место в рейтинге
  • 55665
  • 2
  • 6
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Мәсіх және Мәһди (әс) Аллаһтың Елшісі Мұхаммедтің (сәс) көзімен. Хадис 1-10 (40тан).

(Хадис 11-20 жалғасын көру үшін: http://yvision.kz/post/365429)

Хадис 21-30 көру үшін: http://yvision.kz/post/396408

Хадис 31-40 көру үшін: http://yvision.kz/post/589496

_________________________

 

Қысқартылған сөздердің тізімі

сәс (арабша: саллә(А)ллаһу ‘әләйһи уә сәлләм): “оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын” – бұл тілекті мұсылмандар Қасиетті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің сәс есімі аталған сайын қосып айтады;

әс (арабша: ‘әләйһи/а/им(ә)-с-сәләм): “оған (оларға) сәлемет болсын” – бұл тілекті мұсылмандар кез келген пайғамбардың, Жебірейіл періштенің, Мәриямның, Мәсіх-Мәһдидің есімдері аталғанда қосып айтады;

рә (арабша: разыя(А)ллаһу ‛әнһу/а/ум(ә)): “Аллаһ оған (оларға) разы болсын” – бұл тілекті мұсылмандар Мұхаммед Қасиетті Пайғамбарымыздың сәс серіктестерінің  (немесе басқа бір пайғамбардың серіктестерінің) есімдерін айтқан сайын қосып отырады.

А.Р. – аударма редакциясы.

____________________________

 

№ 1. Исаның және басқа пайғамбарлардың (оларға Алланың сәлемі болсын) дәрежелері мен мекені

 

Мәлик бин Сағсаға рә Қасиетті Пайғамбардың сәс оған Миғраж түні жайында төмендегіні әңгімелеп бергенін айтты:

«Жебірейіл періште әс өзімен бірге алып кетуге келгенде, мен Хатимде Қағбаның ішінде (Меккедегі Қасиетті мешіт. – А.Р.) жатқанмын. Алдымен ол мені бірінші аспан күмбезіне шығарғанда, Адам (атаны) әс көрдім. Жебірейіл маған: «Бұл – сенің әкең, оған сәлем берсеңші», – деді. Мен оған сәлем бердім, ол менің сәлеміме жауап берді де: «Қош келдің, салихалы ұл және салихалы пайғамбар», – дегенді айтты. Содан кейін біз одан да жоғарыға көтерілдік те, аспанның екінші күмбезіне жеттік... Мен екі немерелес бауыр – Жақия әс (Шоқындырушы Жохан) мен Исаны әс көрдім. Жебірейіл: «Бұл Жақия әс және Иса әс, оларға сәлем бер», – деді. Мен сәлем бердім, олар менің сәлеміме жауап қатқан соң: «Қош келдің, мейірбанды бауыр және салихалы пайғамбар» – деді...».

(Осыдан кейін басқа да аспан күмбездеріне барғандары айтылады: Аспанның үшінші күмбезінде Жүсіп әс, төртіншісінде – Ыдырыс әс, бесіншісінде – Һарун әс, алтыншысында – Мұса әс, жетіншісінде – Ибраһим әс, ал содан кейін Қасиетті Мұхаммед Пайғамбар сәс – жалғыз, Жебірейілсіз, аспан күмбезінің ең биік шыңына шығады). (Бұхари, Сахих. Банийану-л-Кә‛бә. Бәбу-л-Ми‛раҗ).

 


Хадистің түсіндірмесі:

Бұхари мен Мүслим бұл хадистің дұрыстығына бірауыздан келісіп, оны өздерінің сенімді хадистер жинақтарына енгізген. Бұл баяндау Насаи еңбегінде де орын алған.

Келтірілген хадистен Исаның әс көкке басқа пайғамбарлар сияқты көтерілгенін анық ұғуға болады: ол тірідей өзінің фәни денесімен көкке көтерілмеген, барлық пайғамбарлар сияқты қайтыс болып, жаны рухани биіктікке өрлеген. Егер ол осы уақытқа дейін тірілердің арасында болса, онда оған басқа пайғамбарлардан бөлек болатын орын берілетін еді, өйткені тірі адамдар мен өлгендердің жандары әртүрлі әлемдерде өмір сүреді. Ал Миғраж кезінде Қасиетті Мұхаммед Пайғамбардың сәс басқа өлген пайғамбарлардың жанымен бірге Исаны әс көргені, Исаның да басқа пайғамбарлар сияқты қайтыс болғанын дәлелдейді. Сөйтіп, Мұхаммед Пайғамбарымыздың сәс немересі Хазірет Имам Хасанның айтуы бойынша: рамазанның жиырма жетінші түнінде, яғни Мәриямның ұлы Исаның әс жаны аспанға көтерілген түні, Хазірет Әли рә қайтыс болған – дейді. [1]

Хазірет ‛Әлләмә бин Қайим Қасиетті Пайғамбардың сәс жаны Миғраж деп аталған ғажап және бірегей оқиғаны бастан кешкенін, ал ол кезде барлық басқа пайғамбарлардың жандары өздерінің фәни тәндерінен тек өлгенде ажырап, сонда ғана көкке көтерілгенін, әрқайсысы өзіне әзірленген мекенге жайғасқанын жазған-ды. [2]

Аса құрметтелетін әулие сопылардың ішіндегі Хазірет Дата Ганҗ Бахш Хуҗвири Аллаһтың Пайғамбарының сәс:

«Мен Миғраж кезінде, Құдайдың барлық абыройлы пайғамбарларын: Құдай таңдаған Адамды әс, шыншыл Жүсіпті әс, Алланың сұхбаттасы Мұсаны әс, жұмсақ Һарунды әс, Исаның сәс Құдай берген жанын және Құдайдың досы Ибраһимді әс көрдім», – дегенін жазған. [3]

Бұл олардың жандары болғанына еш күмән жоқ. Демек, Миғраж туралы хадистерден Исаның әс табиғи өліммен өліп, барлық басқа аса қадірлі пайғамбарлар құсап, рухани көтерілгені және Жаратқан Аллаһтың енді ешқашан шықпайтын және ешкім де ешқашан кері қайтып оралмайтын мәңгі Жұмағының мекеніне енгенін айқын ұғуға болады.

 

Дереккөздер:

 

1.  ‛Әлләмә ибн Сә’д. Әт-тәбәқату-л-кубра. 3-т. Дару-с-садр, Бейрут. 39-бет.

2.  ‛Әлләмә ибн Қайим. Зәду-л-мә’әд фи һәдйи хайри-л-‛ибәд. 1-т. Низәм,

Канпур. 302-бет.

3.   Дата Ганҗ Хуҗвири. Кәшфу-л-махҗуб. Кашмири базар, Лахор. 317-бет.


№ 2. Қасиетті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің сәстәуәффәйтәни сөзіне берген түсіндірмесі

 

Ибн ‛Аббас рә Пайғамбардың сәс (Қиямет күнін еске алып) былай дегенің баяндайды:

«Менің серіктес-сахабаларымның кейбіреуі сол жаққа шығарылады, сонда мен: «Бұлар менің сахабаларым ғой, менің сахабаларым!» – деймін. Бірақ Аллаһ: «...Сен олардан кеткен кезде, олар кері бұрылған», – деп жауап береді. Сонда мен Аллаһтың салихалы құлы (Мәриямның ұлы Иса әс) сияқты жауап беремін: «О, Раббым! Мен олардың арасында болған кезімде, олардың куәгері едім, бірақ Сен маған өлім жіберген соң, олардың куәгері Сен болып қалғансың және Сен – барлық нәрсеге Куәсің». (Бұхари. Сахих. Китәбу-л-әнбийа; Бұхари. Сахих. Китәбу-т-тәфсир. Әл-Мәидә сүресі).

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұхари мен Мүслим бұл хадистің дұрыстығына бірауыздан келісіп, оны өздерінің сенімді хадистер жинақтарына енгізген. Келтірілген хадис Тирмизи және Насаи кітаптарында да орын алған.

Имам Бұхари бұл хадисті өзінің Тәпсір кітабында Құранда пайдаланылған тәуәффәйтәни сөзін (Әл-Мәидә 5:117) Қасиетті Пайғамбардың сәс «табиғи өлім» деп түсіндіргенін атап көрсету үшін келтірген.

