша, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаның (көшесінде) келе жатқанда, тұрғындар құрма тұқымдарын шағыстыруға дайындалып жатыпты. Ол (са): «Сендер не істеп жатырсыңдар?» - деп сұрады. Олар дәстүрге сай әдеттегі жұмыстарын істеп жатқанын айтты. Пайғамбар (са): «Мүмкін бұны істемесеңдер жақсырақ болады» - деді. Сонда адамдар жұмыстарын әрі қарата жалғастырмады, нәтижесінде  құрма бітік шықпады. Баяндамашы айтады, сахабалар осы жағдайды ардақты Пайғамбарға (са) жеткізгенде, ол былай деп жауап қатты: «Мен де адаммын; егер мен діндеріңе қатысты бір нәрсе бұйырсам, соны ұстаныңдар. Ал егер, өзімнің пікірімді ғана білдірсем, бұны қарапайым адамның пікірі деп санаңдар». Басқа баяндамада, «сендер дүнияуи істеріңді өздерің жақсы білесіңдер»  деген сөздер бар.

(Мүслим. Китабу-л-фазаиль. Бабу вуджуиб имтисәл ма кабила шар’ан...)

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті Имам Мүслимнен басқа Алляма Суйути де сенімді деп атаған. [1]

Бұл хадистен Алланың пайғамбарларының ерекше ақкөңілділіктері мен момындылықтарын аңғаруға болады. Біздің әміршіміз Хазірет Мұхаммед Мұстафа (са) барша пайғамбарлардың көсемі екені күмән тудырмайды, ол (са) оған дейін келгендердің және одан кейін келетіндердің ең абзалысы. Алайда, «тәкаппарлыққа жол жоқ» деген  сөздер оның ұраны болған, ол бәрінен ұлық бола тұрып, асқан момындылықты көрсете білген. Мұсылман мен яһудидің арасында пікір-талас туындаса, «мені Мұсадан жоғары асырмаңдар» дейтұғын. Ардақты Пайғамбарымыз (са) сахабаларына: «мені шамадан тыс мақтамаңдар», - деп үйрететін. Қысқасы, кез-келген уақытта, барлық жағдайда ол адам болып қалатын. Ол (са) Құдайдың нұры болып түскеніне сөз жоқ, бірақ солай бола тұрып ол адамша киінетін. Демек, ол (са) Құдай нұрын жарқыратқан адам болған; бірақ ол ешқашан сырлы дүниені білемін деп талап етпеді, ал егер кімде-кім бұл қасиетті оған жапсарласа, ардақты Пайғамбарымыз (са) бұлай істеуге тиым салатын. [2]

Ол тек Алланың берген хабарын ғана жеткізетін және әрдайым: «О Раббым, білімімді арттыр» (Сүре Та һа 20:115) -деп дұға ететін.

Ол кейде шағын қателіктер жасайтын. Мысалға, ол (са) зухр мен аср намаздарын оқығанда, төрт рәкәттің орнына кейде екі немесе бес рәкәт орындайтын, және өзінің адам екенін мойындап, үнемі мына сөздерді айтатын: «Мен де сендер секілді адаммын; сендер ұмытқандай, мен де ұмытамын» -деп.

Пайғамбарымыз (са) тағы да былай деген: «Менің ұмытшақтығым – Сүннетімнің бір бөлігі» -деп. [3]

Мұндағы хикмет, адамдар намаздағы немесе басқа да істеріндегі ұмытшақтықпен көніксін деуі.

Пайғамбарға жүктелген рухани іс-мақсұтына жету үшін, оған білімді Аллаһу Тағала Өзі береді, бұны келтірілген хадистен түсінуге болады.  Пайғамбарларға дүнияуи білім берілуі міндетті емес, бірақ оларға біреуден дүнияуи білім үйренуге тиым салынбаған. Міне сол себепті ардақты Пайғамбарымызға (са) кеңесу жайында үкім берілген, алайда соңғы шешім онікі болып қала береді, өйткені дүние адамдарында пайғамбарларда болатын рухани сезімталдықтың сәулесі болмайды.

Осы хадиске қатысты Уәделенген Мәсіх (ас) былай деген:

«Уахида қателік жоқ. Ал егер білдірілген пікір қателіктен ада деп саналатын болса, онда неліктен ол пікір деп аталады? Ардақты Пайғамбарымыз (са) құрма ағашына қатысты сахабаларына кеңес бергенде, сәтсіз нәтижеден кейін, ол айтты: «сендер дүнияуи істеріңді менен де жақсы білесіңдер» -деп... Бұдан оның пайғамбарлық міндеті кішкене де болсын зардап шекті ме?» [4]

 

Дереккөздер:

[1]. ‘Әлләмә Суйути. Джами‘у-с-сагыйр. 107 бет. Мәктәбә исләмиййа самандари. Лалпур. 1394 ж. х.

2. Тирмизи. Абвабу-н-никах. Бабу ма джа’а фи и‘лани-н-никахи.

3. Тирмизи. Бабу ма джа’а фи садждати-с-сахви.

4. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Мәлфузат.  2 т., 489 бет. Жаңа басылым.

Соңы.

1
0
2949

Мәсіх және Мәһди (әс) Аллаһтың Елшісі Мұхаммедтің (сәс) көзімен. Хадис 21-30 (40тан).

(Жалғасы. Басы: Хадис 1-10 http://yvision.kz/post/365420

Хадис 11-20 көру үшін: http://yvision.kz/post/365429

Хадис 31-40 көру үшін: http://yvision.kz/post/589496)

№21. Аспандағы ай мен күннің куәлігі

 

Мұхаммед бин Әли (Бәқир, Хәзірет Имам Әли Зәйн әл-Әбидиннің ұлы және Хәзірет Имам Хуссейннің немересі) баяндайды: «Ақиқатында, біздің Мәһди үшін екі белгі пайда болады, олар аспан мен жер жаратылғаннан бері ешқашанда пайда болмаған. Рамазан айының бірінші күні ай тұтылады, ал оның ортанғы күні күн тұтылады; және бұндай белгі аспан мен жер жаратылғаннан бері ешқашанда пайда болмаған».  (Сунән Дар Құтани. Китәб-үл-Йидәйн. Бәбу сыфәти саләти-л-хұсуфи уә-л-құсуфи)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті ‘Әлләмә Құртуби Тәзкира атты еңбекте, Әлләмә Суйути Әл-Хауи атты еңбекте және Әлләмә Ибн Һәҗәр Хайсми Әл-қаулү-л-мұхтасар атты еңбекте баяндаған. Бұлардан бөлек, ертеректегі көптеген ғұламалар да осы хадисті сөз еткен; осы хадистің сенімділігін шииттік мектептің өкілдері де мойындайды. [1]

Сонымен қатар Құран Кәрімде де ақыр заманда орын алатын, яки ақыр заманның келгенің куәлендіру ретінде ай мен күннің тұтылуы айтылады (Әл-Қыямат сүресі 75:9-10). Келтірілген хадисте осы бір ұлы құбылыстың мейлінше егжей-тегжейлі белгілері сөз етіледі, олар Имам Мәһдидің хақтығын растау үшін орындалмаққа тиіс болды, - бұл белгілердің орындалуын әлем қалтқысыз тағатсыздана күткен. Сонымен, бұл белгі һиҗра бойынша он төртінші ғасырдың  басында рамазан айында 1311 ж. х. (1894 ж.) дәлме-дәл орындалды. Айдың тұтылуы табиғат заңына сай тұтылуға арналған үш күннің, яки ай күнтізбесі бойынша 13ші, 14ші және 15ші күндердің ішіндегі біріншісі – 13ші рамазанда орындалды (ол 1894 жылдың 23-ші наурызына сәйкес келеді). Ал күннің тұтылуы табиғат заңына сай тұтылуға арналған үш күннің (яки ай күнтізбесі бойынша 27,  28, 29) ішіндегі ортанғысы – 28ші рамазанда орындалды (ол 1894 жылдың 6-шы сәуіріне сәйкес келеді). [2] Шииттік баяндамалардан мәлім болғандай, бұл белгінің «Қасиетті Пайғамбар сәс үйінің адамдарының» арасында әйгілі болғандығы соншалықты, тіпті Имам Мұхаммед Бәқир кей-кездері жанылысып па, әлде түсінбестіктен бе ай мен күннің тұтылу күндерін шатастырып отырыпты, яғни күннің тұтылуы – айдың ортасында, ал айдың тұтылуы – аяғында деп, сол кезде оны тыңдап отырған біреу байыппен түзетіпті: «О, Пайғамбардың сәс ұрпағы! Күннің тұтылуы айдың аяғында, ал айдың тұтылуы ортасында орыналады». [3]

Тұтылу күндеріне қатысты қарсы пікір бар, яки, тұтылу күндері рамазанның 1-і мен 15-і болуы керек-міс; мұндай қарсы пікір Құран Кәрімге ғана емес, сондай-ақ (Алланың жаратқан – А.Р.) табиғат заңдылықтарына да қайшы, яғни, ай мен күн тұтылатын күндер еш өзгеріске ұшырамайды, өйткені барлық планеталар нақты өздерінің мызғымас өстерін айнала қозғалады  (Йа Син сүресі 39:41). Сонымен қатар айта кететін бір жәйт, ай туғанда (яғни, жаңа туған айдын алғашқы күндерін) араб тілінде әрқашанда хиләл сөзімен белгілейді. Ал Қасиетті Пайғамбарымыз сәс тұтылатын ай – қамар деді. Сондықтан, күндерге қатысты мәселені Мәһдидің міндетін атқаруға талапкерлік қылған (Қадиандық Хазірет Мирза Ғұлам Ахмадтың әс) өмір сүрген кезінде көріпкелдікте айтылғандай дәлме-дәлме, күнбе-күн орындалған тұтылыстың өзі шешіп берді. Мұғжизалық бұл белгі орындалған соң, келтірілген хадистің сенімділігіне қатысты мәнсіз қарсы пікірлерге орын жоқ, өйткені көріпкелдіктің өзі өз хақтығын дәлелдей білді.  Ал осы хадистің баяндаушыларының тізімі Қасиетті Пайғамбарға сәс дейін жетпейді деген сұраққа келетің болсақ, онда бұған қатысты келесі жәйді ескерген дұрыс: «Қасиетті Пайғамбар сәс үйінің адамдарынан» шыққан имамдардын шыншылдығына, атақ-дәрежелеріне орай, олардан баяндаманың сенімділігі талаб етілмеген. Алайда бұл дегеніміз, олардың айтқан сөздерінің сенімділік деңгейі еш анықталмастан Қасиетті Пайғамбарға сәс жапсарланған дегенді мүлдем білдірмейді. Тіпті Имам Бәқирдің айтуынша, оның айтқан хадистерінің баяндаушылар тізімі Қасиетті Пайғамбарға сәс жетпесе де, бұл хадистер келесі тұрақты ұстанымға бағынышты:

«Қашан мен қандай да бір хадисті баяндаған кезде, оның шыққан жерін айтпасам, онда оның қайнар көзі келесідей болмақ: бұл хадисті маған менім құрметті әкем (Әли Зәйн-үл-Абидийн) айтты, оған – менім атақты атам Имам Хусейн айтты (оған Алланың ризашылығы болсын), ал оған – оның ардақты атасы Қасиетті Пайғамбар айтты (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), ал оған өз кезегінде Жебірейіл әс жеткізді, ал Жебірейілге әс сөз тастаған Әлемнің Раббысы, яғни Алланың Өзі». [4]

Заңға қатысты құжаттарды олардың анықтамасымен қоса зерттегендей, шыққан жері көрсетілмеген Имам Бәқирдің кейбір баяндамаларын зерттеу міндетті түрде оның өзі орнатқан ұстанымдарына негізделуі керек. Сондай-ақ келтірілген хадис бір жағынан ғайыптан жіберілген хабар болып табылады; онда қалайша Хазірет Имам Мұхаммед Бәқир өздігінен қандайда бір көріпкелдікті айтып, ол көріпкелдік мың үш жүз жылдан кейін дәлме-дәл орындалып шықты?!  Пайғамбардан басқа ешкім көзге көрінбейтің ғайыптан хабар жеткізе алмайды, мұндай іс Пайғамбардан басқа ешкімнің қолынан келмейді.

Сондықтан, бұл – еш күмәнсіз, өткен мың үш жүз жыл ішінде Мәһдидің міндетін атқаруға білдірген біреу-міреудің талабын растау үшін бірде бір рет орындалмаған өте керемет белгі, және ешбір талапкер оған сілтеме жасап жалпы халықтың талқысына ұсынбаған. Алайда, Хазірет Мирза Ғұлам Ахмадтің әс баршаға аян болсын деп жасаған мына жариясына назар салыңыздар:

«Өткен мың үш жүз жыл ішінде көптеген адамдар Мәһдимін деп талаб білдірген, бірақта олардың ешқайсына бұл аспан белгісі орындалмады... Өмірім Оның қолында болған Алланың атымен ант етейін, Ол менім хақтығымды растау үшін осы бір аспан белгісін көрсетті». [5]

 

Дереккөздер:

1. а) Тәфсир-и-Сафи. 1 бөлім, 765-бет, Китәб фуруши исләмийя. Тегеран.

б) ‘Әлләмә Кумми. Икмалү-д-дин. 614-бет, Хайдариййа, Неҗеф.

2. а) Сивил энд Милитри Газетт. Лахор. 07.04.1894.

б) Сираҗу-л-ахбар. 11.06.1894.

3. ‘Әлләмә Йусуф бин Йахйа әш-Шәфи‘и. (7-ші ғасыр х.) ‘Ақду-д-дурар фи ахбари-л-мұнтазир. 65-бет, ‘Әлиму-л-фикр. Қаир.

4. ‘Әлләмә Мұхаммед Бәқир Мәжлиси. Китәбу-л-иршад. (Бихару-л-әнуар – б/ша дәйексөз, аударма 4 т., 71-бет, Махфуз Бук Эйҗенси. Мёртон Роуд. Қарачи.

5. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Тохфа голарвийя. 33 –бет, // Рухани Хазаин. 17 т., Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984, 142-143 беттер.

№22. Уәделенген Мәсіх пен Имам Маһдидің атқаратын ұқсас істері

 

Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты деп, Әбу Һурайра (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды: «Әлбетте сендерге әділ сот ретінде Мәриямның ұлы келеді. Ол сөзсіз крестті (айқышты) қиратады, шошқаны өлтіреді, міндетті түрде жизияны16 алып тастайды. Және (сол кезде) түйелер тастаулы болады, олар көлік құралы ретінде қолданудан қалады. (Уәделенген Мәсіхтің) арқасында қызғаныш, ашкөздік, өшпенділік жоғалады, ол байлықты иемденуге шақырады, бірақ сол байлықты ешкім қабылдамай қояды». (Мүслим, Китаб-л-иман, Бабу нузули Иса бни Марйама)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадис кішігірім өзгешеліктермен Бұхарида, Әбу Даудта, Ибн Мәджаһта және Тирмизиде бар, және оның сенімділігін аталған хадис жинақтаушылардың барлығы бір ауыздан мойындайды.

Келтірілген хадисте бір белгі жайында сөз етіледі, ол Уәделенген Мәсіхас келгенде орындалатын басқа барлық белгілердің пайда болу заманың анықтауға жетелейді, ол белгі: түйелердің негізгі көлік құралы ретінде қолданудан қалуы. Құран Кәрімде ақыр заман белгілері жайында айтылғанда да, мына аят та соны меңзейді, яғни: «буаз түйелер қараусыз қалған кезде» (Әт-Тәкуийр сүресі 81:5). Ғасырдан астам уақыт бұрын автомобильдер, ұшақтар және т.б. көліктердің жаңа түрлері ойлап табылған кезде, әлгі көріпкелдік дәлме-дәл орындалған болатын. Кезінде «шөл кемелері» деп аталған түйелер, көліктің негізгі құралы болудан қалған еді. Егер көкірек көзі мен ойұшқырлығын қолдана отырып, ардақты Пайғамбарымыздыңса терең ойлы, көп мағыналы сөздеріне үңілсек, сол уақыт көріпкелдіктегі басқа да белгілердің пайда болу уақыты екенін түсінуге болады.

Уәделенген Мәсіхтің басқа да белгілерінің арасында оның әділ сот, әділ төрелік жасайтыны жайында айтылады, яғни, ол әділдікті ту етіп, үмметтегі қайшылықтарды түпкілікті шешеді дегенді білдіреді. Уәделенген Мәсіхтің басты міндеттері ретінде «айқышты сындыру» және «шошқаны өлтіру» істері бар. Осы хадистің түсіндірмесіне Ғұлама Бадру-д-дин Айни былай деп жазған еді:

«“Айқышты сындыру” дегеніміз, яһудилер Исаны айқышта өлтірді делінген насранилердің (мәсіхшілердің) сөздеріндегі өтірікті теріске шығаруды білдіреді, бұл маған Алланың рақымымен ашылған түсіндірме». [1] Олардың дәлеледерін іс жүзінде теріске шығару арқылы, христиан дінінің осы бір сенімі қиратылатын болады.

Сондай-ақ, Мәсіх пен Маһдидің атқаратын істері хадистерде бірдей суреттелгенін ескерсек, осы екі титулды есімдер бір тұлғаға берілгендігін қуаттайды. Хазірет Әбу Һурайраға сілтеме жасаған Имам Ахмад бин Ханбалдың баяндамасына сай [2], және Ғұлама Ибн Хаджар Хайсмидің түсіндірмесі бойынша, Мәсіх пен Маһдидің көздеген мақсаттары бір болады. [3] Сондықтан «айқышты сындыру» Маһдидің де міндеттерінен деп көрсетілген. [4]

Осы айтылғандардан тағы бір нәрсені ұғуға болады, яғни Құдай Тағаланың жазуына сай, Уәделенген Мәсіхас христиандықтың үстемдік етіп тұрған дәуірінде келеді, ол мықты дәлелдер мен дау тудырмайтын уәждердің арқасында Исламның христиандықтан еселі артық екендігін дәлелдеуі тиіс. Демек, Уәделенген Мәсіх әрі Имам Маһди Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад Қадианиас Құран Кәрімнің, хадистердің және христиандардың Киелі Кітаптарының негізінде Мәриямның ұлы Иса Мәсіхтіңас марқұм болғанын дәлелдеп, Исаны құдайға балау, Үшқұдайлық және т.б. христиан сенімдерінің негізсіз екендігін дәлелдеу арқылы, Исламды христандықтан үстем қылу жолында сіңірген ұлы еңбектерінің бірінен болғаны. Осылайша, Хазірет Мирза Ғұлам Ахмед сахиб Мәсіхтің өлімін дәлелдеу арқылы, Үндістаннан бастап Еурапаға дейінгі, христиан дінқызметшілер-миссионерлерді жеңіліске ұшыратты - деп, Деобан мектебінің ғұламасы Мауляуи Нұр Мұхаммад Накшбанди мойындаған болатын. [5]

Жоғарыдағы хадисте жизияны алып тастау мәселесі көтеріледі, бұл дегеніміз Уәделенген Мәсіхас дін үшін соғыс жүргізбейді, соғыс қаруын көтермейді дегенді білдіреді, өйткені Сахих Бұхаридегі тағы бір баяндамада йаза‘у-л-харб деген сөздер бар, бұл сөздердің ішкі мағынасы Уәделенген Мәсіхтің дәуірінде қарумен жиһад жүргізудің шарттары болмайды дегенді білдіреді. Сондықтан, Уәделенген Мәсіхас дәлелдердің қуатымен Исламның жауларына қарсы тұрып, оларды анық әрі түпкілікті жеңіліске ұшыратады. Ардақты Пайғамбарымызса Маһдиге де қатысты осы белгілер жайында айтқан, яғни Маһди қан төкпейді, деп. [6] Шииттік әдебиеттерде де Маһдидің заманыңда дін үшін соғыстар болмайды делінген. [7]

«Шошқаны өлтіреді» дегенді тура мағынада түсіндіру, яғни Мәсіх жабайы доңыздардың соңына түсіп, оларды өлтірумен әлек болады деу, біріншіден, күлкілі; екіншіден, пайғамбардың абырой-дәрежесіне сай келмес. Құран Кәрімде азғын яһудилерді «маймылдармен», «шошқалармен» салыстырады (Әл-Майда сүресі, 5:65). Осыған орай, Ғұлама Рағиб Исфаханидің пікірі бойынша, «шошқа» деген сөз әдеті мен моральдық жағынан төмен, азғын адамдарды білдіреді. [8] Түскөру ғылымында да (яғни астарлы мағынада түсіндіру ғылымында) «шошқаны өлтіру» деген сөз «қатігез қарсыласты жеңу» дегенді білдіреді. [9]

Сондай-ақ хадистерде ақыр заманның арам ниетті дін қызметшілерінің жағымсыз мінез-құлықтары, жалғандықтары, жаман істері мен өтірікшіл болатыны себебінен олар «маймылдар мен шошқалар» деп айтылған. [10] Демек, «шошқаны өлтіру» дегеніміз, Ислам дінінің жауларын ақыл дәлелдерімен жеңу және оларды дұғаның көмегімен, мубахаланың көмегімен залалсыздандыру дегенді білдіреді. Дәл осылайша, христиандық көсем доктор Дови, священник Абдулла Атхам, индуистік пандит Лекх Рам және тағы басқа көптеген арам ниетті Исламның кейбір жаулары Уәделенген Мәсіхпенас күреспек болып залалсыздандырылған болатын.

Хадистің соңында айтылғандай, Уәделенген Мәсіхасбайлықты иемденуге шақырады, бірақ сол байлықты ешкім қабылдамай қояды -деген сөздер, дүниелік байлықты білдірмесі анық, өйткені ондай байлықтан  бірде-бір адам ешқашан бас тартпайды. Ардақты Пайғамбарымызса да  айтқан еді, егер адам баласы алтын алқапқа ие болса, ол тағы да сондай алқапқа көз тігеді, және оның қарыны топырақтан басқа ештенеге толмайды -деп. [11]

Демек, мұндағы байлық - рухани қазынаны, Құран Кәрім даналығы мен діни ақиқатты білдіреді. Байлықтың мұндай түріне дүниелік ашкөздіктің соңына түсіп, пайдаға батуды ойлап, затшылдық дүниеден көзін ашалмай жүргендер еш жақындамайды және руханият пен иман байлығын қабылдамайды. Бүгінгі әлемнің жағдайы ешкімге құпия емес. Бүгінгі затшылдық (материализм) дәуірінде, дүние жылтырақ заманында адамдар Құдайды ұмытып, құлшылыққа көңіл аудармаған кезде, Құдай алдында шын ниетпен жасалған бір сәжде, күмәнсіз, көпті білдіреді. Адамдар әлгі рухани байлықтарды қабылдаған кезде өзгере бастайды, олардың арасында қызғаныштан, өшпенділіктен және ашу-ызадан тазарған шын мұсылмандық бауырластық пен бірлік орнайды, Алланың рақымымен, Бүкіләлемдік Ахмадийя Мұсылман Жамағатында дәл осындай процесстер орыналып жатқан-ды.

Кейбір баяндамаларда келесі сөздер бар: «хатта яксура фикум әл-малу фа йафиза», бұның мағынасы: кешегі кедей арабтардың (тіпті басқа да халықтардың) қолында байлық молынан болады. [12]  Бүгіндері бұл мағына толығымен орындалып отыр.

 

----------------

16Жизия (арабша) – мұсылман мемлекетінде мұсылман-емес тұрғындардан алынатын жалғыз салықтың түрі.

 

Дереккөздер:

[1]. ‘Әлләмә Бадру-д-дин ‘Айни. ‘Умдату-л-қари, шарх Бұхари.  5 т., 584 бет. Дару-т-таба‘а Амира. Мысыр.

2. Ахмад бин Ханбал. Мұснад. 2 т., 411 бет, Дару-л-фикр. Бейрут.

3. Әл-қаулү-л-мұхтасар фи ‘әләмәтил-маһдийи-л-мунтазир. 42 бет, Мәктәбәту-л-Кур’ан. Қаир, Булак, ул. әл-Кумаш, д.3.

4. Имам Хаким. Мустадрак. 4 т., 504 бет. Мәктәбәту-н-наср әл-хадисиййа. Рийад.

5. Мауляуи Ашраф ‘Али Тханви. 30 бет.  Дибача тарджума Кур’ан. Кутубхана Рашида, Дели.

6. ‘Әлләмә Абу ‘Умар. Сунан ад-дани. 95 бет. (Сілтеме ‘ақду-д-дурар фи ахбари-л-мунтазир. 63 бет.) ‘Алиму-л-фикр, Қаир.

7. Бихару-л-әнуар. 19 т., 181 бет. Дару ихйаи-т-тураси-л-‘арабий. Бейрут. Ливан. 1983.

8. ‘Әлләмә Рагиб Исфахани. Муфрадат Рагиб. 159 бет. Маймуниййа, Мысыр.

9. ‘Әлләмә Ибн Шахин. Әл-ишарат фи ‘илми-л-ибарат. Сілтеме: Та‘тиру-л-анам. 2 бөлім, 179 бет. Мәктәбә Мухаммад ‘Али Малиджи. Қаир, Мысыр.

10. Канзу-л-‘уммәл. 17 т., 190 бет. Энциклопедия Низамиййа. Хайдарабад. 1314 ж. хижра б/ша.

11. Бұхари. Сахих. Китабу-р-рикак. Бабу ма йаттаки мин фитанихи-л-мал.

12. Бұхари. Сахих. Китабу-л-истиска. Бабу фи-з-залазили уә-л-айати.

№23. Хақ діннің жалған діндерден үстем болуы

 

Айша (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтыпты: «Лат пен Уззаға (пұттарға) құлшылық ету қайта басталмайынша күн мен түн жоғалмайды» - деп.

Сонда мен сұрадым: «О Алланың Елшісі! Кұран Кәрімде Аллаһ мына аятты жіберді емес пе: «Ол сол, Елшісін туралықпен және барлық діндерге үстем болатын хақ дінмен жіберген, мүшріктер бұны жақтырмаса да», онда бұл (жеңіс) түбегейлі әрі мәңгілік (жеңіс) емес пе еді? Ол айтты: «Бұл (жеңіс) Алланың қалаған (уақытына) дейін сақталады. Сосын Аллаһ Тағала самал жел жібереді, сонда жүрегінде бір түйір иманы болған әрбір адам, өлімді таңдайды. Сөйтіп еш жақсылығы жоқ адамдар ғана қалады, олар ата-бабаларының мүшіріктік сенімдеріне оралады (Лат пен Узза (пұттарға) құлшылық ету қайтадан басталады)»

(Мүслим, Китаб-л-фитан. Бабу ла тақумус-са’ату хатта ту’бада даус)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті Имам Хатим мен Ғұлама Бағви де баяндаған, екеуі де оның сенімділігін растаған. Ондағы тақырып шииттік әдебиеттерде де бар. Әт-Тәубе сүресінде (33 аят) Исламның басқа барлық діндерден үстем болатыны жайында айтылған; бұл жеңіс түбегейлі әрі мәңгілік болмақ, және ол нақтылы уәждер мен дәлелдердің арқасында орыналмақ. Аллаһ Тағала Әл-Әнфәл сүресінде 8:43 айтады: «Өлетіндер ашық дәлел бойынша өлсін, тірі қалатындар ашық дәлел бойынша тірі қалсын» - деп.

Қасиетті Пайғамбарымыздың (са) көзі тірісінде Құран тәліміне бойұсыну арқылы, Арабия жеріндегі мұсылмандар сондағы яһудия, насрания және де мүшріктік сенімдерді анық түрде жеңіп қойғаны былай тұрсын, сондай-ақ нақтылы уәждер мен дәлелдердің арқасында әлгі байырғы діндердің жарамсыздығын дәлелдеп берген-ді. Бұл Исламның соңғы мақсаты. Алайда, нақтылы уәждер мен дәлелдердің арқасында, Исламның басқа барлық діндерден үстем болатын жеңісінің түбегейлі орнығуы Қасиетті Пайғамбарымыздың (са) адал құлы – Мәсіх әрі Маһдидің дәуіріне бұйырған-ды. Міне, осы себептен Қасиетті Пайғамбарымыз (са) аталмыш хадисте Айшаның (ра) сөздерімен келісіп, Ислам міндетті түрде жеңіске жетеді, бірақ бұл жеңістің түбегейлі орнығуы кейінірек болатынын айтқан. Осылайша шииттік және сүнниттік тәпсіршілер соңғы жеңіс Уәделенген Мәсіх пен Имам Маһдидің заманында орыналатынын бірауыздан мойындайды. [1]

Жазмыш бойынша бұл жеңіс нақтылы уәждер мен дәлелдердің арқасында орыналтын болғандықтан, Қасиетті Пайғамбарымыз (са): “йада‘у-л-харба” - деген еді, яғни, Уәделенген Мәсіх-Маһди (ас) қылышпен соғыспайды, бірақ ол кресттің (айқыштың) діннің нақтылы уәждер мен дәлелдердің арқасында жеңеді. Кәпірлер Мәсіхтің (ас) демінен өлетін болады және оның демі көз жететін жерге дейін жетеді – деген [2], хадис сөздеріне келетін болсақ, бұны тура мағынада, яғни шын өлім ретінде түсінуге болмайды, өйткені егер барлық кәпірлер Мәсіхтің (ас) демінен өліп-қырылып жататын болса, онда оған иман келтіретін ешкім қалмайды ғой? Демек, бұл сөздердің мағынасы келесідей: Мәсіх (ас) нақтылы уәждер мен дәлелдердің арқасында жалған діндерден үстем түседі, ал егер осы хадисты [3] тура мағынада түсінетін болсақ, яғни Аллаһу Тағала уәде етілген Мәсіхтің (ас) заманында Исламнан басқа барлық діндердің түгін қалдырмай жояды деу, - үлкен қателік және Құран Кәрімге қайшы келеді, өйткені, Құранның ішінде яһудилер мен насранилер Қиямет күніне дейін өмір сүреді делінген. Сонымен, Қасиетті Пайғамбарымыздың (са) айтып кеткен бұл көріпкелдігі келесі мағынаны да білдіреді, яғни Исламға ғылыми және рухани жеңіс тарту етіледі, және бұл жеңіс Уәделенген Мәсіх әрі Маһди – Хазірет  Мирза Ғұлам Ахмад Қадианидің (ас) келуімен  бастау алмақ. Осы жеңістің жемістері және де оның ауқымды түрде, күллі әлемге паш етіліп, жүзеге асып жатқанын әрбір ойлы адам осы біздің заманымызда, Уәделенген Мәсіхтің Бесінші Халифасы Хазірет Мирза Масрур Ахмадтың уақытында орындалып жатқанын байқай алады.

