Мазмұнға өту

Жаңа

Ех, ертеңгі күн, сен не әкелесің?

Ех, ертеңгі күн, сен не әкелесің? Болашақ күтпейді, жаңа күн түнге кезегін береді. Осылайша болашақтың бір күні өтіп, «Ех, ертеңгі күн, сен не әкелесің?» — деп батқан күнге қарап, болашақты болжауға үміт береді. Ішім қуатқа толы. Тың істерді атқаруға дайынмын. Мектеппен қоштасқалы жаз, күз, қыс, көктем, жаз болыпты. Тура бір жыл. Жиырма күнде оқуымды жалғастыруға қайта ораламын.Күз де келді. Жаздың ыстық күнінде анық көрінген тау бөктері енді көкшіл реңге боялған.Үйдің терезесінен қос өркеш төмпешік көрінеді. Сондай таныс көрініс. Тек қана терезеден емес. Белгісіз. Әйтеуір, мұндай көріністі көргендеймін. Ойланып көрдім, таба алмадым. Бірде бір таныс туыс адам біздің үйдің терезесінен төмпешіктерге қарап тұрып: — Терезеден көрініп тұрған мына таулар (төмпешіктер) компьютер экранның бетінде…

0
0
1564

Wikimania 2013(Hong Kong) конференциясында болған екі күн (1-бөлім)

Алматы аэрапорты... Басқа қалалардан келген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларымен кездестік. "Wikibilim" қоғамдық қорының президенті Нұрбек Матжанимен көрісіп, онымен және барлық НЗМ-нің оқушыларымен бірге суретке түстік.(Суретке түсер алдында оған біз сұрақ қойған болатынбыз) Нұрбек Матжани бізге сәттілік пен ақ жол тіледі. Алматы аэрапортында Гонконгқа барар жолда қазақ кино жұлдыздарының бірі Аружан Джазылбекованы көру бұйырды.Онымен танысып, суретке түсіп те үлгердік. Бір қызығы ол да Гонконгқа бара жатыр екен. Ұшаққа міндік. Барлығының ойында Гонконгқа тезірек жету. Бұл менің шетелге бірінші сапарым болғандықтан, әрине, қобалжу болды. Ұшақта отқанда алуан түрлі ойлар келеді екен. Гонконгтың ауасы, жері, халқы қандай екен деп ойлайсың. Бірнеше сағаттан соң, ұшақ терезесінен…

1
0
1414

Нұрмұхамед: «Төбелес демей-ақ қояйын, бірақ...»

Нұрмұхамед БАЙҒАРА, "Алаң" бағдарламасының продюсері және жүргізушісі - Бағдарлама үшін екі тарап жинау қиын ба? - Қиын. Біріншісі - тіл мәселесі. Сапалы да білімді мамандар қазақшаға шорқақ. Екіншісі - білімділік мәселесі. Қазақшасы ағып тұрғандар кәсіби маман болып шыға бермейді. Үшінші мәселе - екіжүзділік. Студия сыртында "батыр болғандар", "мотор!" деп пәрмен беріліп, жарық қосылған кезде сөзінен тайқып жатады. Билік өкілдеріне оппонент тарап алғашқы болып жинала бастады - Ток-шоу жүргізушісі ретінде шыныңызды айтыңызшы: бағдарлама кезінде төбелес, ұрыс сияқты оғаш оқиға болғанын қалайсыз ба? Әрине әдейі емес, бірақ табиғи шығып кетсе де? - Төбелес демей-ақ қояйын, бірақ қатты қызу жүргенін, әрине, қалаймын. "Жауапқа тартылатын" билік өкілдері де жиналып қалды - Бағдарлама барысында…

3
1
1127

Облыс әкiмi жастарымен бейресми кездесу

2013 жылы тамыз айының 13-15 аралығында Солтүстік Қазақстан облысы «Абакшино» демалыс орнында 50 жуық жас азамат қатысқан қалалық жазғы саяси лагері өткізілді. Лагердің жұмысының соңғы күнінде лагердің қатысушылары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ескендіров Самат Сапарбекұлымен және Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты Башмаков Анатолий Афанасьевичпен бейресми кездесу өтті. Тілдесу еркін форматта достық түрінде өтілді. Жастар өз туған өңірінің дамуына қызығушылығын көрсетті. Тілдесу барысында облыс жастар саясатының дамуы бойынша, жекешелеген, көптеген сұрақтар көтерілді. Мысалы, көбі жастар өңіріміздің басшысынан күн тәртібі, хобби және өмірдің ұстанымына қызықты. «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ атқарушы хатшысы Танақұлов Мұса белсенді солтүстік жастардың арасындағы қаһармандар…

0
0
758

Келісімшарт бойынша қызмет – лайықты таңдау

Астанадағы «Керуен» сауда орталығында әскери қызметке келісімшарт бойынша шақыруға арналған жылжымалы тіркеу пунктінің жұмысы ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қызметінің маңызды бағыттарының бірі Қарулы Күштерді офицерлік, сержанттық және қатардағы жауынгерлермен жасақтаудың жүйесін жетілдіру болып табылады. Бұл жұмысты жүргізуде Қарулы Күштерді келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтауға толық көшуге негіз беретін саннан бұрын сапаға барынша мән берілетіні сөзсіз. Үгіт тобының жұмысы үміткерлерді іріктеу және халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу сынды көпдеңгейлі жүйеге құрылған. Осы уақытқа дейін еліміздің әр аймағында үгіт-насихат сипатындағы бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты әскери қыз…

0
0
592

Қазақ сериалдарының несіне қызығамыз?