Сөйтіп, Әл-Мәидә сүресінің 117-аятында Құдіреті күшті Жаратушымыз Исадан әс Қиямет күні: «Сен адамдарға: «Мені және менің анамды құдай етіп алыңдар», – деп айттың ба?» – деп сұрағанында, оған Иса сәс құрметпен: мен  адамдарға осындай сандырақ ілімді қалай бере аламын және ешқандай құқым жоқ сөзді қалай айтуым мүмкін? – деп жауап қатқаны туралы сөз болады. Ары қарай: «Егер мен сондай бірдеңе істеген болсам, онда – О, көместегіні көретін Тәңірім! – Сен оны әлбетте білген болар едің. Мен өз тарапымнан адамдарды Сен үйретуге бұйырғандарға, яғни: «Құдіретті Жаратушыларыңа құлшылық етіңдер», – деп үйреттім. Мен олардың арасында болған кезімде, олардың куәгері едім, бірақ Сен маған өлім жіберген соң, олардың куәгері Сен болып қалғансың», – дегені айтылады.

Бұл аятта Иса әс өзі басынан кешкен екі ахуалды еске алады. Біріншісі – оның халқына куәгері болғаны, ал екіншісі – тәуәффәдан кейін (яғни өзінің өлімінен кейін) өз халқынын ортасында болғанын теріске шығара отырып, халқының Куәгері – Құдай, тек Құдай ғана екенін айқындағаны. Кей адамдар тәуәффә сөзін (Исаға сәс қатысты қолданғанда) «табиғи өлім» деп емес, «тұтастай, тірі тәнімен алып кетіп, көкке көтеру» деп аударады, бірақ беріліп отырған хадис ондай мағынасын қабылдамайды, өйткені Қасиетті Пайғамбар сәс дәлме-дәл Исаның әс сөзін қайталай отырып (бірақ енді өзіне қатысты), сол арқылы тәуәффә сөзінің мағынасын «табиғи өлім» деген мағынада белгіледі. Ары қарай, солай түсінудің дұрыстығының қосымша дәлелін Хазірет ибн ‛Аббастың рә куәлік етуін келтіре отырып, Имам Бұхари берген, соған сәйкес «Йа,'Иса! Инний мутәуәффийкә» аятындағы («Әл-'Имран» сүресі 3:56)  мутәуәффийкә сөзінің мағынасы мумийтука, яғни: «О, Иса, шындығында, Мен саған өлім жіберіп отырмын», – дегенді білдіреді [1]. Сөйтіп, тәуәффә сөзінің мағынасы біздің Ұстазымыз және Тәлімгеріміз Қасиетті Пайғамбарымыз сәс үшін де, Хазірет Иса әс үшін де бірдей болып шықты. Егер тәуәффә сөзінің қарама-қарсы мағынасы болған жағдайда, Қасиетті Пайғамбарымыз сәс ондай қарсы мағынадағы сөзді ешқашан қолданбаған болар еді. Оның үстіне, егер қандай да бір сөзді аударған кезде, әлдекім жалпы қабылданған сөзге қарама-қарсы мағынаны пайдаланбақ болса, оның дұрыс емес аудармасын ешкім де ешбір сөздікке енгізбейді. Мұхаммед сәс үшін де, Иса әс үшін де, атап айтқанда: Иса әс үшін –  «тірідей аспанға көтерілу», ал барлық пайғамбарлардың данышпаны Мұхаммед сәс үшін – «табиғи өлім» және жер қойнына беру деген мағынада тәуәффә деген бір сөздің мағынасын әртүрлі белгілеуге әрекет ету – ешбір негізсіз және ақылға қонымды мағынаға қарсы әрекет болып саналады.  Демек, Қасиетті Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі түсінігін берген Құран Кәрім аятынан тәуәффә сөзі бұл жерде «өлу» деген мағынада қолданылғанын айқын көреміз, ал Исаның әс өлгені – анық дәлелденген, рас және дау тудырмайтын факт.

 

Дереккөздер:

 

1.   Бұхари. Сахих. Китәбу-т-тәфсир. Әл-Мәидә сүресі. Бәб мә җәә Аллаһ мин бахира.

 


№ 3. Қасиетті Пайғамбардың сәс серіктес-сахабаларының алғашқы ‛иҗмасы (бір ауыздан мақұлданған шешім)

 

‛Абдулла бин ‛Аббас рә баяндайды, Әбу Бәкір рә (Пайғамбардың сәс қайтыс болғанына көзі жетіп. – Авт.) сыртқа шыққанда, Омар рә сол уақытта адамдармен дауласып жатыпты. Әбу Бәкір рә оған: «Ей, Омар, тізе бүк», – десе де, Омар отыра қоймады, алайда адамдар оны жайына қалдырып, назарларын сөз бастаған Әбу Бәкірге рә аударды. Ол айтты: «Қорыта айтарым: Мұхаммедке сәс тағзым еткендерің Мұхаммедтің сәс қайтыс болғанын біліңдер; ал Аллаһ Тағалаға құлшылық еткендер Аллаһтың тірі екеніне және мәңгі тірі болатынына сенімді болсын. Құдіреті күшті Аллаһ Тағала: «Мұхаммед – тек Елші ғана, оған дейін болған барлық Елшілер де өтті (өлді)», – деді. Сонымен, егер ол өлсе немесе өлтірілсе, сендер сенімдеріңнен айнисыңдар ма? Шын мәнінде, кері бұрылған адам Аллаһқа еш зиян келтірмейді, ал Аллаһ Тағала Оған риза болғандарға сыйын береді». (Бұхари. Сахих. Китәбу-л-мағази. Бәб марад ән-нәби уә уәфәтиһи, хадис 733).

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Имам Бұхари бұл хикаяны өзінің жинағына енгізе отырып, сол арқылы оның дұрыстығын растаған. Бұл хадиске өздерінің кітаптарында Наса‛и мен Ибн Мәҗә да орын берген.

Қасиетті Пайғамбардың сәс қайтыс болғанын білген соң, оның сахабалары рә естерінен танған жағдайды бастарынан кешті. Осындай күйзеліске түскен Хазірет Омар рә екіжүзділердің кейбір сөздерін естіп қалып, Қасиетті Пайғамбардың сәс бұл дүниеге қайтып келетінін айтты. Әлбетте, бұл идея қате болғандықтан, Әбу Бәкір Сыддиқ рә алдымен Хазірет Аишаның рә үйіне келіп, Қасиетті Пайғамбардың сәс мәйітінің үстіне еңкейіп, бетін жапқан жамылғыны ысырды да, маңдайынан сүйді, сосын: «Сен тіршілігіңде де, өлгеннен кейін де Қасиеттісің. Құдіреті күшті Аллаһ Тағала сенің екі рет емес, бір-ақ рет өлуіңе жол береді», – деді. Бұл сөйлем жалғыз ғана мағынаны білдіреді: Қасиетті Пайғамбар сәс енді ешқашанда бұ дүниеге оралмайды. Содан кейін Әбу Бәкір рә барлық ізбасарларды Пайғамбардың сәс Мешітіне жинап, мінберге көтерілді де, төмендегі аятты оқыды: «Мұхаммед – тек Елші ғана, оған дейін болған барлық Елшілер де өтті (өлді). Ал егер ол өлсе немесе өлтірілсе, сендер сенімдеріңнен айнисыңдар ма?» («Әл-‛Имран» 3:145) [1].

Бұл Сахабалар (оларға Аллаһтың ризашылығы болсын) шығарған алғашқы ‛иҗма болды: соған сәйкес, барлық Пайғамбарлар, оның ішінде Иса әс да, қайтыс болған. «Өтті» (халят) деген сөздің Исаға сәс қатысты «тірідей аспанға көтерілу» деген мағынасы бар деп наразылық білдіру –  ол тап-таза қасарысу демеуге лаж жоқ.