 

Дереккөздер:

[1]. (А) ‘Әлләмә Табриси. Тафсир Маджм’ау-л-байан фи тафсири-л-Кур’ан. 5 т., 24 бет. Дару ихйаи-т-тураси-л-‘арабий. Бейрут. Ливан.

(Ә) Тафсир Мазхари. 4 т., 195 бет. Фаруки Пресс, Дели.

2. Муслим. Сахих. Китабу-л-фитан. Бабу зикри-д-даджяль.

3. Сунан Абу Дауд. Китабу-л-малахим. Бабу зикри-д-даджяль.

 

№24. Қиямет Күнінің он белгісі

 

Хузайфа бин Асад Әл-Ғаффари (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды: біз әңгімелесіп отырғанда, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Не жайында сөйлесіп отырсыңдар?» –деп, сұрады. Біз: «Қиямет Күні жайында» –деп, жауап бердік. Сонда (Пайғамбарымыз с.а.с.): «Сендер (Қиямет қайымның) он белгісін көрмейінше Қиямет Күні келмейді» - деді де, мына белгілерді айтты: духан (түтін), Дәжжал (Тажал, Мәсіхтің дұшпаны), дәбба (жер құрты, жәндік), күннің Батыстан шығуы, Мәриям ұлы Исаның (ас) түсуі, Яжүж бен Мәжүж, және үш хусуф – «жерсілкінісі»; біреуі – шығыста, екіншісі – батыста, үшіншісі – Арабия түбегінде. Соңғы белгі ретінде ардақты Пайғамбарымыз (са) Йеменнен шығатын от жайында айтты, ол адамдарды жиналатын жерге қудалап алып барады». (Мүслим, Китабу-л-фитан, Бабу фи-л-аят әл-лати такуна қабль әс-са’ат)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті Имам Хатим сенімді деген [1]. Осы хадистің басқа бір баяндамасында Қиямет Күнінің тоғыз белгісінің реттік саны басқаша айтылған. Сол сияқта тағы бір баяндамада Яжүж бен Мәжүждің пайда болуы Дәжжалдың пайда болуымен бірге айтылған. Қолыңыздағы кітапта Уәделенген Мәсіхтің (ас) келуі – ең бірінші басты белгі ретінде қарастырылады, өйткені, басқа қалған белгілер сол белгінің айналасында айналып жүргендей. Және олардың, осы біздің заманымызда, дәлме-дәл орындалғаны Уәделенген Мәсіхтің (ас) келгенін дәлелдейді. Уәделенген Мәсіх Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад (ас) осы белгілердің бәрі оның пайдасына шешілгеніне күллі жұртшылықтың назарын аударған еді.

Екінші және үшінші белгілер, яғни Дәжжал мен Яжүж-Мәжүж – Батыстың дамыған халықтарын білдіреді, әсіресе атеистік және діни христиан ғұламаларын (миссионерлерін) білдіреді. Олар, жазмыш бойынша, нақтылы уәждер мен дәлелдердің алаңында Уәделенген Мәсіхтен (ас) идеологиялық тұрғыда жеңіліс табады; демек, осы екі белгі Ислам үшін жанпида күрескер Хазірет Мирза Ғұлам Ахмадтың (ас) арқасында жүзеге асқан-ды.

Төртінші белгінің, яғни Уәделенген Мәсіхтің (ас) заманында – күннің Батыстан шығуы – деген белгінің бір мағынасына: бүкіл әлемді жарыққа бөлеген ғылым-білім күнінің Еурапа жақтан шығуын жатқызуға болады. Бұл белгінің тағы бір мағынасы: Күннің Батыстан шығуы – батыс халықтарының діни-теологиялық жеңілісімен тығыз байланысты, соның нәтижесінде Уәделенген Мәсіхтің (ас) Жамағатының салтанатты жеңіс шеруі Батыстан бастау алмақ, осылайша Еурапада Исламның рухани күні жарқырап шығады. Бұны, Уәделенген Мәсіх (ас) келесі сөздермен түсіндіреді:

«Күннің Батыстан шығуы – деген, ақиқаттың күні Батыс елдеріне жарығын түсіреді, сөйтіп оларға Ислам игілігінің бір бөлігі тарту етіледі дегенді білдіреді. Бұл маған көрсетілген бір аяннан белгілі болды. [2]»

Ол сөзін әрі қарай жалғастырады:

«Құдай Тағала батып бара жатқан Ислам күнін, енді мен арқылы Батыс жақтан шығуына бұйырды» [3].

Бәлкім, жүз жыл бұрын, Ахмадийят, Батыс жаққа қарай адымын енді жасайын деп жатқан кезде, біреулер бұл ақиқатты шындық ретінде қабылдамай, одан бас тартуы мүмкін еді, алайда, осы көріпкелдіктің жалпы жаһандық тұрғыда бүгінгі Еурапада орындалып жатқанына келетін болсақ, бұл жайында тіпті егжей-тегжейлеп жазудың еш қажеті жоқ.

Бесінші белгі – духан – «түтін» дегенді білдіреді. Ардақты Пайғамбарымыздың (са) заманында бұл сөз сонымен қатар Арабия жерінде орыналған ашаршылықты (жұт) білдірген [4]. «Кітап иелерінің» киелі жазбаларында ақыр заманның белгілері ретінде ашаршылықтың орыналатыны жайында да айтылған. Бұл да осы заманымызда орындалып жатқан-ды. Бұдан басқа, духан сөзін тура мағынада қарастыратын болсақ, осы заманымызда «түтін» мағынасы түрлі-түрлі мазмұнда орындалып жатыр. – Мысалға, атом бомбасы жарылғанда шығатын түтін (улы бұлт), соғыс кезінде жанармайдың жағылуынан шығатын түтін, түрлі заманауи механиздерден, көлік құралдарынан және қазіргі зауыттардан шығатын түтін. Бұның барлығы атмосфераның улануына әкеп соғуда, сондықтан бұлар қазіргі кездің орасан зор проблемасына айналған.

Алтыншы белгі – дабба – «хайуан» немесе «жәндік» деген мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде бұл белгі келесі түрде суреттеледі: жасаған күнәлар тізімін адамдарға көрсеткен кезде, Құдай Тағала олар үшін жерден бір хайуан шығарады, ол әлгі адамдарды шаға бастайды, Құдайдың көрсеткен белгілеріне сенбегендері үшін.  (Ан-Нәмл 27:83). Науас бин Сам’ананың (ра) руаятында, Уәделеген Мәсіх (ас) келген кезде бір жәндіктің пайда болатыны жайында айтылады, Мәсіхті (ас) қоршап алған дұшпандардың мойынына әлгі жәндік секіріп шығып, оларды көп мөлшерде қырады делінген [5]. (Хижра б/ша 630 жылы қайтыс болған) Ғұлама Тұрбашти бұл жәндікті оба ауруының бацилласы деп ұққан; шииттік риуаяттарда да Имам Маһдидің дәуірі қызыл өліммен (яғни, соғыстармен) және ақ өліммен (яғни, оба эпидемиясымен) белгіленеді делінген. [7]

Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад Сахибтың – Имам Маһди екендігін растаған, Ардақты Пайғамбарымыздың (са) көріпкелдігіне сай, 1894 жылы рамазан айының белгіленген күндерінде ай мен күннің тұтылуы болған кезде, Хазіретке келесі түрде аян берілді, яки егер адамдар осы белгіні пайдаланып қалмаса, олар ауыр жазаға тартылады -деп. Сосын, 1898 жылы ол түс көрген, түсінде бірнеше періште Пенжабтың жер жеріне қара түсті өсімдікті отырғызып жатыр екен, және оған: бұл – оба ауруының ағашы, ол таяу арада бүкіл елді шарпиды -деген. Аянда оған бацилла көрсетілген, және ол – оба ауруының бацилласы делінген. Бұл індеттің даббатүл-арз (жер құрты) деп аталуының себебі: аталмыш оба ауруы жер жәндіктері арқылы тарайтын бактерия. Екіншіден, мұнда, мұсылмандар мен олардың ғұламалары көктін орнына жердегіні (яғни, руханияттан гөрі дүниеқоңыздылықты) артық көрген кезде, жәндік жаза ретінде келеді дегенді меңзеп тұр, осылайша олардың өздері де  даббатүл-арзға, яғни жер құртына айналады. [8]

Осылайша, көріпкелдікке сай осындай жер құрты пайда болды. Оба ауруы алдымен Бомбейде басын көрсетті. Сосын, Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад Сахиб (ас) ескерту жасағандай  дәлме-дәл орындалды, оба ауруының ауыр соққысы Пенжабқа келіп тиді. Сол кезде орыналған осыған ұқсас індеттің таралуын табу өте қыйын. Кейде аптасына 30 мыңға дейін адамдар қырылып жатты. Бір жылдың ішінде бірнеше жүзмың адам өлді, ал індет әр жыл сайын күшейе түсті.  [9] Осындай зобалаң белгіні көрген бірнеше жүз мың адамдар Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад Сахибты (ас) Уәделенген Мәсіх әрі Имам Маһди екенін мойындады. Осы белгі туралы тағы бір айта кететіні, Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад (ас) Аллаһу Тағаладан ескерту алып, індеттің тоқтайтыны жайында хабарламайынша, індет әлсіреген емес.

Осы хадисте 7-шіден 9-шыға дейінгі белгілер  хасафа сөзіне байланысты үш белгі: біреуі –шығыста, екіншісі – батыста, үшіншісі Арабия түбегінде орыналады. Хасафа сөзі жердің шөгуін білдіреді, және Құран Кәрімде Карун жайында айтылғанда да осы сөз қолданылған, яки оны үйімен бірге жер жұтып қойған кезде. Басқаша сөзбен айтқанда, хадисте батыс пен шығысты шарпыған жаман жерсілкіністер жайында айтылады, олар Қиямет Күніне дейін, Уәделенген Мәсіхтің (ас) заманында мейлінше зобалаң күйінде көрінбек. Имам Маһдидің (ас) келуі жайында айтылған ізгі хабарлармен бірге, жерсілкіністер жайында айтылған суық хабарлар тағы бірнеше хадистерде сөз етіледі. [10]  Мәсіхтің (ас) екінші рет келген дәуірінде жерсілкіністер болатыны жайында Інжілде де ескертпелер бар. [11]  Уәделенген Мәсіх (ас) өз талабын жария еткен соң,  әлем халықтарын былайша ескерткен:

«Құдай мені алдағы көптеген жерсілкіністері жайында ескертті. Сондықтан, күмәнсіз, Америкада орыналған жерсілкіністері көріпкелдікке сай орындалды. Еуропада да солай болған-ды. Жерсілкіністері Азияның жер-жерінде де болмақ. Олардың кейбірі Қиямет қайымды еске түсіретін болады». [12]

Араб әлеміне келетін болсақ, хижра бойынша сегізінші ғасырда Мединада қатты жерсілкінісі болған, одан кейін от өзені (лава) қатты атқылағаны соншалықты, оның салдарынан пайда болған өрт-жалыны бейсенбінің түнінен жұманың таңына дейін жалындаған. Осылайша хадистерде айтылғандай, Хиджаз өртке оранады делінген көріпкелдік орындалған-ды. [13]

1891 жылы қыйыр шығыста, Жапонияда, сегіз мың адамның өмірін қыйып, 197’000 үйді қиратқан жерсілкінісі орыналды. 1897 жылы Үндістанның Ассам штатында қатты жерсілкінісі болды. 1902 жылы Үндістанның батысында болған жерсілкінісі салдарынан 40’000 адам опат болды.  1905 жылы 20’000 адамның жанын қиған жерсілкінісі Канграда орыналды; оның дүмпуі ауқымы 600’000 шаршы мильде сезілді. 1906 жылы Америкада, Сан-Францискода болған жерсілкінісінде мың адам өліп, қираған үйлердің жалпы соммасы 200 миллион долларға жетті.

Уәделенген Мәсіх (ас) әлемнің назарын әділ түрде мынаған аударды:

«Егер әлемдік тарихты көзбен шолатын болсақ, онда әлемді шайқалтқан мұндай жерсілкіністер тізбегін кездестіре алмаймыздар». [14]

Тіпті оның қарсыластары да бұл сөздердің растығын мақұлдады. Канграда болған жерсілкінісі жайында, «Пэса» газеті былай деп жазған еді:

«Мирза Сахиб өзінің талабын білдіргеннен кейін орыналған індеттер мен жерсілкіністер тізбегі соншалықты, егер өткен жүзжылдықтың барша тарихын дұрыстап қарайтын болсақ, онда өткен жүзжылдықта мұндай  катаклизмдер болған емес». [15]

Қиямет Күнінің оныншы белгісі ретінде Йеменнен шығатын от жайында айтылады, ол от адамдарды жиналатын жерге қудалап апарады. Басқа риуаятта келесі сөздерді кездестіруге болады: Аденнен (Йеменнің бір шаһары) от шығады да, адамдарды Үкім шығаратын жерге қудалап апарады, жол жөнекей ол барлық құмырсқалар мен құрт-жәндіктерді де жинай жүреді. Мазмұны жағынан қорқынышты болғанына қарағанда, бұл белгі Қиямет Күнінің орнар алдында орындалатын ақырғы белгісі болса керек. Молда ‘Али әл-Қари: мұнда барлық кәпірлерді қудалап апаратын ұлы жиналас (Қиямет қайым) жайында сөз етіледі – деп, жазған болатын. [16] Сонымен, он белгінің тоғызы орындалып, ендігі кез соңғы белгі – Жиналатын Күннің, яки Қиямет Күнінің келуі қалғанда, Құдайдан қорқып, абай болып, Қиямет Күні келмегенше шынайы Маһдиге иман келтіруіміз керек. Аден шаһарының жағрафиялық аумағында сөнген жанар тау да бар екен. [17] Әлбетте, әлемнің соңғы күні қай жерден бастау алатынын Бір Аллаһ қана біледі.

 

Дереккөздер:

 

[1]. Имам Хаким. Мустадрак. 4 т., 428 -бет. Мәктәбәту-н-наср әл-хадисиййа. Рийад.

2. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Изаля аухам. 515-бет. // Рухани Хазаин. 3 т., Мубарак Саки, Лондон. 1984. 376-377 беттер.

3. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Хутба ильхамиййа. 167 бет. // Рухани Хазаин. 16 т., Мубарак Саки, Лондон. 1984. 253 бет.

4. Бұхари. Сахих. Китабу-т-тафсир. Сура Духан.

5. Мүслим. Сахих. Китабу-л-фитан. Бабу зикри-д-даджяль.

6. ‘Әлләмә Шахабу-д-дин Турбашти. ‘Ақаид муджаддидиййаты ас-сыраты-с-сауи. Аударма: Мулла Ахтар Мухаммад Хан. Кашмири Базар. Лахор.

7. Икмалү-д-дин. 981 бет, Матба‘ Хайдариййа, Неджеф.

8. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Нузулү-л-масих. 39 бет. // Рухани Хазаин.  18 т., Мубарак Саки, Лондон. 1984. 416-421 беттер.

9. Британ Энциклопедиясы.  “Оба (Чума)” мақаласы, 17 т., 981 бет, Баспа 1951 г.

10. ‘Әлләмә Абу-л-Хасан ‘Али бин ‘Иса әл-Арбали. Кашфу-л-ғумма фи ма‘рифати-л-аимма. 3 т., 270 бет. Дару-л-адва. Бейрут.

11. Інжіл Лұқадан, 11:21.

12. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Хәқиқату-л-уәхй. 256 бет.

13. ‘Әлләмә Ибн Хаджар. Фатху-л-бари. 13 бөлім, 80 бет, Дару-н-нашри-л-кутуби-л-исләмиййа. Лахор.

14. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Мальфузат. 5 т., 8 бет. Жаңа басылым.

15. «Пэса Ахбар». 01.05.1905.

16. Миркату-л-мафатих, шарх мишкат әл-масабих. 5 т., 188 бет. Мәктәбә маймуниййа. Мысыр.

17. Урду даирату-л-ма‘ариф әл-исләмиййа (Урду тіліндегі Ислам Энциклопедиясы). 8 бет. Данишгах Панджаб. Лахор.

 

№25. Шығыс жақтың тұрғындарының бақыты

 

Әбдуллаһ бин Харис (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтыпты: «Шығыс жақтан кей адамдар шығады, олар Имам Маһдидің жолын тазартады да, оның жеңіске жетуі үшін, оған барынша қызмет етеді».

(Ибн Маджаһ, Китаб-л-фитан. Бабу хуруджи-л-маһди)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Ахли-суннаттың мектептерінен бөлек, шииттік бағыттағы мектептер де бұл хадисты мойындайды. Ғұлама Әбу Әбдуллаһ Әл-Канжи Әш-Шәфи’и жоғарыда келтірілген баяндаманың сенімділігімен келісе отырып, бұл хадисты сенімді адамдар жеткізген  - деп, жазған болатын. [1]

Хадис Шығыс жақта тұратын кей адамдардың бақытты тағдыры жайында айтылғанын аңғаруға болады. Оларға Имам Маһдиге жәрдемдесу және ақиқаттың түбегейлі жеңісіне көмектесу мүмкіндігі берілген. Имам Маһдидің көмекшілері мен серіктес-сахабалары Шығыс жақтан шығытын адамдар болатыны жайында басқа да хадистерде айтылған. Сахих Мүслимдегі хадисте Мәриямның ұлы Дамаскінің шығыс жағында пайда болады делінген; сондай-ақ Қасиетті Пайғамбарымыз (са) Шығыс жақтағы жерлерді Дәжжалдың келетін жері деп, және сол жерде Дәжжал мен Мәсіх-Маһдидің арасында рухани шайқас орыналады деген. Тағы бірнеше баяндамаларда Уәделенген Мәсіхтің (ас) – Шығыстан шыққан серіктес-сахабаларының зор дәрежелері жайында айтылған. Хазірет Саубан (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды, бірде Пайғамбарымыз (са) айтыпты: «Аллаһу Тағала менің үмметімнің екі жамағатын (тозақ) отынан құтқарды. Олардың біреуі – Үндістаннан бастап (алғаш рет) жиһад жасаған жамағат, ал екіншісі – «Мәриямның ұлы Исаның (ас)» серіктес-сахабалары болған адамдар». [2]

Хадистерде Уәделенген Мәсіхтің (ас) жақын сахабаларының саны 313 адам болады делінген. Олардың сипаттарына келетін болсақ, Аллаһ олардың жүректерінде бір-біріне деген бауырмалдықты қондырады (яғни, олардың бірлігі мықты болады), олар ешкімнен қорықпайды және еш нәрселерімен менменсінбейді (яғни, тек Бір Аллаға ғана бағынатын болады). [3]

Демек, жазба деректерге сай, заманымызда Имам Маһдидің Шығыс жақтан келуі пешенеге жазылған, яғни Үндістан жақтан, осылайша Шығыс жақта тұратын (кей) адамдардың қуаныштары қойындарына сыймады. Маһдидің 313 сахабасы жайындағы мағлұмат шииттік әдебиеттерде де бар.  Кезінде Имам Әбу Әбдуллаһ Жа’фар Сыддықтан сұрапты, Маһдимен бірге қанша адам болады деп. Ол: Бадр соғысында қанша сахаба болса, Маһдидің де сонша сахабасы болады – деп, жауап беріпті; яғни 313 адам. Сондай-ақ Маһдидің сахабаларының сипаттары жайында былай делінген, олар түрлі елдер мен аумақтардан болғанымен, олардың мақсаты бір болмақ –деп. [4]

Осы жерде айта кететіні, Уәделенген Мәсіх-Маһди  Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад (ас) өзінің 313 сахабасының есімдерін Анджам-и-Атхам деген кітабына жазып кеткен еді. Бұны Хазірет Хуаджа Ғұлам Фарид Сахиб (Чачран Шариф) келесі сөздерімен растағанды: Қасиетті Пайғамбардың (са) көріпкелдігіне сай, Уәделенген Мәсіхтің 313 сахабасы болады, бұл оның хақтығының белгісі. [5]

 

Дереккөздер:

 

[1]. ‘Әлләмә Абу-л-Хасан ‘Али бин ‘Иса әл-Арбали. Кашфу-л-гумма фи ма‘рифати-л-аимма. 3 т., 78 бет. Дару-л-адва. Бейрут.

2. Насаи. Китабу-л-джихад. Бабу ғазвати-л-хинд.

3. Имам Хаким. Мустадрак. 4 т., 554 бет. Дару-л-фикр. Бейрут. 1398 ж. х.

4. Бихару-л-әнуар. 53 т., 310 бет. Дару-л-ихйаи-т-турас әл-‘арабий. Бейрут.

5. Ишарат-и-фариди. 3 т., 70 бет. Муфид ‘Аам Пресс. Агра. 1320 ж. х.

 

№26. Ардақты Пайғамбарымыздың (са) өзінің соңғы жамағатына білдірген мейір-махаббаты

Әбу Һурайра (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды, бірде Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтыпты: «Мен бауырларымды өз көзіммен көруді (шын жүректен) қалаймын.... Оларды көрсем жақсы болар еді! Сахабалары сұрады: «Уа, Алланың елшісі! Сіздің (діндес) бауырларыңыз біз емеспіз бе?» Сонда ол: «Сендер – менің серіктес-сахабаларымсыңдар, ал бауырларым – олар әлі келген жоқ, мен Кәусар бұлағында олардың жолбастаушысы боламын...».

(Мұснад Ахмад бин Ханбал, 2 т., 300 бет. Дару-л-фикр әл-‘араби. Бейрут)

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадистің сенімділігін Ғұлама Суйути мойындаған. [1]

Әбу Һурайраның (ра) айтуы бойынша, бірде Пайғамбарымыз (са) мола жаққа барып, қабір иелері үшін дұға етіп сәлем жолдады. Сосын ол соңғы жамағатын еске алды, яғни ақыр заман соңында пайда болатын жамағатын. Пайғамбарымыздың (са) оларға білдірген махаббатын шын мәнінде қызғануға тұрарлық. Сахабалар сұрады: «О, Алланың елшісі! Сіз үмметіңізге әлі келмегендерді қалай танисыз?» Ардақты Пайғамбар (са): «Сендердің бірыңғай жирен түсті үйір жылқыларын болса, соның ішінен қасқасы мен аяғында аласы бар аттарыңды тани аласыңдар ма?» - деп сұрады. Сахабалары: «йа, (тани аламыз)» –деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (са) айтты: «Дәрет алғандары үшін Қияметте олардың беттері, аяқтары мен қолдары (аппақ болып) жарқырап тұрады. Мен оларды Кәусар бұлағының қасында жолықтырамын» -деді. Керісінше, оның ілімінен бас тарқан адамдар жайында Пайғамбарымыз (са) қатты ренішін білдіріп, оларға одан алыс жүрулерін бұйырды. Ардақты Пайғамбарымыз (са) Аллаһу Тағаладан хабарлама алып, өзінің соңғы Жамағатының рухани дәрежесі, оның асыл да ізгіліктері қаситтері жайында бірнеше рет сүйсіне сөз еткен болатын. Мұхайрис бір баяндаманы жеткізеді: «Бірде мен Әбу Джуму’а (ра) есімді бір сахабадан: «Бізге Ардақты Пайғамбарымыздан (са) естіген қандай да бір хадис айтыңызшы» - деп, сұрадым. Ол келісімін беріп: «Жарайды, мен сендерге бір өте жақсы хадис айтамын. Күндердің бірінде мен Пайғамбармен (са) бірге таңғы ас ішіп отырдым. Таңғы асты бізбен бірге Хазірет Әбу Убайда бин әл-Жәррах та (ра) ішіп отырған еді. Ол Пайғамбардан (са) сұрады: «Уа, Алланың елшісі, бізге Исламды қабылдау бақыты берілді, сондай-ақ дін ісіне қызмет етуге және жиһадқа сізбен бірге қатыстық, енді бізден абзалырақ жандар болар ма екен?» Ол (са): «Йә, сендерден кейін келетін қауым бар. Олар мені көрмеген болса да, маған иман келтіреді» - деп, жауап қатты. [2] Басқаша сөзбен айтқанда, Пайғамбарды (са) көрмесе де, оған иман келтіріп, оның (са) іс-мақсаты үшін бар-жоғын құрбан ететін Жамағат, ерекше дәрежеге ие болады, соның арқасында ұлы абыройлықпен қошаметтеледі.

Демек, заман Имамы, Мәсіх-Маһдидің (ас) пәк ілімі арқылы – өз әміршілеріне Ардақты Пайғамбарға (са) имандарын қайта жаңдандырған адамдар қандайлық бақытты десеңіздерші! – Оларға хақ имандылықтың жолында мал-мүліктерін, уақыттары мен жандарын құрбан етуге күш-жігер берілген. Ислам дінін асқақтатқан ұлы да керемет жеңістер олардың Пайғамбарға (са) деген нық сенімдерінің, пәк махаббаттары мен адалдықтарының арқасында көзалдымызда (әлемнің түпкір-түпкірінде) орын алып жатыр.

«Уа билләһи-т-тауфиқ» (Қабілет пен жетістіктер Бір Алладан)!

 

Дереккөздер:

 

[1]. ‘Әлләмә Суйути. Әл-Джами‘у-с-сағыйр. 2 бөлім, 195 бет. Мәктәбә Ислямиййа. Лахор.

2. Муснад Дарими. Китабу-р-рикак. Бабу фазл ахири хазихи-л-уммати.

№27. Пайғамбардың (са) отбасынан шығатын біреу

Мус’аб бин ‘Әбдуллаһ (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды, Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан екен: «(Парсылық) Салман – менің отбасымның адамдарынан».

(Мұстадрик Хаким. Китабу ма‘арифати-с-сахаба зикру Салман әл-Фарси)

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті сүнниттік және шииттік мектептер де растайды. [1]

Парсылық Хазірет Салман (ра) Парсы жерінен шыққан, ол араб болмаған еді. Бір жағынан, Қасиетті Пайғамбар (са), оның ізгілікті өмірін, адалдығын, сопылық-аскетизімін көріп, оны өз отбасының нағыз – рухани мүшесі деп атаған.  Басқа жағынан, Қасиетті Пайғамбар (са), ақыр заманда имандылықта қайта орнатанын кемел адамды Салманның халқынан шығады деп, сол кемел адамды оның рухани «отбасы мүшесінен» шығады деп бекіткен. Бұл Маһдидің тікелей (физикалық, тән тұрғысында) Қасиетті Пайғамбардың жанұясынан шығады дегенді әсте білдірмейді, өйткені Қасиетті Пайғамбар (са) үмметінен шығатын «Иса Мәриям ұлын» Имам Маһди деп атаған.   Құран Кәрімде, Нұх пайғамбардың (ас) ұлы ізгілікті өмір сүрмегені үшін, ол жайында былай делінген: «Әй, Нұх, расында, ол сенің жанұяңнан емес» (Әл-Һұд сүресі 11:47). Сондықтан нағыз және мызғымас «отбасылық» - рухани отбасылық болып табылады, бұны осы аяттан анық аңғаруға болады.

Осындай рухани «отбасылық», «Пайғамбар үйінің рухани мүшесі» деген түсінікті растайтын тағы бірнеше хадистер бар. Анас (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды, бірде Пайғамбарымызға (са) біреу сұрақ қойған екен: «Сіздің жанұяңыз кімдер болып табылады?» - деп. Сонда Пайғамбарымыз (са): «әрбір ізгілікті адам – менің жанұямнан» - деп, жауап беріп, келесі аятты оқыған: «Аллаһ үйінің шырақшылары тақуалар ғана» (Әл-Әнфәл сүресі 8:35).

Бұл хадис, Имам Маһди «Пайғамбардың (са) үй адамдарынан» шығады деген ұғымды жақсы түсіндіреді, өйткені Қасиетті Пайғамбар (са) Құрани аятқа сүйеніп, «Үй адамдары» деген ұғымның рухани түсіндірмесін алып, барлық ізгілікті/тақуа адамдарды өз жанұясының мүшелері деп атаған. Әрине, Қасиетті Пайғамбардың (са) тікелей туысы болу (қандық тұрғыда), оның жанұясының тікелей мүшесі болу өте үлкен бақыт, ал егер тікелей (тәндік, қандық) тұрғыдағы туыстықпен қоса, рухани туыстық та бірге болса – онда бұл екі еселенген бақыт. Имам Жа’фар Садиқ айтады: «Араларындағы ізгілерін, (Пайғамбар с.а.с.) «Үйінің мүшесі», ал Хазірет Имам Мухаммад Бақирдің айтуы бойынша, кімде-кім бізге сүйіспеншілік сезімін сезінсе – ол «Үйдің мүшесі». [2]

Кезінде, Нашван Хумайри есімді арабтың ұлы ақыны жақсы айтқан болатын: «Негізінде, Қасиетті Пайғамбардың (са) «жанұясының мүшесі» болып, оның дінін ұстанғандар болып табылады, мейлі олар араб немесе араб еместер болсын, мейлі олар ақ немесе қара (нәсілділер) болсын. Егер «жанұясының мүшесі» деп, оның тікелей туыстары ғана саналса, онда намаз оқып отырған әрбір мүмин (Пайғамбарымызға (са) және оның жанұясына дуруд шәриф салауатын оқығанда) бүлікшіл Әбу Лахабқа да салауат жолдағандай болар еді».

