«Сәтті қадам» жобасы
Кеше Нұр Отан партиясының ғимаратында "Сәтті қадам" атты жас мамандарды тәжірбиеден өткізу жобасы болды. Онда бірнеше жоғары оқу орындарын аяқтаған жастар ұсыныс тастап, ол құжатттар конкурстан өтіп, іріктелді. Енді іріктеліп алынған жастар "сыналып жатыр" :)

Құжаттары конкурстан өткен жігіт мәз :)

Мына сұлу қыз Шымкент қаласынан Астанаға келіп, конкурсқа құжаттарын өткізген.

Конкурстан өткен құжаттардың иесімен жеке-жеке әңгімелесуде. Мақсаттарын, бағыттарын білу маңызды екені белгілі.

"Жас Отан" жастар қанатының Атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықовтың айтуынша, бұл жобаға ұсыныс тастағандардың 60%-дан көбі - заңгерлер мен экономисттер.

#сәттіқадам жобасына 394 адам ниет білдіріп, оның ішінде 149-ы қабылданыпты.

Бұл іріктеудің басты мақсаты - жастарбың ынтасын арттыру, патриоттыққа тәрбиелеу, мақсатқа жетер жолында демеу көрсету.

"Іріктеуден ең үздіктері өтті. Біз бәріне "иә" деп айтуға тырыстық. Қалғанының бәрін өмір өз орнына қояды, " дейді қазылар алқасының мүшесі Жұлдыз Омарбекова.

"Жас Отан" жастр қанатының атқарушы хатшысы - Нұрлан Сыдықов сұхбат беруде.

20 тамызда #сәтті қадам жобасының келесі кезеңі болады.

#Сәттіқадам жобасының қазылар алқасы