Айтылғанға қосымша айтарымыз: араб тілінің бірде-бір сөздігі «өтті» (халят) сөзінің «тірідей аспанға кету» мағынасында қолданылатынын растамайды. Оған қоса,  Жаратқан Аллаһ халят сөзінің мағынасын сөйлемнің екінші бөлігінде Өзі түсіндірген, яғни «егер өлсе немесе өлтірілсе» деп анық айтқан. Ол сөйтіп халят сөзінің осы аяттағы мағынасының шекараларын: өлімнің – табиғи өлім және зорлықпен өлтірілу деген екі түрін көрсетті. Егер осы екі мағынасынан басқа тағы бір мағынасы бар болса, онда түсіндірмесі: «егер өлсе немесе өлтірілсе немесе (мысалға) табиғи денесінде тірідей аспанға әкетілсе» деген түрде болуға тиіс еді! Әйтпесе ол сөз шеберлігін тікелей бұзу болады: Құран қағида түрінде халят сөзінің екі мағыналық мәнін айқындайды, ал Иса әс аспанға тірідей көтерілген деп санайтындардың сөзі бойынша, – бұл аятта да, Құранның кез келген жерінде де, айқын хадистерде де айтылмағанмен, – оның мағынасы бір ғана емес, көп болып шығады. Жалпы, алғашында айтқанымыздай, Хазірет Әбу Бәкірдің рә уағызының мағынасы Қасиетті Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұ дүниеге екінші рет қайтып оралмайды дегенді білдіреді: Әбу Бәкір рә Қасиетті Пайғамбармен сәс маңдайынан сүйіп қоштасқанда, соны айтқан. Олай болса, Исаның әс да ешқашанда бұл өмірге қайтып орала алмайтынын мойындауға тура келеді. Сахабалардың ‛иҗмасы (оларға Аллаһтың ризашылығы болсын) – міне, ескермеуге болмайтын  нәрсе – осы! [2]. Тіпті егер мүмкін болмас да – ол тірі, - делінген ұйғарымды жасайтын болсақ, бәрі-бір осы ұйғарымнан шығатын логикалық шешімдер сол ұйғарымның өзін теріске шығарады.

 

Дереккөздер:

 

1.  Бұхари. Сахих. Китәбу-л-мәнәқиб, Бәбу фазли Әбу Бәкр.

2.  Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Бараһин-и-Ахмадиййа. 5-бөл. // Рухани

Хазаин. 23-т. Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984. 375-б., 21-сілтеме.

 


№ 4. Жүз жыл өткенде – Қиямет күні

 

Җәбир бин ‛Абдулла рә баяндайды, өзі қайтыс болардан бір ай шамасы бұрын Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) төмендегідей сөздерді айтыпты:

«Бүгінгі күні өмір сүріп жатқан және тыныс алатын тірі тіршілік иелерінің ішіндегі жүз жыл өткен соң бірде-біреуі тірі қалмайды». (Мүслим. Сахих. Китәбу фәзәили-с-сахәбә. Бәб қаулүһу лә я’ти миәту сәнәтин... Бұхари. Сахих. Китәбу-л-‛илм).

 

Хадистің түсіндірмесі:

Бұл тақырыпқа арналған баяндау сонымен қатар Сахих Бұхари жинағында бар: «Сол уақытта жер бетінде өмір сүріп жатқан бірде-бір тіршілік иесі жүз жылдан кейін тірі қалмайды». Шындығында, Қасиетті Пайғамбар сәс бұл сөздерді Қиямет күніне қатысты қойылған сұраққа жауап ретінде айтқан: «Қайта тірілудің Басты Күніне байланысты айтсам, ол туралы Жаратушы Аллаһ қана біледі, бірақ мен Аллаһ атымен ант етемін: Қияметтің бір күні жүз жылдан кейін де болады». Өткен жылдар ғұламалары оны «қайта тірілудің аралық күні» деп атаған. Басқа сөздермен айтқанда, Қасиетті Пайғамбардың сәс нақыл сөздерінен әр адамның өлімі жеке, дербес Қиямет күні (сол адам үшін. – А.Р.) болатыны да, Қиямет күнінің сонымен қатар сол кезде өмір сүрген ұрпақтары үшін де келетіні, жүз жылдан кейін Жер бетінде бір жанның да (олардың ішінен. – А.Р.) тірі қалмайтыны айқын көрінеді.  Бұнда «Жер» сөзі Жер бетінде өмір сүретін тірі тіршілік иелері, – олардың қатарында Иса әс да бар, – дегенді білдіреді, оны аспан тұрғыны деп әсте айтуға келмейтінімен келісетін шығарсыз. Тіпті егер көз алдымызға мүмкін болмайтынды: ол кезде Қасиетті Пайғамбардың сәс қаралып отырған сөздерді айтқанын жорамалдаған уақытта Иса әс тірілердің арасында болғанын  ескерсек, жүз жылдың ішінде ол, сөз жоқ, (осы хадиске сәйкес. – А.Р.) қайтыс болуға тиіс қой [1]. Соған сүйене отырып, еріксіз оған қатысты адамдарды ақтық сапарға шығарып салғанда айтылатын: «иннә лилляһи уә иннә иляйһи раҗи'ун» (шын мәнінде, біз Аллаһтанбыз, шын мәнінде, біз Оған қайтып ораламыз». – А.Р.) деген сөздерді айтуымызға тура келеді. Мұсылман үмметінің кейбір қадірлі ғұламалары да келтірілген хадисті басшылыққа ала отырып, тіпті Қасиетті Пайғамбар сәс көрсеткен сол уақытта өмір сүрсе де, Хызрдың[1] әс нақты қайтыс болғанын сенімді түрде айтады. [2]

Исаның әс аман-сау өмір сүруінің тоқталмағанын жақтаушылардың қандай уәжді басшылыққа алғаны белгісіз, олар Исамен әс бірге бұл хадисте  Хызрдың әс да ажалсыздығы сөз болатынын келтіреді.  Алайда Қасиетті Пайғамбардың сәс Жаратушы Алланың атымен ант етіп, оның заманында бұ дүниеде өмір сүретіндердің бірде-біреуі жүз жыл өткенше тірі қалмайтынын айтқаны тайға таңба басқандай анық, өйткені ондай айқын көрегендікті Құдайдан түскен аянсыз айту, сондай-ақ, қалай болғанда да, бұл ант етілген сенімділіктен басқа бір өзгеше нәрсе шығару мүмкін емес [3]. Атап айтқанда, бұл хадиске байланысты әлемде, Исаны әс да қосқанда, біздің Қасиетті Пайғамбарымыз сәс қайтыс болғаннан кейін жүз жыл өткенде, бұрынғы бір кез келген пайғамбардың тірілердің әлемінде жүргенін айту – мүлдем ақылға сыйымсыз.

Дереккөздер:

 

7.  Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Изәлә әуһәм. 437-б., // Рухани Хазаин. 3-т.,

Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984. – 634-б.

8.  Мәзәһиру-л-хақ, шарх мишкәт әл-мәсәбих. 4-т. 381-б. Нашрият Ислам,

Лахор.

9.  Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Хәмәмәту-л-бұшра. 14-б. Сілтеме. // Рухани Хазаин. 7-т. Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984. 192-бет.

 


№5. Назареттен шыққан Исаның әс моласы

 

Айшаның рә айтуынша, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қатты науқастанып, өлім аузында жатқанда: «Өздерінің пайғамбарларының моласын табыну нысанына айналдырған яхудилер мен христиандарды Аллаһ Тағаланың қарғысы ұрсын», – деген. (Бұхари. Сахих. Китәбу-л-жанаиз. Бәбу ма йакраһу мин иттихази-л-масжид ‛аля-л-құбур).

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұхари мен Мүслим бұл баяндаманы өздерінің жинақтарына енгізіп, сол арқылы оның дұрыстығын растаған. Бұл хадис  Наса‛и еңбектерінде де бар.