Уәделенген Мәсіх (ас) былай деп түсіндіреді:

«Әль («жанұя», «тегі» - А.Р.) – сөзінді бір ақиқат бар, тектілік атадан балаға дарығандай, пайғамбарлардың мирасқорлары болып, олардың рухани тәлім-тәрбиесін мирас еткендер жатада, сондықтан да хадисте: «әрбір ізгілікті, тақуы адам – менің жанұямнан» - делінген». [3]

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, «Үй адамдарына» рухани тұрғыда туыс болумен қоса, тікелей (қандық) тұрғыда туыстыққа орын табылып жатса, бұл нұр үстіне нұр болады. Уәделенген Мәсіх (ас) мұндай артықшылыққа да ие болатын. Ол (ас) былай деп жазады: «Қасиетті Пайғамбардың (са) «жанұясының мүшелері» міндетті түрде Хазірет Фатимамен (ра) туыстық байланыста болулары керек; мен Хазірет Әлидің (ра) тікелей ұрпағы болмасам да, Фатиманың ұрпақтарынанмын[1], өйткені әкемнің кей (арғы) әжелері тікелей (Фатимадан) тарайды... Біздің әулетіміздің осындай абыройлығын, тек адамдардың  айтқандары ғана емес, сонымен қатар бұны, Алланың Өзі, пәк аяны арқылы растаған-ды. [4]

 

Дереккөздер:

[1]. ‘Әлләмә Табриси. Тафсир Маджма‘у-л-байан. 5 т., 167 бет. Мәктәбә ‘илмиййа исләмиййа. Тегеран.

2. ‘Әлләмә Фаиз Кашани. Тафсиру-с-сафи. 1 т., 890 бет. Мәктәбә исләмиййа. Тегеран.

3. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Мальфузат. 2 т., 126 бет. Бірінші баспа.

4. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Нузулү-л-масих. 48 бет. (Сілтеменің ішіндегі сілтеме) // Рухани Хазаин. 18 т., Мубарак Саки, Лондон. 1984. 426 бет.

 

№28. Маһди – Қасиетті Пайғамбарға (са) толықтай бойұсынған тұлға

Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айты деп, ‘Әбдуллаһ (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды:

«Әлемнің соңғы күніне бірақ күн қалса да, Аллаһу Тағала, менен немесе «Үйімнің адамдарынан» бір адамды жібермейінше, сол күнді соза тұрады. Оның есімі менің есімім, әкесінің есімі менің әкемнің есіміндей. Одан бұрын дүние қалай зұлымдыққа толы болса, ол адам дүниені әділеттікке толтырады».

(Әбу Дауд. Китабу-л-Маһди)

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті, сонымен қатар Ибн Мәджаһ, Тирмизи және Мұснад Ахмад келтіреді. Тирмизи баяндаманың ортасында айтылған:  «(Оның) әкесінің есімі менің әкемнің есіміндей» деген жерін қабылдамай, тек «Оның есімі менің есімімдей (болады)» деген жерін сенімді деп қабылдаған. Имам Ахмад бин Ханбал да, солай істеген, яки «Оның есімі менің есімімдей (болады)» деген жерін ғана қабылдаған. [1] Келтірілген хадис шииттік бағытты ұстанушылардың арасында да дұрыс әрі сенімді деп саналады. [2] Жүргізілген зерттеу жұмыстары, «(Оның) әкесінің есімі менің әкемнің есіміндей» - деген сөздер, баяндамашы Зайд әл-Бахлидің толықтырмасы екенін дәлелдеген, өйткені одан басқа ешбір баяндамада қарастырылған сөздер кездеспейді. [3] Бұхари, Насаи және Хакимның пікірлері бойынша, Зайд әл-Бахли сенімсіз баяндамашы болғандықтан [4], оның хадиске қосқан толықтырмасы бұрмалаушылық болып табылады. Сондай-ақ, бұл жерде атаулы толықтырма-баяндаманың тарихи уақиғасын ескерген дұрыс, өйткені Зайд әл-Бахли (сахабалардан кейінгі) таби’индерге жатады, хижра бойынша екінші ғасырда өмір сүрген, яғни Аббасид халифатының билігі жүріп тұрған тұсында. Сол кезде Нафси Закийа деген атаумен белгілі (Хазірет Имам Хуссейннің (ра) немересі) Мухаммад бин Әбдуллаһ, өзін Маһдимін деп жариялап, сол кездегі Аббасидтердің халифасы Мансурға қарсы шығып, халифат билігін өз қолына алмақшы болған. Мухаммад бин Әбдуллаһтың жақтастары, бағанағы хадисты дәлел етіп, Қасиетті Пайғамбардың (са) уәдесіне сай келуге тиіс Маһди - Мухаммад бин Әбдуллаһтың өзі деген сөздерді халық арасына таратып жіберген. Дәл осы кезде, хадистегі  «(Маһдидің) әкесінің есімі менің әкемнің есіміндей» деген сөздер кеңінен мәшһүр болған еді, және көптеген адамдар оны Маһди деп танып, оған адал болуға ант берген; бірақ ол, хижра бойынша 145 жылы Аббасидтердің әскерімен болған шайқаста опат болды. [5]

Бұл хадисте Қасиетті Пайғамбарға (са) ұқсас, оның рұхани ұлы, әрі ұрпағының келуі жайындағы ізгі хабар кәміл берілген. Бұндай хақиқи ізгі хабар Құдай Тағаланың аян-уахиынсыз болуы мүмкін емес. Сосын, әлгі уәделенген адам әділеттікті орнатады делінген, бұл оның шын Маһди екенін дәлелдейді; оның рухани тұрғыда «Үй адамдарынан» екенін,  «менен... бір адамды жібермейінше» деген сөздер аңғартады, бұл оның толықтай Қасиетті Пайғамбарға (са) бағынышты болатынын көрсетеді. Сол секілді, Қасиетті Пайғамбар (са), мұсылмандарды алдайтын адамдарды - «ляйса минна» (яғни, «олар бізден емес») деп атап, оларды өзінен аулақ жөнелтті. Ал «раджулан минна» (яғни, «менен бір адам») деген сөздер, оның Қасиетті Пайғамбарға (са) толықтай, мүлтіксіз бағыныштылығын білдіреді.

«Оның есімі менің есімімдей (болады)» деген сөздер, келуге тиіс адамның есімі Ардақты Пайғамбардың (са) есіміндей болатынын ғана білдірмейді, өйткені жәй ғана есім ұқсастығы, қандай да бір рухани дәрежеге ие болуға, әлбетте, жеткіліксіз. Бұл жерде рухани ұқсастықтың ерекше мәні бар, өйткені «исм» сөзі, жәй ғана есімді білдіруден бөлек, «қасиет» немесе «сипат» деген мағыналарды да білдіреді. Өйткені, «уәлилләһи-л-асмау-л-хусна» (яғни, ең көркем есімдер Алланікі) делінген аятта (Әл-Хашр сүресі 59:25) Аллаһу Тағаланың сипаттары жайында айтылған. Молда Әли Қари, осы хадисты талқылаған кезде, сипаттық-қасиеттік ұқсастықтарды алға тартып, Маһдидің сипаты мен қасиеттері Ардақты Пайғамбардың (са) сипаты мен қасиеттеріне ұқсайтын болады, және Имам Маһди адамдарды тура жолға бағыттағанда, Ардақты Пайғамбардың (са) өмірлік үлгі-өнегесін басшылыққа алатын болады – деп, жазған. [6]

Сондай-ақ, басқа баяндамаларда, «хульқуху хульқи» (яғни, оның құлқы менің құлқымдай) делінген сөздер бар, бұл келуге тиіс Маһдидің мінез-құлқы Ардақты Пайғамбардың (са) мінез-құлқысына ұқсайтын болады деген мағынаны одан әрі бекемдейді. [7]

Мәсіх-Маһдидің келуіне байланысты, «ол менің қабіріме жерленеді, және оның есімі менің есімімдей болады» делінген Қасиетті Пайғамбардың (са) сөздерін, Уәделенген Мәсіх (ас) былай түсіндіреді: - Негізінде бұл сөздер, Имам Маһди келгенде, ол Қасиетті Пайғамбардың (са) бурузы болып келеді дегенді меңзейді (яғни, ол Ардақты Пайғамбардың (са) сипаттарын өз бойына жинақтайды), бұл ақиқатты Ислам ғұламалары да баяндаған. Хазірет Шах Уәлиуллаһ Мұхаддис Дехлеуидің айтуы бойынша: Маһди, Қасиетті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (са) бурузы болады. [8]

Ғұлама Әбду-р-Раззақ Кашани жазады:

«Ақыр заманда Маһди келеді, ол Мұхаммед Мұстафаның (са) кәміл ізбасары болады, және оның терең де хақиқи біліміне орай барша әулие-әмбиелер оның ізбасарына айналады, өйткені оның ішкі жан дүниесі (ар-ұжданы) Мұхаммедтің ішкі жан дүниесіндей (ар-ұжданындай) болмақ». [9]

Тағы бір айта кететін жәйт, Маһдидің әкесінің есімі Әбдуллаһ, ал анасының есімі Әмина –делінген сөздер бірде-бір хадисте айтылмаған, мұндай қате пікір қарастырылып отырған хадистен туындаған-ды, дегенмен хадисте анасы жайында мүлдем сөз қозғалмайды.

Әкелерінің есім ұқсастығына келетін болсақ, хадис жинақтаушылардың пікірлері бойынша, бұл сөздер ешбір дәлелмен бекітілмеген. Алайда, егер оларды, тіпті шындық ретінде қабылдайтын болсақ, онда Маһдидің әкесінің есімі Ардақты Пайғамбардың (са) әкесінің есіміндей болу, тек сипаттық ұқсастықты білдіруі мүмкін. Басқаша сөзбен айтқанды, рухани құндылықтарды сіңіру дарындылығы Қасиетті Пайғамбардың (са) әкесінде қалайша бар болса, Маһдидің әкесі де сондай дарындылыққа ие болмақ, бұл Маһдидің толықтай Мұхаммадилік сипаттына ие болатынын растайды, яки олардың рухани ұқсастықтары барынша растала түседі. Ал есімдерінің анық ұқсастығына келетін болсақ, баяндамаларда Маһдидің – Ахмад – деген есімі де кездеседі. Осылайша, Хазірет Хузайфаның (ра) сөздеріне сүйенген, хадис жинақтаушы Хафиз Наим бин Хаммад, Маһдидің есімін Ахмад деп жазған [10]; бұл пікірді Ғұлама Ибн Хаджар Хайсми да растаған. [11]

Уәделенген Мәсіхтің (ас) шын есімі – Ахмад. Олардың әулетінде Ғұлам деген атау бұрыннан толықтырма ретінде қолданылған. Мысалға, оның әкесінің есімі Ғұлам Мұртаза, ағасының есімі Ғұлам Қадир, ал оның өз есімі Ғұлам Ахмад. Демек, аталмыш көріпкелдіктің ішкі және сыртқы сипаттамалары Уәделенген Мәсіхтің (ас) бойында жүзеге асқан-ды. Ең бастысы, Мұхаммедтің (са) мінез-құлқы мен өмірлік өнегесін оның бойынан байқауға болады.

Осы заманның Имамы, Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад Қадианидің  (ас) жариялаған талабы да, осындай бейнеде айтылған. Ол айтады, оның жеткен жетістіктері, Қасиетті Пайғамбардың (са) шәкіртіне айналып, соңына ілесіп, оған адал қызмет еткендігінен жетіп отырмын дейді. Бұған оның өмірі куә. Ал Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад Сахиб (ас) хадис бойынша, дүниені әділеттікке толтырды ма? - деген, сұраққа келетін болсақ, бұл сұрақтың жауабын келтірілген хадисті ой елегінен өткізіп оп-оңай табуға болады. – Хадисте, бұрын дүние қалай зұлымдыққа толы болса, Маһдидің арқасында дүние солай  әділеттікке толтырылады делінген. Дүние зұлымдыққа бірнеше күн немесе бірнеше жыл ішінде-ақ тола қойған жоқ, ол келе-келе, ғасырлар бойы толып отырды. Демек, әділеттіліктің жүйесі де сол секілді, келе-келе орнығып, кемелдене түсетін болады, бұның бастамасын, Аллаһу Тағаланың мейірімінің арқасында, Ахмадийя Мұсылман Жамағаты бастап қойған-ды.

 

Дереккөздер:

 

[1]. Ахмад бин Ханбал. Муснад. 1 т., 367 бет. Дару-л-фикр әл-‘арабий. Бейрут.

2. ‘Әлләмә Мухаммад Бакир Мәжлиси. Бихару-л-әнуар. 51 т., Дару ихйаи-т-турас әл-‘арабий. Бейрут. Ливан.

3. ‘Әлләмә Хафиз Абу ‘Абдуллаһ Мухаммад бин Йусуф әл-Канджи. (Хижра б/ша 658 ж. өлген) Әл-Байан фи ахбари сахиби-з-заман. 93 бет. Матбу‘ ан-Ну‘ман. Ан-Наджаф әл-ашраф. 1962.

4. Тахзибу-т-тахзиб. 3 т., 305 бет, ‘Абду-т-Таууаб Академи. Мултан.

5. а) Тарих-и-ислам. Шах Му‘ину-д-дин Надви. 3 т., 56 бет. Мәктәбә Рахманиййа. Урду Базар. Лахор.

б) Әл-әдәб ас-султаниййа фи дәуләти-л-исләмиййа. 166 бет. Бейрут. 1960.

6. Миркату-л-мафатих, шарх мишкат әл-масабих. 5 т., 79 бет. Мәктәбә маймуниййа. Мысыр. 1306 ж. х.

7. Канзу-л-‘уммәл. 14 т., 273 бет. Әл-матба‘ әл-‘арабиййа. Хәләб.

8. Әт-тәфһимәту-л-иләһиййә.  2 т., 238 бет. Шаһ Уәлиуллаһ Дехлеуи Академи. Садар, Хайдарабад, Синд, 1387 ж. х.

9. ‘Әлләмә Шайх ‘Абду-р-Раззақ Кашани. Шарх фусус әл-хәкәми. Мәктәбә Мұстафа әл-Бали әл-Хәләби. Мысыр. 2-ші басылым.

10. Хафиз Абу ‘Абдуллаһ На‘им бин Хаммад. Китабу-л-фитан. Бабу фи сирати-л-мәһди уә ‘әдлүһу. 98 бет. (Сілтеме бойынша: ‘Әлләмә Йусуф бин Йахйа. ‘Ақду-д-дурар фи ахбари-л-мунтазир. 35 бет. Мәктәбә ‘Алиму-л-фикр. Қаир.)

11. ‘Әлләмә Ибн Хаджр Хайсми. Әл-қаулү-л-мухтасар фи ‘әләмәти-л-мәһдийи-л-мунтазир. 27 бет. Қаир, әл-Кумаш к-сі, 3 үй.

 

№29. Мәсіх – Қасиетті Пайғамбарымыздың (са) қабірінде

 

Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айты деп, Әбдуллаһ бин Умар (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды:«Иса, Мәриям ұлы (ас) түседі, үйленеді, балалары дүниеге келеді, ол 45 жыл өмір сүреді. Сосын қайтыс болған соң, менімен бірге, менің қабірімде  жерленеді. Сосын біз «Иса, Мәриям ұлымен» бірге бір қабірден (Қияметте) қайта тірілеміз, Әбу Бакр (ра) мен Умардың (ра) арасында».

(Ибн Жаузи. (хижра б/ша 597 ж. қайтыс болған) Әл-уафау би ахвали-л-Мұстафа. 2 т., 814 бет. Дару-л-кутуби-ль ‘илмийя; Мишкат. Бабу нузули ‘Иса. 480 бет. Нур Мухаммад асахху-л-матаби. Дели)

Хадистің түсіндірмесі:

Бұл хадисте «Исаның» түсуі жайында және бірнеше жекеленген белгілер мен ерешеліктері жайында сөз қозғалады. Мұнда «Иса» есімі ұқсастық ретінде қолданылған. Сонымен қатар, келетін Мәсіхтің бұрынғы Мәсіхпен кей ұқсастықтар болғанымен, олардың міндетті түрде айырмашылықтары да болады. Мысалға, Уәделенген Мәсіх (ас) міндетті түрде үйленеді, оның ізгі хабар ретінде уәделенген балалары туады, олар оның ісін жалғастыратын болады. Уәделенген Мәсіх (ас) жерде 45 жыл сүреді (көптеген басқа баяндамаларда қырық жас жайында айтылады), сосын табиғи өлімімен қайтыс болады (яғни, ол қасақана өлтірілмейді, өйткені әдетте жалған-пайғамбарлар қасақана өлтірілетін, жаза ретінде жалғандықтары үшін). Сосын ол қайтыс болған соң, оның қайтысы мүбәрак болады, өйткені оны Қасиетті Пайғамбармен (са) бірге «оның қабіріне» рухани түрде жерлейді.

Бұл хадисте, «қабір» сөзі назар салуды қажет етеді, ол екі мағынаның бірін білдіруі мүмкін, яки: «қабір» сөзі тура мағынада немесе рухани мағынада айтылған-ды. Тура мағынада қарастыратын болсақ, бұл Қасиетті Пайғамбарға (са) құрметсіздік танытуды, (оның ұлықтығын жер етіп) оны қадірлемеуді тудырады, өйткені бүкіл үмметтен ешкім бұл сөздерді тура мағынада талқылауды ойына да алмаған. Демек, бірақ мүмкіндік қалып отыр, яки: «қабір» сөзін рухани мағынада түсіну керек-ті, бұған дәлел келесі Құрани аят: «Сосын, Ол оған өлім жібереді де, оны қабірге кіргізеді» (‘Абаса сүресі 80:22). Алайда, мұндағы «қабір» сөзінің мағынасын «жерлейтін жер» ретінде талқылау араб тілінің қағидаларына қайшы болатыны былай тұрсын, бұл оның ішкі мағынасын түсінуден өте алыс, және мұндай үстірт талқыламаны арабтардың ішіндегі ең шешен тілді Пайғамбарымызбен (са) қиыстыру, бұл оған құрметсіздік танытумен пара-пар. Сондай-ақ, хадистің мағынасын, «Уәделенген Мәсіх менімен бірге менің қабірімде жерленеді» деп түсіну, мәтін мағынасына қайшы келеді. – Өйткені хадистің келесі бөлігінде, Қияметте, Қасиетті Пайғамбарымыз (са) Иса Мәриям ұлымен (ас) бірге бір қабірден көтерілетіні жайында айтылады және олардың бір жағынан Әбу Бакр (ра), екінші жағынан Умар (ра) көтеріледі. Яғни, рухани дәреже тұрғысынан қарағанда Уәделенген Мәсіхтің (ас) дәрежесі Қасиетті Пайғамбардың (са) дәрежесімен біте байланысқан, ал Әбу Бакр (ра) мен Умардың (ра) орындары оның оң жағы мен сол жағында, өйткені олар тірі кездерінде Пайғамбарымыздың (са) ең жақын кеңесшілері болатын, оның оң қолы мен сол қолы.

Тағы бір айта кететін жәйт, хадистегі «Иса (ас) Қасиетті Пайғамбардың (са) қабірінде жерленеді» деген сөздер, яһудилердің арасында тараған баяндамадан алынған екен. Өйткені, Исламды қабылдаған яһуди ғұламасы – Әбдуллаһ бин Салам (ра) есімді сахабаның айтуы бойынша, - Мұхаммедтің (са) Тәураттағы белгілерінің бірі, Иса (ас) Мұхаммедпен (са) бірге жерленеді делінген. [1]

Бәлкім, бұл Исраил пайғамбарларына берілген аян-уахилардың бір бөлігі шығар, - әрі бұл уахи, әлбетте, талқылауды қажет қылады. Негізінде, мұнда Уәделенген Мәсіхтің (ас) Қасиетті Пайғамбарға (са) барынша жақын болатыны және олардың рухани туыстығы меңзеледі, сондай-ақ ол (ас) қайтыс болған соң, оның жаны Қасиетті Пайғамбардың (са) жанымен қосылып, олар бір рухани қабірде жай табатынын көрсетеді. Бұл тақырып, тағы бір хадисте, келесі сөздермен де суреттелген: «Маһдидің есімі менің есімімдей болады», яғни ол (ас) Қасиетті Пайғамбардың (са) кемел бурузу* болады, әрі бұл ақиқатты үммет ғұламалары мойындайды. Осылайша пайымдаған, Хазірет Шах Уәлиуллаһ – Мұхаддис Дехлеуи – былай деп жазады, яки  Пайғамбарлар Көсемінің (са) хас нұры (айнаға шағылысқандай) Маһдиде шағылысады, ол (ас) Мұхаммед есімінің бар сипатын көрсетеді және оның (са) айнаға шағылысқан бейнесіндей болады. [2]

Бұл жайында Уәделенген Мәсіх (ас) жақсы айтқан болатын: «мен Қасиетті Пайғамбарға (са) деген махаббатымның арқасында, оның қабіріне кіремін; ей, тура жолдан бас тартқан неме, сен бұл сырды көрмейсің».

Хадисте көрсетілген мерзім – 45 жыл, ал басқа баяндамаларда өзгеше мерзім берілген, - Ғұлама Ибн Хаджр Асқалани бұны, Маһдидің жеткен жеңістері мен жетістіктерінің түрлі кезеңдері деп талқылаған. [3] Алайда, көптеген басқа сенімді баяндамаларда 40 жылға созылған уақыт мерзімі көрсетілген. [4]

Бұл жерде талап білдіргенге дейін сүрілген өмір кезеңі меңзелеме (кей баяндамаларда, ол кезде Маһдидің жасы 40-та болады делінген [5]), әлде талап білдіргеннен кейін сүрілген өмір кезеңі меңзелеме, бұл маңызды емес. – Екі жағдайда да бұл белгілер Мирза Ғұлам Ахмад Қадианиге (ас) қолданарлық, өйткені ай күнтізбесі бойынша ол 76 жас жасап, өзінің табиғи өлімімен қайтыс болған. Ол 40 жас шамасында Алладан аян-уахилар ала бастаған, осыдан кейін ол шамалы соншама жыл өмір сүрген. Демек, ол, илләһи жазбаларда келеді деп уәде етілген Мәсіх-Маһдидің өзі болып табылады, әрі дінге қызмет ету жолында, Аллаһу Тағала оның мүбәрак ұрпағына ұлы күш-қабілет берген-ді.

 

(*Буруз - дегеніміз, бір жан, кемелдіктің жолында, басқа бір кемел жанның қасиет-сипаттарын, оның пәк мінез-құлқын өз бойына жинақтайтын болса, онда ол, әлгі кемел жанның бурузы болып табылады. Яғни, ол рухани тұрғыда әлгі кемел жанның айнаға шағылысқан бейнесіндей болады.)

 

Дереккөздер:

 

[1]. Тирмизи. Абвабу-л-манакиб, Бабу фи фазли-н-наби.

2. Хазірет Шах Уәлиуллаһ. Әл-хайру-л-касир. 236-237 беттер. Аударма: Мауляуи ‘Абиду-р-Рахман Кандахляви. Нашир-и-Кур’ан Махаль. (Керісінше мусафирханы.) Карачи.

3. ‘Әлләмә Ибн Хаджар Хайсми. Әл-қаулү-л-мухтасар фи ‘әләмәти-л-мәһдийи-л-мунтазир. 28 бет. Мәктәбә әл-Кур’ан. Каир, әл-Кумаш к-сі, 3 үй.

4. Абу Дауд. Китабу-л-малахим. Бабу хурудж ад-даджяль.

5. ‘Әлләмә Табарани. Әл-му‘джаму-л-кабир. 8 т., 120 бет. Абу-л-Хасан әл-Вали. Ихйау-т-тураси-л-ислами. Ирақ.

 

№30. Уәделенген Мәсіхтің (ас) қажылық жасайтыны жайындағы көріпкелдік

Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айты деп, Әбу Һурайра (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды:

«Иса түсіп, шошқаны өлтіреді, крестті (айқышты) өшіреді; ол үшін намаздар біріктіріледі. Ол байлық таратады, алайда ешкім оны қабылдамайды. Ол мұсылман-еместерден салық алуды тоқтатады. Ол Ар-Руха деген жерге түседі, сол жерден қажылығын, әлде умрасын жасауға кіріседі, бәлки екеуін бірге жасайды». (яғни, оның келуінің мақсаты Қағбаның ұлықтығын сақтап, оны қорғау).

(Мұснад Ахмад. 2 т., 290 бет, Дару-л-фикр әл-‘араби. Бейрут)

Хадистің түсіндірмесі:

 

Осы хадистің тағы бір баяндамасы әлсіз деп танылған, оны Суфйан  жеткізген Зухридан. [1] Жоғарыдағы баяндама да Зухридан келген. Алайда, мұнда айтылған Уәделенген Мәсіхтің (ас) көптеген белгілері басқа сенімді хадистермен расталғандықтан, сол хақ белгілері айтылған жерлерін жоққа шығаруға болмайды, яки Уәделенген Мәсіхтің (ас) арқасында Ислам жауларының шошқа тәрізді лас сипаттары жойылады, және ол «крест (айқыш) дінінің» негізсіздігін дәлелдейді деген жерлерін; сөйтіп ол Исламды рухани жеңісіне жетелейді, кезінде Қасиетті Пайғамбарымыз (са) келе-келе күпірліктің көзін құртып, Исламды рухани жеңіске жеткізгені сияқты. [2]

Уәделенген Мәсіх (ас) үшін намаздар біріктіріледі деген белгі де Мәсіх-Маһдидің заманыңда іс жүзіне асып, нақтыланды. «Қалам жиһады» заманыңда, Исламды қорғау үшін  және оны жеңіске жетелеу үшін, көптеген кітаптар мен шығармаларды жазып, дінге қызмет қылу жолында қолы босамағандықтан, 1901 жылы Қадианда, кем дегенде алты ай бойы зухр мен аср (бесін мен екінті) намаздары біріктіріліп оқылды, бірінен соң екіншісі оқылып. – Дегенмен, Уәделенген Мәсіх (ас), өзінің мінез-сипаты мен ішкі ұмтылысында, намазды уақытында оқуға үнемі бекем болатын. Дінге қызмет қылу қажеттілігінен екі намазды бір уақытатта оқу мүмкіндігін, Уәделенген Мәсіх (ас) бірде былай деп түсіндірген:

«Аллаһу Тағаланың түсіндірмесі, бағыт-бағдары мен аяны түспейінше, мен ештеңе істемеймін... Екі намазды біріктіруге келетін болсақ, Қасиетті Пайғамбардың (са) «таджма’у ляһус-саляту» (яки, «ол үшін намаздар біріктіріледі») деген сөздерінде, осы уақытымызда орындалып отырған, Аллаһу Тағаланың маған көрсеткен керемет пайғамбарлығы бар. Мен келесі ұстанымды ұстанатын адаммын. Егер Аллаһу Тағала маған қандай бір жәйт жайында түсіндірме берген болса, мысалы, қандай да бір хадистің сенімділігі жайында, онда егер тіпті ортодаксалды ғұламалар мен мұхаддистер ол хадисті жалған немесе әлсіз десе де, (мен әлгі ғұламалардың пікірін еш қолдамаймын). Немесе, керісінше, олардың пікірі бойынша сенімді болған хадисті, Аллаһу Тағала жалған деп көрсетсе маған, мен де солай деймін». [3]

Алайда, жоғарыда келтірілген хадистің аяқ жағындағы күмән ырғағы, қалай болғанда да хадисті әлсіздетеді.  Хадистің аяқ жағында былай делінген, Мәриямның ұлы Руха деген жерге түседі, сол жерден қыжылығын, әлде умрасын жасауға кіріседі, бәлки екеуін бірге жасайды. Егерде бұл сөздер Қасиетті Пайғамбарға (са) тиесілі болса, онда көріпкелдік ап-анық болып, хадисте ешқандай күмән ырғағы болмас еді. Міне сол себепті, келтірілген хадисті Әбу Һурайрадан (ра) жеткізген Ханзала есімді баяндамашы, бұл сөздер Қасиетті Пайғамбардікі ме (са), әлде Әбу Һурайраның (ра) жеке пікірі ме, білмеймін деп, бәлки олар қосылып жазылған жабсарлама болуы мүмкін дегенді айтқан. [4]

Негізінде, Исраилдік Мәсіхтің қажылық жасауы жайындағы көріпкелдіктің шығу тегі исраилдітердің баяндамаларынан шыққан-ды, бұның мақсаты, Исаның өлмес өмірі жайындағы қисса-сенімді қалың көпшіліктің арасына тарату болатын. Сондықтан, бұндай көріпкелдік Құран Кәрімге және Пайғамбарымыздың (са) сүннетіне қайшы болғандықтан, одан бас тарту керек-ті. Ғұлама Ибн Касир баяндайды, яһудилік Бану Курейза тайпасынан шыққан, алайда кейін Исламды қабылдаған – Мұхаммад Ка’бтың (ра) айтуы бойынша, үнемі Тәурат пен Інжілді оқыған, сосын Исламды қабылдаған бір адам оған мынаны айтқан екен: Құдайдың Мұсаға (ас) түсірген Тәуратында, және Исаға (ас) түсірген Інжілінде, «Мәриямның ұлы Иса» (ас) қажылық немесе умра жасау үшін Руха деген жердің қасынан өтеді. Онымен бірге асхабу-л-кахф (яғни, үңгір адамдары) болады. Сондықтан, Иса әлі қажылық жасамағандықтан, ол әлі өлген жоқ делінген. [5]

Мұндағы келесі бір жәйт оғаштау көрінеді, яки қарастырылып отырған Әбу Һурайрадан (ра) келген хадистің жалғыз баяндамашысы – Исламды қабылдаған мәсіхші (христианин) екен. – Ол, исраилдік оқиғаларға негізделіп, яки сол оқиғалардағы кей баяндамалардың мазмұнын күмәнсіз шындық етіп көрсетіп, және өзінің жеке пікіріне сүйеніп, Мәриямның ұлы қыжылық немесе умра жасау ниетімен, бәлки екеуін бірге жасау ниетімен, Руха алқабында ихрамға кіреді – деген сөздерді хадиске қосқан. Әбу Һурайраның (ра) бұл баяндамасын Мүслим де келтіреді. [6]

Алайда, ол баяндама да әлсіз болғандықтан ұстануға тұрарлық емес, өйткені оның кей баяндамашылары кемістіктерден ада болмаған: Зухриде апокрифизм байқалған, Лайса асырып айтатын, ал Хармала – соншама сенімді адам емес еді. [7]

Сондай-ақ, Руха деген жер Мединадан отыз-қырық шақырым жерде орналасқан, және ол жерге бару қажылық рәсіміне кірмейді. Тіпті ол қажылық жолының бойында да емес және ол жерден көзге де көрінбейді. [8] Сонымен қатар тұспал ретінде қойылған жерлердің қарсы-алдында да орналаспаған.

