Мазмұнға өту

Жаңа

Қарағанды облысында спорттың 75 түрі таратылады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — Қарағанды облысында Қазақстанда тіркелген спорттың 110 түрінің 75-і таратылады. «Дәстүр бойынша тамыздың үшінші жексенбісінде біз үлкен спорт мерекесі — Спорт күнін атап өтеміз. Биыл ол мерейтойлы — оныншы», — деп атап өтті өңір басшысы Бауыржан Әбдішев Спорт күніне арналған шара барысында сөйлеген сөзінде. «Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 2 мыңнан астам спорттық нысан бар, оның 1 мыңы — ауылда. Бізде 28 мың тәрбиеленушіні қамтып отырған балалар-жасөспірімдер спорттық мектептерін қоса алғанда, 50-ге жуық спорттық ұйым бар. Қазақстан Республикасында тіркелген спортың 110 түрінің 75-і таратылады», — деді Б.Әбдішев. Онымен бірге, облыста 82 аулалық және 81 дене шынықтыру-сауықтыру клубтары бар. «Білім беру мекемелерінде 60 мың оқушыны қамтып отырған 2 мыңнан астам…

0
0
350

Қарағандылық «Тұлпар» — «LVIV OPEN CUP-2013» халықаралық турнирінің жеңімпазы

Қарағандының шағын-футболдан «Тұлпар»

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қарағандының шағын-футболдан «Тұлпар» командасы «LVIV OPEN CUP-2013» халықаралық турнирінің шешуші матчында Юграның (РФ) «Газпром-Юграсын» 5:4 есебімен жеңді.

Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.

Әміржан Мұқановтың тәрбиеленушілері бірінші таймның қорытындысы бойынша 1:3 есебімен жеңілді, гол Дугластың еншісінде. Екінші таймда Павел Таку есептегі алшақтықты қысқартқанымен, ресейліктер тағы бір гол сала алды. Дегенмен, екінші голдың авторы атанған Дуглас пен Александр Гребенос ойынды овертаймға ауыстырды. Қосымша уақытта Гребенос «Тұлпарға» жеңіс әкелді.

Турнирдің үшінші орны Львовтың «Энергия» командасына бұйырды.

0
0
326

Головкин мен Стивенс жекпе-жек жөнінде алдын ала келісімге қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат — WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Кертис Стивенс жекпе-жекті өткізу жөнінде алдын ала келісімге келді. Айқас ағымдағы жылдың 2 қарашасында өтуі тиіс, деп хабарлайды Boxing.ru. Егер боксшылардың командалары барлық шарттар бойынша келісімге қол жеткізсе, онда Головкин мен Стивенстің кездесуі 2 қараша күні өтетін болады және ол НВО телеарнасында көрсетіледі. Айта кетейік, бастапқыда Стивенстің мүддесіне өкілдік ететін Main Events компаниясы америкалық боксшыға айқас үшін 300 мың доллар көлемінде қаламақы ұсынған Головкиннің промоутері — Том Леффлердің ұсынысынан бас тартқан болатын. Еске салайық, Головкин 30 маусым күні өткен өзінің соңғы жекпе-жегінде британдық Мэттью Маклинді нокаутқа жіберіп, WBA нұсқасы бойынша…

0
0
243

Н.Назарбаев пен В.Путин Сочиде кәсіби жауынгерлік самбодан халықаралық турнирді тамашалады


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин

АСТАНА. ҚазАқпарат — Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Сочиде өткен кәсіби жауынгерлік самбодан халықаралық турнирдің барысын тамашалады.

Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жарысты «Самбо-70» білім орталығы мен League S-70 ұйымдастырды. Биыл турнирге  Ресей, Қазақстан, Украина, Латвия, Болгария, Австрия, Венесуэла, АҚШ және Оңтүстік Африка Республикасының спортшылары қатысты.

Командалық жарыста Ресей әлем құрамасынан 4:1 есебімен басым түсті. Жолдастық кездесулерде Қазақстан мен Ресей командаларында екі жеңістен бар, бір жеңісті украиналық самбошы қанжығасына байлады.