Аталған хадис – (қазіргі, яғни бұрмаланған. – А.Р.) христиандыққа қарсы керемет уәж; өйткені онда яхудилер де, христиандар да өздерінің пайғамбарларының әс молаларына табынатыны айтылған. Христиандарға келсек, олар ешқандай яхудилік пайғамбарларға әс және олардың молаларына табынбайды, өйткені олардың барлығын күнәһарлықтан ада емес деп санайды. Рас, Палестинада Иса Мәсіхтің әс «моласына» («Тәңірдің Табытына»)  мінәжат ету орын алған. Жылдан-жылға айдың белгілі бір күндерінде «молаға» мыңдаған, он мыңдаған христиан жиналады. Сөйтіп, егер бұл «мола» шынымен де кресттен түсірілгеннен кейін, Иса әс жерленген мола болса, онда бұл хадистің оған қатысты қолданылуын дұрыс деуге болады. Ал егер бұл «мола» шынымен Исаның әс нағыз моласы болмаса, онда, Аллаһ сақтай гөр, Хазурдың сәс нақыл сөзі дұрыс болмағаны! Иса пайғамбардың моласы деп, Қасиетті Пайғамбардың сәс мүлде басқа мақсатқа пайдаланылған сағананы[2] атауы – мүлдем мүмкін емес нәрсе ғой, өйткені пайғамбарлар ешқашанда шындық үшін өтіріктің деңгейіне түспейді. Демек, егер келтірілген хадисте христиандар пайғамбарларының қабірлері туралы сөз қозғалғанда, нақ сол «мола» жайында айтылмаса, ендеше, христиандар табынатын әлдебір пайғамбардың қабірінің жатқан жерін білетіндер болса, айтып берсін. Ал олай болмаса, Палестинадағы қасына жыл сайын христиандар тобы жиналып, тағзым ететін мола, яғни жараланған Исаның әс жатқызылған қабірі, шын мәнінде Иса Мәсіхтің әс қабірі деп мойындалсын. Сонымен, егер бұл нақ сол қабір болса, молдалардың және солардың соңынан ерген мұсылмандардың Мәсіх әс шармыққа (крестке) керіліп азаптанбаған, бірақ зынданның шатыры арқылы тікелей аспанға көтерілген деп сендіруінің бұл шындыққа  қаншалықты қарама-қайшы екенін өздеріңіз ойлап көріңіздер!.. Рас, пайғамбар Жүніс әс киттің ішіне кіргені сияқты, Исаның әс өзі де үш күнге қабірге енетіні туралы айтқан... Пайғамбар келтірген мысал көлеңкедей де күмән тудыра алмайды. Дау жоқ, Аллаһ Тағаланың яһудилер оны өлген деп есептесін, ал ол құтыла алсын деген ойы болғандықтан, Иса әс «тірідей» қабірге түсірілген [1]. Бәрі дәл осылай болған. Ал Иса әс шармықта (крестке) керілгенмен, өлімнен құтқарылып, Мұсаның шынайы ілімін уағыздау және соған қайтару үшін, Исраилдің он ру-тайпаларын іздеп табудың ұзақ жолына түсті. Ол Таяу Шығыс, Иран, Ауғанстан, Тибет елдерінен өтіп, Кашмирге дейін жетті де, сол жерде өз міндетін толығымен орындап, ол тайпаларды исламға дайындап (олар исламды пайда болысымен тез және жаппай қабылдады), 120 жасқа жеткенше өмір сүріп, қайтыс болғанда, Сринагар қаласының Ханйар аумағында жерленген.

 

Дереккөздер:

 

[1]. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Сат баччан. Сілтеме ішіндегі сілтеме. 164-б.  // Рухани Хазаин. 10-т. Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984. 309-310 беттер.


№6. Аллаһ Тағалаға көтерілудің мағынасы

 

Әбу Һурайра (Алланың оған ризашылығы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қайыр-садақа беру мүлік пен байлықты азайтпайды, ал Жаратушы Аллаһ рақымшылығымен адамға  құрмет сыйлайды және мәртебесін көтереді», – деп айтқанын баяндайды. (Мүслим. Сахих. Китәбу-л-бирри уа-с-саләт. Бәб истихбәбил әфви уә-т-тәуәзә).

Хадистің түсіндірмесі:[1]

 

Имам Мүслим бұл баяндаманы өзінің жинағына енгізе отырып, сол арқылы оның дұрыстығын растаған. Бұл хадис Тирмизи еңбектерінде және Мууатта да бар.

Бұл хадистен айқын болатыны: рафа'а сөзі Аллаһ Тағаланың адамдарға мойынсұнғандары үшін тарту ететін құрмет, көтерілу және жоғары дәрежелерді белгілеу үшін қолданылады. Ал көтерілу, – Иса әс жеткендей, – Құдайға жақындау – яһудилердің Оны өлтіріп, сол арқылы қарғыс атқан және жеккөрінішті адам болғанын дәлелдей алмағандығын көрсетеді. Жаратушы Аллаһ оны рухани көтерді және Ол берген уәдеден білетініміздей,  тәуәффә жасады, яғни Исаға әс (зорлықсыз) табиғи өлім берді. Сөйтіп, Иса әс рухани көтерілді («Әл-‘Имран», 3:56). Өздерінің түсіндірмелерінде ‛Әлләмә Шаукани (Фатху-л-Қадир), мысырлық ғұлама-дінтанушылар – Шайх Мұхаммад Абдо және Мұстафа Мараги де соны мойындайды, шииттік ғұлама-дінтанушы ‛Әлләмә Кумми де «Икмалю-д-дин» кітабында осындай көзқарасты ұстанады. Араб тілінің сөздігі де рафа'а сөзінің дәл осындай мағынасын береді: рафа'а – құлау деген сөздің  антонимі, ал Аллаһ Тағаланың Көтеруші сияқты сипаты Оның қарапайым мүміндерді игілік жолдай отырып көтеретінін, ал әулиелерді Өзінің жақындығын сыйлай отырып көтеретінін білдіреді. («Лисану-л-араб»,  рафа'а сөзіне қатысты).

Сонымен, бұл сөз келтірілген мағынасында хадистерде көп рет қолданылған. Бір жолы Қасиетті Пайғамбар сәс адам бойсұнушылықтың терең сезіміне батқанда, Жаратушы Аллаһ оған аспанның жетінші күмбезіне көтерілу бақытын сыйлайтынын айтқан.

Кейбір баяндауларда би-с-силсиля, яғни Аллаһ Тағаланың ондай адамды әлдебір баспалдақтардың көмегімен, демек, біртіндеп көтеретіні туралы сөз кездеседі [2]. Тағы бір баяндамада Аллаһ Тағала үшін мойынсұнушылық пен қарапайымдылық жолымен жүретін адамды Жаратушы Ие бір сатыға көтеретіні және, ақыр соңында, 'иллиййиндер, яғни жоғарғы дәрежелілердің қатарына енгізетіні айтылады. Тәкаппарлықпен жүретін адамды Аллаһ Тағала бірте-бірте төмендетіп, оны сол біртіндеген күйінде төменгі орындардың ең төменгісіне бір-ақ түсіреді [3].

Шиит әдебиетінде осылармен қатар жоғарыда айтылғанға байланысты тым астарлы тағы бірнеше баяндама бар. Абиссинияға шығу кезеңінде Хазірет Жа‛фар Таййар жерде отырған абиссиндік Негусты көріп қалып, неге олай отырғанын сұрайды. Негус Иса Мәсіх әс алған аян өзімен бірге мынадай түсінік әкелгенін айтады: Жаратушының құлдары Құдайдан әлдебір қайырымдылық ала отырып, өзінің бар жан-тәнімен Оған толық мойынсұнатынын көрсетуі керек, сол себепті ол, Негус, қазір өзінің қолы жеткен жеңісі үшін осындай бойсұнушылық көрсетіп отыр. Қасиетті Пайғамбар сәс Негустың осылай дегенін естіген соң: «Бойсұнушылық адамды көтереді, Жаратушы Аллаһ өздеріңді биікке көтерсін десеңдер, сендер де сондай мойынсұну сезіміне беріліңдер», – дегенді айтты [4].

Қасиетті Пайғамбардың сәс өзі бойсұнушылықтың жоғарғы бейнелерін көрсететін намаздағы иіліп-бүгілу кезіндегі, екі сәжде арасында уә-рфа'ний [5], яғни «(О, Аллаһ!) ... мені көтере гөр» деген сөз де айтылатын бір дұғаны оқитын. Егер рафа'а сөзінің мағынасы аспанға адамның тірідей көтерілетінін білдірсе, онда Қасиетті Пайғамбар сәс айтатын бұл дұғаның, Құдай сақтасын, бір рет те қабылданбағанын мойындауға тура келеді. Ал сол кезде, Исаның әс өмір сүруінің тоқталмайтынын жақтаушылардың пікірі бойынша, оның бірінші дұғасының және халқының оған жәбір көрсетіп жатқанына шағынуының нәтижесінде-ақ, Иса әс дереу аспанға көтерілген [6].

Сахих Бұхаридің жинағында Құранның «әр сәтте Ол Өзінің ұлылығын көрсетеді» («Ар-Рахман» 55:30) деген аятына берген түсіндірмесінде әр күн сайын Жаратушы Алланың бірнеше халықты көтеретініні (рафа'а. – А.Р.) және бірнеше халықты төменшіктететіні жазылған [7]. Демек, рафа'а сөзінің мағынасы рухани көтерілу екенінде, ал Исаның әс көкке көтерілуі  дәл сондай түрде болғанында жатыр. Хазірет ‛Әлләмә ибн ‛Араби «Бірақ Аллаһ оны Өзіне көтерді» деген аятқа берген түсіндірмесінде Исаның әс көкке көтерілуінің мағынасы Мәсіхтің әс жердегі жанының бұл әлемнен бөлініп, биік әлемге көтерілгенін білдіретінін жазған [8].