Басқаша сөзбен айтқанда, бұл хадисті тура мағынада түсінуге келмейді. -  Тек, егер оны ертедегі әйтеуір бір исраилдік пайғамбардың көрген көріпкелдігі деп қабылдамаса, яки Қасиетті Пайғамбарымыздың (са) заманында орындалған, исраилдік Мәсіхтің рухани қажылығы ретінде түсіндірген болмаса. Тағы бір баяндамада Қасиетті Пайғамбар (са), жаңа ғана Кағбаны тәуәп еткен Мәриямның ұлы Мәсіхпен қол алысып амандасқаны жайында айтылады. [9] Алайда, бұл пайғамбарлық исраилдық Мәсіхке емес, Қасиетті Пайғамбарымыздың (са) үмметінен шыққан Уәделенген Мәсіхке (ас) қатысты айтылған деп, жорамалдау орынды болар. Мысалға, Сахих Бұхариде келесі мағынадағы баяндама бар, Қасиетті Пайғамбарымыз (са) түсінде, Қағбаны айналып жүрген Уәделенген Мәсіх (ас) пен Дәжжалды көрген-ді. [10] Үммет ғұламалары бұны келесі түрде түсіндірген. Дәжжал Қағбаны жойып, қаңыратуға тырысады. Ал Уәделенген Мәсіхтің (ас) мақсаты Қағбаның бұрынғы абыройын қалпына келтіру жолында қызмет етіп, оны қорғау болып табылады [11], бұл Уәделенген Мәсіхтің (ас) келуінің түпкі мақсаты, әрі келешектегі Мәсіхтің (ас) қажылық жасауының (астарлы мәні бар) нағыз түсіндірмесі.

 

Дереккөздер:

 

[1]. ‘Әлләмә Ибн Хаджар. Тахзибу-т-тахзиб. 4 т., 96 бет. Мысыр.

2. Бұхари. Сахих. Китабу-л-манакиб. Бабу ма джа’а фи асмаи расулиллахи.

3. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Мальфузат. 2 т.,  45 бет. Жаңа басылым.

4. Мұснад Ахмад бин Ханбал.  2 т., 291 бет. Дару-л-фикр әл-‘арабий. Бейрут.

5. ‘Әлләмә ‘Абду-л-Ваххаб Ша‘рани. Тазкирату-л-куртуби. 2 т., 166 бет. Мұстафа әл-Бали әл-Хальби. Мысыр.

6. Мүслим. Сахих. Китабу-л-хадж. Бабу ихляли-н-наби.

7. ‘Әлләмә Ибн Хаджар. Тахзибу-т-тахзиб.  9 т., 398 бет; 8 т., 414 бет; 2 т., 202 бет, ‘Абду-т-Таууаб Академи. Мултан.

8. Икмалү-л-икмаль, шарх Муслим.  3 т., 398 бет. Са‘адат Миср уә Камус.  3 т., 232 бет. Мысыр.

9. ‘Әлләмә Ибн Хаджар Хайсми. Әл-фатауә-л-хадисийа. 154 бет. Мұстафа әл-Бали әл-Хальби. Мысыр.

10. Бұхари. Сахих. Китабу-л-анбийа. Бабу уә-зкур фи-л-китаби Марйам.

11. Мазахиру-л-хакк, шарх мишкат әл-масабих. 4 т., 359 бет, Аламгир Пресс. Лахор.

 

[1] Яғни, (арғы) ата-бабалар арқылы ғана емес, (арғы) ана-әжелер арқылы да, аралас.

 

Жалғасы: Хадис 31-40 http://yvision.kz/post/589496

1
0
4480

Мәсіх және Мәһди Аллаһтың Елшісі Мұхаммедтің (сәс) көзімен. Хадис 11 — 20 (40тан).

(Жалғасы. Басы: Хадис 1-10 http://yvision.kz/post/365420

Хадис 21-30 көру үшін: http://yvision.kz/post/396408

Хадис 31-40 көру үшін: http://yvision.kz/post/589496)


№11. Дәҗҗәл, оның маңғаздылығы мен пәрмені, 
оның шапшаң көлік құралдарының қуаты

 

Ибн Омар рә баяндайды, Пайғамбарымыз сәс айтты деп: «Әр пайғамбар өзінің үмметін Дәҗҗәлмен қорқытқан. Нұх әс және одан кейінгі пайғамбарлар Дәҗҗәл міндетті түрде араларыңнан шығады деген және сендерге (қазір) жабық болған солбір жағдай солбір мән-жай сол кезде ашылады. Сендердің Раббыларың біркөзді емес, ал Дәҗҗәлдің бір көзі қисық, басқаша айтқанда, көзінің қарашығы томпақ болады». (Бұхари. Китәбу-л-мағази. Бәбу хиҗҗат-ил-уидаи.)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Жоғарыда келтірілген баяндаманың сенімділігі негізінде Имам Бұхари оны өзінің Сахих жинағына қосқан. Дәҗҗәл жайында осыған ұқсас баяндама, Бұхариден басқа, Мүслимде, Әбу Даудте, Мұснад Ахмадта және Мұстадрак Хәкимде бар.  Бір хадисте Дәҗҗәл өзімен бірге жұмақ пен тозақ тәрізді нәрсе әкеледі, алайда, оның жұмақ дегені іс-жүзінде тозақ болып шығады делінген. [1]

Мұғира бин Шу’баның баяндамасына сүйенсек одан басқа Қасиетті Пайғамбарға сәсДәҗҗәл жайында көп сұрақ қойған адам болмапты. Бірде Қасиетті Пайғамбар сәс оған былай деген: «Ол саған несімен зияның тигізе алады?» - (Мен айттым): «адамдардың айтуы бойынша, Дәҗҗәлмен бірге таудай нан мен өзендей сулар» болады. Сонда Пайғамбарымыз сәс: бәрі-бір, бұған қарамастан, оны құртып жіберу Аллаһ Тағалаға онай – деп, жауап қатты». [2]

Анас рә баяндайды, Дәҗҗәлдің екі көзінің арасында: ك ف ر  (К Ф Р) - деп жазылып тұрады [3]. (Бұл كفر  “кәпір”, “имансыз” сөзінің түбірі – Р.П.)

Осы сенімді хадистердің барлығында Қасиетті Пайғамбар сәсДәҗҗәлдің белгілерін суреттеп берді, ол оны өзінің түрлі аяндарында көрген. Міне осы себептен, Ибн Омармен рә баяндалған хадисте, Қасиетті Пайғамбар сәсхиҗҗәту-л-уидә’ уағызындаДәҗҗәлдің сипаттарын ескерген кезде, қазіргі уақытта сендерге түсініксіз болғанДәҗҗәлдің белгілері мен сипаттары, Дажалдың келген кезінде өздігінен ашылып, түсініксіз болудан қалады деп айтқан. Бұдан ұққанымыздай, Дәҗҗәлді сыртқы белгілермен ғана анықтаудың орнына, сол бір ішкі сипаттары мен ерекшеліктерінің шынайы мән-мағынасын өзіміз үшін анықтап алуымыз керек, өйткені соларды қолдана отырып Қасиетті Пайғамбар сәс бізге Дәҗҗәлдің сыртқы және ішкі сипаттарын суреттеген. Сонымен, сыртқы белгілерді жетекшілікке алатын болсақ, Қасиетті Пайғамбар сәс оны кең кеуделі, түсі ашық маңдайлы және шашы қысқа бұйраланған күйдегі жүк артылған жас жігіт ретінде көрген [4]. Мұндай сыртқы келбет Батыста тұратын халықтарға тән, олардың бір өкілі Қасиетті Пайғамбарға сәс көрсетілген. Жоғарыда келтірілген хадистегі көздің қисықтығына келетін болсақ, мұнда Дәҗҗәлдіңішкі өзгешелігін білдіретін белгі бар; тағы кейбір баяндамаларда оның көзіне қатысты былай делінген, оның оң көзі томпақ жүзім іспетті қисық болады, ал сол көзі жұлдыз іспетті жарық болып келеді. [5] Бұның астарындағы мән-жай негізгі көзден  айырылуын білдіреді, яғни нағыз имандылық көздің жоқ болуы және дүнияуи көздің ұшқырлығы. Басқаша сөзбен айтқанда, Дәҗҗәл дін және руханият деген түсініктермен мүлдем таныс болмайды, ал оның дүнияуи ойы таңырқаларлықтай ұшқыр болмақ. Дәҗҗәлдің діннен безіп, политеистикалық нанымға берік болуын келесі мысал жақсы түсіндіреді, ол хадисте Қасиетті Пайғамбар сәс оны Хұза’а тайпасының Абдул-Узза бин Қатан есімді бір мүшірігімен теңеген; ал Дәҗҗәлдің маңдайындағы «кәпір» («имансыз» [6]) деген жазуға келетін болсақ, бұл жерде оның имансыздығын тура дәлелдейтің оның мүшіріктік сенім-нанымы мен іс-әрекеттері көрсетілген.

Тамим Даримен рә айтылған келесі бір хадис айтырлықтай әйгілі, онда Дәҗҗәл, Батыстың бір аралында орналасқан, шіркеудің ішінде қамалған делінген. [7] Бұдан белгілі болғандай, Дәҗҗәл аралдық Англияға немесе римдік Ватиканға қатысты христиан халықтары мен дінқызметшілерінің өздері болып табылады. Дәҗҗәл Қасиетті Пайғамбарға сәс сол халықтардың бір өкілі болып көрсетілген.

Осы түсіндірмелерден анық болғаны, христиан дінқызметшілері мен Батыс халықтары – Дәҗҗәлдің дәп өзі болып табылады, және хадистерде айтылған барлық белгілер мен нышандар бұлжымай орындалған. Дәҗҗәл таудай-таудай нан мен суды арқалап жүреді, ол дүниежүзіне тез тарайды да, барған жерін бүлік пен ылаңға толтырып, өзінен соң ұрыс-керіс пен қирандылар қалдырады; қалағаның - өлтіріп, қалағаның - тірілтеді. Оның бұйрығына мойынсұнып жаңбыр жауады, жер беті екпе көшеттерге толады және жер өзінің қазынасын ашып береді. [8] Бұның барлығы бір нәрсені ғана айқындайды: Дәҗҗәл өзінің бар мүмкіндіктерімен және іс-қылықтарымен Құдай Тағаланың ісіне араласуға қолын созады, сондай-ақ табиғат заңдылықтарының жүйесіне толыққанды, әрі кемелді түрде шексіз билік жүргізуге талпынады. Атап айтқанда: жаңбыр шақыру, оны тоқтату, мол су қорын ағып-төккізу, су қоймаларын құрғату және т.с.с. [9] Дәҗҗәлдің тозақ пен жұмаққа үстемдік құруы, Ғұлама ибн Хажжардың түсіндірмесі бойынша, келесіде: ол сый-құрмет пен жаза беруге қожалық қылады. Яғни, оған бойсұнғандарды ол сый-сияпат пен құрметке бөлейді, басқаша сөзбен айтқанда, өзінің «жұмағына» еңгізеді, сол себепті адамдар Қиямет Күнінде жазаға ұшырайды; ал кім оған мойынсұнудан бас тартса ол осы өмірде тозақта өмір сүргендей болады, алайда, мұндай адамдар Қиямет Күнінде мәңгілік жұмаққа мұралы етіледі. [10]

Дәҗҗәлмен бірге болатын таудай-таудай нан мен су, біріншіден, экономикалық және әлеуметтік салада Батыс әлемінің озықтығы мен қуаттылығын және басқа әлемдерден асып түсуін білдіреді. Екіншіден, ол ойлап тапқан: поезд, ұшақ, теплоход сияқты көліктің жаңа түрлері меңзеледі, олармен жүрген кезде азық және тағы басқа ыңғайлылықтар көрсетіледі. Қасиетті Пайғамбар сәс, өзінің алған аяндарында Дәҗҗәлдің осындай көлік құралдарын көрген кезде, оларды суреттеп бергені сондайлық, олар бізге қазіргі заманауи көліктердің сұлбасын ап-анық қылып сызып береді. Бұның барлығы біздің қожайынымыз Қасиетті Пайғамбарымыздың сәсхақтығының тірі куәсі болып табылады, сонымен қатар Дәҗҗәлдің болмысын ап-анық қылып анықтайды.  Қасиетті Пайғамбар сәс былай деген, Дәҗҗәлдің есегінің ұзындығы жетпіс фут және ол айдай ақшыл болады. [11] Оның шапшаң қозғалысына келетін болсақ, онда оның екі қадамының арасындағы қашықтық күн мен түнге теңеседі; ол үшін жер «бүктеліп» қалады. Ол тіпті бұлтармен жарысып, Батыс жаққа күн батпай тұріп жетіп алады, және тереңге бойлап теңіздерді шарлайды. Оның алды түтіндетіліп тұрады, ал артында гүлденген жасыл желекті таулар қалып отырады. Дәҗҗәл жақтастарын өзіне дауыстап шақырғанда, оны дауысы Шығыста да, Батыста да жаңғырық болып естіледі. [12]

Хадистерде Дәҗҗәл ойлап тапқан көлік құралдарының шапшаң қозғалысымен бірге, оның таңғаларлық күш-қуаты жайында сөз етіледі. Атап айтқанда, Дәҗҗәлдің есегі теңізге кіргенде, су оның тізесіне ғана жетеді; кейде оның жасаған бір қадамы  үш күндік қашықтыққа тең келеді. [13] Кей өткелдерді ол жеті күнде өтеді, онымен бірге екі тау болады, оның бірі – жеміс-жидек пен азық-түліктерден және т.б. тұрса, екіншісі – көк түтін мен оттан тұрады. [14] Сонымен қатар Дәҗҗәлға жетпіс мың яһудилік ерлер мен әйелдер қосылады. [15] Кейбір мұсылман ғұламалары Қасиетті Пайғамбарымыздың сәс айтқан есегін темір жолмен жүретін поезд деп түсіндірген. [16]

Дәҗҗәлдің дәп осындай көлік құралы шииттік әдебиеттерде де кездеседі, онда осы айтылғандарға қосымша, ақыр заманда терезесі мен орындықтары бар көліктер пайда болады делінген. [17]

 

Дереккөздер:

 

[1]. Бұхари. Сахих. Китәбу-л-әнбийа. Бәбу қаули(А)ллаһи уә ләқад арсәлнә Нухән илә қаумиһи.

2. Бұхари. Сахих. Китәбу-л-фитән. Бәбу зикри-д-дәҗҗәл.

3. Бұхари. Сахих. Китәбу-л-фитән. Бәбу зикри-д-дәҗҗәл.

4. Ибн Әби Шәиба. Мұсаннаф. 15-т., 374-бет, Идарату-л-Кұр’ани уә-л-’улүми-л-исләмийя, Карачи.

5. Ибн Әби Шәиба. Мұсаннаф. 15-т., 374-бет, Идарату-л-Кұр’ани уә-л-’улүми-л-исләмийя, Карачи.

6. Ахмад бин Ханбал. Мұснад. 5-т., 38-бет, Дару-л-фикр әл-‘арабий, Бейрут.

7. Мүслим. Сахих. Китәбу-л-фитән. Бәбу зикри-д-дәҗҗәли.

8. Мүслим. Сахих. Китәбу-л-фитән. Бәбу зикри-д-дәҗҗәли.

9. Келесі кітаптан алынған ой: Хазрат Мирза Ғұлам Ахмад. Тухфа гуларвиййа. С. 21. // Рухани хазаин. Т. 17. Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984. С. 120.

[1]0. Фәтху-л-Бәри, шарх Бұхари. Китәбу-л-фитән. Бәбу зикри-д-дәҗҗәл.

1[1]. Мишкәту-л-мәсәбих. Китәбу-л-фитән. Бәбу-л-’әләмәти уә зикри-д-дәҗҗәли. 3-ші бөлім.

[1]2. Кәнзу-л-‘уммәл. 7-т., 366-бет, Низәмия Энциклопедиясы, Хайдарабад.

[1]3. Ибн Әби Шәиба. Мұсаннаф. Китәбу-л-фитән. 172-бет, 15-т., Идарату-л-Құр’әни уә-л-’улүми-л-исләмийя, Карачи.

[1]4. Кәнзу-л-‘уммәл. Китәбу-л-қияма. 7-т., 201-бет, Низәмия Энциклопедиясы, Хайдарабад.

[1]5. Кәнзу-л-‘уммәл. 14-т., 329-бет, Мәктәбә тұрас әл-исләми, Халеб.

[1]6. Һәдия маһдәуия. 89-90 беттер, Низәм, Канпур. 1293 ж. х.

[1]7. Бихару-л-әнуар. 13-т., 153-бет, Иран. 1301 ж. х. Бәбу ‘әләмәти заһури-л-мәһди.


№12. Исламның мәсіхі, Тажалды «өлтіру», Яҗүҗ бен Мәҗүҗ

 

Науас бин Саман рә баяндайды, Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Тажалды сөз етіп былай деген екен: «Мен оны (мүшірік) Абдул-Ұзза бин Қатанға ұқсаттым, ол шашы бұйраланған, (ауыр) жүгі бар бір жас жігіт болып көрінді. Кім оны көретін болса Әл-Кәһф сүресінің алғашқы аятын оқысын». Сахабалар: «Ол (Тажал) жер бетінде қандай жылдамдықпен қозғалады?» - деп сұрады. Сонда (Пайғамбарымыз сәс) айтыпты: «Ол жел қуған бұлттың жылдамдығындай қозғалады. Дәл сол заманда Аллаһ Тағала Мәриямның ұлы Мәсіхті жібереді, ол Дамасктың шығыс жағынан пайда болады, ол екі сары жамылғыға оранып, қолдарын екі періштенің қанаттарына қойған күйде ақ мұнараның қасында төмен түседі... Ол Тажалды іздеуге шығып, оны Лұдд қақпасының маңынан тауып алады да өлтіреді. Сол кезде Аллаһ Тағала Исаға аян береді, онда былай делінеді: «Менде тағы бір адамдар бар, олармен соғысуға бүгін ешкімнің мұршасы жетпейді: сондықтан, құлдарымды Тур тауына қарай апар, сонда Аллаһ Тағала Яҗүҗ бен Мәҗүҗді жібереді, олар барлық белестерге бас сала шыға бастайды». (Мүслим. Китәб-үл-фитән. Бәбу зикри-д-дәҗҗәли.)

Хадистің түсіндірмесі:

 

Осы хадистің сенімділігі негізінде Имам Мүслим оған өзінің Сахих жинағынан орын берген. Бұл жерде осы ұзын хадистің таңдаулы бөліктері келтірілген. Бұл хадис ақыр заманның ең басты бүлігі - Тажалдың, Яҗүҗ бен Мәҗүҗдің шығуы, - сондай-ақ оларды «құртушы» Уәделенген Мәсіхтің келуі жайында сөз етілген әңгімелердің жинағы болып табылады, олар Қасиетті Пайғамбарымызға сәс көріпкелдік ретінде түсірілген. Қасиетті Пайғамбарымыздың сәс көрген бұл түсі жорамалды қажет етеді. [1]

Хадистегі басты көріпкелдіктердің бірі Уәделенген Мәсіхтің келетін жері жайында әңгімелейді, атап айтқанда: ол жер Дамаскінің шығыс жағында орналасқан. Мәсіх пен Мәһдилікке талап білдірген адамның, яғни Хазірет Мирза Ғұлам Ахмадтың туған жері – Қадиан елді-мекені, көріпкелдікте дәлме-дәл айтылғандай, Дамаскінің шығыс жағында, (жағрафиялық) бір ендікте орналасқан. Хадистегі ақ мұнара физикалық зат ретіндегі мұнараны білдірмейді, өйткені Қасиетті Пайғамбардың сәс заманыңда мұнараларды тұрғызу үрдісі мүлдем болмаған, және де, сол заманда Дамаскіде, баяндамада айтылған мұнараға ұқсас ешқандай мұнара болған емес. Дамаскінің шығыс жағында тұрғызылғанҖәми-үл-умәуий мешітінің мұнарасы һиҗра бойынша сегізінші жүзжылдықтан бастау алады. [2]

Сондықтан, «ақ мұнараның қасында түсудің» түсіндірмесін заманымыздің өзі жасады, яғни қатынау мен ақпарат тарату құралдарының дамуының нәтижесінде әлемге Ислам жолдауын жеткізу едәуір жеңілдейді, және Исламның нұры мен дауысы дүниежүзіне тез тарайтын болады.  Сол секілді келтірілген хадисте Мәсіхтің оранған екі сары жамылғысы жайында сөз етіледі: олар – екі дертті білдіреді. [3] Мұндағы жәйт келесіні меңзейді, осы екі дертке қарамастан, Исламға ұлы қызмет етудегі Уәделенген Мәсіхтің бойына сіңірген күші Құдайдың белгісі болып табылады, яки Мәсіхті Құдай Тағаланың өзі жібергендігін білдіреді. Осылайша, Қадиандық Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад (ас) бас айналу мен диабетке қарамастан, Исламды қорғау, хақтығын растау жолында сексеннен астам кітап жазып шығарған, бұл шын мәнінде, мақтауға тұрарлық жоғары дәрежедегі қызмет болып табылады. Екі періштенің астарындағы мән періште міңезді адамдарды білдіреді,  Уәделенген Мәсіх  (ас)  олардың көмек-жәрдемімен сүйемелденетің болады. Осыған орай, Сахих Бұхаридің бір баяндамасында екі ер адам жайында айтылған, Уәделенген Мәсіх (ас) олардың ыйықтарына қолдарын қойып жүреді делінген. [4] Осылайша, Аллаһ Тағала шыныменде Хазірет Мирза Ғұлам Ахмадқа, міңездерімен расында «періште» болған көмекшілер мен серіктестерді тарту етті.

Тажал – деген сөзге келетін болсақ, онда арабтың «Дәҗҗәл» сөзі бір-нәрсені жасыру және өтірік жылтырату дегенді білдіреді. Сол секілді өтірікші, суайт адамды да Дәҗҗәлдеп атайды. Сондай-ақ, өздерінің көптігінің арқасында дүниежүзіне тарап және сауда-саттықтың арқасында алынған зат-тауарларымен бүкіл жер бетін толтырған адамдардың тобын да Дәҗҗәл дейді. [5] Осы белгі-сипаттардың барлығын, соңғы нүктесіне дейін, діни және дүнияуи христиан ғұламаларынан табуға болады, олар Исаны Құдай деп жариялап ең үлкен өтірікті ойлап тапты. Сонымен қатар Тажал (Дәҗҗәл) – Батыс халықтарының діни атауы, ал саяси күш-қуаты жағынан оларға Яҗүҗ және Мәҗүҗ деген атау берілген. Яҗүҗ бен Мәҗүҗ деген сөз ‘әҗиҗ сөзінің түбірінен шыққан және ол оттың жалындауы дегенді білдіреді. [6] Басқаша сөзбен айтқанда, сол халықтың атауының өзінде-ақ ишара бар, яки бұл халықтың өкілдері отты бағындыра отырып, одан өнерлі түрде өздеріне пайда шығара алатын болады. Екінші ишара бұл халықтардың от міңезділігін білдіреді, яғни олар тым тәкаппар, басқаларды менсінбейтің, өте жүйрік, жылпос, қу және сақшыл адамдар болып табылады. Хадистерде, бір жағынан, осы халықтардың, яғни Яҗүҗ бен Мәҗүҗдің үстемдігі туралы сөз етіледі, ал екінші жағынан, Тажалдың үстемдігі туралы айтылады, бұдан анық болғаны, бұл бір ғана халықтың екі сипат атуы, өйткені егер олай болмаса, онда егер бір халық дүниежүзін билеп отырғанда, екіншісінің үстемдігі қалай жүзеге аспақ. Әл-Кәһф сүресінің соңында Яҗүҗ бен Мәҗүҗдің ойран салатын бүлігі туралы айтылады, ал жоғарыдағы хадисте Тажалдың бүлігі суреттеледі және одан құтқарылу үшін Қасиетті Пайғамбар (сәс) үмметіне Әл-Кәһф сүресінің бастапқы және соңғы аяттарын оқысын деп бұйырған. Бастапқы аяттарда Құдайға Ұл қосқан адамдарға ерекше ескерту жасалған, сондай-ақ: Иса Мәсіхті Құдайға балау, «күнәні өтеу» және т.с.с.  христиандардың жалған нанымдары жоққа шығарылады. Бұдан бізге мәлім болғаны Тажал есімі христиан халықтар қоғамдастығына берілген атау, және оларға теориялық, практикалық тұрғыда қарсы тұру үшін Әл-Кәһф сүресін оқуға назар аударылған.

Әл-Фәтихә сүресінде мұсылмандарға адасқандардың жолынан аулақ болындар делінген, ал Қасиетті Пайғамбарымыздың (сәс) пікірі бойынша бұл христиандар жайында айтылған. Міне, Тажалдың нағыз өзі осылар, Әл-Кәһф сүресінің 103-ші аятынан 106-шы аятына дейін олар туралы келесі түрде айтылған: олар тақуаның киіміне киініп алса да, бәрібір, олардың бар ынталары дүниеліктен аспайды, олар өздерінің материалдық және өнеркәсібтік шарықтауларына құмарларын қандыралмай келеді. Мінеки, мысалға Ресей империясы және т.с.с. мықты дамыған елдер Библияда «Гог» (Яҗүҗ) деп аталған және олар да батыстың тұрғындары делінеді. [7] Батыс халықтары осы күнге дейін өздеріне әлгіндей көне атауларды қаймықпастан қолданып келеді: бұған Лондонның Гилдхолында «Гог» пен «Магогтың» (яғни, Яҗүҗ бен Мәҗүҗдің) мүсіндерін қоюы жеткілікті дәлел болып табылады, 1951 жылы әлгі мүсіндерді реставрациялау кезінде және соған байланысты қабылдау шарасы болғанда Уинстон Черчилль Гог деген атауды Ресейге, ал Магог – деген атауды Америка мен оның одақтастарына берген. [8]

Шаһ Уәлиулла Мұхаддис Дехлевидің анықтамасы бойынша Тажал барша зұлымдықтың жиынтығы, ал Яҗүҗ бен Мәҗүҗ іс-жүзіне асып дамыған Тажалдың рухы болады деген. Солардың арқасында зұлымдық кәдімгі үйреншікті нәрсеге айналып, бүкіл әлемдік жүйенің берекесі кетеді. [9] Түсті жорамалдау кітаптарында Тажалды «өлтірудің» түсіндірмесі жалған сенімдер мен дінге бидығат (жаңашылдықты) еңгізушілерді әшкерелеу деп берілген. [10]

Келтірілген хадисте Тажал Лұдд қақпасының маңында «өлтіріледі» делінген. Лұдд сөзі «айтысу» («дауласу», «пікір таластыру») дегенді білдіреді. Демек, Тажалды «өлтіру» дегеніміз, қисынсыз жалған сенім-нанымдарды қиратып, пікір таластыру алаңында ғылыми және интелектуалдық білімнің арқасында алынған уәж-дәлелдермен Тажалды ойсырата жеңу деген сөз. Мәсіхтің осы міндетті хадистерде басқа да сөзбен аталған, яғни «крестті қирату».

Әбу Һурайрадан (оған Алланың ризашылығы болсын) жеткен бір баяндамада Тажалдың өлімі келесі түрде сөз етіледі, Мәрияның ұлы Иса әс келген кезде, ол мұсылмандарды жамағатпен намаз оқу үшін жинайды және намазға өзі имамдық етеді, оны көрген Құдайдың дұшпаны (Тажал) суда еріген тұз секілді еріп кетеді. Егер Уәделенген Мәсіхәс тіпті оны жібере салса да, ол бәрі-бір ериді де, өздірігінен өліп қалады. Алайда, Аллаһ Тағала оны Мәсіхтің қолымен «өлтіреді», ол оның (Тажалдың) қаның Өзінің найзасында көреді. [11]

Сонымен қатар хадистерде Тажалдың шығыс жақтан пайда болатыны айтылады, ол заман қарама-қайшылықтар мен секталарға бөліну заманы болады, Тажалдың билігі «қырық күнге» дейін созылады, яғни, бүтін бір дәуірді қамтиды, сол кездері мүміндер үлкен қыйыншылықтарды бастан кешеді, міне, сол кезде Иса келеді және жамағат намазын өткізеді (басқарады). Ол рүкүһтен кейін басын көтеріп, сами’а(А)ллаһу лимән хәмидә деген кезде, Аллаһ Тажалды «өлтіреді», сөйтіп мұсылмандар жеңіске жетеді. [12]

Қарастырылып отырған хадистің соңында Тажалмен білектің күшімен соғысуға ешкімнің қауқары жетпейтіні айтылған. Сол кезде Уәделенген Мәсіхке әс шынайы мүміндерді алып Тур тауына қарай барындар да, соны паналандар делінген бұйрық түседі, яғни бұл ғибадат пен намаз-дұғаға көбірек көңіл бөлудің қажеттігін білдіреді. Әлгі алпауыт халықтар өздерінің күш-қуаты мен сайтани қулықтарының арқасында ешқашанда жеңілмейтіңдей болып көрінсе де, ақыр аяғында, сол намаз-дұғалардың арқасында жеңіліске ұшырайды. Сол кезде әлгі халықтармен қоса, нағыз Тажал да,  яғни Уәделенген Мәсіх әс дәуірінің сайтаны түбегейлі жеңіледі.

