Мазмұнға өту

Жаңа

Солтүстікқазақстандық акробаттар «Ертіс таңы» жарысында алтын медаль иеленді

Солтүстікқазақстандық акробаттар «Ертіс таңы» халықаралық турнирінде 2 алтын және 3 қола медаль иеленді, деп хабарлайдыBNews.kz тілшісі. «Павлодарда «Ертіс таңы» атты спорттық акробатика, акробатикалық кілемшеде және батутта секіруден халықаралық жарыс өтті. Турнирге Ресей, Солтүстік Корея, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және Қазақстаннан келген 320 спортшы қатысты», – деді BNews.kz тілшісіне дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Дарья Тушина. «Ертіс таңы» – Халықаралық гимнастика федерациясының күнтізбесінде бекітілген Қазақстандағы жалғыз жарыс. Солтүстікқазақстандық Виталий Делль мен Яна Никитина акробаттық кілемшеде секіруден екі алтын медальді иеленді. Әйелдер жұбыныда Алина Абуталипова мен Алина Гасимова, аралас жұпта Александр Затов пен Анастасия Бей…

0
0
468

Қазақстандық Станислав Лямин таэквондодан әлем чемпионы атанды

Болгарияның София қаласында 14-23 шілде аралығында ерлер арасында таэквондодан әлем чемпионаты өтіп, қазақстандық Станислав Лямин үздік шықты. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қарағанды облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан хабарлады.

Чемпионатқа әлемнің 75 елінен 800 мықты спортшы қатысқан. Қарағанды облысынан ұлттық құрамаға 5 спортшы кірді.

Станислав Лямин бірінші орын алса, Владимир Смолин мен Станислав Тин жартылай финалда қарсыласынан осал түсіп, V орынға тұрақтады.

Аталған жарыста қазақстандық құрама жалпы командалық есеп бойынша бесінші орын алды.

 

«www.bnews.kz».

0
0
269

«Астанаға» не жетіспеді?

Биыл ғасырлық дәуірін атап өткен мәртебелі «Тур де Франс» велокөпкүндігінің де кезекті додасы аяқталды. 198 шабандоз жарыс жолына шыққан аламанда «Скай» командасының ұлыбританиялық саңлағы Крис Фрум жеңіске жетті. Ал «Астананың» даниялық тарланы Якоб Фульсанг үздік жетіліктен көрінді. Жалпы, «Тур де Франстың» биылғы додасы бізге не берді? Бұрын қалай өнер көрсеткен едік? Міне, бүгінгі тақырыбымызда осы сұрақтарға жауап беруге тырыстық. Есімізде, 2006 жыл болатын. «Астана» ве­ло­­командасы құрылып, тұңғыш рет қа­зақстандық велоұжымның «Тур де Франс­қа»қатысатынына бөркімізді аспанға лақ­тырдық. Бірақ қуанышымыз ұзаққа со­зыл­мады. Альберто Контадор бастаған бес спортшымыз «Пуэрто ісі» атты допинг­тік даудың тізімінде бар болып шықты да, шабандоздардыңаздығынан «Астана» атал­мыш жарыстан ба…

0
0
312

«Бавария» бабын байқатты


Мюнхендік «Бавария» өз алаңында «Барселонаны» жеңді. Кезінде каталондық команданы жаттықтырған Хосеп Гвардиола керемет ойын жүйесін пайдалана білді.

«Альянц-Арена» стадионында аяқталған жолдастық кездесуде неміс ұжымы жауапсыз екі допты қарсылас қақпасында тулатты. Алғашқы голды ойынның 14 минутында команда капитаны Филипп Лам соқса, кездесу аяқталар тұста Марио Манджукич екінші голдың авторы атанды. Немістер сапынан он бірдей футболшы алмасса, Жорди Роура бастап барған испандық команда сапынан 11 ойыншы алмасты.

Естеріңізде болса, соңғы рет Еуропаның алпауыт ұжымдары Чемпиондар лигасының жартылай финалында кездескен болатын. Қос кездесу қорытындысы бойынша «Бавария» 7:0 есебімен испандық ұжымды сан соқтырған-ды.

0
0
275

Чемпиондар Лигасынан кімге қанша түсті?

УЕФА Чемпиондар Лигасының өткен маусымындағы клубтар табысын мәлім етті. УЕФА Чемпиондар Лигасының 2012-2013 маусымына қатысқан клубтарға қанша қаржы үлестірілгенін хабарлады. Клубтар 904,6 миллион еуроны бөліске салған екен. Қомақты қаржы финалға барған қос клубқа бұйырыпты — мюнхeндік «Бaвaрия» мен дoртмундық «Бoруссия». Мамыр айында «Уэмбли» төрінде «Бoруссияны» 2:1 есебімен тізе бүктірген «Бaвaрия» УEФA басшылығынан 55,046 млн eуро алған. Топтық, ширек финалдық, қосымша сыйақы мөлшері 35,9 миллиoнды құраған болса, қалған 19,146 миллион тeлeтрaнсляциялар есебінен түскен. «Бoруссияға» финалға шыққаны үшін 54,161 миллиoн табысталыпты — кездесулер мен жеңістер есебінен 32,4 миллиoн еншіленсе, телеарналардан 21,761 миллиoн бөлінген. «Баварияға» финалдағы жеңісі үшін 10,5 миллион табыс етіл…

0
0
338

Все про ремонт Кухнів

Якщо в кухні розміщується обідня зона, то для неї можна передбачити крім загального освітлення цікавий світильник у вигляді свічок або саму загальну лампу придбати з так званої «розтяжкою», яка дозволить висвітлювати безпосередньо обідню зону. Кожна кімната вашого житла має своє функціональне призначення: спальня для сну, дитяча для дітей (про її облаштуванні ми з вами вже говорили), вітальня для вечірнього часу всієї сім'ї і для прийому гостей, а от кухня вважається місцем багатофункціональним.Тут відбувається таїнство приготування їжі, тут родина нерідко збирається «чаю попити», обговорити життя сімейну або просто насолодитися спілкуванням. У кожному разі, кухня уособлює собою все, що стосується домашнього вогнища для будь-якої людини. Ремонт та облаштування кухні, тому, обов'язково пов…

0
0
395