Демек, егер тіпті Исаның әс аспанға тірідей көтерілгені туралы қандай да бір баяндама табыла қалса, онда ол Құран Кәрімге және сенімді хадистерге қайшы келеді, яғни ойдан құрастырылып шығарылған болады, ал Исаның әс өлгенін тіпті христиан-монотеистер ұстанатын наным да растайды [9].

Иса әс әлі күнге дейін тірі дейтін нанымға келсек, ол – христиандардың қиялдарының жемісі. Оны: ‛Әлләмә ибн Қайим, ‛Әлләмә Заркани, Науаб Сиддик Хасан Хан, Мәуләнә Әбу-л-Қалам Азад, ‛Әлләмә Ұбайдулла Синдхи, Сэр Саййид Ахмад Хан және Ғұлам Ахмад Парвиз де солай деп сипаттаған. Олар бұл нанымды кейінгі христиандардың (яғни христиандардың алғашқы ұрпақтарына жатпайтын) ойлап тапқаны деп жариялаған. Олардың пікірінше, Орта ғасырларда оны түсінбеушіліктің құрбаны болған қарапайым мұсылман ғұламалары қабылдаған.

Дереккөздер:

 

1. Мәуләнә ‛Әләу-д-дин ‛Әли Мұттаки. Кәнзу-л-‛уммәл. 3-т. 110-б. Муәссәсәт ар-рисәлә.

2. Кәнзу-л-‛уммәл.  2-т. 26-б. Низәмия энциклопедиясы, Хайдарабад.

3. Ахмад бин Хәнбәл. Муснәд. – 3-т. – 76-б. Дәру-л-фикр әл-‛араби.

4. әс-сафи шарх усул әл-кафи. – 20-21-б. Мунши Нау Лакшор. Лакхнау.

5. Ибн Мәҗә. Сунән. Китәбу иқамәти-с-саләт. Бәбу мә я’құль бәйнә-с-сәҗдәтәйн.

6. А) ‛Әлләмә Мухаммад бин Җәрир ат-Табари. Тәфсир Җәми‛у-л-бәйән. 3-т. 290-б. Мұстафа Әл-Бәби әл-Халаби, Мысыр.

Ә) Бихару-л-әнуар. 16-т. 144-б. Муәссисәту-л-уәфә, Бейрут, Ливан.

7. Бұхари. Сахих. Китәбу-т-тәфсир. Ар-Рахман сүресі.

8. ‛Әлләмә ибн ‛Араби. Тәфсиру-л-Құр’әни-л-Кәрим. 1-т. 296-б. Дару-л-Андалус. Бейрут.

9.  А) ‛Әлләмә Әбу Бәкір Байхақи. (1458 ж. өлген). Дәләилү-н-нәбуввә. 1-бөл., 438-б., Ләҗнә ихйау уммаһат кутуб әс-суннә. 1970.

Ә) ‛Әлләмә Уәхиди. (468 ж.һ. өлген). Әсбәбу-н-нузул. 61-б. Дару-л-фикр. Бейрут.

 


№7. Назареттен шыққан Иса Мәсіхтің әс және мұсылман үмметінен шыққан Уәделенген Мәсіхтің әс өзара айырмашылықтары бар сипат-белгілері

А) Ибн Омар рә баяндайды, Пайғамбарымыз сәс айтыпты: «Мен Исаны, Мұсаны және Ибраһимді көрдім. Иса (оның сипат-белгілерін айтады. – Авт.) жирен бұрмаланған шашты және кең кеуделі болды». (Бұхари. Сахих. Китәбу-л-әнбийа. Бәбу уә-зкур фи-л-китәби Марйам).

Б) ‛Абдулла бин Омар рә Аллаһтың Елшісінің сәс: «Бүгін кеште мен түсімде Қағбаны айналып жүрген кезімде бидай өңді адамды көрдім. Оның бидай түсті беті өте сұлу көрінді. Ұзын, артқа қайыра тараған шашы да әдемі көрінді, шашынан су тамшылап тұрды, ол екі адамға сүйеніп, Қағбаны айналып жүрді. «Бұл кім? – деп сұрап едім, маған: «Мәрияның ұлы», – деп жауап берілді. Содан кейін көзім шашы қопыраған, бір көзі қисық, – қисық болғанда да, жүзім сияқты томпақ, – бір адамға түсті. «Бұл кім?» – деп сұрағанымда: «Мәсіх Дәҗҗәл[3]» (яки, Дәҗҗәл-саяхатшы. – Авт.), – деген жауап алдым», – дегенін баяндайды. (Бұхари. Сахих. Китәбу-л-либәс. Бәбу-л-җә‛әд).

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Олардың дұрыстығын мойындап, Имам Бұхари өзінің жинағына екі баяндаманы да, ал Имам Мүслим екіншісін енгізген.

Бұл екі хадис сол кезде болашақта келуі тиіс болған Уәделенген Мәсіхті әс және (сол уақытқа дейін пайғамбарлық міндетін атқарып болған) исраилдік Мәсіх әс – Мәрияныңұлын әс екі бөлек адам ретінде әбден айқын ажыратып көрсетеді. Исраилдік пайғамбардың сипат-белгілері суреттелгенде,  сырт келбеттің исраилдіктерге тән белгісі – жирен бұйра шашы алдымен айтылады. Уәделенген Мәсіхке әс келсек, оның бидай өңділігі және түзу шашы айтылады. (Қойылған мақсаттары бойынша. – А.Р.) Назареттен шыққан – Иса Мәсіхке әс ұқсатылған  және Мұхаммедтің сәс қауымынан шығуға тиіс болған нақ осы Уәде етілген Мәһди қазіргі заманғы (бұрмаланған) христиандықты және Дәҗҗәлдің жақтастарын (идеялық тұрғыда) жеңуге тиіс еді. Пайғамбардың сәс түсін сипаттаудың екінші бөлігінде Қасиетті Пайғамбардың сәс Қағбаны айналып жүрген Уәделенген Мәсіхті және Дәҗҗәлді көргені айтылады, ал басқа хадистерде Дәҗҗәлдің Меккеге де, Мединеге де кірмейтіні айдай анық жазылған [1]. Демек, бұл түстің өткен заманның мұсылман ғұламалары іске асырған түсіндірмесі мынаған саяды: Дәҗҗәлдің Қағбаны айналып жүруінің мәні – жердің астын ұрланып қаза отырып, «оған енуге» әрекет жасау, басқаша айтқанда, ислам дінін құртуға әрекеттену. Уәделенген Мәсіхтің әс Қағбаны айналып жүруі –  барлық ізгілікті іс-әрекеттерімен исламды қорғау және соған қызмет ету дегенді білдіреді [2]. Ал Уәделенген Мәсіхтің әс сүйенген адамдары – олар барлық мүмкін болатын жолдар арқылы оған жәрдемдесетін көмекшілері мен ізін қуушылары.

Қысқасы, екі Мәсіхтің сырт келбеттеріндегі айқын айырмашылық Қасиетті Пайғамбар сәс түсінде Ибраһим және Мұсамен бірге көрген жирен бұйра шаштың иесі – (Назареттен шыққан. – А.Р.) Мәрияның әс ұлы Иса Мәсіх әс осы пайғамбарлар да бастан кешкен  сол шекке жеткен, яғни табиғи өліммен қайтыс болған. Ал бидай өңді, тегіс түзу шашы бар болашақ Уәделенген Мәсіх әс туралы айтсақ, – онда ол Мұхаммед сәс үмметінен шыққан Мәһдидің өзі болып табылады, ол уәждер алаңында Дәҗҗәлмен, яғни христианның діни қызметшілерімен, күресуге тиіс болады.

Нақ осы себептен баяндамаларда сипатталған (болашақ. – А.Р.) Мәсіх пен Мәһдидің сипат-белгілері бірдей: Мәһдидің терісі бидай түстес, яғни Уәделенген Мәсіхтің денесінің түсіндей [3].

Шииттік баяндамаларда Имам Мәһдидің ұқсас сипат-белгілерін табуға болады: ол орта бойлы және сырт келбеті тартымды. Ұзын шашы иығына түскен, ал қара сақал жапқан бетінен нұрлы сәуле шашырап тұрғандай [4].

Басқа дереккөздерде Мәһдидің кең ашық маңдайы және таңқы мұрны сипатталады [5].