 

Дереккөздер:

 

[1]. Бұхари. Сахих. Китәбу-л-әнбия.; ‘Әлләмә Дәйилми. Фирдаусу-л-ахбар. 486-бет. Дару-д-дийан ли-т-турас. Каир.

2. ‘Әлләмә Хафиз ибн Касир. Әл-бидәя уә-н-ниһәйә. 14-т., 189-бет, Мәктәбәту-л-мә‘әриф. Бейрут.

3. Имам Мұхаммад бин Сирин. Тәфсиру-л-әһләм. 240-бет,  Ливан.

4. Бұхари. Сахих. Китәбу-л-әнбийа. Бәбу уә-зкур фи-л-китәби Марйам.

5. Лисану-л -‘араб. “Дәҗҗәл”.

6. Лисану-л -‘араб. “Йа’җуҗ”.

7. Иезекииль, 38-т., 1-4 шумақтар.

8. Лондон Тайм, 10 қараша 1951 ж.

9. Шаһ Уәлиуллаһ Мұхаддис Дехлеви. Әл-хайру-л-касир. 393-бет, Аударма ‘Абиду-р-Рахман Кандахләуи. Нашир Кұр’ан Махали Муқабалә, Мәуләуи Мұсафир Хан, Карачи.

[1]0. Мұхаммад бин Сирин. Тәфсиру-л-әһләм. 638-бет,  Ливан.

1[1]. Мүслим. Сахих. Китәбу-л-фитән. Бәбу зикри-д-дәҗҗәл.

[1]2. Мәҗмә‘у-з-зәуәйид уә мәмбә‘у-л-фәуәйид. 7-т., 349-бет, Дару-л-китәби-л-‘арабий, Бейрут (Ливан).

 


№13. Құтқарушы – Мұхаммедтің сәс үмметінен шығады

 

Абду-р-Рахман бин Жұбайр (оған Алланың ризашылығы болсын) өзінің әкесіне сілтеме жасап баяндайды, Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай депті: «Күмәнсіз, Тажал сендер секілді адамдардың дәуірінде өмір сүреді, бәлкім олар сендерден гөрі жақсырақ болатын шығар, алайда бұл үмметтің алдында мен тұрғанда, ал соңында – «Мәриямның ұлы Иса» тұрғанда, Аллаһ Тағала ешқашанда бұл үмметтің құрып кетуіне жол бермейді». (Мұстадрак Хаким. Китәб-үл-мағази. Бәбу зикри фәзыләти Җә‘фар рә)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті Имам Ибн Әби Шәиба, Әлләмә Дәйилми және ‘Әлләмә Сұйути де келтірген. Имам Хаким Бұхари мен Мүслимнің қағидасына сүйене отырып оны сенімді баяндама деп анықтаған [1]; сонымен қатар бұл хадистің жоғары дәрежедегі сенімділігі жайында Әлләмә бин Хажар да айтып кеткен. [2]

Келтірілген хадистен ұққанымыз, Мұхаммед сәс үмметінің пешенесіне тек қана сектанттық топтарға бөліну, бүлік пен ылаң, өтірікшілер мен жалған аттылар келіп солар арқылы заңсыздықтар мен опаттың кең тарауы ғана жазылмаған, сонымен қатар Мәриямның ұлы Исаға ұқсайтың адамның келуі жайында ізгі хабар берілген, ол құтқарушы күйінде келіп, күйреп бара жатқан үмметті толықтай жойылудан сақтап қалады. Осы хадис біраз айырмашылықтармен сүннеттік және шииттік ой мектептерінде де кездеседі. Шииттік баяндамада сонымен қатар келесідей қосымша ақпар бар:

«Менің үмметім қалайша жойылып кетпек, егер оның бастауында мен, Әли және менің ұрпағымнан шыққан онбір зерделі, өткір рухани көзі бар адамдар тұрса, ал оның соңында – Мәсіх әс тұрғанда. Алайда, аралық дәуірдің адамдары жойылады, олардың маған еш қатысы болмағандай, менің де оларға еш қатысым болмайды». [3]

Ибн Асакир және т.б. кейінгі сүннит авторларымен жазылған кітаптарда уә-л-Мәһдийу фи уәстиһә деген сөздер кездеседі, яғни, Мәһди орта дәуірде пайда болады, - алайда бұл сөздер ертеректегі жазбаларда жоқ. Осылайша, атақты шиит ғұламасы Шайх Әли Құрани әлгі хадиске өзінің пікірін білдірген кезде, әлгі: уә-л-Мәһдиййу фи уәстиһәдеген сөздер көне кітаптарда еш кездеспейді деп жазған. [4] Басқаша сөзбен айтқанда, «Мәһди орта дәуірде пайда болады» деген сөйлем кейінгі замандардағы бұрмаланған қосынды. Алайда, Исламның барлық ой мектептері Пайғамбарымыздың сәсмына айтқанын, яки: «мені мен Мәсіхтің арамыздағы дәуір қисық жолға жаппай бет бұрудың дәуірі, ол адамдардың маған еш қатысы болмағандай, менің де оларға еш қатысым болмайды» - дегенін растайды. [5] Бұл хадистен мәлім болғаны, Қасиетті Пайғамбар сәс өзінің үмметінің құрдымға кетуден құтқару үшін тек бір адамды ғана, яки – «Мәриямның ұлы Исаны» айтқан, және одан бөлек Мәһди жайында айтпаған («Исадан басқа ешкім Мәһди емес»). (Ибн Мәҗәһ. Китәб-үл-фитән. Бәбу шиддати-з-замани)

Демек, басқа хадистерде анық айтылғандай Уәделенген Мәсіх әс әлгі Имам Мәһдидің өзі болады.  Яғни, Уәделенген Мәсіх пен Мәһди бір адамның екі есімі.

Сондай-ақ, осы хадистен Исламның орта ғасырлардағы күй-жағдайы, руханияты жайында және сол замандардағы мұсылмандардың сенім-нанымдары қандай болғаны жайында пікір қалыптастыруға болады, соның негізінде Қасиетті Пайғамбар сәс оларға қатысты өзінің риза еместігін білдіріп, олардан бас тартаның айтқан.

 

Дереккөздер:

[1]. Имам Хаким. Мұстадрак. 3-т., 41-бет. Мәктәбәту-н-наср әл-хадисиййа, Рийад.

2. Фәтху-л-Бәри. 7-т., 5-бет. Идара нашр әс-суннә, Урду Базар, Лахор.

3. ‘Уйун ахбар ар-Риза. 1-т., 53-бет. (дәйексөз: Мұ‘жаму ахадиси-л-имами-л-Мәһди. 1-т., 526-бет. Мә‘әриф Исләмийя, Кум, Иран.)

4. Мұ‘жаму ахадиси-л-имами-л-мәһди. 1-т.,  527-бет. Муәссисәту-л-мә‘әрифи-л-исләмийя, Кум (Иран).

5. ‘Әлләмә Дәйилми. Фирдаусу-л-ахбар. 3-т., 339-бет. Дару-д-дийан ли-т-турас, Қаир.; Кәнзу-л-‘уммәл. 7-т., 202-бет. Низәмиййа Энциклопедиясы, Хайдарабад.

 


№14. Үмметтің реформаторлары (ағартушылары) жайындағы көріпкелдік

 

Әбу Һурайра (оған Алланың ризашылығы болсын) Алланың Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ осы үммет үшін әрбір жүзжылдықтың басында осы үмметтің дінін қайта қалпына келтіріп отыратын адамдарды жіберетің болады», – деп айтқанын баяндайды. (Әбу Дауд. Китәб-үл-мәләһим. Бәбу мә йузкару фи қарни-л-миати)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті Әбу Дауд өзінің Сунән атты кітабында, ал Хаким өзінің Мұстадрак атты кітабында баяндаған. Оның сенімділігін Имам Хаким мен ‘Әлләмә ибн Һәжәр бірауыздан құптаған. [1] Бұл хадис шииттік ой мектебімен де мойындалады. [2]

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде мұсылмандарға, имандарын берік ету үшін, наменгерлерді (Халифаларды[4]) жіберем деп уәде берген, басқа бұрын халықтарға жібергендей. («Ан-Нұр» сүресі, 24:56). Яғни, бұл ізгі Халифаттың[5] (орынбасарлықтың) тізбегі, сосын үмметтің мұҗәддид (дінді қайта қалпына келтірушілердің) тізбегі түрінде халифат пайда болды. Келтірілген хадис бойынша, әрбір дәуірде және әрбір жаңа жүзжылдықта осындай имамдар, ғұламалар, (фиқһ) заңгерлері, мұфассирлер[6] менмұхаддистер[7]келіп отырған, олар қолдарын білектерін түріп қойып, дін үшін аянбай қызмет еткен.

Ахмадийя Мұсылман Жамағаты соңғы он үш жүзжылдықтың ішінде пайда болған үмметің барлық мұҗәддидтеріне сенеді, сонымен қатар Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад (ас) һиҗра бойынша онтөртінші жүзжылдықтың басында келіп, дінді қайта жаңғыртуға тиіс болған Мәсіх-Мәһдидің өзі екендігіне сенеді, ол тоқырауды тоқтатып, Исламды қайтадан сергітуге тиіс болған және жоғарыда келтірілген хадисте аталған имамның дәп өзі. [3]

Демек, онүш ғасыр бойы келіп отырған үмметтің барлық ағартушыларын тануда біз (басқа мұсылмандармен бірге – Р.А.) бірауыздан құптаймыз; алайда, он төртінші жүзжылдықтың ағартушысы (реформаторы) қайда сонда? Бұл өте маңызды сұрақ, бұған жауапты бүгін Ахмадийа Мұсылман Жамағатынан басқа ешкім бере алмайды, өйткені басқа ешбір талапкердің жоқтын қасы, сондықтан Хазірет Мирза Ғұлам Ахмадты (ас) 14-ші жүзжылдықтың мұҗәддиді (дінді қайта қалпына келтірушісі) және Мәсіх-Мәһди екендігін мойындау игі шара болмақ. Ол 1907-ші жылы баршаға жар сала былай деп мәлімдеген:

«Исламның ізгілері де бұл дәуірді ақыр заман дәуірі деп анықтаған және онтөртінші жүзжылдықтын басынан міне 23 жыл өтіп қойды. Демек, осы заман Уәделенген Мәсіхтің келер заманы екеніне мықты дәлел болып табылады және де мен осы ғасырдың басында-ақ  талабымды жария еткен, сол адамның өзімін. Мен сол адамның өзімін, талабымды жария еткеннен бері 25 жыл өтті, мен әлі де тірімін, араларында жүрмін. Құдайдың берген белгілерімен христиандық және тағы басқа діндердің ізбасарларына тойтарыс берген адам менмін. Демек, маған қарсы (уәж) ретінде осындай сипат-қасиеттері бар басқа талапкер ұсынылмайынша, менін талабым, яки ақыр заманның реформаторы – Уәделенген Мәсіх – мен екенім дәлелденген болып табылады». [4]

Еш күмәнсіз, ол – тек ол ғана – Уәделенген Мәсіх болып табылады (оған Алланың сәлемі болсын), соның арқасында пайғамбарлық негізінде халифаттың (орынбасарлықтың тізбегі) құрылатыны жайындағы көріпкелдік орындалды, бұл тізбек, хадиске сай «...Сосын пайғамбарлық негізінде халифат орнатылады» [5], Қиямет Күніне дейін сақталатын болады, және Ахмадийяттың халифтері дінді қайта жаңғырту мен оған қызмет ету ісін жалғастыра бермек. Егер бұған Алланың қалауы болса. Ақиқатында: барлық іс тек Оның қалауымен болмақ.

 

Дереккөздер:

[1]. Мәуләуи Фахр әл-Хасан Гангви. Әт-тә‘лийку-л-махмұд. Сунән Аби Дауд.  233-бет, Адаб-и-манзил, Чаук, Карачи (Пәкістан).

2. ‘Әлләмә Әбу Жа‘фар бин Мұхаммад Я‘құб Каляйни. Әл-фуру‘ мин әл-җәм‘и-л-кәфи. 2-бөлім, 192-бет,  Әл-Ә‘лә Нау Лакшор.

3. ‘Әлләмә Йусуф бин Яхйа әл-Мұқаддаси әш-Шәфи‘и ‘Әлим. (VII х.х.) ‘Ақду-д-дүрар фи ахбар әл-мұнтазир. 227-бет, Бірінші басылым. 1979 ж. Мәктәбәт ‘Әлиму-л-фикр. Қаир.

4. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Хақикату-л-уәхи. 194-бет, // Рухани Хазаин. 22-т., Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984 ж., 201-бет.

5. а) Ахмад бин Ханбал, Мұснад. 4-т., 273-бет, Дару-л-фикр. Бейрут;

ә) ‘Али бин Сұлтан Мұхаммад әл-Қари (һиҗра б/ша 1014 ж. өлген).

б) Мирқату-л-мәфәтих, шарх мишкәт әл-мәсәбих. 108-бет, Мәктәбә имдадиййа, Мултан.

 


№15. Шоқ жұлдыздардан дінді кері қайтаратын – Парсылық ер

 

Әбу Һурайра (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды:

«Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әл-Жұма сүресі аян болып түскенде, біз онымен бірге отырғанбыз. Бір кезде ол: уә ахирина минһум аятын айтты, ол (аятта) Аллаһ Тағала Қасиетті Пайғамбарды сәс тағы басқа адамдамдарға жіберетіні туралы айтылған (ол оларға кітап пен даналыққты үйретеді), олардың заманы Сахабалардың рә заманынан кейін орыналатын болады. Сонда бір адам одан сұрады: «О, Алланың Елшісі, ол адамдар кімдер?» Пайғамбар сәс жауап бермеді, әлгі адам сұрағын екі-үш қайталамайынша».

Әбу Һурайра рә сөзін арықарай жалғастырады: «арамызда Парсылық-Салман рәотырған. Пайғамбар оның иығаны қолын қойып, былай деді: «егерде дін (имандылық) тіпті Шоқ жұлдыздарға дейін көтеріліп кетсе де, онда мыналардан шығатын (яғни, Салманның халқынан шығатын – Авт.) адамдар немесе бір адам оны қайтадан кері қайтарады (яғни, дінді (имандылықты) қайта орнатады – Авт.)». (Мүслим, Китәб-үл-фәзәил, Бәбу фазли Фараси; Бұхари, Китәб-үт-Тәфсир, Әл-Жұма сүресі)

 

Хадистің түсіндірмесі:

Бұл айтарлықтай танымал хадис Мүслимде, Тирмизиде және Насаиде бар. [1] Бұл хадиспен шииіттік мектептер де келіседі. [2] Келтірілген баяндамадан бірнеше жәйттерді тізбектеуге болады:

1)           Қасиетті Пайғамбардың сәс «екінші рет келетің» дәуірі имандылық жер бетінен құрып кеткен кезеңде орыналады, және адамдар Исламды  іс-жүзінде ұстанбайды.

2)           Қасиетті Пайғамбардың сәс «екінші рет келуі» арабтар арасынан емес, Парсылық-Салманның халқының арасынан шығатын адам түрінде жүзеге асады. Бірде әлгі Парсылық-Салманға рә қатысты Қасиетті Пайғамбар сәс оған деген өзінің мейірімін білдіре отырып, былай деген: «Салман – біздің адам, Салман – ахлю-л-байт (яки «біздің үйдің адамынан» -А.Р.)» [3]

3)           Қасиетті Пайғамбардың сәс «екінші рет келуінің» ниет-мақсаты имандылықты қайта орнатып, Ислам дінің қайта жаңғырту болып табылады.

4)           Сонымен қатар, Ислам діні мүшкіл халде болған кезде, Исламды қайта жаңғырту үшін келетін Мәсіх басқа хадистерде Мәриямның ұлы Иса және Мәһди («(Құдайдың) жетекшілігімен жүрген» -А.Р.) деген есімдермен аталған, ал Құран Кәрімде (Әл-Жұма 62:4) Мәсіх пен Мәһдидің келетіні жайында айтылған, ол Қасиетті Пайғамбарға сәс толығымен бойұсына бағынғандығынын салдарынан Мұхаммед Пайғамбардың сәс екінші рет келуі іспетті деп аталып отыр. Мәсіх-Мәһдиді қабылдап, оған иман келтіру – бұл, басқа сөзбен айтқанда, Қасиетті Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның сәс өзің қабылдап, оған иман келтіру дегенді білдіреді.

Бір қызығы, үмметтің бірде бір өкілі осы хадистегі әңгіме сол туралы айтылған деп талабын білдірмеген. Бірақ кейбір адамдардың пайымы бойынша бұл хадистің сөздері Хазірет Имам Әбу Ханифа мен Имам Бұхариге қатысты дейді, алайда, біріншіден, осы екі ұлы адамдардың ешқайсысы бұған талабын білдірмеген; екіншіден, олардың өмір сүрген заманы екінші және үшінші жүзжылдықтар, ал Қасиетті Пайғамбар сәс бұл уақытты ең жақсы ғасырлар, ең жақсы дәуір деген болатын, ал парсылық-ердің келетің заманы имандылықтың (діннің) жер бетінен жоқ болып кететің заманы делінген. Бұдан мәлім болғандай, келтірілген баяндаманы парсы халқының Исламды қабылдаған уақытымен де байланыстыруға болмайды. Бұл белгі Уәделенген Мәсіхтің әс (1835-1908 жж.) дәуірінде ап-анық түрде орындалғаны сондайлық, бұған ұқсас бірде-бір мысалды өткен замандардан еш табалмайды. Оның қарсыласы, қас дұшпаны Мәуләуи Мұхаммед Хұссайн Баталуи де Уәделенген Мәсіхтің әс парсылық шығу тегін куәландырған. [4]

Уәделенген Мәсіх әс осы хадистің хақтығының куәлігі ол екені жайында Аллаһ Тағаладан хабар алып, былай деген:

«Бараһин Ахмадийя кітабының беттерінде бір емес бірнеше рет келтірілген Құдай Тағаланың уақиы осы хадистің сөздері маған қатысты айтылғаның, яки мен жайында екенің айқын түрде анықтап берді». [5]

Уәделенген Мәсіх Алланың атымен ант ішіп, бұл уақиды Құдай Тағаланың сөзі деген және оған жала жапқан қаскүнемдерге Құдайдың атынан қарғыс жолдаған, сондай-ақ өзін мойындамағандарды мұбахала дұғасына шақырған.  Бұған сөз косар болсақ, әлгі шақыруды қабалдауға осы күнге шейін ешкімнің батылы бармады. Уәделенген Мәсіх дін (имандылықты) қайта қалпына келтіре отырып, ұлы қызмет атқарып, Құран Кәрімді Шоқ жұлдыдардан кері қайтаратын парлысылық ерді Уәделенген Мәсіх деп анықтап берді. Ол бұған келесі түрдегі қисынды дәлелді келтірген: егер осы теңеуді мойындамайтың болсақ, онда парсылық-ердің дәрежесі Уәделенген Мәсіхтен әс де жоғары болатының қабылдауға тура келеді, өйткені  Мәсіхтің қызметі тек Тажалдыөлтіру деп суреттелген, бұл дегеніміз тек қана зұлымдықты жою деген сөз, алайда бұл құтқарылудың негізі болып табылмайды. Ал парсылықтық-ердің атқаратың қызметі адамды нағыз (иман келтірген) мүмінге айналдыру, бұл дегеніміз жақсылықтың көбейуі деген сөз, сондықтан оның рухани қызметі әлде-қайды салмақтырақ. Сондай-ақ, дінді (имандылықты) көк аспаннан кері қайтаратың кімнің күш-қабілеті бар болса, оған жер бетіндегі зұлымдықты да жоюға жеңіл болады. Сондықтан да парсылық-ер Уәделенген Мәсіхтің өзі болады, және де Құдай Тағаланың уақиына сай ол Қадианнаң шыққан Хазірет Мирза Ғұлам Ахмадтың әс тұлғасында жүзеге асқан.[8]

 

Дереккөздер:

[1]. Фәтху-л-Бәри, шарх Бұхари. 8-т. 642-643 беттер. Дару нашри-л-кутуби-л-исләмийя. Лахор.

2. ‘Әлләмә Тәбриси. Тәфсир мәҗмә‘у-л-бәйән. 10-т. 284-бет. Әл-Мәктәбәту-л-‘илмиййа әл-исләмийя. Тегеран.

3. Имам Хәким. Мұстадрак. Китәб мә‘рифәти-с-сахәбә. Зикр Салман әл-Фарси.

4. Мәуләуи Мухаммад Хуссайн Баталуи. Иша‘ату-с-суннә. 7-т. 193-бет.

5. Хазрат Мирза Ғұлам Ахмад. Татимма Хақикати-л-уәхи. 68-бет. // Рұхани Хазаин: 22-т. Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984. 502-503 беттер.

 


№16. Пайғамбарлық жолмен басталатын Халифат, және соған қатысты көріпкелдіктер

 

Алланың Елшісі сәс айтты деп Хұзайфа рә баяндайды: «Пайғамбарлық сендерде Алланың қалаған уақытына дейін сақталады. Сосын Аллаһ Тағала оны алып алады да, пайғамбарлық жолмен басталатын халифат орнатады, ол Алланың қалаған уақытына дейін сақталады; сосын Аллаһ бұл игілікті де алып алады; сосын күшті-мықты патшалықтың дәуірі келеді, ол Алланың қалаған уақытына дейін сақталады, сосын Аллаһ бұл патшалықты да алып алады, сол кезде қатыгез және зұлым биліктің уақыты келеді, содан кейін қайтадан пайғамбарлық жолмен басталатын халифаттың дәуірі орнайды. Содан кейін (Алланың Елшісі сәс) үнқатпады». (Мұснад Ахмад. 4-т., 273-бет, Дар-үл-фикр. Бейрут; Мишкәт, Бәб-ул-инзари уә-т-тәхзири)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадис Әбу Даудта, әт-Таялусиде, Мишкәтта баяндалған, сондай-ақ Табарани де өзінің Мұҗәм әл-аусат атты кітабында келтірген. Ғұлама Ибн Хажар Хайсми осы хадистің баяндаушылары сенімге лайықты деген. [1]

Негізінде бұл хадис Ан-Нұр (24:56) сүресіндегі истихляф аятына тәпсір болып табылады, ол аятта мұсылмандарға халифат уәде етілген. Келтірілген баяндамада Қасиетті Пайғамбар сәс Аллаһ Тағаладан хабар алып көріпкелдік жасаған, яки ізгі халифаттан кейін бөлек-бөлек әулеттердің патшалығы орнайды, бұны бастан кешу үмметтің пешенесіне жазылған-ды, сосын, ұзақ мерзімнен кейін және Уәделенген Мәсіхтің әс арқасында қайтадан пайғамбарлық жолмен басталатын халифат тізбегінін орнатылуы тағдыр парағына жазылған. Осы көріпкелдік Исламның өткен үш кезеніне дәлме-дәл орындалғандай, ол осы ақырғы дәуірде де, пайғамбарлық жолмен басталып орныққан халифат түрінде орындалып жатыр. Минһаҗ сөзі «кең, ашық жол» деген мағнаны білдіреді. «Пайғамбарлық жолмен басталатын халифат» дегеніміз толығымен Мұхаммед Пайғамбарымыздың сәс шариғат жолымен жүріп, оның өнегелі үлгісінен нәр алатын халифат деген сөз. Бұл сөздерде халифат өз алдына тәуелсіз болмайды, ол Мұхаммедтің сәс шариғат заңына толығымен бағынышты болады деген нұсқама бар. Бүгінде, бүкіл дүниежүзінде тек Ахмадийя Мұсылман Жамағаты ғана осындай мағынадағы халифатқа дәмегөй. Қазіргі уақытта біз, Алланың наменгері – Мәсіх-Мәһди Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад Қадианиден басталған Халифаттың Бесінші кезеңінде өмір сүріп жатырмыз, және Алланың қалауы болса, бұл берекелі Халифат Қиямет Күніне дейін жалғасын таппақ, өйткені Қасиетті Пайғамбар сәс айтулы халифат дәуірінен кейін  ешқандай басқа уақыт кезеңі туралы сөз қатпаған, яки «Пайғамбарлық жолмен басталатын халифат» жөніндегі сөздерді ғана айтып, сосын үндемей қойған. Бұдан мәлім болғандай, ақыр заманда Аллаһ Тағала бұл үмметке осы Халифатты бағалай білетін игі қабілетті тарту етеді, және де, біз, осы берекелі Халифатқа біріккен Жамағаттың басым көпшілік мүшесі имандылық пен ізгілікке адал болып қалады деген үміттеміз, соның нәтижесінде халифаттың дәуірі Қиямет Күнінен дейін жалғасын табады. Егер бұған Алланың қалауы болса, ақиқатында барлығы Оның қалауына тәуелді.

 

Дереккөздер:

 

[1]. Иттихафу-л-җәмә‘әти би мәҗә’и фи-л-фитәни уә-л-мәләһими уә әшра‘әти-с-сә‘әти. Тә’лиф: Хамуд бин ‘Абдиллаһ әт-Тәуиҗри. 1-бөлім, 171-бет. (1394 ж. х.)

 


№17. Мәһдиді қолдап, оған көмек беру – парыз

 

Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты деп Әли (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды:

«Мауреннаһырдан Харис есімді адам шығады. Оның басты әскерінің көсемінің есімі Мансұр болады. Алланың Елшісін сәс нығайтудың құралына айналған құрайыштар (Исламды қабылдағандар – А.Р.) секілді, ол да Мұхаммедтің сәс үмметің нығайтудың құралына айналады. Әрбір иман келтірген адам оны қабылдап, оны қолдап және оған көмек беруі міндет. (Әбу Дауд, Китәб-үл-Мәһди, Ахир Бәб)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті Наса’и мен Байхақи және Ғұлама Багви өзінің Мәсәбиху-с-сүнна атты кітабында келтірген. Шииттік мектептер де бұл баяндаманың сенімділігін мойындайды. [1]

Бұл хадисте Мәуреннахр (Самарқан, Бұхара) жақтан шығатын адам жайында айтылған, оның лауазымы Харис бин Харрас болады.

 

Бұл лауазымдағы харис, яғни «диқаншы» сөзінің сөздік мағынасында, әлгі адамның жеке өзінің және ата-бабасынан жалғасып келе жатқан әулеттік кәсібене нұсқама бар – ол «диқаншылық». Яки ол ауылдық диқаншылардың құрметті әулетінен шығады. Хазірет Молда Әли Қари осы хадисті түсіндірген кезде келесі бір маңызды мәселені көтерген: баяндамада «әрбір иман келтірген адам оны қабылдап, оны қолдап және оған көмек беруі міндет» деген сөздердің бар болғанына қарағанда, бұл жәй қарапайым адам туралы емес, бұл сөздер Имам Мәһдиге нұсқау жасайды деген. [2] Бұдан бөлек, тағы екі белгі Молда Әли Қаридің пікірін растайды. Біріншісі: әлгі адамның туған жері Мауреннаһыр делінген, яғни Самарқан мен Бұхараның аймағы, негізінде бұл жер ол кездері Парсы патшалығының бір бөлігі болған, ал Сахих Бұхаридегі[9] хадисте дін (имандылықты) Шоқ жұлдыздардан кері қайтарып, оны жер бетіне қайта орнататын Мәһди де Парсылықтардан шығады делінген. Екінші белгі – хадистегі йумаккину сөзі. Дәл осы сөз Құран Кәрімнің истихляф аятында (Ан-Нұр 24:56) Исламның халифаларының белгісі ретінде қолданылған, бұл дегеніміз, Аллаһ Тағала осы халифалар арқылы Мұхаммедтің сәс дінін нығайтады. Сондықтан, осы хадисте Мәһдидің туған жері мен оның міндеттері бейнеленгеннен кейін, оған көмек беріп, оны қолдау барлық иман келтірген мүміндердің парызы болып табылады. Бұл жерде тағы бір айта кететін жәйт, осы күнге шейін бірде-бір қоғамда құрметті самарқанд диқаншысы  «мен Мәһдимін» - деп, талабын білдірген емес. Мұндай жариялықты тек бір ғана адам жасады – ол Мәсіх-Мәһдидің рөліне талапкер Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад Қадиани әс, оның тарихи отаны Самарқан болып табылады. Оның ата-бабасы Бабыр ханның заманыңда Үндістанға көшіп барған, және Пенжабда Мирза Ғұлам Ахмад Сахибтің әулеті жериелігі ретінде бірнеше ауылды мекендерді алған, осы мағынада оның әулеті ауылды диқаншылардың құрметті әулеті болып табылады. Сонымен, бұл келтірілген хадисте Харис сөзімен суреттелген оның жеке әулеттік белгісі болған-ды.

Демек, Харис те, Мәсіх те, Мәһди де шын мәнінде бір адамның есімдері болып табылады. Харис сөзінде сонымен қатар рухани мағына бар: ол, яғни Харис, имандылықтың қайнар бұлағымен халықтың өскіндерін суғарып, кеуіп қалған жүректерді нәрлендіреді. [3] Ал, Мансұр есімі берілген Харистың рухани әскерінің қолбасшысына келетің болсақ, бұл жерде ерекше қолдаумен қамтылған оның халифаларының (яки, ісін жалғастырушы орынбасарларының) бірі болуы мүмкін.

Негізінде, бұл жерде Мәһдидің әрбір халифасы (орынбасары) Аллаһ Тағаланың тарабынан қолдауға ие болады дегенді білдіруі әбден мүмкін, айтар болсақ, мұндай көмек истихляф аятында да уәде етілген. Бұның барлығы ақиқат пен орыналып жатқан шындыққа жанасады.

