Мазмұнға өту

Жаңа

Спорт күнін мерекелеуге 4,5 миллион қазақстандық қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Тамыз айының үшінші жексенбісі — Спорт күні «Салауатты ұлт — салауатты ұрпақ» акциясына 4,5 миллионнан астам адам қатысады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Тастанбек Есентаев мәлім етті. «ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ұйымдастыруымен, Астана қаласы әкімдігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Салауатты ұлт — салауатты ұрпақ» акциясын өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы акцияға Қазақстанның барлық өңірлерінен 4,5 млн. адам қатысады деп күтілуде. Шара 15-18 тамыз аралығында өтетін болады. Оның аясында жалпы спорттық сайыстар, салтанатты жиындар, дене тәрбиесі мен спортың дамуына елеулі үлес қосқан…

0
0
451

Сағыныш...

Тағы түсіме кірдің.. Өмірде тылсым күштің барына, аруақтардың қолдайтынына сенем. Өйткені сен барсың ол жақта. Жоғарыдан бақылап, қарап, желеб-жебеп жүргеніңе де сенем. Сен кеткелі 5 жылдан артық уақыт өтті. Бәрі кеше ғана болған сияқты. Өзіңмен өткізген бақытты балалық шағымды жиі аңсайтын болдым. Көкіректе түйір болып қатқан бір өксік, өкініш әлі де бар. 5 жылдың ішінде біраз бой түзеп ер жеттім, қазір көрсең қызыңа риза болар едің. Кейде қиналған шағымда, ешкімнен қамқор таппағанда өзіңді қатттттыы сағынып кетем,әже! Әке-шешем бір төбе, бірақ сенің орның бөлек еді, әлі де солай. Түйсігімнен жібек жіптерін өрген апаекем. Орның толмай жүр, енді қайттім. Қуанышымды, жетістіктерімді өзіңмен бөліскім келеді. Қол жетімді заманда бір жүзіңді көру арманға айналды. Аллаға шүкір, жағдайым жаман…

1
0
1505

Бір кем дүние....

Адамдарды күйкі тірлік әуреге тым қатты салып жіберді ғой деймін осы. Селкілдеп, тырмысып, тартысып үнемі асығады да жүреді. Ал уақыт деген зымырайды кеп... Ой елегінен өткізсем кеше ғана мектеп табалдырығын аттап жатыр едім, содан соң соңғы қоңырау, универ, оқу, жұмыс, жұмыс, жұмыс болайын деп тұр шамасы. Дүние жинаудан шаршамаппыз, бір жыртығыңды жамайын десең екіншісі мен мұндалайды.Жастардың да жағдайы мәз емес, ақша мен трайбализм жаулаған бір кем дүние әйтеуір.  Күйбең тірліктің қамымен жүріп жұрт өмірінің қалай өткенін де сезбей қалады... Өмірдің жақсаруына не істеу керек? Осылай күн кешудің себебі не, әсіресе қазақтардың. Бұған кім кінәлі? Қайың ба... әлде мемлекет пе? Таңдау өздеріңізде.

1
0
1076

«Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық-2013» жаттығуларының шешуші кезеңі өтіп жатыр

Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы бірлескен қорғаныс жүйесі шеңберінде «Жауынгерлік достастық-2013» тактикалық оқу-жаттығуының шешуші кезеңі өткізіліп жатыр. Оқу-жаттығу барысында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрамалары, бөлімдер мен бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ жауынгерлік есептоптардың еліміздің әуе шебін қорғаудағы дағдысын жетілдіру мәселелері пысықталатын болады. Сонымен қатар, ТМД Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күштері мен құралдарының бірлескен жауынгерлік кезекшілікті жүргізудегі өзара іс-қимылдарын көрсетеді. Бұл ретте қойылған тапсырмалардың сәтті орындалуы үшін жеке құрамның жоғары моралді-психологиялық, жауынгерлік және кәсіби сапасын артт…

0
0
390

ДомбыраParty-дің 1 жылдығы

Астана қаласындағы #ДомбыраParty басталған кез.

Алмас Алтай жұлдыз))

#ДомбыраParty - жастың да, кәрінің де көңілінен шығатын жоба.

Шәмші Қалдаяқовтың бүгін туған күні. Соған орай Шәмші әндерінен поппури айтылуда.

#ДомбыраParty-дің тұрақты жүргізушісі - Маралбек.

Кез келген жан #ДомбыраParty жұлдызы бола алады :)

#ДомбыраParty талай жастың тығылып жатқан өнерін шығарады :)

#ДомбыраParty-дің астыскер ақыны - Мерей.

Бүгінгі #ДомбыраParty бұрынғы Патидан өзгерек.

ДомбыраPartyдің видеоларын біздің порталдан көре аласыздар.

http://kaztube.kz/kz/video?category_id=45

0
0
517

Конференция күнделігі

Конференцияның 1-нші күні Біз Гонк Конгқа 9 тамыз күні таңғы сағат 8:15 те қондық. Жалдамалы автобуспен Гонк Конгтағы "Holiday Inn" қонақ үйіне келдік, орналастық. Гонк Конгты бірінші рет өз көзіммен көргенде оны қала екен деп айтуға тілім бармады. Бұл жақтағы үйлердің қабаттары шамамен 40-50, ең кіші үйлердің қаббатары 10-15. Өзі кішкентай қала болғанымен өте дамыған. Сонымен Викимания 2013 конференциясына келдік. Біз конференцияға келгенімізде адамдар түскі астарын ішіп жатты. Барлығымыз ішке кіріп конференцияның жоспар қағазын алдық. Сосын бізге Вмкимания жазуы бар футболка және бейдж берді. Ары қарай біз де түскі асымызды ішіп алып, сағат 16:00 де сессияға кірдік. Сессияны менеджер Crisco жүргізді. Ол өз сессиясынды мынадай тақырып қозғады: Неге біз википедияда жазылған адамдар туралы…

0
0
398

Шал фильмін біздің порталдан көре аласыздар

Елімізде "Жыл фильмі" атағына ие болған Ермек Тұрсыновтың "Шал" картинасын енді біздің порталдан тамашалуға болады!

Атақты жазушы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаясының желісі бойынша түсірілген бұл фильмде адам баласының қайраттылығы мен өжеттілігі, жігері мен табандылығы көрсетіледі. Фильмнің негізгі идеясы үлкен ойға салады,әсерлі көріністері риясыз көрерменді өзіне баурап алады.

 

0
0
567

Өте ұнады

Вчера по казахскому радио один журналист связывалась в прямом эфире с другой своей коллегой в Таразе. Та в свою очередь в прямом эфире освещала какое-то событие, и все бы хорошо и все бы как обычно, если бы не ее фраза, которая привлекла мое внимание – журналистка выразила свое мнение, предварив его словами «маған өте ұнады...» Журналист выразил свое мнение, ему что-то понравилось в человеке о котором она говорила. Мы редко слышим мнения, все чаще ссылки или резюме. Так редко, что слух выделяет их в потоке эфирного вещания. Я подумал, если мы, как общество, будем мотивировать граждан чаще выражать свое мнение, мы получим (хочется надеется) механизм самоизлечения. Только представьте казахстанцы стали иметь и выражать свое мнение в своей профессии. Люди станут более сфокусированы на делах,…

0
0
572