Егжей-тегжейлі сипатталған оның осы сыртқы белгілер Хазірет Мирза Ғұлам Ахмадта әс кездеседі. Сөйтіп, оны жақыннан жиі көрген және онымен бір үйде тұрған Хазірет Мир Мұхаммед Исмаил Сахиб оның сыртқы келбетін төмендегідей сөздермен сипаттайды:

«Оның терісінің түсі бидайдай, осы сөздің ең бір жоғары сапалы мағынасындағы бидайдай болатын, яғни жарық пен шуақ төгіліп тұратын... басындағы шашы өзгеше түзу және жатық, жалтыраған және жұмсақ... ұзындығы, әдетте, мойынорамал орағандай, мойнына жететін... Мұрны... өте сүйкімді, биік, жұқа, таңқылау және бет әлпетімен әдемі үйлескен. Мүбәрәк  маңдайы түзу, биік және кең болатын» [6].

Хазірет Уәделенген Мәсіх әс, Мәһдидің ашық маңдайы мен таңқы мұрны айтылатын сыртқы белгілерінен басқа, сонымен қатар тағы бір ішкі асыл шындықты білдіретін. Ол (асыл шындық) мынада: Аллаһ Тағала оның адамдарды өзіне тартып тұратын байсалдылығы мен айбындылығы дұшпандарының жүректеріне қорқыныш ұялататын маңдайын адалдықтың шуағына бөледі дейтін осы екі қасиет те Уәделенген Мәсіхтің әс бойынан айқын да қуатты көрінеді [7].

Бұл кітап авторының атасы, Уәделенген Мәсіхтің әс серіктесі Хазірет Мәуләуи Ғұлам Расүл Сахибтің айтуы бойынша, Уәделенген Мәсіх әс келесі сөздерді жиі-жиі қайталай беріпті, яки: Аллаһ Мұхаммед бин Исмаил Бұхариге Өзінің рақымшылығын берсін, егер ол менің сырт келбетімді Назареттен шыққан Исаның әс бет әлпетінен ажыратып сипаттамағанда, мені мұхаддистер қалай таныр еді. [8]

Хазірет Уәделенген Мәсіх әс: «Мен Мәсіхке ұқсап, Уәде етілген ретінде келдім, ол маған (Мұхаммедтің құлына) арналған мінберге тұрмасын деп», – дейтін.

 

Дереккөздер:

 

1.  Сахих Бұхари. Китәб фәзәили-л-Мәдина, Бәбу лә ядхұлү-д-дәҗҗәл фи-л-Мәдина.

2.  Мәзәһиру-л-хаққ, шарх мишкәт әл-мәсәбих. 4-т. 359-б. Аламгир Пресс, Лахор.

3.  Мәуләнә ‛Әлләмә ибн Хәҗәр Хайсми. Әл-фәтәуә әл-хадисиййа. 2-т., 147-б., Мұстафа әл-Бәби әл-Халаби. 1979.

4.  ‛Әлләмә Йусуф бин Яхья әл-Муқаддаси әш-Шәфи‛и (7-ғас. х.). ‛Ақду-д-дурар фи ахбар әл-мунтазир. – 41-б., 1-басылым.

5.  Әбу Дауд. Сунән. Китәбу-л-Мәһди. № 7-хадис.

6.  Мирза Башир Ахмад. Сирату-л-Мәһди. – 2-т., 122-бет.

7.  Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Китәбу-л-бәрия. 268-б. Сілтеме. // Рухани Хазаин. 13-т., Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984. 307-бет.

8.  Асхаб-и-Ахмад. 2-т., 172-б., Құрастырушы – Мәлик Саләху-д-дин М.А.

 


№8. Ерекше белгілердің көрінуі

 

Әбу Қатада (Аллаһтың оған ризашылығы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ерекше нышандар мен белгілердің көрінуі екі жүз жыл өткеннен кейін болады», – дегенін баяндайды. (Ибн Мәҗә. Сунән. Китәбу-л-фитән. Бәбу-л-аят).

Хадистің түсіндірмесі:

Бұхари мен Мүслим белгілеген шарттылықтарды басшылыққа алып, Қасиетті Пайғамбар сәс ерекше белгілер туралы және бұл белгілер екі жүз жыл өткенде көрінуге тиіс болатынын айтқан хадисті [1] Имам Хәким дұрыс деп айқындаған. Алайда һиҗрадан кейін екі жүз жыл өткенде келтірілген хадиске байланысты қандай да бір ерекше оқиғалар орын алмағандықтан, сірә, дәл осы себепті ‛Әлләмә Мулла ‛Әли Қари Ханафи осы хадиске берілген түсіндірмесінде әл-мийатайн сөзіндегі әл- деген белгілілік артиклі қолданғандықтан «мың жыл өткеннен кейін екі жүз жыл» деген мағынасының болу ықтималдығы бар екендігін жазған (яғни, белгілер бір мың екі жүз жыл өткен соң көрініс береді). Ал нақ осы дәуір Мәсіх-Мәһдидің Дәҗҗәлмен қатар пайда болатын заманы ғой [2].

Тағы бірнеше баяндама Мулла ‛Әли Қаридің осы көзқарасын растайды. Сөйтіп, ‛Абдуллаһ бин Омар рә Қасиетті Пайғамбардың сәс соңғы дәуірдің қиын жағдайын және құлдырауын еске салатынын келтіре келе: «Сол белгілер, маржан алқаның үзілген жібінен шашырап түсетін моншақтар секілді, бірінің артынан бірі тізіліп көрінетін болады. Бір тізбек түріндегі белгілер дәл солай көрінбек», – деген-ді [3].

Аталған нышан-белгілер, таңғаларлығы, һиҗрадан санағанда, он үшінші жүзжылдықта орындалды. Олардың ішінде: айқыштың (крест) салтанаты, ғылым күнінің Батыстан тууы, көліктің бірден-бірге жетілген түрлерінің шығуы және көлік құралы ретінде түйе қызметінен бас тарту, мұсылмандардың құлдырауы және артта қалуы, әлемдік соғыстар, жер сілкінісінің орасан көп болуы, аштық, оба ауруы, құйрықты жұлдыз, сондай-ақ рамазан айында Ай мен Күннің тұтылуы сияқты оқиғаларды айтуға болады.

Тағы бір хадисте: «Бір мың екі жүз қырық жыл өткен соң, Аллаһ Тағала Мәһдиді жібереді», – делінген [4].

Қасиетті Пайғамбар сәс жариялаған көріпкелдіктерді басшылыққа алсақ, һиҗрадан санағанда он екі ғасыр өткеннен кейінгі он үшінші жүзжылдықта  нышан-белгілер бірінің артынан бірі орындалған кезеңнің жүзден бір бөлігі де Қасиетті Пайғамбардан сәс кейін екі жүз жыл өткенде келген дәуірге еш ұқсамайды. Осы ғажап оқиғалар мен белгілердің пайда болуы кезінде һиҗрадан кейінгі 1250 ж. Мирза Ғұлам Ахмад Қадиани әс дүниеге келіп, һиҗрадан санағандағы 1290 ж. ол Құдайдан түскен аянды иеленуші болды. Ол өз заманының ағартушысы және Мәсіх-Мәһди болатын ниетін жариялады, «Ерекше белгілердің көрінуі 200 жыл өткенде орын алады» деген хадисті терең ойлана түсіну нәтижесінде бұл баяндаманың мағыналарының бірі һиҗра бойынша он үшінші жүзжылдықтың соңында Уәделенген Мәсіх-Мәһдидің әс келуі екені оған аян түрінде ашылғаны болып табылады. Оның есімін («абҗәд» деп аталатын араб жүйесіне сәйкес. – А.Р.) құрайтын әріптердің мағыналарының сандық сомасы, яғни «Ғұлам Ахмад Қадиани» дәлме-дәл 1300 санын құрайтыны, сол уақытта бүкіл әлемде одан басқа осындай есімді бірде-бір адамның жоқ екені аянда ашылып көрінген. Сөйтіп, оның назары һиҗрадан санағанда он үш жүзжылдық өткенде келуге тиіс болған сол Мәсіх өзі екені және ғасырлардың сол кезеңін білдіретін жылдың сандық көрінісі оның есіміне жазылған фактіге ауды [5].

 

Дереккөздер:

 

1. Имам Хәким. Мұстадрак. 4-т., 428-б., Мәктәбә ан-наср әл-хадисиййа, Рияд.

2. Мирқату-л-мәфәтих, шарх мишкәт әл-мәсәбих. 5-т., 185-б., Мәктәбә Маймуниийа, Мысыр.

3. Тирмизи. Сунән. Әбуәбул-фитән. Бәбу мә җәә фи хұлюли-л-мәсхи уәл-хасфи.