 

Дереккөздер:

 

[1]. ‘Әлләмә Йусуф бин Йахйа. ‘Ақду-д-дурари фи ахбари-л-мунтазар. 130-б. Мәктәбә ‘Алиму-л-фикр. Қаир. 1979 ж.

2. Мирқату-л-мәфәтих, шарх мишкәт әл-мәсәбих. 5-т., 185-бет, Маймуниййа. Мысыр.

3. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Изәлә әуһәм. 106-бет, // Рұхани Хазаин: 3-т., Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984. 153-бет, сілтеме.

 


№18. Мәриямның ұлы секілді

 

Алланың Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқаның естідім деп, Әбу Һурайра (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды: «Әр адам баласы дүниеге келген кезде оған сайтан тиіседі, сайтан тигендіктен бала айғайлап (жылай) бастайды, тек Мәриям мен оның ұлынан жағдайында ғана емес». Сосын Әбу Һурайра рә Құран Кәрімнің (мына) аятын оқыды: «Мен оған (Мәриям) және оның ұрпағы үшін пана сұраймын Сенен, қуылған сайтаннан (құтқара гөр деп)». (Бұхари, Китәб-үл-әнбийа. Бәбу уә-зкур фи-л-китәби Марйәмә)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұхари мен Мүслим бұл хадистің дұрыстығына бірауыздан келісіп, оны өздерінің сенімді хадистер жинақтарына енгізген.

Егер біз бұл баяндаманы тек сыртқы, тіке мағынасында ғана түсінетін болсақ, онда Мәриям мен оның ұлынан басқа, бірде-бір кінәсіз пайғамбарды сайтанның тиісуінен құтқарылмағандығын мойындауымызға тура келеді. Сондықтан мұндай мағына беру дұрыс болмайды. Пайда болған осы бір жағдайға байланысты, әйгілі мұфассир (Құран Кәрімді тәпсірлеуші) Ғұллама Замахшари былай деп жазған, егер осы хадистің сенімділігін мойындайтын болсақ, онда оның мағынасы мынадай болмақ: сайтан тек Мәриям мен оның ұлынан өзге, және де Мәриям мен оның ұлына тән ізгілік қасиеттері бар әр адамдардан өзге, әрбір баланы шабуылдайды. [1]

Осы хадисте Мәриям мен оның ұлын көптеген пайғамбарлардың ішінен ерекшелендіріп көрсетудің даналығы, яһудилердің оларға жапқан жалаларынан оларды ақтап шығарумен негізделген. Бұл түсіндірме Қасиетті Пайғамбардың сәс келесі бір хадисімен расталады, егер адам әйелімен жыныстық қатынасқа түсердің алдында, сайтанның ықпалына түсіп қалудан қорғашы деп Алладан дұға тілесе, Аллаһ Тағала ол адамға сайтанның ықпалынан қорғалған ұрпақ тарту етеді. [2] Басқаша сөзбен айтқанда, Мұхаммед сәс үмметінің әрбір өкілі дұғаның көмегімен өзің сайтанның тисуінен сақтай алады.

Негізінде, бұл хадис әт-Тәхрим сүресінің бір аятының (66:13) түсіндірмесі болып табылады, онда шынайы иман келтірген адамдар Мәрияммен салыстырылады, яки олар өздерінің абырой-намыстарын Мәриям секілді сақтап, сосын рухани қарыштаудың арқасында «Мәриямның ұлы» деген дәрежеге жеткен адамдар. Басқаша сөзбен айтқанда, «Мәриям» және «Мәриямның ұлы» делінген рухани дәрежелерге жеткісі келетіндер үшін есік әрдайым ашық. Ан-Нұр (24:56) сүресіндегі истихляф аяты сияқты, бұл аятта да Мұхаммед сәс үмметінде Иса әс секілді адам пайда болатыны туралы астарлы көріптелдік бар.

Жоғарыда айтылғандарды түйіндейтін болсақ, келтірілген хадисте «Мәриям әс» және «Мәриямның ұлы әс» деген есімдер, сонымен қатар оларға ұқсайтын, олардың сипат-қасиеттеріне ие болған адамдарды да білдіреді. Сондықтан, осы теңеуді жетекшілікке алатын болсақ, онда Мұхаммед сәс үмметінің ішінде туылуы пешенеге жазылған «Мәриямның ұлы әс» сол Иса әс секілді болатын адамның өзі. Тіпті исраилдік пайғамбар Мәриямның ұлы Исаның әс өлімі Құран Кәріммен және хадистермен дәлелденгенің ескеретін болсақ, онда «Мәриямның ұлы» түседі (келеді) деген көріпкелдік тек оған ұқсайтын – Уәделенген Мәсіхтің әс келуін білдіреді.

 

Дереккөздер:

 

[1]. Тәфсир әл-Кәшшәф.  1-т., 426-бет, Дару-л-фикр, Бейрут.

2. Бұхари. Китәб бадау-л-халқ. Бәбу сифатаһу иблис.


№19. Иса және Мәһди – бір адамның қос (лауазымды) есімі

 

Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты деп Анас бин Мәлік (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды: «Жағдай одан әрі ушыға түседі. Әлем бара-бара моральды (ағлақтық) құлдырау жаққа ауытқып,  адамдарды ашкөздік пен сараңдық билейді, және Қиямет Күні тек пасық адамдарды ғана қамтиды, және Мәриямның ұлы Исадан әс басқа (ешқандай) Мәһди болмайды».(Ибн Мәҗәһ. Китәб-үл-фитән. Бәбу шиддати-з-замани).

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті Имам Хаким Мұстадрак атты кітабында, Ибн Әби Шәиба өзінің Мұсаннафжинағында, Ибн ‘Абди-л-Барр Җәми’ул-‘илм атты кітабында және Әбу ‘Амру-д-дин өзінің Сүнанында баяндаған; келтірілген есімдермен бірге бұл хадисті әйгілі шииттік тәпсірлеушісі ‘Әлләмә Табриси өзінің Маҗма‘-үл-байан атты тәпсір жинағына қосқан.

Келтірілген хадистен белгілі болғандай, Мәсіх және Мәһди екі бөлек адам емес, бір ғана адамның қос рухани лауазымды есімдері болып табылады. Кейбір ғұламалар келтірілген баяндаманың сенімділігіне күмән келтірмек болды, алайда әйгілі тәпсірлеуші және тарихшы ‘Әлләмә ибн Касир оның сенімділігіне күмән келтірмеген және сонымен қатар былай деген, бұл өте белгілі хадис, және оны жеткізген әйгілі Мұхаммед бин Халид; ол муэдзин (яғни, азаншы) және Имам Шафи’идің ұстазы болған, оның баяндамаларымен көптеген адамдар қолданған, және Ибн Мү’йин оны сенімді адам деп атаған. Сондай-ақ Ибн Касир осы хадистың тағы бір баяндаушысын – Йунус бин ‘Абду-л-А’ланы сенімге лайықты деп, былай деп жазған, қарастырылып отырған хадис Мәһди туралы айтылған басқа хадистерге, яғни Мәһди Исадан бөлек тұлға болып көрінген халистерге   қарама-қайшы болып көрінеді, бірақ, егер ойланып көретін болсақ,  онда, бәлки, Әл-Мәһди сөзімен «шын, нағыз Мәһди» туралы айтылған болар, сонда хадистың түп мағынасы былай болады: нағыз Мәһди тек Исаға ұқсаған адамның өзі болмақ, дегенмен басқа да Мәһдилердің келуі әбден мүмкін. [1]

Бұл хадисті дәп осылай тәпсірлеген бұрынғы заманның ғұламалары мыналар: ‘Әлләмә Ибн Таймийа, ‘Әлләмә Куртуби, ‘Әлләмә Ибн әл-Қаййим, ‘Әлләмә Суйути және ‘Әлләмә Манави. Шын мәнінде, Мәһди есімі «Алланың хидаятының жетекшілігімен жүрген» дегенді білдіреді, ал Құран Кәрімнен белгілі болғандай («Әл-Әнбийа» сүресі, 21:74), Алланың барлық пайғамбарлары мен наменгерлері алғашында Одан хидаят жетекшілігін қабылдап, Мәһди болады, тек содан кейін Хадиге («Жетектеушіге») айналады. Әділ қазы Уәделенген Мәсіх әс Алладан мағлұмат алып, осы хадис жайында былай деген:

«Хадистерді жинақтаушылар тек болжайды, ал маған Құдай Тағала бұл хадистің сенімді екенің ап-анық етіп көрсетті». [2] Осылайша, ол Алланың әмірімен, өзінің талабын, яки Уәделенген Мәсіх екенің және Уәделенген Мәһди екенің жария етті.

Басқа да хадистер қарастырылып отырған баяндаманың тақырыбын растайды. Қасиетті Пайғамбарымыз айтты деп Әбу Һурайра баяндайды: «араларында тірі қалған кейбіреулерін «Мәриямның ұлы Исаның», сендерге келгенін (көзбен) көретін заман жақындап қалды, сонымен қатар ол (Имам – А.Р.) Мәһди болады». [3] Сондай-ақ тағы бір баяндамада Имам Мәһди болған «Мәриямның ұлы Иса» Қасиетті Мұхаммед Пайғамбардың сәс хақтығын растап келеді деген сөздер бар. [4] ‘Әлләмә Ибн Таймийа үмметтің бұрынғы ғалымдарының ішінен Әбу Мұхаммед бин әл-Уәлид әл-Бағдади туралы сөз етеді, ол «Исадан басқа (ешқандай) Мәһди болмайды» деген хадиске сенім артып, «Исадан» бөлек келетін басқа Мәһди болады деген ойдан бас тартқан; басқаша сөзбен айтқанда, оның пікірі бойынша, келеді деп үмметке тек бір ғана Мәсіх уәде етілген, сонымен қатар ол Мәһдидің өзі болып табылады. [5]

Сондай-ақ осы бағытты ұстанған бір топ жайында Ғұлама Ибн Халдун да сөз қылады. Ол былай деп жазады: «Ибн Әби Уәтилдің айтуынша, бір топтың нанымы бойынша Мәһди әс Мұхаммедтің сәс ұрпағынан шығатын Мәсіхтің әс дәп өзі болмақ, оны «шипагерлердің шипагері» деп атаған дұрыс».  Ибн Халдун айтады: «кейбір сопылар «Исадан басқа (ешқандай) Мәһди болмайды» деген хадисті келесі түрде түсінген, яки әрдайым Мұхаммедтің шариғатың ұстанып, сол шариғаттың бірде-бір қағидасын алып тастамайтың Мәһдидан басқа ешқандай (жеке дара) Мәһди болмайды және оның орны Мұсаның әс шариғатына қатысты Исаның әс орны секілді болады». [6]

Ғұлама Ибн Араби, осы хадисты мойындай отырып, келесі бір хадистын сөздерін түсіндіре кеткен, ол осы қарастырылып отырған оқиғаға қатысты: «Иса әс түскен кезде, Мәһди немесе Қасиетті Пайғамбардың сәс үмметінен шыққан әлде кім намазға жетекшілік етеді», осылайша: «Иса әс, Мәһдиге айналады да, Ислам шариғатын ұстанатын болады». Сонымен қатар, Мәһди намазға жетекшілік етеді деген сөз, Мәһдидің дәрежесі Исадан әс жоғары болады дегенді білдіреді. [7]

Атақты сопы Ғұллама Шайх Мұхаммед Акрам Сабри былай деп жазады:

«Кейбір адамдардың ой-пікірі бойынша, Исаның рухы Мәһдиде жүзеге аспақ, бұнын дәлелі «Исадан басқа Мәһди жоқ» деген хадисте бар». [8]

Осы ойды растау үшін атақты шииттік тәпсірлеуші Ғұллама Табриси де былай деп жазады, яки «Исадан басқа Мәһди жоқ» деген хадистен белгілі болғандай, Исаның рухы Мәһдиде жезеге асады». [9]

Демек, Ахмадий Мұсылман Жамағатының ой бағыты жаңадан шығарылған жалған ой емес, керісінше Құран Кәрімге, хадистерге сүйеніп, құрметті ғұлламалар мен әйгілі сопылардың пікірлерімен расталады, бұл ойдың мәні мынада: Мәсіх пен Мәһди – үмметтің екі бөлек өкілі емес, бір ғана адамның қос лауазымды есімі, және Хазірет Мирза Ғұлам Ахмадтың талабыды да дәп осындай. Осы сөз тартыстардан әдемі мән шығарған тағы бір атақты сопы Халифа Пир Абдул-Қайюм Накшбанди еді, ол былай дейді:

«Хадистерде Имам Мәһдиге қатысты көптеген қарама-қайшылықтар бар, сол себептен Имам Бұхари де, Имам Мүслим де (Исамен бірге айтылмаған) Мәһдиге қатысты бірде-бір хадисті қабылдамаған; ал олардың қару етіп қабылдаған хадистерінен түйілетін мән келесідей, біріншіден, Мәриямның ұлы Иса Мәһди болады, ал, екіншіден, келеді деген Имам (Мәһди) Мәриям ұлының өзі. Басқаша сөзбен айтқанда, Имам Бұхари мен Мүслимның пікірлері бойынша, Уәделенген Мәсіх әс Мәһдидің өзі». [10]

Хазірет Уәделенген Мәсіх әс Исаның әс дәрежесін суреттей келе, былай деп жазады:

«Мәһдидің кемел дәрежесіне алдымен Иса әс болған адам ғана жете алады, яғни, Аллаға деген ұмтылыстың әсерінен адамда рухтан басқа ештеңе қалмаған кезде, ол Аллаһ Тағаланың көз алдында Құдайдың рухына айналады, және көктерде мұндай адамға «Иса» деген есім беріледі, және Аллаһ Тағаланың қол сермеуімен ол (жаңадан) рухани туылады». [11]

 

Дереккөздер:

 

[1]. А) Ибн Мәҗәһ. 3-т., 295-бет, Аударма: ‘Әлләмә Уәхиду-з-Заман. Әһл-и-хадис Академи. Кашмири Базар, Лахор.

Ә) ‘Әлләмә Ибн Касир. Ан-ниһәйә фи-л-фитәни уә-л-малахим. 27 бет, Дару-л-кутуби-л-‘илмиййа. 1-ші басылым. 1988 ж. Бейрут. Ливан.

2. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Малфузат.  3 т., 64-бет. (Бірінші басылым)

3. Ахмад бин Ханбал. Мұснад. 2 т., 411-бет, Дару-л-фикр. Бейрут.

4. ‘Әлләмә Хайсми. Мәҗмә‘у-з-зәуәйид. 7 т., 336-бет, Дару-л-китәби-л-‘арабий. Бейрут.

5. ‘Әлләмә Ибн Таймийа. Минһәҗу-с-суннәти-н-нәбәуиййә. 8 т., 256-бет, Муәссәсә Құртұба. 1986 ж.

6.  Ибн Халдун. Тарих. 1 т., 581-582 беттер, Дару-л-кутуб әл-лубнаний. Бейрут. 1-ші басылым. 1979 ж.

7. Шайх Мухйи-д-дин ибн ‘Арабий (һиҗра б/ша 638 ж. қайтыс болған) Тәфсиру-л-Құр’әни-л-Кәрим. 2 т., 450-451 беттер. Дару-л-андалус. Бейрут.

8. Иқтибәсу-л-әнуар. 50-51 беттер. Матба‘ Ислам Нәшрият. Мәуләуи Кәрам Бахш.

9. Нәҗму-с-сақиб, немесе Уәделенген Мәһдидің өмірбаяны. 119 бет, Фуруши Җә‘фари Мәшһәди. Базар Сараи Мухаммадиййа.

[1]0. Әс-сәйфу-с-сарим. 76 бет, Парсы тілінен аударма. Назир Принтинг Пресс, Хал Базар, Амритсар.

1[1]. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Нишан-и-асмани. 8-бет. // Рухани Хазаин. 4 т., Мубәрәк Сәқи, Лондон. 1984 ж., 368 бет.


№20. Уәделенген Мәһди Мұхаммедтің сәс үмметінен шығады

 

Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты деп, Әбу Һурайра (оған Алланың ризашылығы болсын) баяндайды: «(Ей, мұсылмандар!) Өз араларыңнан Мәриямның ұлы шығып, сендерге имамдық еткенде, қандай жағдайда болар екенсіңдер». (Бұхари. Китәб-л-әнбийа. Бәбу нузули Иса бни Марйама; Муслим, Китәбу-л-иман)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадис Сахих Мүслимде айтылады, және хадистерді жинақтаушылар бұл баяндаманын рас екендігін бір ауыздан мойындаған.  Бұл хадис сонымен қатар шииттік бағыттаға мектептермен де қабылданған. [1]

Құран Кәрімнің истихляф аятындағы: «уә’әдә (А)ллаһу-л-лязина аману минкум» (яғни, «Араларындағы иман келтіргендерге Аллаһ уәде етеді»,- Ан-Нұр сүресі 24:56) - деген сөздерде, мұсылмандардың арасында наменгерлікті орнатудың зор уәдесі бар, бұл наменгерлік бұрындары мұсылмандарға дейін болған халықтың арасында (яғни, исраилдіктерде) болған. Әлгі наменгерлер Мұхаммедтің сәс үмметінен шығатыны«минкум» сөзімен түсіндіріледі.

Сондай-ақ, келтірілген хадис негізінде әлгі аяттың түсіндірмесі болып табылады. Ол (аятта) Құдайдың осы бір уәдесі орындалып, олардың араларында құтты халифат (пайғамбарлыққа негізделген наменгерлік) орнатылған кезде өмір сүрген мұсылмандар қандай бақытты, қаншалықты жолдары болғыш болады делінген.

Өйткені мұсылмандар қилы-қилы ауыр жағдайларды бастан кешіп жатқан кезде олардың араларында, он үш ғасырдан кейін, Халиф (Наменгер) пайда болады, исраилдіктердің наменгері Мәриямның ұлы Иса Мәсіх әс іспетті. Хадисте де минкумсөзінің бар болғаны әлгі имамның міндетті түрде мұсылмандардың арасынан шығатының анық көрсетеді.

Осы хадистің ішінде нузул (түсу) сөзі бар, ол «Мәриямның ұлына әс» қатысты қолданғандықтан, кейбір адамдар жаңылысып Мәриямның ұлы исраилдік Иса Мәсіх әсаспаннан тура мағынада түседі деп ойлады. Алайда олар дәл осы сөз Құранда киім-кешекке, темірге және малға қатысты қолданғанына мән бермеген (Әл-А’раф 7:27, Әл-Хадид 57:26, Әз-Зүмәр 39:7 қара). Тіпті, бұл заттарға қатысты ешбір адамда ешқашан олар тура мағынада аспаннан түседі деген ой да пайда болмайды, өйткені бұл сөз араб тілінде пайдасы керемет және берекесі мол нәрселердің пайда болуын белгілеу үшін қолданады. Құран Кәрімде Мұхаммед сәс Алланы зікір етудің үлгісіне айналды және де ол пайғамбар ретінде түсірілді делінген (Ат-Талақ сүресі 65:11-12), алайда ешкім бұл жерде ол аспаннан физикалық түрде түсті деп ойламайды. Бұдан мәлім болғандай, бұл жерде «Мәриямның ұлы Иса Мәсіх әс түседі» делінген кезде «Мәриямның ұлының әс» сипатына ие болған және оның міндетіне ұқсас міндетті атқаратын адамның келуін білдіреді.

Әдетте, Исаның әс физикалық түрде көтерілгені-міс, оның физикалық (көрнеулі) түрде көктен түсуін айғақтауға қолданылады. Бірақ, оның табиғи өлімі мен рухани түсініктегі көтерілуі Құран Кәріммен, хадистермен дәлелденгендіктен, «түсу» сөзі - метафора[10]болып табылады (яғни, астарлы мағынада айтылған сөз). Осылайша, Әлләмә Ибн Араби былай деп жазған, «Исаның көтерілуі» дегеніміз Исаның әс рухы о дүниеде биік дәрежеге ие болады дегенді білдіреді; ал оның ақыр заманда түсуі дегеніміз соған ұқсас біреудің келуін білдіреді. [2] Бұл жаңадан ойлап табылған наным емес. Өйткені, сегізінші ғасырда өмір сүрген үлкен діндар ғалым Сираҗү-д-дин Әл-Вурди, былай деп жазады:

«Адамдардың бір тобы бар, олардың сенімдері бойынша, Исаның әс түсуі деген абыройы мен сипат-қасиеті жағынан Исаға әс ұқсайтың адамның келуін білдіреді. Бұл жақсы адамды періште, ал жаман адамды сайтан деп атағандай. Бұның барлығы тек ұқсастық, мұнда жеке тұлғаның сәйкестігі жайында айтылмаған». [3]

Бұл хадистен «Мәриямның ұлы әс» келгенде ол имам болмайды, имам мұсылмандардың арасынан шыққан басқа біреу болады деген түсінік алу, ақылға салып қарасақ та, қате екені айдай анық, яки: Иса әс Алланың  пайғамбары және Оның наменгері ретінде келеді, бірақ ол имам болмайды-міс. Сондықтан, осы хадистың мән-мағынасын оның басқа баяндамасын  басшылыққа алып талқылау керек. Сонымен, Сахих Муслимде фә әммәкум минкум - деген сөздер бар, оның мағынасы мынадай: сендерге жетекшілік ететің имам сендердің араларынан шығады, яғни ол сендердің араларынан шыққан имам, сендердің үмметерінен; ол Мәриямның ұлына әс ұқсас міңез-қасиетпен туылған сендердің имамдарын болады.

Тағы бір айта кететіні Имам Муслим рә және Имам Мәлік рә секілді Имам Бұхари рә да өзінің Сахих Бұхари жинағына Мәһди жайында айтылған бірде бір баяндаманы еңгізбеген, тек Мәриям ұлы Имам Мәсіхтің әс келуі жайында айтылған баяндаманы артығырақ көріп сенімге лайықты деп шешкен. Мәриямның ұлына әс ұқсастығымен танылған дәл осы Имам он үш ғасыр өткен соң мұсылмандардың халифасы болуға тағдыр жазған. Назереттік Иса әс секілді, ол да он үшінші ғасырдың аяғы мен он төртінші ғасырдын басындағы мұсылмандардың мүшкіл жағдайын оңалтуы (реформалауы) керек болды; мінеки Уәделенген Мәсіх әс сол халифтың өзі болмақ, оған қатысты Қасиетті Пайғамбарымыз сәс былай деген: «ол менім үмметімнен шығады және ол менім мұрагерім болады». [4]

Қадианнан шыққан Хазірет Мирза Ғұлам Ахмадтың әс жасаған талабы, ол Қасиетті Пайғмабардың сәс үмметінен шығатын Уәделенген Мәсіхі әс және Қасиетті Пайғамбарымыз сәс келеді деп айтқан Имам Мәһдиі болып табылады.  Өз заманының имамын тануға және оған иман келтіруге Құдай Тағала қабілет берген адамдардың жолдары болған екен.

«Мұндай игілікті жасап шығару адамның қолынан келмейді.»

Дереккөздер:

[1]. ‘Әлләмә Әбу-л-Хасан ‘Али бин ‘Иса әл-Арбали. (693 ж.һ.) Кәшфу-л-ғұмма фи мә‘рифати-л-әиммә. 3 т., 280-бет. Дару-л-әдуә’. Бейрут.

2. Шайху-л-Акбар ‘Әлләмә Мухйи-д-дин ибн ‘Арабий. (638 ж. х. қайтыс болған) Тәфсиру-л-Кұр’ани-л-Кәрим. 269-бет. Дару-л-Андалус. Бейрут.

3. Сираҗу-д-дин Әбу Хафс ‘Умар бин әл-Уәриди. (749 ж. х. қайтыс болған) Харидәту-л-‘әҗәиб уә фаридәту-л-ғараиб. 263-бет. 2-ші басылым. Мұстафа әл-Бали әл-Халби. Мысыр.

4. ‘Әлләмә Табәрани. Әл-Мұ‘җәму-с-сағыйр. 1-ші бөлім,  257-бет. Дару-л-фикр. Бейрут.

 

Жалғасы: Хадис 21-30 (40тан) http://yvision.kz/post/396408

Хадис 31-40 көру үшін: http://yvision.kz/post/589496

0
0
11761

Мәсіх және Мәһди (әс) Аллаһтың Елшісі Мұхаммедтің (сәс) көзімен. Хадис 1-10 (40тан).

(Хадис 11-20 жалғасын көру үшін: http://yvision.kz/post/365429)

Хадис 21-30 көру үшін: http://yvision.kz/post/396408

Хадис 31-40 көру үшін: http://yvision.kz/post/589496

_________________________

 

Қысқартылған сөздердің тізімі

сәс (арабша: саллә(А)ллаһу ‘әләйһи уә сәлләм): “оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын” – бұл тілекті мұсылмандар Қасиетті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің сәс есімі аталған сайын қосып айтады;

әс (арабша: ‘әләйһи/а/им(ә)-с-сәләм): “оған (оларға) сәлемет болсын” – бұл тілекті мұсылмандар кез келген пайғамбардың, Жебірейіл періштенің, Мәриямның, Мәсіх-Мәһдидің есімдері аталғанда қосып айтады;

рә (арабша: разыя(А)ллаһу ‛әнһу/а/ум(ә)): “Аллаһ оған (оларға) разы болсын” – бұл тілекті мұсылмандар Мұхаммед Қасиетті Пайғамбарымыздың сәс серіктестерінің  (немесе басқа бір пайғамбардың серіктестерінің) есімдерін айтқан сайын қосып отырады.

А.Р. – аударма редакциясы.

____________________________

 

№ 1. Исаның және басқа пайғамбарлардың (оларға Алланың сәлемі болсын) дәрежелері мен мекені

 

Мәлик бин Сағсаға рә Қасиетті Пайғамбардың сәс оған Миғраж түні жайында төмендегіні әңгімелеп бергенін айтты:

«Жебірейіл періште әс өзімен бірге алып кетуге келгенде, мен Хатимде Қағбаның ішінде (Меккедегі Қасиетті мешіт. – А.Р.) жатқанмын. Алдымен ол мені бірінші аспан күмбезіне шығарғанда, Адам (атаны) әс көрдім. Жебірейіл маған: «Бұл – сенің әкең, оған сәлем берсеңші», – деді. Мен оған сәлем бердім, ол менің сәлеміме жауап берді де: «Қош келдің, салихалы ұл және салихалы пайғамбар», – дегенді айтты. Содан кейін біз одан да жоғарыға көтерілдік те, аспанның екінші күмбезіне жеттік... Мен екі немерелес бауыр – Жақия әс (Шоқындырушы Жохан) мен Исаны әс көрдім. Жебірейіл: «Бұл Жақия әс және Иса әс, оларға сәлем бер», – деді. Мен сәлем бердім, олар менің сәлеміме жауап қатқан соң: «Қош келдің, мейірбанды бауыр және салихалы пайғамбар» – деді...».

(Осыдан кейін басқа да аспан күмбездеріне барғандары айтылады: Аспанның үшінші күмбезінде Жүсіп әс, төртіншісінде – Ыдырыс әс, бесіншісінде – Һарун әс, алтыншысында – Мұса әс, жетіншісінде – Ибраһим әс, ал содан кейін Қасиетті Мұхаммед Пайғамбар сәс – жалғыз, Жебірейілсіз, аспан күмбезінің ең биік шыңына шығады). (Бұхари, Сахих. Банийану-л-Кә‛бә. Бәбу-л-Ми‛раҗ).

 


Хадистің түсіндірмесі:

Бұхари мен Мүслим бұл хадистің дұрыстығына бірауыздан келісіп, оны өздерінің сенімді хадистер жинақтарына енгізген. Бұл баяндау Насаи еңбегінде де орын алған.

Келтірілген хадистен Исаның әс көкке басқа пайғамбарлар сияқты көтерілгенін анық ұғуға болады: ол тірідей өзінің фәни денесімен көкке көтерілмеген, барлық пайғамбарлар сияқты қайтыс болып, жаны рухани биіктікке өрлеген. Егер ол осы уақытқа дейін тірілердің арасында болса, онда оған басқа пайғамбарлардан бөлек болатын орын берілетін еді, өйткені тірі адамдар мен өлгендердің жандары әртүрлі әлемдерде өмір сүреді. Ал Миғраж кезінде Қасиетті Мұхаммед Пайғамбардың сәс басқа өлген пайғамбарлардың жанымен бірге Исаны әс көргені, Исаның да басқа пайғамбарлар сияқты қайтыс болғанын дәлелдейді. Сөйтіп, Мұхаммед Пайғамбарымыздың сәс немересі Хазірет Имам Хасанның айтуы бойынша: рамазанның жиырма жетінші түнінде, яғни Мәриямның ұлы Исаның әс жаны аспанға көтерілген түні, Хазірет Әли рә қайтыс болған – дейді. [1]

Хазірет ‛Әлләмә бин Қайим Қасиетті Пайғамбардың сәс жаны Миғраж деп аталған ғажап және бірегей оқиғаны бастан кешкенін, ал ол кезде барлық басқа пайғамбарлардың жандары өздерінің фәни тәндерінен тек өлгенде ажырап, сонда ғана көкке көтерілгенін, әрқайсысы өзіне әзірленген мекенге жайғасқанын жазған-ды. [2]

Аса құрметтелетін әулие сопылардың ішіндегі Хазірет Дата Ганҗ Бахш Хуҗвири Аллаһтың Пайғамбарының сәс:

«Мен Миғраж кезінде, Құдайдың барлық абыройлы пайғамбарларын: Құдай таңдаған Адамды әс, шыншыл Жүсіпті әс, Алланың сұхбаттасы Мұсаны әс, жұмсақ Һарунды әс, Исаның сәс Құдай берген жанын және Құдайдың досы Ибраһимді әс көрдім», – дегенін жазған. [3]

Бұл олардың жандары болғанына еш күмән жоқ. Демек, Миғраж туралы хадистерден Исаның әс табиғи өліммен өліп, барлық басқа аса қадірлі пайғамбарлар құсап, рухани көтерілгені және Жаратқан Аллаһтың енді ешқашан шықпайтын және ешкім де ешқашан кері қайтып оралмайтын мәңгі Жұмағының мекеніне енгенін айқын ұғуға болады.