Соңғы бес жылдың ішінде отандық қазақтілді сериалдар теленарықта өтімді тауар қатарына қосылып бара жатқандай. Көруге тұрарлық та, сапасы нашарлары да бар. Алайда, сұраныс арқасында пайда болып жатқан шытырман телехикаялар кәріс пен түрік сериалдарына бәсекелес бола ала ма? «Айналайын» Шыққан жылы: 2011 Жанры: комедия, отбасылық кино Продюсер: Ақан Сатаев Сценарист: Берік Сабыржанов Режиссерлері: Болат Қалымбетов, Серікбол Өтепбергенов, Қанағат Мұстафин, Қымбат Тілеуова Рөлдерде: Ғазиза Әбдінәбиева, Қадырбек Демесин, Ержан Жарылқасынұлы, Бекжан Тұрыс, Гүлжамал Қазақбаева, Данагүл Темірсұлтанова, Азат Сейтметов, Бауыржан Каптагаев, Роза Рымбаева, Жанат (Жан) Байжанбаев, Жанна (Жаннат) Қуанышева, Майя Веронская, Камилла Ермекова Ұлттық арна эфиріндегі «Айналайын» сериалын отбасылық киноға ж…

Екібастұздағы «Үміт» балалар үйіне футбол алаңы сыйға тартылды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат — Екібастұз қаласындағы «Үміт» балалар үйіне газонды футбол алаңын «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ сыйға тартты, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен. Спорт құрылысы кез келген ауа райына шыдайтын сапалы материалдардан салынған. Торлы қоршау, жарықдиодты шырақ, жанкүйерлерге арналған орындықтар орнатылған. Жас футболшыларға компания доптар мен спорттық киім жиынтығын сыйға тартты. Футбол алаңының құрылғыларын алу үшін 12,3 млн теңге ақша салған. «ЕЭК» АҚ құрамындағы «Восточный» разрезінің ұжымы балалар үйіне 20 жыл бойы қамқорлық көрсетіп келеді. Кеншілер балаларға арналған мекеменің ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрмыстық мәселелерін шешуге көмектесіп, мерекелерді өткізіп, балаларды мектепке дайындайды. Алғашқы жолдастық кездесуд…

0
0
415

Алматы облысында дене шынықтыру және спортты дамытуға 4,6 млрд. теңге бөлінді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат — Алматы облысында 2013 жылы дене шынықтыру және спортты дамытуға 4,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Спорт күніне арналған салтанатты іс-шара кезінде өңір басшысы Аңсар Мұсаханов мәлімдеді. «Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Спорт күнімен шын шүректен құттықтаймын! Мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық және спорт алаңдарында биік жеңістер тілеймін», деді ол спорт ардагерлері, әлем және ел чемпиондарынан құралған қонақтар алдында сөйлеген сөзінде. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан — 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «дене шынықтыру және спорт мемлекеттің ерекше қамқорлығында болуы тиіс. Дәл осы салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып табылады» деп атап айтты. Об…

0
0
394

2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге өтініш берген қалалар қатарына Алматы да қосылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматыда 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу жөнінде ұсыныс енгізу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Алматы қаласының ресми сайтынан. Бүгін қала әкімі Ахметжан Есімовтің төрағалық етуімен және ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің басшысы Ерлан Қожағапановтың қатысуымен Алматыда 2022 жылғы қысқы XXIV Олимпиада ойындарын өткізу жөнінде ұсыныс енгізу мәселесі талқыланған алғашқы жиын өтті. Ерлан Қожағапанов Олимпиада ойындарын қай қалада өткізуді Халықаралық Олимпиада комитетінің Сессиясы анықтайтынын айтты. Олимпиада ойындары өтетін қала бірнеше кезеңнен өтуі тиіс. Бұл алдымен өтінішті 2013 жылдың 14 қазанына дейін беру. Олимпиада өткізуді анықтайтын Бағалау комиссиясы 2014 жылдың шілде айына дейін өзіне тиесілі жұмыстарды жүргізеді. Осы кезеңдерде…

0
0
357

2014 жылы Астанада паралимпиадалық спортшыларға арналған олимпиадалық орталық ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат — 2014 жылы Астанада мүгедек спортшыларға арналған олимпиадалық орталық ашылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Тастанбек Есентаев мәлім етті. «Келесі жылы Астанада мүгедек спортшылардың жетістіктерін арттыруға жағдай жасайтын олимпиадалық орталық ашылады. Үкімет тарапынан 129 млн. теңге қаражат бөлінді. Бұл — қамкөңіл спортшыларға арналған қамқорлық», — деді Т.Есентаев. Оның айтуынша, кейінгі жылдары паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спортшыларымыздың әлемдік аренадағы жетістіктері артып келеді. Сондықтан оларға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. «26 шілде мен 6 тамыз аралығында Софияда өткен Сурдлимпиадалық ойындарда біздің жерлесіміз Ғабит Есжанов алтын медаль енш…

0
0
379