4. Ан-нәҗму-с-сақиб. 2-т., 209-б., Ахмади Патна Мұғалпура. Ибн Әби Шәиба сілтемемен.

5. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Изәлә әуһәм. 186-б. // Рухани Хазаин. 3-т., Мүбәрәк Сәқи, Лондон. 1984. – 190-б.

 


№9. Исламның құлдырауы жайындағы көріпкелдік

 

Аллаһтың Елшісінің келесі сөздерін естідім деп ‘Абдуллаһ бин ‘Амр баяндайды: Аллаһ Тағала білімді бірден тартып алып адамзат баласын білімнен құр қалдырмайды, алайда Ол білгір ғұлама тұлғалардың өлімімен білімнен айырады. Сөйтіп, білімге шынайы ие болған бірде бір адам қалмайтын заман келеді, сонда адамдар өздерінің басшылары етіп надандар мен жалқау-бұлғаңдарды таңдайды; егер олардан бір-нәрсе жайында сұраса, олар ешқандай білімге сүйенбей пәтуаларын шығара бастайды. Олар өздері адасқан және басқаларды да адастырады. (Бұхари, Китәбу-л-‘илм, Бәбу кәйфә йақбизу-л-‘илм)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадисті барлық (Сыхәх ситта) алты сахих жинақтардың авторлары келтірген, Имам Бұхари Мүслиммен бірге оның дұрыстығын мойындаған. [1]

Бұл хадисте халықтардың діни құлдырауының өте бір маңызды себебі көрсетілген: уақыт өте келе адамдар діни білім мен іс-амалдарға дұрыс қарамауының нәтижесінде олар біртіндеп деградацияға ұшырайды.  Қасиетті Пайғамбар сәс алғашқы үш жүзжылдықты «хайру-л-құрун», яғни «ең қайырлы жүзжылдықтар» деп анықтап беріп, сосын осыдан кейін құлдырау басталады деп айтқан [2]. Сосын мұсылмандар қатты құлдырауға ұшырайтын мың жылдық құлдырау кезеңі орыналады, бұған оларға билік жүргізген олардың арам және қабілетсіз басшылары мен көсемдері едәуір болысады. Олар зинақорлық, арақ-шарап ішімдік және дүниеқоңыздық сияқты жаман қылықтарға бой алдырады, тіпті олардың діни жетекшілері де құлдырауға ұшырайды. Қасиетті Пайғамбарымыз сәс айтты деп, Хазірет ‘Али рә баяндайды:

«Исламнан тек («Ислам» деген) аты ғана қалатын, ал Құраннан тек оның мәтіні ғана қалатын (яғни, іс-жүзінде Құран жолымен жүрмейтін – Авт.) уақыт келеді. Сол заманның мешіттері адамдарға толы болып көрінгенімен, олар һидаяттан, яғни тура жетекшіліктен айрылады және аспан күмбезінің астындағы ең нашар тіршілік иелері солардың діни қызметшілері болмақ. Түрлі ылаң-дүрбелендер олардың ортасынан шығады да, өздеріне қайтып оралады» [4]. Бұл хадис сонымен қатар исламдағы шииттік бағытта да мойындалады. [5]

Осы хадисте көрсетілгендей Исламның аянышты күйін тудыратын барлық белгілер дәлме-дәл орындалды. Әһл-и-хадис бағытының ғұламасы ‘Әлләмә Науаб Нұру-л-Хасан Хан ибн Науаб Сыддық Хасан Хан, шамамен жүз жыл бұрын, орындалған белгілердің растығын мойындай отырып былай деп жазған:

«Сол секілді азғындықтар осы үмметте пайда бола бастаған күннен бері үммет те жоқ, ұлт та жоқ, соның салдарынан Исламның абыройы күннен-күнге өшіп барады. Қазір Исламнан тек оның аты ғана, ал Құраннан тек оның сөздері ғана қалған. Мешіттер адамдарға толы болып көрінгенмен, олар хидаяттан толығымен мақұрым болды. Ғұламалар – аспан күмбезі астындағы жаратылыстын ең жаманы, бүлік пен ылаң олардан шығып, өздеріне қайтып оралуда». [6]

Мәуләнә Хали осы бір қайғылы жағдайды келесі түрде жеткізген:

«Иман да жоқ, Ислам да жоқ,

Исламнан тек оның аты ғана қалды».

Алладан алдын ала біліп айтылған сөздері бойынша Ислам үмметі яхудилердің жағдайына түскен кезде шипагер-мәсіх, Исламның құлы – Мәһдидің келетіні айтылған. Ол имандылықты аспаннан қайта қайтарып, оны адамдардың арасына қайта орнатуы керек болды. Сүнниттік және шииттік бағыттағы хадистерде Имам Мәһдидің үмметке ұзақ үзілістен кейін, адамдардың арасында көптеген қарама-қайшылықтар мен азушылықтар орыналған кезде келетіні бір ауыздан мақұлданады. [7]

Сонымен, Қадиандық Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад әс міне дәп осындай кезде келіп, «аталмыш мұсылмандарды» нағыз және шыншыл мұсылмандарға айналдыру үшін келдім деп талабын жария етті. Әлхамдулиллаһ, ол өзінің уәдесін орындап, кіршіксіз таза жамағаттың негізін қалады. Бұл жамағат жайында тіпті ‘Әлләмә Иқбал есімді ойшыл, шындықты мойындай отырып, былай деген:

«... Егер расында Ислам үлгісіне сай келетін жамағат бар болатын болса, онда ол Ахмадий Жамағаты». [8]

 

Дереккөздер:

[1]. ‘Әлләмә Бадру-д-дин ‘Айни. Умдату-л-қари, шарх Бұхари. 1-т., 528-б., Дару-т-таба‘а, Каир.

2. Бұхари. Сахих. Китәбу-ш-шәһәдәт. Бәбу лә йашхаду ‘әлә шәһәдәтин җәурин.

3. Бұхари. Сахих. Китәбу-л-‘илм. Бәбу раф‘и-л-‘илми уә зәһури-л-җәһли.

4. Имам Байхақи. (458 ж.һ. өлген) Шу‘Әбу-л-иман. 311-б., 2-бөлім. Дару-л-кутуби-л-‘илмиййа, Бейрут.; Мишкәт. Китәбу-л-‘илм. Бәбу-л-фуру‘ мин әл-җәм‘и-л-кафи. 3-т., 10-б., Дар Әлләмә Әбу Җә‘фар Мұхаммад бин Калаби, Нау Лакшор.

5. Бихару-л-әнуар. 52-т., 10-б., Дару-л-ахйа әт-тәрас әл-‘арабий, Бейрут. Ливан. 1982 ж.; Бихару-л-әнуар. 52-т., 10-б.

6. Нұру-л-Хасан Хан. Иктирабу-с-сәс‘ат. 12-б., Сәс‘иду-л-мутаба’, Бенарес. 1322 ж. х.

7. Әбу-л-Хасан әл-Арбали. Кәшфу-л-ғумма фи мә‘рифати-л-аимма. 3-т., 270-271 беттер. Дар ул-әдуә, Бейрут.

8. ‘Әлләмә Иқбал. Миллат-и-байза пар эк имрани назар. (Алигарх қ. дәріс, 1910 ж.) 18-б., Ағылшын тіліне аударма: Мәуләуи Зафар Али Хан. Дафтар-и-Ахбар. Дафтар-и-замана, Мью-роуд, Лахор.