 

Дереккөздер:

 

1.  ‛Әлләмә ибн Сә’д. Әт-тәбәқату-л-кубра. 3-т. Дару-с-садр, Бейрут. 39-бет.

2.  ‛Әлләмә ибн Қайим. Зәду-л-мә’әд фи һәдйи хайри-л-‛ибәд. 1-т. Низәм,

Канпур. 302-бет.

3.   Дата Ганҗ Хуҗвири. Кәшфу-л-махҗуб. Кашмири базар, Лахор. 317-бет.


№ 2. Қасиетті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің сәстәуәффәйтәни сөзіне берген түсіндірмесі

 

Ибн ‛Аббас рә Пайғамбардың сәс (Қиямет күнін еске алып) былай дегенің баяндайды:

«Менің серіктес-сахабаларымның кейбіреуі сол жаққа шығарылады, сонда мен: «Бұлар менің сахабаларым ғой, менің сахабаларым!» – деймін. Бірақ Аллаһ: «...Сен олардан кеткен кезде, олар кері бұрылған», – деп жауап береді. Сонда мен Аллаһтың салихалы құлы (Мәриямның ұлы Иса әс) сияқты жауап беремін: «О, Раббым! Мен олардың арасында болған кезімде, олардың куәгері едім, бірақ Сен маған өлім жіберген соң, олардың куәгері Сен болып қалғансың және Сен – барлық нәрсеге Куәсің». (Бұхари. Сахих. Китәбу-л-әнбийа; Бұхари. Сахих. Китәбу-т-тәфсир. Әл-Мәидә сүресі).

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұхари мен Мүслим бұл хадистің дұрыстығына бірауыздан келісіп, оны өздерінің сенімді хадистер жинақтарына енгізген. Келтірілген хадис Тирмизи және Насаи кітаптарында да орын алған.

Имам Бұхари бұл хадисті өзінің Тәпсір кітабында Құранда пайдаланылған тәуәффәйтәни сөзін (Әл-Мәидә 5:117) Қасиетті Пайғамбардың сәс «табиғи өлім» деп түсіндіргенін атап көрсету үшін келтірген.

Сөйтіп, Әл-Мәидә сүресінің 117-аятында Құдіреті күшті Жаратушымыз Исадан әс Қиямет күні: «Сен адамдарға: «Мені және менің анамды құдай етіп алыңдар», – деп айттың ба?» – деп сұрағанында, оған Иса сәс құрметпен: мен  адамдарға осындай сандырақ ілімді қалай бере аламын және ешқандай құқым жоқ сөзді қалай айтуым мүмкін? – деп жауап қатқаны туралы сөз болады. Ары қарай: «Егер мен сондай бірдеңе істеген болсам, онда – О, көместегіні көретін Тәңірім! – Сен оны әлбетте білген болар едің. Мен өз тарапымнан адамдарды Сен үйретуге бұйырғандарға, яғни: «Құдіретті Жаратушыларыңа құлшылық етіңдер», – деп үйреттім. Мен олардың арасында болған кезімде, олардың куәгері едім, бірақ Сен маған өлім жіберген соң, олардың куәгері Сен болып қалғансың», – дегені айтылады.

Бұл аятта Иса әс өзі басынан кешкен екі ахуалды еске алады. Біріншісі – оның халқына куәгері болғаны, ал екіншісі – тәуәффәдан кейін (яғни өзінің өлімінен кейін) өз халқынын ортасында болғанын теріске шығара отырып, халқының Куәгері – Құдай, тек Құдай ғана екенін айқындағаны. Кей адамдар тәуәффә сөзін (Исаға сәс қатысты қолданғанда) «табиғи өлім» деп емес, «тұтастай, тірі тәнімен алып кетіп, көкке көтеру» деп аударады, бірақ беріліп отырған хадис ондай мағынасын қабылдамайды, өйткені Қасиетті Пайғамбар сәс дәлме-дәл Исаның әс сөзін қайталай отырып (бірақ енді өзіне қатысты), сол арқылы тәуәффә сөзінің мағынасын «табиғи өлім» деген мағынада белгіледі. Ары қарай, солай түсінудің дұрыстығының қосымша дәлелін Хазірет ибн ‛Аббастың рә куәлік етуін келтіре отырып, Имам Бұхари берген, соған сәйкес «Йа,'Иса! Инний мутәуәффийкә» аятындағы («Әл-'Имран» сүресі 3:56)  мутәуәффийкә сөзінің мағынасы мумийтука, яғни: «О, Иса, шындығында, Мен саған өлім жіберіп отырмын», – дегенді білдіреді [1]. Сөйтіп, тәуәффә сөзінің мағынасы біздің Ұстазымыз және Тәлімгеріміз Қасиетті Пайғамбарымыз сәс үшін де, Хазірет Иса әс үшін де бірдей болып шықты. Егер тәуәффә сөзінің қарама-қарсы мағынасы болған жағдайда, Қасиетті Пайғамбарымыз сәс ондай қарсы мағынадағы сөзді ешқашан қолданбаған болар еді. Оның үстіне, егер қандай да бір сөзді аударған кезде, әлдекім жалпы қабылданған сөзге қарама-қарсы мағынаны пайдаланбақ болса, оның дұрыс емес аудармасын ешкім де ешбір сөздікке енгізбейді. Мұхаммед сәс үшін де, Иса әс үшін де, атап айтқанда: Иса әс үшін –  «тірідей аспанға көтерілу», ал барлық пайғамбарлардың данышпаны Мұхаммед сәс үшін – «табиғи өлім» және жер қойнына беру деген мағынада тәуәффә деген бір сөздің мағынасын әртүрлі белгілеуге әрекет ету – ешбір негізсіз және ақылға қонымды мағынаға қарсы әрекет болып саналады.  Демек, Қасиетті Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі түсінігін берген Құран Кәрім аятынан тәуәффә сөзі бұл жерде «өлу» деген мағынада қолданылғанын айқын көреміз, ал Исаның әс өлгені – анық дәлелденген, рас және дау тудырмайтын факт.

 

Дереккөздер:

 

1.   Бұхари. Сахих. Китәбу-т-тәфсир. Әл-Мәидә сүресі. Бәб мә җәә Аллаһ мин бахира.

 


№ 3. Қасиетті Пайғамбардың сәс серіктес-сахабаларының алғашқы ‛иҗмасы (бір ауыздан мақұлданған шешім)

 

‛Абдулла бин ‛Аббас рә баяндайды, Әбу Бәкір рә (Пайғамбардың сәс қайтыс болғанына көзі жетіп. – Авт.) сыртқа шыққанда, Омар рә сол уақытта адамдармен дауласып жатыпты. Әбу Бәкір рә оған: «Ей, Омар, тізе бүк», – десе де, Омар отыра қоймады, алайда адамдар оны жайына қалдырып, назарларын сөз бастаған Әбу Бәкірге рә аударды. Ол айтты: «Қорыта айтарым: Мұхаммедке сәс тағзым еткендерің Мұхаммедтің сәс қайтыс болғанын біліңдер; ал Аллаһ Тағалаға құлшылық еткендер Аллаһтың тірі екеніне және мәңгі тірі болатынына сенімді болсын. Құдіреті күшті Аллаһ Тағала: «Мұхаммед – тек Елші ғана, оған дейін болған барлық Елшілер де өтті (өлді)», – деді. Сонымен, егер ол өлсе немесе өлтірілсе, сендер сенімдеріңнен айнисыңдар ма? Шын мәнінде, кері бұрылған адам Аллаһқа еш зиян келтірмейді, ал Аллаһ Тағала Оған риза болғандарға сыйын береді». (Бұхари. Сахих. Китәбу-л-мағази. Бәб марад ән-нәби уә уәфәтиһи, хадис 733).

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Имам Бұхари бұл хикаяны өзінің жинағына енгізе отырып, сол арқылы оның дұрыстығын растаған. Бұл хадиске өздерінің кітаптарында Наса‛и мен Ибн Мәҗә да орын берген.

Қасиетті Пайғамбардың сәс қайтыс болғанын білген соң, оның сахабалары рә естерінен танған жағдайды бастарынан кешті. Осындай күйзеліске түскен Хазірет Омар рә екіжүзділердің кейбір сөздерін естіп қалып, Қасиетті Пайғамбардың сәс бұл дүниеге қайтып келетінін айтты. Әлбетте, бұл идея қате болғандықтан, Әбу Бәкір Сыддиқ рә алдымен Хазірет Аишаның рә үйіне келіп, Қасиетті Пайғамбардың сәс мәйітінің үстіне еңкейіп, бетін жапқан жамылғыны ысырды да, маңдайынан сүйді, сосын: «Сен тіршілігіңде де, өлгеннен кейін де Қасиеттісің. Құдіреті күшті Аллаһ Тағала сенің екі рет емес, бір-ақ рет өлуіңе жол береді», – деді. Бұл сөйлем жалғыз ғана мағынаны білдіреді: Қасиетті Пайғамбар сәс енді ешқашанда бұ дүниеге оралмайды. Содан кейін Әбу Бәкір рә барлық ізбасарларды Пайғамбардың сәс Мешітіне жинап, мінберге көтерілді де, төмендегі аятты оқыды: «Мұхаммед – тек Елші ғана, оған дейін болған барлық Елшілер де өтті (өлді). Ал егер ол өлсе немесе өлтірілсе, сендер сенімдеріңнен айнисыңдар ма?» («Әл-‛Имран» 3:145) [1].

Бұл Сахабалар (оларға Аллаһтың ризашылығы болсын) шығарған алғашқы ‛иҗма болды: соған сәйкес, барлық Пайғамбарлар, оның ішінде Иса әс да, қайтыс болған. «Өтті» (халят) деген сөздің Исаға сәс қатысты «тірідей аспанға көтерілу» деген мағынасы бар деп наразылық білдіру –  ол тап-таза қасарысу демеуге лаж жоқ.

Айтылғанға қосымша айтарымыз: араб тілінің бірде-бір сөздігі «өтті» (халят) сөзінің «тірідей аспанға кету» мағынасында қолданылатынын растамайды. Оған қоса,  Жаратқан Аллаһ халят сөзінің мағынасын сөйлемнің екінші бөлігінде Өзі түсіндірген, яғни «егер өлсе немесе өлтірілсе» деп анық айтқан. Ол сөйтіп халят сөзінің осы аяттағы мағынасының шекараларын: өлімнің – табиғи өлім және зорлықпен өлтірілу деген екі түрін көрсетті. Егер осы екі мағынасынан басқа тағы бір мағынасы бар болса, онда түсіндірмесі: «егер өлсе немесе өлтірілсе немесе (мысалға) табиғи денесінде тірідей аспанға әкетілсе» деген түрде болуға тиіс еді! Әйтпесе ол сөз шеберлігін тікелей бұзу болады: Құран қағида түрінде халят сөзінің екі мағыналық мәнін айқындайды, ал Иса әс аспанға тірідей көтерілген деп санайтындардың сөзі бойынша, – бұл аятта да, Құранның кез келген жерінде де, айқын хадистерде де айтылмағанмен, – оның мағынасы бір ғана емес, көп болып шығады. Жалпы, алғашында айтқанымыздай, Хазірет Әбу Бәкірдің рә уағызының мағынасы Қасиетті Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұ дүниеге екінші рет қайтып оралмайды дегенді білдіреді: Әбу Бәкір рә Қасиетті Пайғамбармен сәс маңдайынан сүйіп қоштасқанда, соны айтқан. Олай болса, Исаның әс да ешқашанда бұл өмірге қайтып орала алмайтынын мойындауға тура келеді. Сахабалардың ‛иҗмасы (оларға Аллаһтың ризашылығы болсын) – міне, ескермеуге болмайтын  нәрсе – осы! [2]. Тіпті егер мүмкін болмас да – ол тірі, - делінген ұйғарымды жасайтын болсақ, бәрі-бір осы ұйғарымнан шығатын логикалық шешімдер сол ұйғарымның өзін теріске шығарады.

 

Дереккөздер:

 

1.  Бұхари. Сахих. Китәбу-л-мәнәқиб, Бәбу фазли Әбу Бәкр.

2.  Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Бараһин-и-Ахмадиййа. 5-бөл. // Рухани

Хазаин. 23-т. Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984. 375-б., 21-сілтеме.

 


№ 4. Жүз жыл өткенде – Қиямет күні

 

Җәбир бин ‛Абдулла рә баяндайды, өзі қайтыс болардан бір ай шамасы бұрын Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) төмендегідей сөздерді айтыпты:

«Бүгінгі күні өмір сүріп жатқан және тыныс алатын тірі тіршілік иелерінің ішіндегі жүз жыл өткен соң бірде-біреуі тірі қалмайды». (Мүслим. Сахих. Китәбу фәзәили-с-сахәбә. Бәб қаулүһу лә я’ти миәту сәнәтин... Бұхари. Сахих. Китәбу-л-‛илм).

 

Хадистің түсіндірмесі:

Бұл тақырыпқа арналған баяндау сонымен қатар Сахих Бұхари жинағында бар: «Сол уақытта жер бетінде өмір сүріп жатқан бірде-бір тіршілік иесі жүз жылдан кейін тірі қалмайды». Шындығында, Қасиетті Пайғамбар сәс бұл сөздерді Қиямет күніне қатысты қойылған сұраққа жауап ретінде айтқан: «Қайта тірілудің Басты Күніне байланысты айтсам, ол туралы Жаратушы Аллаһ қана біледі, бірақ мен Аллаһ атымен ант етемін: Қияметтің бір күні жүз жылдан кейін де болады». Өткен жылдар ғұламалары оны «қайта тірілудің аралық күні» деп атаған. Басқа сөздермен айтқанда, Қасиетті Пайғамбардың сәс нақыл сөздерінен әр адамның өлімі жеке, дербес Қиямет күні (сол адам үшін. – А.Р.) болатыны да, Қиямет күнінің сонымен қатар сол кезде өмір сүрген ұрпақтары үшін де келетіні, жүз жылдан кейін Жер бетінде бір жанның да (олардың ішінен. – А.Р.) тірі қалмайтыны айқын көрінеді.  Бұнда «Жер» сөзі Жер бетінде өмір сүретін тірі тіршілік иелері, – олардың қатарында Иса әс да бар, – дегенді білдіреді, оны аспан тұрғыны деп әсте айтуға келмейтінімен келісетін шығарсыз. Тіпті егер көз алдымызға мүмкін болмайтынды: ол кезде Қасиетті Пайғамбардың сәс қаралып отырған сөздерді айтқанын жорамалдаған уақытта Иса әс тірілердің арасында болғанын  ескерсек, жүз жылдың ішінде ол, сөз жоқ, (осы хадиске сәйкес. – А.Р.) қайтыс болуға тиіс қой [1]. Соған сүйене отырып, еріксіз оған қатысты адамдарды ақтық сапарға шығарып салғанда айтылатын: «иннә лилляһи уә иннә иляйһи раҗи'ун» (шын мәнінде, біз Аллаһтанбыз, шын мәнінде, біз Оған қайтып ораламыз». – А.Р.) деген сөздерді айтуымызға тура келеді. Мұсылман үмметінің кейбір қадірлі ғұламалары да келтірілген хадисті басшылыққа ала отырып, тіпті Қасиетті Пайғамбар сәс көрсеткен сол уақытта өмір сүрсе де, Хызрдың[1] әс нақты қайтыс болғанын сенімді түрде айтады. [2]

Исаның әс аман-сау өмір сүруінің тоқталмағанын жақтаушылардың қандай уәжді басшылыққа алғаны белгісіз, олар Исамен әс бірге бұл хадисте  Хызрдың әс да ажалсыздығы сөз болатынын келтіреді.  Алайда Қасиетті Пайғамбардың сәс Жаратушы Алланың атымен ант етіп, оның заманында бұ дүниеде өмір сүретіндердің бірде-біреуі жүз жыл өткенше тірі қалмайтынын айтқаны тайға таңба басқандай анық, өйткені ондай айқын көрегендікті Құдайдан түскен аянсыз айту, сондай-ақ, қалай болғанда да, бұл ант етілген сенімділіктен басқа бір өзгеше нәрсе шығару мүмкін емес [3]. Атап айтқанда, бұл хадиске байланысты әлемде, Исаны әс да қосқанда, біздің Қасиетті Пайғамбарымыз сәс қайтыс болғаннан кейін жүз жыл өткенде, бұрынғы бір кез келген пайғамбардың тірілердің әлемінде жүргенін айту – мүлдем ақылға сыйымсыз.

Дереккөздер:

 

7.  Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Изәлә әуһәм. 437-б., // Рухани Хазаин. 3-т.,

Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984. – 634-б.

8.  Мәзәһиру-л-хақ, шарх мишкәт әл-мәсәбих. 4-т. 381-б. Нашрият Ислам,

Лахор.

9.  Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Хәмәмәту-л-бұшра. 14-б. Сілтеме. // Рухани Хазаин. 7-т. Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984. 192-бет.

 


№5. Назареттен шыққан Исаның әс моласы

 

Айшаның рә айтуынша, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қатты науқастанып, өлім аузында жатқанда: «Өздерінің пайғамбарларының моласын табыну нысанына айналдырған яхудилер мен христиандарды Аллаһ Тағаланың қарғысы ұрсын», – деген. (Бұхари. Сахих. Китәбу-л-жанаиз. Бәбу ма йакраһу мин иттихази-л-масжид ‛аля-л-құбур).

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұхари мен Мүслим бұл баяндаманы өздерінің жинақтарына енгізіп, сол арқылы оның дұрыстығын растаған. Бұл хадис  Наса‛и еңбектерінде де бар.

Аталған хадис – (қазіргі, яғни бұрмаланған. – А.Р.) христиандыққа қарсы керемет уәж; өйткені онда яхудилер де, христиандар да өздерінің пайғамбарларының әс молаларына табынатыны айтылған. Христиандарға келсек, олар ешқандай яхудилік пайғамбарларға әс және олардың молаларына табынбайды, өйткені олардың барлығын күнәһарлықтан ада емес деп санайды. Рас, Палестинада Иса Мәсіхтің әс «моласына» («Тәңірдің Табытына»)  мінәжат ету орын алған. Жылдан-жылға айдың белгілі бір күндерінде «молаға» мыңдаған, он мыңдаған христиан жиналады. Сөйтіп, егер бұл «мола» шынымен де кресттен түсірілгеннен кейін, Иса әс жерленген мола болса, онда бұл хадистің оған қатысты қолданылуын дұрыс деуге болады. Ал егер бұл «мола» шынымен Исаның әс нағыз моласы болмаса, онда, Аллаһ сақтай гөр, Хазурдың сәс нақыл сөзі дұрыс болмағаны! Иса пайғамбардың моласы деп, Қасиетті Пайғамбардың сәс мүлде басқа мақсатқа пайдаланылған сағананы[2] атауы – мүлдем мүмкін емес нәрсе ғой, өйткені пайғамбарлар ешқашанда шындық үшін өтіріктің деңгейіне түспейді. Демек, егер келтірілген хадисте христиандар пайғамбарларының қабірлері туралы сөз қозғалғанда, нақ сол «мола» жайында айтылмаса, ендеше, христиандар табынатын әлдебір пайғамбардың қабірінің жатқан жерін білетіндер болса, айтып берсін. Ал олай болмаса, Палестинадағы қасына жыл сайын христиандар тобы жиналып, тағзым ететін мола, яғни жараланған Исаның әс жатқызылған қабірі, шын мәнінде Иса Мәсіхтің әс қабірі деп мойындалсын. Сонымен, егер бұл нақ сол қабір болса, молдалардың және солардың соңынан ерген мұсылмандардың Мәсіх әс шармыққа (крестке) керіліп азаптанбаған, бірақ зынданның шатыры арқылы тікелей аспанға көтерілген деп сендіруінің бұл шындыққа  қаншалықты қарама-қайшы екенін өздеріңіз ойлап көріңіздер!.. Рас, пайғамбар Жүніс әс киттің ішіне кіргені сияқты, Исаның әс өзі де үш күнге қабірге енетіні туралы айтқан... Пайғамбар келтірген мысал көлеңкедей де күмән тудыра алмайды. Дау жоқ, Аллаһ Тағаланың яһудилер оны өлген деп есептесін, ал ол құтыла алсын деген ойы болғандықтан, Иса әс «тірідей» қабірге түсірілген [1]. Бәрі дәл осылай болған. Ал Иса әс шармықта (крестке) керілгенмен, өлімнен құтқарылып, Мұсаның шынайы ілімін уағыздау және соған қайтару үшін, Исраилдің он ру-тайпаларын іздеп табудың ұзақ жолына түсті. Ол Таяу Шығыс, Иран, Ауғанстан, Тибет елдерінен өтіп, Кашмирге дейін жетті де, сол жерде өз міндетін толығымен орындап, ол тайпаларды исламға дайындап (олар исламды пайда болысымен тез және жаппай қабылдады), 120 жасқа жеткенше өмір сүріп, қайтыс болғанда, Сринагар қаласының Ханйар аумағында жерленген.

 

Дереккөздер:

 

[1]. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Сат баччан. Сілтеме ішіндегі сілтеме. 164-б.  // Рухани Хазаин. 10-т. Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984. 309-310 беттер.


№6. Аллаһ Тағалаға көтерілудің мағынасы

 

Әбу Һурайра (Алланың оған ризашылығы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қайыр-садақа беру мүлік пен байлықты азайтпайды, ал Жаратушы Аллаһ рақымшылығымен адамға  құрмет сыйлайды және мәртебесін көтереді», – деп айтқанын баяндайды. (Мүслим. Сахих. Китәбу-л-бирри уа-с-саләт. Бәб истихбәбил әфви уә-т-тәуәзә).

Хадистің түсіндірмесі:[1]

 

Имам Мүслим бұл баяндаманы өзінің жинағына енгізе отырып, сол арқылы оның дұрыстығын растаған. Бұл хадис Тирмизи еңбектерінде және Мууатта да бар.

Бұл хадистен айқын болатыны: рафа'а сөзі Аллаһ Тағаланың адамдарға мойынсұнғандары үшін тарту ететін құрмет, көтерілу және жоғары дәрежелерді белгілеу үшін қолданылады. Ал көтерілу, – Иса әс жеткендей, – Құдайға жақындау – яһудилердің Оны өлтіріп, сол арқылы қарғыс атқан және жеккөрінішті адам болғанын дәлелдей алмағандығын көрсетеді. Жаратушы Аллаһ оны рухани көтерді және Ол берген уәдеден білетініміздей,  тәуәффә жасады, яғни Исаға әс (зорлықсыз) табиғи өлім берді. Сөйтіп, Иса әс рухани көтерілді («Әл-‘Имран», 3:56). Өздерінің түсіндірмелерінде ‛Әлләмә Шаукани (Фатху-л-Қадир), мысырлық ғұлама-дінтанушылар – Шайх Мұхаммад Абдо және Мұстафа Мараги де соны мойындайды, шииттік ғұлама-дінтанушы ‛Әлләмә Кумми де «Икмалю-д-дин» кітабында осындай көзқарасты ұстанады. Араб тілінің сөздігі де рафа'а сөзінің дәл осындай мағынасын береді: рафа'а – құлау деген сөздің  антонимі, ал Аллаһ Тағаланың Көтеруші сияқты сипаты Оның қарапайым мүміндерді игілік жолдай отырып көтеретінін, ал әулиелерді Өзінің жақындығын сыйлай отырып көтеретінін білдіреді. («Лисану-л-араб»,  рафа'а сөзіне қатысты).

Сонымен, бұл сөз келтірілген мағынасында хадистерде көп рет қолданылған. Бір жолы Қасиетті Пайғамбар сәс адам бойсұнушылықтың терең сезіміне батқанда, Жаратушы Аллаһ оған аспанның жетінші күмбезіне көтерілу бақытын сыйлайтынын айтқан.

Кейбір баяндауларда би-с-силсиля, яғни Аллаһ Тағаланың ондай адамды әлдебір баспалдақтардың көмегімен, демек, біртіндеп көтеретіні туралы сөз кездеседі [2]. Тағы бір баяндамада Аллаһ Тағала үшін мойынсұнушылық пен қарапайымдылық жолымен жүретін адамды Жаратушы Ие бір сатыға көтеретіні және, ақыр соңында, 'иллиййиндер, яғни жоғарғы дәрежелілердің қатарына енгізетіні айтылады. Тәкаппарлықпен жүретін адамды Аллаһ Тағала бірте-бірте төмендетіп, оны сол біртіндеген күйінде төменгі орындардың ең төменгісіне бір-ақ түсіреді [3].

Шиит әдебиетінде осылармен қатар жоғарыда айтылғанға байланысты тым астарлы тағы бірнеше баяндама бар. Абиссинияға шығу кезеңінде Хазірет Жа‛фар Таййар жерде отырған абиссиндік Негусты көріп қалып, неге олай отырғанын сұрайды. Негус Иса Мәсіх әс алған аян өзімен бірге мынадай түсінік әкелгенін айтады: Жаратушының құлдары Құдайдан әлдебір қайырымдылық ала отырып, өзінің бар жан-тәнімен Оған толық мойынсұнатынын көрсетуі керек, сол себепті ол, Негус, қазір өзінің қолы жеткен жеңісі үшін осындай бойсұнушылық көрсетіп отыр. Қасиетті Пайғамбар сәс Негустың осылай дегенін естіген соң: «Бойсұнушылық адамды көтереді, Жаратушы Аллаһ өздеріңді биікке көтерсін десеңдер, сендер де сондай мойынсұну сезіміне беріліңдер», – дегенді айтты [4].

Қасиетті Пайғамбардың сәс өзі бойсұнушылықтың жоғарғы бейнелерін көрсететін намаздағы иіліп-бүгілу кезіндегі, екі сәжде арасында уә-рфа'ний [5], яғни «(О, Аллаһ!) ... мені көтере гөр» деген сөз де айтылатын бір дұғаны оқитын. Егер рафа'а сөзінің мағынасы аспанға адамның тірідей көтерілетінін білдірсе, онда Қасиетті Пайғамбар сәс айтатын бұл дұғаның, Құдай сақтасын, бір рет те қабылданбағанын мойындауға тура келеді. Ал сол кезде, Исаның әс өмір сүруінің тоқталмайтынын жақтаушылардың пікірі бойынша, оның бірінші дұғасының және халқының оған жәбір көрсетіп жатқанына шағынуының нәтижесінде-ақ, Иса әс дереу аспанға көтерілген [6].

Сахих Бұхаридің жинағында Құранның «әр сәтте Ол Өзінің ұлылығын көрсетеді» («Ар-Рахман» 55:30) деген аятына берген түсіндірмесінде әр күн сайын Жаратушы Алланың бірнеше халықты көтеретініні (рафа'а. – А.Р.) және бірнеше халықты төменшіктететіні жазылған [7]. Демек, рафа'а сөзінің мағынасы рухани көтерілу екенінде, ал Исаның әс көкке көтерілуі  дәл сондай түрде болғанында жатыр. Хазірет ‛Әлләмә ибн ‛Араби «Бірақ Аллаһ оны Өзіне көтерді» деген аятқа берген түсіндірмесінде Исаның әс көкке көтерілуінің мағынасы Мәсіхтің әс жердегі жанының бұл әлемнен бөлініп, биік әлемге көтерілгенін білдіретінін жазған [8].

Демек, егер тіпті Исаның әс аспанға тірідей көтерілгені туралы қандай да бір баяндама табыла қалса, онда ол Құран Кәрімге және сенімді хадистерге қайшы келеді, яғни ойдан құрастырылып шығарылған болады, ал Исаның әс өлгенін тіпті христиан-монотеистер ұстанатын наным да растайды [9].

Иса әс әлі күнге дейін тірі дейтін нанымға келсек, ол – христиандардың қиялдарының жемісі. Оны: ‛Әлләмә ибн Қайим, ‛Әлләмә Заркани, Науаб Сиддик Хасан Хан, Мәуләнә Әбу-л-Қалам Азад, ‛Әлләмә Ұбайдулла Синдхи, Сэр Саййид Ахмад Хан және Ғұлам Ахмад Парвиз де солай деп сипаттаған. Олар бұл нанымды кейінгі христиандардың (яғни христиандардың алғашқы ұрпақтарына жатпайтын) ойлап тапқаны деп жариялаған. Олардың пікірінше, Орта ғасырларда оны түсінбеушіліктің құрбаны болған қарапайым мұсылман ғұламалары қабылдаған.

Дереккөздер:

 

1. Мәуләнә ‛Әләу-д-дин ‛Әли Мұттаки. Кәнзу-л-‛уммәл. 3-т. 110-б. Муәссәсәт ар-рисәлә.

2. Кәнзу-л-‛уммәл.  2-т. 26-б. Низәмия энциклопедиясы, Хайдарабад.

3. Ахмад бин Хәнбәл. Муснәд. – 3-т. – 76-б. Дәру-л-фикр әл-‛араби.

4. әс-сафи шарх усул әл-кафи. – 20-21-б. Мунши Нау Лакшор. Лакхнау.

5. Ибн Мәҗә. Сунән. Китәбу иқамәти-с-саләт. Бәбу мә я’құль бәйнә-с-сәҗдәтәйн.

6. А) ‛Әлләмә Мухаммад бин Җәрир ат-Табари. Тәфсир Җәми‛у-л-бәйән. 3-т. 290-б. Мұстафа Әл-Бәби әл-Халаби, Мысыр.

Ә) Бихару-л-әнуар. 16-т. 144-б. Муәссисәту-л-уәфә, Бейрут, Ливан.

7. Бұхари. Сахих. Китәбу-т-тәфсир. Ар-Рахман сүресі.

8. ‛Әлләмә ибн ‛Араби. Тәфсиру-л-Құр’әни-л-Кәрим. 1-т. 296-б. Дару-л-Андалус. Бейрут.