0
0
412

Шығыс Қазақстан облысы IX Қазақстан чемпионатында ұлттық ат спорты ойындары түрлерінен жеңімпаз атанды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — 11-16 тамызда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында өткен IX Қазақстан чемпионатында жастар арасында ұлттық ат спорты ойындары түрлерінен Шығыс Қазақстан облысының командасы 1 орынды иеленді.Жарыс нәтижелерін Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. «Командалық есепте 1 орынды Шығыс Қазақстан облысы иеленді. Жамбыл облысы — 2 орында, Оңтүстік Қазақстан облысы — 3 орында», — делінген хабарламада. Жарыс төрт ұлттық спорттың түрі бойынша өтті: көкпар, аударыспақ, қыз қуу және теңге ілу. Чемпионатқа Астана және Алматы қалаларынан және 8 облыстан: Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Қарағанды облыстарынан келген командалар қатысты. Жалпы алғанда, 300-ден астам спортшы сайысқа түсті.…

0
0
1227

Париж бен Алматы арасында сұлулық таратқан Somerset Karine

«Көркіне ақылы сай» деп жиі айтып жатамыз, ал Somerset Karine атты дизайнерді (шын аты Карина Ысқақова) көргенде «көркіне ақылы әрі дарыны сай» деп айтқың келеді. Өйткені 24 жасында Карина өзінің алғашқы топтамасын Париждегі Луврда, кейін Алматыда сәтті көрсетіп шықты. Сондай-ақ мұндай жетістікке жеткенге дейін Париждің Дизайн және Өнер жоғарғы мектебін үздік бітіріп, магистрлік дәрежесін алып та үлгерді. Айтары мен тәжірибесі мол дарынды Каринаны әңгімеге тартып, біраз қызықты әрі пайдалы ақпаратқа қанықтық. Сонымен алдарыңызда Somerset Karine. — Сәлем, Карин! Қай жерде туылдың? Қазір қайда жұмыс істейсің? — Семей жақта туылғанмын. Бірақ онда тұрмадым, бірден Алматыға көшіп кеткенбіз. Бұл жерде ағылшын тіліне тереңдетілген лингвистикалық Алматы қаласының Халықаралық мектебінде оқыдым. Ке…

9
4
2499

«Қойшылар алгебрасы» — 4 мың жылдық тарихы бар ойын. Тоғыз-құмалақ ойынының әлемде 100-ден астам түрі бар.

Мен қызмет етіп жүрген компания жақында осы ұлттық ойынына арналған фотосессия ұйымдастырғанда, балалық шақта болған бір сәтті есіме түсірдім. Алғаш рет осы ойынмен танысқанда айтып жеткізе алмайтын сезімде қалдым. Ол уақытта, ауылдың балалары, көшеде асық, ләнгі, нарды, шүлік ойнайтынбіз. Бір күні ауылға қонаққа келген жігіт тоғыз-құмалақ ойынын алып келді. Көрші үйдің алдында күнде жиналатын болдық. Көшемде айналдырған бес - алты баламыз. Бұл ойын туралы естіп көрші көшелерден де келетіндер күннен күнге көбейді. Ойын құмар, жарысқа ниетті балаларға бір тақта жетпейтін болды. Үйлерімізге барып, қолдан келгенше өзімізге отаулары мен қазандары бар тақталарды жасап алатынбіз. Әйтеуір қысқа уақытта біздің көшеде осы ойын түрінен кәдімгі жарыстар басталып кетті. Алайда ұзыққа созылмады, жазғы…

8
6
8494

Wikimania 2013(Hong Kong) конференциясында болған екі күн (2-бөлім)

Бүгін тамыздың 10-ы. Гонконгтағы екінші күн. Қонақ үйден таңғы асты ішіп, тамақтанып болған соң, конференцияға баруға әзірлене бастадық. Бірнеше минуттардан кейін Гонконг Политехникалық Университетіне де келдік. Сессиялар басталмастан бұрын университеттің әсем жерлерін суретке түсірдік. Содан соң түрлі сессияларға кірдік. Оның бірі: Charles Mok-тың "One Internet Two Systems-Internet in China and Hong Kong ". Сессия Jockey Club аудиториясында өтті. Бұл сессияның арқасында Қытай және Гонконгта интернет желісі бірдей болғанымен, олардың жүйелері, яғни системалары әртүрлі екенін түсіндім. (ары қарай сессия кезінде түсірілген суреттер) Осы слайдқа қарап отырып, әлемде ғаламтор желісін қолданушылар саны 2,7 мильярд болса, Ал Қытайда 591 миллион адам екенін түсінуге болады.Яғни, Қытай бүкіл дүни…

1
0
519