№10. Ағымдарға бөліну; құтқарылатын ағым

 

Әбу Һурайра (Аллаһтың оған ризашылығы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Яһудилер 71 әлде 72 ағымға бөлініп кетті, христиандар да соның (кебіне) түсті, ал менің үмметім 73 ағымға бөлінеді», – дегенін баяндайды». (Тирмизи, Әбуәбу-л-иман, Бәбу ифтирақи һазиһил-уммәти)

 

Хадистің түсіндірмесі:

 

Бұл хадис Имам Ахмад, Тирмизи және Ибн Мәҗә баяндамаларында кездеседі. Имам Тирмизи мен Имам Хәким оның дұрыстығын бір ауыздан мойындаған [1], тіпті Имам Хәким бұл хадистің сенімділігін Имам Мүслим орнатқан шартылықтардың негізінде қоштаған. Келтірілген хадис сүнниттік ой мектебімен бірге шииттік ой мектебінде де қабылданады. [2]

Осы хадисте ескерілген яһудилер мен Мұхаммед сәс үмметінің арасындағы ұқсастықтың егжей-тегжейлі түсіндірмесі тағы бір баяндамада, мысал ретінде, екі сыңар етіктің ұқсастығы түрінде айтылады, яғни, екі сыңар етік бір-біріне ұқсас болғандай, сол секілді мына үммет (яһуди үмметіне ұқсап) солардың соңынан ереді, тіпті егер бір сорлы яһуди өзінің анасымен ашық түрде ерсілік әрекет жасаса, мына үмметте де соған ұқсас сорлы табылады. [3]

Бірақ ақиқаттың хабаршысы Қасиетті Пайғамбарымыз сәс үмметінің бір бөлігін яһудилер деп атаған кезде, сол кезекте ол басқа адамдарды Иса есімімен байланыстырған. Ол 73 ағымның бір ағымы ғана тура жолды ұстанады деп хабарлады. Осы құтқарылатын жамағатты іздеу әрбір мұсылманның міндеті. Сондай-ақ Қасиетті Пайғамбар сәс олардың өте бір маңызды көрсеткіші жайында айтқан-ды, яки: «бұл жамағат маған және сенің сахабаларыма ұқсап, біздің ізімізбен жүреді» - деген.

(Құтқарылатын) Жамағаттың бірлігі мығым (ұйымшыл) болады - деп, Қасиетті Пайғамбарымыз сәс тағы бір хадисінде адасқан жетпіс үш ағым мен құтқарылатын бір ағымның белгілерін ажыратып берген. Әрине, нағыз жамағатты имамсыз елестету мүмкін емес, содан болса керек Қасиетті Пайғамбар сәс ақыр заманда орыналатын бүлік пен ылаңды сөз еткен кезде, Хузайфа рә: «Йә, Алланың Елшісі! Сол уақытта бізге не істе деп бұйырасын?» - деп сұрапты. Бұған Қасиетті Пайғамбарымыз сәс: бір ғана имамы болатын мұсылмандар жамағатына кір, егер бір ғана имамы болатын жамағат болмаса, онда, тіпті талдын тамырларын жеп, содан өліп жатсандар да, барлық секталардан бойларынды аулақ ұстандар – деп, жауап берген. [5]

Екінші баяндамада былай делінген, егер сендер секталар көбейіп, адасушылық жолына шақырған сектанттар заманыңда әйтеуір бір жерден Алланың (халифасын) наменгерін көретін болсандар, онда егер сендерді тіпті өлтіріп, мүліктерінді тонап жатса да, одан айрылмандар. [6]

Қазіргі уақытта Ислам дінінің барлық ағымдары «күпірлік» пәтуаларын жариялап бір-бірін исламнан шығарумен әлек болуда, осылайша олар өшпенділіктің құрбанына айналып жатыр. Ақыры, 1974 жылы әлгі ағымдар тек бір-ақ мақсат үшін бірігуге мұршалары жетті, яки: Ахмадийя мұсылман жамағатың мұсылман-емес деп бірауыздан жариялау үшін. Бұл оқиға Ахмадийя мұсылман жамағатының хақ екендігіне пайда беретің басты белгінің керемет орындалуы болып табылды, яғни 72 ағым айырылыстың бір жағында қалып ақиқаттың жолымен жүрмейтің болады, ал айрылыстың екінші жағында қалған жалғыз ғана ағым құтқарылады. Бүгіндері Ахмадийя Мұсылман Жамағатынан айырылысып, оны жалғыздықта қалдырған 72 ағым Ахмадия жамағатын хас құтқарылатын ағым екенің дәлелдеп қоймай, сонымен қатар Қасиетті Пайғамбар сәс сахабаларының бойынан табылатын барлық ізгіліктер мен жоғарғы моралдық құндылықтар соларға тән деп шынайы ұқсастықты мойындап отыр. Сонымен, бүгінгі күні жер бетінде Қасиетті Пайғамбар сәс мен оның Сахабаларының рә жамағатына ұқсас және олардың тірі үлгісі болып табылып, Аллаһ үшін және Оның Елшісі сәс үшін бәрін: өмірлерін, дүние-мүлкін, уақытын, ар-намысын құрбан еткен тек бір ғана жамағат бар. Міне осы жамағатқа калима мен азанды айтуға, уағыз жүргізіп, қажылыққа баруға тыйым салынған, бұрындары Қасиетті Пайғамбар сәс мен оның Сахабаларына рә дәл осылайша тыйым салынғандай; йә, міне осы жамағат тіпті бүгін, дамыған 21-ші ғасырда, Қасиетті Пайғамбарға сәс ұқсап, олардың сабырлығын, төзімшілдігін, әрекет өнегесі мен ақниеттілігін өздерінде сақтай отыр, діни қуғын-сүргіннің нысанасына айналып отыр. Сондай-ақ бір имамның жетекшілігінде (бірлігі жарасып) ұйымшыл болғандары сондайлық тек соған ғана бағынып, соның ғана бұйрығымен отырып-тұрады. Айтыңыздаршы, қазіргі заманда әйтеуір бір жерден осыған ұқсас жамағатты табуға болады ма?

 

Дереккөздер:

 

[1]. Тухфату-л-әхуәзи, шарх Тирмизи. 3-т., 367-б., Дару-л-китәби-л-‘арабий, Бейрут.

2. Бихару-л-әнуар. 28-т., 30-31 беттер. Дару ихйаи-т-тураси-л-‘арабий, Бейрут. Ливан. 1983.

3. Тирмизи. Сунән. Китәбу-л-иман. Бәбу ифтирақи һәзиһи-л-уммәти.

4. Тирмизи. Сунән. Китәбу-л-иман. Бәбу ифтирақи һәзиһи-л-уммәти.

5. Бұхари. Сахих. Китәбу-л-мәнәқиб. Бәбу ‘әләмәти-н-нәбуввәти фи-л-исләми.

6. Ахмад бин Ханбал. Муснәд. 5-т., 403-б., Дару-л-фикри-л-‘арабий, Бейрут.

 

Жалғасы: http://nurym.yvision.kz/post/365429

 

[1] Бір нұсқада: Қыдыр (ата).

[2] Сағана – шіркеуде немесе молада өлгендердің мүрдесін қоятын орын. Кей жерлерде «ақым» деп те аталады. – Аудармашы.

[3] Дәҗҗәл (тажал) – арабша: өтірікші; Мәсіхке қарсыласушы елдер / топтар.

[4] Халиф – рухани лауазым (бұл мемлекеттік те, саяси да лауазым емес!):

1) Наменгер (Алланың наменгері, яки пайғамбар немесе оның шынайы ізбасары),

2) Пайғамбардың шынайы ізбасары, 3) мұҗәддид (дінді ағартушы, реформатор).

[5] Халифат – 1) наменгерлік, 2) ізбасарлық, 3) мұҗәддидтердің (дінді реформалаушылардың) бірізділігі.

[6] Мұфассир – Құранды тәпсірлеуші.

[7] Мұхаддис – хадистерді білетін, оны тәпсірлейтің немесе хадистерді жеткізген адам.

[8] Сондай-ақ Мәһди Хорасанмен байланысты болады делінген баршаға мәлім хадис бар (Мишкәт Тайиби, Бәб ашраат әс-сәс‛а. Фасал 3. Мұснад Ахмад бин Ханбал; Байхақи, Шә'бү-л-иман, 2-бөл., 311-б.). Ғулам Ахмадтың Қажы (Сайфуддин) Барластан бастап Һади Бекке дейінгі ата-бабалары сонда тұрған.

[9] Жоғарыдағы №15 хадисте қарастырылған

[10] Мұндай метафора күнделікті өмірде кеңінен қолданылады. Мысалы, кенеттен пайда болған адамнан: «Сен көктен түстін бе?» деп сұрайды, және т.с.с. – А.Р.

Жалғасы: Хадис 11-20 (40тан) http://yvision.kz/post/365429

Nurym
26 июля 2013, 17:44
1855

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 28355
  • 21
Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 26390
  • 186
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 15332
  • 372
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 11191
  • 56
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 7778
  • 54
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 6816
  • 83
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 3000
  • 18
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 3307
  • 21
Незамужняя женщина после 25 лет – «девальвирующийся актив»?

Незамужняя женщина после 25 лет – «девальвирующийся актив»?

Много блогеров, да и обычных пользователей на разных платформах и в реальной жизни говорят об этом. Некоторые поддерживают давление на девушек, кто-то защищает права девушек в этом вопросе.
Kduarova
15 нояб. 2017 / 19:27