9.  А) ‛Әлләмә Әбу Бәкір Байхақи. (1458 ж. өлген). Дәләилү-н-нәбуввә. 1-бөл., 438-б., Ләҗнә ихйау уммаһат кутуб әс-суннә. 1970.

Ә) ‛Әлләмә Уәхиди. (468 ж.һ. өлген). Әсбәбу-н-нузул. 61-б. Дару-л-фикр. Бейрут.

 


№7. Назареттен шыққан Иса Мәсіхтің әс және мұсылман үмметінен шыққан Уәделенген Мәсіхтің әс өзара айырмашылықтары бар сипат-белгілері

А) Ибн Омар рә баяндайды, Пайғамбарымыз сәс айтыпты: «Мен Исаны, Мұсаны және Ибраһимді көрдім. Иса (оның сипат-белгілерін айтады. – Авт.) жирен бұрмаланған шашты және кең кеуделі болды». (Бұхари. Сахих. Китәбу-л-әнбийа. Бәбу уә-зкур фи-л-китәби Марйам).

Б) ‛Абдулла бин Омар рә Аллаһтың Елшісінің сәс: «Бүгін кеште мен түсімде Қағбаны айналып жүрген кезімде бидай өңді адамды көрдім. Оның бидай түсті беті өте сұлу көрінді. Ұзын, артқа қайыра тараған шашы да әдемі көрінді, шашынан су тамшылап тұрды, ол екі адамға сүйеніп, Қағбаны айналып жүрді. «Бұл кім? – деп сұрап едім, маған: «Мәрияның ұлы», – деп жауап берілді. Содан кейін көзім шашы қопыраған, бір көзі қисық, – қисық болғанда да, жүзім сияқты томпақ, – бір адамға түсті. «Бұл кім?» – деп сұрағанымда: «Мәсіх Дәҗҗәл[3]» (яки, Дәҗҗәл-саяхатшы. – Авт.), – деген жауап алдым», – дегенін баяндайды. (Бұхари. Сахих. Китәбу-л-либәс. Бәбу-л-җә‛әд).

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Олардың дұрыстығын мойындап, Имам Бұхари өзінің жинағына екі баяндаманы да, ал Имам Мүслим екіншісін енгізген.

Бұл екі хадис сол кезде болашақта келуі тиіс болған Уәделенген Мәсіхті әс және (сол уақытқа дейін пайғамбарлық міндетін атқарып болған) исраилдік Мәсіх әс – Мәрияныңұлын әс екі бөлек адам ретінде әбден айқын ажыратып көрсетеді. Исраилдік пайғамбардың сипат-белгілері суреттелгенде,  сырт келбеттің исраилдіктерге тән белгісі – жирен бұйра шашы алдымен айтылады. Уәделенген Мәсіхке әс келсек, оның бидай өңділігі және түзу шашы айтылады. (Қойылған мақсаттары бойынша. – А.Р.) Назареттен шыққан – Иса Мәсіхке әс ұқсатылған  және Мұхаммедтің сәс қауымынан шығуға тиіс болған нақ осы Уәде етілген Мәһди қазіргі заманғы (бұрмаланған) христиандықты және Дәҗҗәлдің жақтастарын (идеялық тұрғыда) жеңуге тиіс еді. Пайғамбардың сәс түсін сипаттаудың екінші бөлігінде Қасиетті Пайғамбардың сәс Қағбаны айналып жүрген Уәделенген Мәсіхті және Дәҗҗәлді көргені айтылады, ал басқа хадистерде Дәҗҗәлдің Меккеге де, Мединеге де кірмейтіні айдай анық жазылған [1]. Демек, бұл түстің өткен заманның мұсылман ғұламалары іске асырған түсіндірмесі мынаған саяды: Дәҗҗәлдің Қағбаны айналып жүруінің мәні – жердің астын ұрланып қаза отырып, «оған енуге» әрекет жасау, басқаша айтқанда, ислам дінін құртуға әрекеттену. Уәделенген Мәсіхтің әс Қағбаны айналып жүруі –  барлық ізгілікті іс-әрекеттерімен исламды қорғау және соған қызмет ету дегенді білдіреді [2]. Ал Уәделенген Мәсіхтің әс сүйенген адамдары – олар барлық мүмкін болатын жолдар арқылы оған жәрдемдесетін көмекшілері мен ізін қуушылары.

Қысқасы, екі Мәсіхтің сырт келбеттеріндегі айқын айырмашылық Қасиетті Пайғамбар сәс түсінде Ибраһим және Мұсамен бірге көрген жирен бұйра шаштың иесі – (Назареттен шыққан. – А.Р.) Мәрияның әс ұлы Иса Мәсіх әс осы пайғамбарлар да бастан кешкен  сол шекке жеткен, яғни табиғи өліммен қайтыс болған. Ал бидай өңді, тегіс түзу шашы бар болашақ Уәделенген Мәсіх әс туралы айтсақ, – онда ол Мұхаммед сәс үмметінен шыққан Мәһдидің өзі болып табылады, ол уәждер алаңында Дәҗҗәлмен, яғни христианның діни қызметшілерімен, күресуге тиіс болады.

Нақ осы себептен баяндамаларда сипатталған (болашақ. – А.Р.) Мәсіх пен Мәһдидің сипат-белгілері бірдей: Мәһдидің терісі бидай түстес, яғни Уәделенген Мәсіхтің денесінің түсіндей [3].

Шииттік баяндамаларда Имам Мәһдидің ұқсас сипат-белгілерін табуға болады: ол орта бойлы және сырт келбеті тартымды. Ұзын шашы иығына түскен, ал қара сақал жапқан бетінен нұрлы сәуле шашырап тұрғандай [4].

Басқа дереккөздерде Мәһдидің кең ашық маңдайы және таңқы мұрны сипатталады [5].

Егжей-тегжейлі сипатталған оның осы сыртқы белгілер Хазірет Мирза Ғұлам Ахмадта әс кездеседі. Сөйтіп, оны жақыннан жиі көрген және онымен бір үйде тұрған Хазірет Мир Мұхаммед Исмаил Сахиб оның сыртқы келбетін төмендегідей сөздермен сипаттайды:

«Оның терісінің түсі бидайдай, осы сөздің ең бір жоғары сапалы мағынасындағы бидайдай болатын, яғни жарық пен шуақ төгіліп тұратын... басындағы шашы өзгеше түзу және жатық, жалтыраған және жұмсақ... ұзындығы, әдетте, мойынорамал орағандай, мойнына жететін... Мұрны... өте сүйкімді, биік, жұқа, таңқылау және бет әлпетімен әдемі үйлескен. Мүбәрәк  маңдайы түзу, биік және кең болатын» [6].

Хазірет Уәделенген Мәсіх әс, Мәһдидің ашық маңдайы мен таңқы мұрны айтылатын сыртқы белгілерінен басқа, сонымен қатар тағы бір ішкі асыл шындықты білдіретін. Ол (асыл шындық) мынада: Аллаһ Тағала оның адамдарды өзіне тартып тұратын байсалдылығы мен айбындылығы дұшпандарының жүректеріне қорқыныш ұялататын маңдайын адалдықтың шуағына бөледі дейтін осы екі қасиет те Уәделенген Мәсіхтің әс бойынан айқын да қуатты көрінеді [7].

Бұл кітап авторының атасы, Уәделенген Мәсіхтің әс серіктесі Хазірет Мәуләуи Ғұлам Расүл Сахибтің айтуы бойынша, Уәделенген Мәсіх әс келесі сөздерді жиі-жиі қайталай беріпті, яки: Аллаһ Мұхаммед бин Исмаил Бұхариге Өзінің рақымшылығын берсін, егер ол менің сырт келбетімді Назареттен шыққан Исаның әс бет әлпетінен ажыратып сипаттамағанда, мені мұхаддистер қалай таныр еді. [8]

Хазірет Уәделенген Мәсіх әс: «Мен Мәсіхке ұқсап, Уәде етілген ретінде келдім, ол маған (Мұхаммедтің құлына) арналған мінберге тұрмасын деп», – дейтін.

 

Дереккөздер:

 

1.  Сахих Бұхари. Китәб фәзәили-л-Мәдина, Бәбу лә ядхұлү-д-дәҗҗәл фи-л-Мәдина.

2.  Мәзәһиру-л-хаққ, шарх мишкәт әл-мәсәбих. 4-т. 359-б. Аламгир Пресс, Лахор.

3.  Мәуләнә ‛Әлләмә ибн Хәҗәр Хайсми. Әл-фәтәуә әл-хадисиййа. 2-т., 147-б., Мұстафа әл-Бәби әл-Халаби. 1979.

4.  ‛Әлләмә Йусуф бин Яхья әл-Муқаддаси әш-Шәфи‛и (7-ғас. х.). ‛Ақду-д-дурар фи ахбар әл-мунтазир. – 41-б., 1-басылым.

5.  Әбу Дауд. Сунән. Китәбу-л-Мәһди. № 7-хадис.

6.  Мирза Башир Ахмад. Сирату-л-Мәһди. – 2-т., 122-бет.

7.  Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Китәбу-л-бәрия. 268-б. Сілтеме. // Рухани Хазаин. 13-т., Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984. 307-бет.

8.  Асхаб-и-Ахмад. 2-т., 172-б., Құрастырушы – Мәлик Саләху-д-дин М.А.

 


№8. Ерекше белгілердің көрінуі

 

Әбу Қатада (Аллаһтың оған ризашылығы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ерекше нышандар мен белгілердің көрінуі екі жүз жыл өткеннен кейін болады», – дегенін баяндайды. (Ибн Мәҗә. Сунән. Китәбу-л-фитән. Бәбу-л-аят).

Хадистің түсіндірмесі:

Бұхари мен Мүслим белгілеген шарттылықтарды басшылыққа алып, Қасиетті Пайғамбар сәс ерекше белгілер туралы және бұл белгілер екі жүз жыл өткенде көрінуге тиіс болатынын айтқан хадисті [1] Имам Хәким дұрыс деп айқындаған. Алайда һиҗрадан кейін екі жүз жыл өткенде келтірілген хадиске байланысты қандай да бір ерекше оқиғалар орын алмағандықтан, сірә, дәл осы себепті ‛Әлләмә Мулла ‛Әли Қари Ханафи осы хадиске берілген түсіндірмесінде әл-мийатайн сөзіндегі әл- деген белгілілік артиклі қолданғандықтан «мың жыл өткеннен кейін екі жүз жыл» деген мағынасының болу ықтималдығы бар екендігін жазған (яғни, белгілер бір мың екі жүз жыл өткен соң көрініс береді). Ал нақ осы дәуір Мәсіх-Мәһдидің Дәҗҗәлмен қатар пайда болатын заманы ғой [2].

Тағы бірнеше баяндама Мулла ‛Әли Қаридің осы көзқарасын растайды. Сөйтіп, ‛Абдуллаһ бин Омар рә Қасиетті Пайғамбардың сәс соңғы дәуірдің қиын жағдайын және құлдырауын еске салатынын келтіре келе: «Сол белгілер, маржан алқаның үзілген жібінен шашырап түсетін моншақтар секілді, бірінің артынан бірі тізіліп көрінетін болады. Бір тізбек түріндегі белгілер дәл солай көрінбек», – деген-ді [3].

Аталған нышан-белгілер, таңғаларлығы, һиҗрадан санағанда, он үшінші жүзжылдықта орындалды. Олардың ішінде: айқыштың (крест) салтанаты, ғылым күнінің Батыстан тууы, көліктің бірден-бірге жетілген түрлерінің шығуы және көлік құралы ретінде түйе қызметінен бас тарту, мұсылмандардың құлдырауы және артта қалуы, әлемдік соғыстар, жер сілкінісінің орасан көп болуы, аштық, оба ауруы, құйрықты жұлдыз, сондай-ақ рамазан айында Ай мен Күннің тұтылуы сияқты оқиғаларды айтуға болады.

Тағы бір хадисте: «Бір мың екі жүз қырық жыл өткен соң, Аллаһ Тағала Мәһдиді жібереді», – делінген [4].

Қасиетті Пайғамбар сәс жариялаған көріпкелдіктерді басшылыққа алсақ, һиҗрадан санағанда он екі ғасыр өткеннен кейінгі он үшінші жүзжылдықта  нышан-белгілер бірінің артынан бірі орындалған кезеңнің жүзден бір бөлігі де Қасиетті Пайғамбардан сәс кейін екі жүз жыл өткенде келген дәуірге еш ұқсамайды. Осы ғажап оқиғалар мен белгілердің пайда болуы кезінде һиҗрадан кейінгі 1250 ж. Мирза Ғұлам Ахмад Қадиани әс дүниеге келіп, һиҗрадан санағандағы 1290 ж. ол Құдайдан түскен аянды иеленуші болды. Ол өз заманының ағартушысы және Мәсіх-Мәһди болатын ниетін жариялады, «Ерекше белгілердің көрінуі 200 жыл өткенде орын алады» деген хадисті терең ойлана түсіну нәтижесінде бұл баяндаманың мағыналарының бірі һиҗра бойынша он үшінші жүзжылдықтың соңында Уәделенген Мәсіх-Мәһдидің әс келуі екені оған аян түрінде ашылғаны болып табылады. Оның есімін («абҗәд» деп аталатын араб жүйесіне сәйкес. – А.Р.) құрайтын әріптердің мағыналарының сандық сомасы, яғни «Ғұлам Ахмад Қадиани» дәлме-дәл 1300 санын құрайтыны, сол уақытта бүкіл әлемде одан басқа осындай есімді бірде-бір адамның жоқ екені аянда ашылып көрінген. Сөйтіп, оның назары һиҗрадан санағанда он үш жүзжылдық өткенде келуге тиіс болған сол Мәсіх өзі екені және ғасырлардың сол кезеңін білдіретін жылдың сандық көрінісі оның есіміне жазылған фактіге ауды [5].

 

Дереккөздер:

 

1. Имам Хәким. Мұстадрак. 4-т., 428-б., Мәктәбә ан-наср әл-хадисиййа, Рияд.

2. Мирқату-л-мәфәтих, шарх мишкәт әл-мәсәбих. 5-т., 185-б., Мәктәбә Маймуниийа, Мысыр.

3. Тирмизи. Сунән. Әбуәбул-фитән. Бәбу мә җәә фи хұлюли-л-мәсхи уәл-хасфи.

4. Ан-нәҗму-с-сақиб. 2-т., 209-б., Ахмади Патна Мұғалпура. Ибн Әби Шәиба сілтемемен.

5. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Изәлә әуһәм. 186-б. // Рухани Хазаин. 3-т., Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984. – 190-б.

 


№9. Исламның құлдырауы жайындағы көріпкелдік

 

Аллаһтың Елшісінің келесі сөздерін естідім деп ‘Абдуллаһ бин ‘Амр баяндайды: Аллаһ Тағала білімді бірден тартып алып адамзат баласын білімнен құр қалдырмайды, алайда Ол білгір ғұлама тұлғалардың өлімімен білімнен айырады. Сөйтіп, білімге шынайы ие болған бірде бір адам қалмайтын заман келеді, сонда адамдар өздерінің басшылары етіп надандар мен жалқау-бұлғаңдарды таңдайды; егер олардан бір-нәрсе жайында сұраса, олар ешқандай білімге сүйенбей пәтуаларын шығара бастайды. Олар өздері адасқан және басқаларды да адастырады. (Бұхари, Китәбу-л-‘илм, Бәбу кәйфә йақбизу-л-‘илм)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті барлық (Сыхәх ситта) алты сахих жинақтардың авторлары келтірген, Имам Бұхари Мүслиммен бірге оның дұрыстығын мойындаған. [1]

Бұл хадисте халықтардың діни құлдырауының өте бір маңызды себебі көрсетілген: уақыт өте келе адамдар діни білім мен іс-амалдарға дұрыс қарамауының нәтижесінде олар біртіндеп деградацияға ұшырайды.  Қасиетті Пайғамбар сәс алғашқы үш жүзжылдықты «хайру-л-құрун», яғни «ең қайырлы жүзжылдықтар» деп анықтап беріп, сосын осыдан кейін құлдырау басталады деп айтқан [2]. Сосын мұсылмандар қатты құлдырауға ұшырайтын мың жылдық құлдырау кезеңі орыналады, бұған оларға билік жүргізген олардың арам және қабілетсіз басшылары мен көсемдері едәуір болысады. Олар зинақорлық, арақ-шарап ішімдік және дүниеқоңыздық сияқты жаман қылықтарға бой алдырады, тіпті олардың діни жетекшілері де құлдырауға ұшырайды. Қасиетті Пайғамбарымыз сәс айтты деп, Хазірет ‘Али рә баяндайды:

«Исламнан тек («Ислам» деген) аты ғана қалатын, ал Құраннан тек оның мәтіні ғана қалатын (яғни, іс-жүзінде Құран жолымен жүрмейтін – Авт.) уақыт келеді. Сол заманның мешіттері адамдарға толы болып көрінгенімен, олар һидаяттан, яғни тура жетекшіліктен айрылады және аспан күмбезінің астындағы ең нашар тіршілік иелері солардың діни қызметшілері болмақ. Түрлі ылаң-дүрбелендер олардың ортасынан шығады да, өздеріне қайтып оралады» [4]. Бұл хадис сонымен қатар исламдағы шииттік бағытта да мойындалады. [5]

Осы хадисте көрсетілгендей Исламның аянышты күйін тудыратын барлық белгілер дәлме-дәл орындалды. Әһл-и-хадис бағытының ғұламасы ‘Әлләмә Науаб Нұру-л-Хасан Хан ибн Науаб Сыддық Хасан Хан, шамамен жүз жыл бұрын, орындалған белгілердің растығын мойындай отырып былай деп жазған:

«Сол секілді азғындықтар осы үмметте пайда бола бастаған күннен бері үммет те жоқ, ұлт та жоқ, соның салдарынан Исламның абыройы күннен-күнге өшіп барады. Қазір Исламнан тек оның аты ғана, ал Құраннан тек оның сөздері ғана қалған. Мешіттер адамдарға толы болып көрінгенмен, олар хидаяттан толығымен мақұрым болды. Ғұламалар – аспан күмбезі астындағы жаратылыстын ең жаманы, бүлік пен ылаң олардан шығып, өздеріне қайтып оралуда». [6]

Мәуләнә Хали осы бір қайғылы жағдайды келесі түрде жеткізген:

«Иман да жоқ, Ислам да жоқ,

Исламнан тек оның аты ғана қалды».

Алладан алдын ала біліп айтылған сөздері бойынша Ислам үмметі яхудилердің жағдайына түскен кезде шипагер-мәсіх, Исламның құлы – Мәһдидің келетіні айтылған. Ол имандылықты аспаннан қайта қайтарып, оны адамдардың арасына қайта орнатуы керек болды. Сүнниттік және шииттік бағыттағы хадистерде Имам Мәһдидің үмметке ұзақ үзілістен кейін, адамдардың арасында көптеген қарама-қайшылықтар мен азушылықтар орыналған кезде келетіні бір ауыздан мақұлданады. [7]

Сонымен, Қадиандық Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад әс міне дәп осындай кезде келіп, «аталмыш мұсылмандарды» нағыз және шыншыл мұсылмандарға айналдыру үшін келдім деп талабын жария етті. Әлхамдулиллаһ, ол өзінің уәдесін орындап, кіршіксіз таза жамағаттың негізін қалады. Бұл жамағат жайында тіпті ‘Әлләмә Иқбал есімді ойшыл, шындықты мойындай отырып, былай деген:

«... Егер расында Ислам үлгісіне сай келетін жамағат бар болатын болса, онда ол Ахмадий Жамағаты». [8]

 

Дереккөздер:

[1]. ‘Әлләмә Бадру-д-дин ‘Айни. Умдату-л-қари, шарх Бұхари. 1-т., 528-б., Дару-т-таба‘а, Каир.

2. Бұхари. Сахих. Китәбу-ш-шәһәдәт. Бәбу лә йашхаду ‘әлә шәһәдәтин җәурин.

3. Бұхари. Сахих. Китәбу-л-‘илм. Бәбу раф‘и-л-‘илми уә зәһури-л-җәһли.

4. Имам Байхақи. (458 ж.һ. өлген) Шу‘Әбу-л-иман. 311-б., 2-бөлім. Дару-л-кутуби-л-‘илмиййа, Бейрут.; Мишкәт. Китәбу-л-‘илм. Бәбу-л-фуру‘ мин әл-җәм‘и-л-кафи. 3-т., 10-б., Дар Әлләмә Әбу Җә‘фар Мұхаммад бин Калаби, Нау Лакшор.

5. Бихару-л-әнуар. 52-т., 10-б., Дару-л-ахйа әт-тәрас әл-‘арабий, Бейрут. Ливан. 1982 ж.; Бихару-л-әнуар. 52-т., 10-б.

6. Нұру-л-Хасан Хан. Иктирабу-с-сәс‘ат. 12-б., Сәс‘иду-л-мутаба’, Бенарес. 1322 ж. х.

7. Әбу-л-Хасан әл-Арбали. Кәшфу-л-ғумма фи мә‘рифати-л-аимма. 3-т., 270-271 беттер. Дар ул-әдуә, Бейрут.

8. ‘Әлләмә Иқбал. Миллат-и-байза пар эк имрани назар. (Алигарх қ. дәріс, 1910 ж.) 18-б., Ағылшын тіліне аударма: Мәуләуи Зафар Али Хан. Дафтар-и-Ахбар. Дафтар-и-замана, Мью-роуд, Лахор.

№10. Ағымдарға бөліну; құтқарылатын ағым

 

Әбу Һурайра (Аллаһтың оған ризашылығы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Яһудилер 71 әлде 72 ағымға бөлініп кетті, христиандар да соның (кебіне) түсті, ал менің үмметім 73 ағымға бөлінеді», – дегенін баяндайды». (Тирмизи, Әбуәбу-л-иман, Бәбу ифтирақи һазиһил-уммәти)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадис Имам Ахмад, Тирмизи және Ибн Мәҗә баяндамаларында кездеседі. Имам Тирмизи мен Имам Хәким оның дұрыстығын бір ауыздан мойындаған [1], тіпті Имам Хәким бұл хадистің сенімділігін Имам Мүслим орнатқан шартылықтардың негізінде қоштаған. Келтірілген хадис сүнниттік ой мектебімен бірге шииттік ой мектебінде де қабылданады. [2]

Осы хадисте ескерілген яһудилер мен Мұхаммед сәс үмметінің арасындағы ұқсастықтың егжей-тегжейлі түсіндірмесі тағы бір баяндамада, мысал ретінде, екі сыңар етіктің ұқсастығы түрінде айтылады, яғни, екі сыңар етік бір-біріне ұқсас болғандай, сол секілді мына үммет (яһуди үмметіне ұқсап) солардың соңынан ереді, тіпті егер бір сорлы яһуди өзінің анасымен ашық түрде ерсілік әрекет жасаса, мына үмметте де соған ұқсас сорлы табылады. [3]

Бірақ ақиқаттың хабаршысы Қасиетті Пайғамбарымыз сәс үмметінің бір бөлігін яһудилер деп атаған кезде, сол кезекте ол басқа адамдарды Иса есімімен байланыстырған. Ол 73 ағымның бір ағымы ғана тура жолды ұстанады деп хабарлады. Осы құтқарылатын жамағатты іздеу әрбір мұсылманның міндеті. Сондай-ақ Қасиетті Пайғамбар сәс олардың өте бір маңызды көрсеткіші жайында айтқан-ды, яки: «бұл жамағат маған және сенің сахабаларыма ұқсап, біздің ізімізбен жүреді» - деген.

(Құтқарылатын) Жамағаттың бірлігі мығым (ұйымшыл) болады - деп, Қасиетті Пайғамбарымыз сәс тағы бір хадисінде адасқан жетпіс үш ағым мен құтқарылатын бір ағымның белгілерін ажыратып берген. Әрине, нағыз жамағатты имамсыз елестету мүмкін емес, содан болса керек Қасиетті Пайғамбар сәс ақыр заманда орыналатын бүлік пен ылаңды сөз еткен кезде, Хузайфа рә: «Йә, Алланың Елшісі! Сол уақытта бізге не істе деп бұйырасын?» - деп сұрапты. Бұған Қасиетті Пайғамбарымыз сәс: бір ғана имамы болатын мұсылмандар жамағатына кір, егер бір ғана имамы болатын жамағат болмаса, онда, тіпті талдын тамырларын жеп, содан өліп жатсандар да, барлық секталардан бойларынды аулақ ұстандар – деп, жауап берген. [5]

Екінші баяндамада былай делінген, егер сендер секталар көбейіп, адасушылық жолына шақырған сектанттар заманыңда әйтеуір бір жерден Алланың (халифасын) наменгерін көретін болсандар, онда егер сендерді тіпті өлтіріп, мүліктерінді тонап жатса да, одан айрылмандар. [6]

Қазіргі уақытта Ислам дінінің барлық ағымдары «күпірлік» пәтуаларын жариялап бір-бірін исламнан шығарумен әлек болуда, осылайша олар өшпенділіктің құрбанына айналып жатыр. Ақыры, 1974 жылы әлгі ағымдар тек бір-ақ мақсат үшін бірігуге мұршалары жетті, яки: Ахмадийя мұсылман жамағатың мұсылман-емес деп бірауыздан жариялау үшін. Бұл оқиға Ахмадийя мұсылман жамағатының хақ екендігіне пайда беретің басты белгінің керемет орындалуы болып табылды, яғни 72 ағым айырылыстың бір жағында қалып ақиқаттың жолымен жүрмейтің болады, ал айрылыстың екінші жағында қалған жалғыз ғана ағым құтқарылады. Бүгіндері Ахмадийя Мұсылман Жамағатынан айырылысып, оны жалғыздықта қалдырған 72 ағым Ахмадия жамағатын хас құтқарылатын ағым екенің дәлелдеп қоймай, сонымен қатар Қасиетті Пайғамбар сәс сахабаларының бойынан табылатын барлық ізгіліктер мен жоғарғы моралдық құндылықтар соларға тән деп шынайы ұқсастықты мойындап отыр. Сонымен, бүгінгі күні жер бетінде Қасиетті Пайғамбар сәс мен оның Сахабаларының рә жамағатына ұқсас және олардың тірі үлгісі болып табылып, Аллаһ үшін және Оның Елшісі сәс үшін бәрін: өмірлерін, дүние-мүлкін, уақытын, ар-намысын құрбан еткен тек бір ғана жамағат бар. Міне осы жамағатқа калима мен азанды айтуға, уағыз жүргізіп, қажылыққа баруға тыйым салынған, бұрындары Қасиетті Пайғамбар сәс мен оның Сахабаларына рә дәл осылайша тыйым салынғандай; йә, міне осы жамағат тіпті бүгін, дамыған 21-ші ғасырда, Қасиетті Пайғамбарға сәс ұқсап, олардың сабырлығын, төзімшілдігін, әрекет өнегесі мен ақниеттілігін өздерінде сақтай отыр, діни қуғын-сүргіннің нысанасына айналып отыр. Сондай-ақ бір имамның жетекшілігінде (бірлігі жарасып) ұйымшыл болғандары сондайлық тек соған ғана бағынып, соның ғана бұйрығымен отырып-тұрады. Айтыңыздаршы, қазіргі заманда әйтеуір бір жерден осыған ұқсас жамағатты табуға болады ма?

 

Дереккөздер:

 

[1]. Тухфату-л-әхуәзи, шарх Тирмизи. 3-т., 367-б., Дару-л-китәби-л-‘арабий, Бейрут.

2. Бихару-л-әнуар. 28-т., 30-31 беттер. Дару ихйаи-т-тураси-л-‘арабий, Бейрут. Ливан. 1983.

3. Тирмизи. Сунән. Китәбу-л-иман. Бәбу ифтирақи һәзиһи-л-уммәти.

4. Тирмизи. Сунән. Китәбу-л-иман. Бәбу ифтирақи һәзиһи-л-уммәти.

5. Бұхари. Сахих. Китәбу-л-мәнәқиб. Бәбу ‘әләмәти-н-нәбуввәти фи-л-исләми.

6. Ахмад бин Ханбал. Муснәд. 5-т., 403-б., Дару-л-фикри-л-‘арабий, Бейрут.

 

Жалғасы: http://nurym.yvision.kz/post/365429

 

[1] Бір нұсқада: Қыдыр (ата).

[2] Сағана – шіркеуде немесе молада өлгендердің мүрдесін қоятын орын. Кей жерлерде «ақым» деп те аталады. – Аудармашы.

[3] Дәҗҗәл (тажал) – арабша: өтірікші; Мәсіхке қарсыласушы елдер / топтар.

[4] Халиф – рухани лауазым (бұл мемлекеттік те, саяси да лауазым емес!):

1) Наменгер (Алланың наменгері, яки пайғамбар немесе оның шынайы ізбасары),

2) Пайғамбардың шынайы ізбасары, 3) мұҗәддид (дінді ағартушы, реформатор).

[5] Халифат – 1) наменгерлік, 2) ізбасарлық, 3) мұҗәддидтердің (дінді реформалаушылардың) бірізділігі.

[6] Мұфассир – Құранды тәпсірлеуші.

[7] Мұхаддис – хадистерді білетін, оны тәпсірлейтің немесе хадистерді жеткізген адам.

[8] Сондай-ақ Мәһди Хорасанмен байланысты болады делінген баршаға мәлім хадис бар (Мишкәт Тайиби, Бәб ашраат әс-сәс‛а. Фасал 3. Мұснад Ахмад бин Ханбал; Байхақи, Шә'бү-л-иман, 2-бөл., 311-б.). Ғулам Ахмадтың Қажы (Сайфуддин) Барластан бастап Һади Бекке дейінгі ата-бабалары сонда тұрған.

[9] Жоғарыдағы №15 хадисте қарастырылған

[10] Мұндай метафора күнделікті өмірде кеңінен қолданылады. Мысалы, кенеттен пайда болған адамнан: «Сен көктен түстін бе?» деп сұрайды, және т.с.с. – А.Р.

Жалғасы: Хадис 11-20 (40тан) http://yvision.kz/post/365429

0
0
4279