Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандық әскери қызметшілердің кезекті жеңісі

Беларуссиядағы мергендер жұбы және Қазақстандағы барлау топтары арасында өткен жарыстардағы жеңістерінен соң біздің әскери қызметшілер Ресейден де кезекті жеңіспен оралды.

 

Мәскеу түбіндегі Алабино поселкесінде тұңғыш рет «Танк биатлоны» халықаралық жарысы болып өтті.

   

Жарыс жаңа Т-72Б танкісінде жүргізілді. Жарыс барысында экипаждар 20 км қашықтықты жүріп өтті. Нәтиже олимпиалық биатлондағыдай уақыт пен нысанаға дөп тиюден тұрады.

   

Бірінші орынды 26 минуттық нәтижемен ресейлік танк экипаж иеленді. Екінші орынды 52 секундтық айырмашылықпен Қазақстанның танк экипажы алды. Алайда, бұл екінші орынды маңдай термен келген жеңіс десе болады. Жарыс барысында біздің экипаж командирі жарақат алып, оны дублермен ауыстыруға тура келді. Үшінші және екінші орындарды Беларуссия мен Армения экипаждары бөлісті.

   

ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Әмір Халықовтың айтуынша, қазақстандық танк экипажы қойылған тапсырманы үздік орындаған.

   

«Қазақстан жағдайындағы дайындық барысында біз үздік экипаж біріншілігін өткіздік. Бұл секілді халықаралық жарыс бірінші рет өткізіліп отыр. Бірақ, біз оған қатысуға толықтай әзір болдық және жүлделі екінші орынды да иелендік», - дейді ол.

   

Бас қолбасшының орынбасары ресейлік әріптестер РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың қолынан «За укрепление боевого содружества» медалін алған қазақстандық танкистердің дайындық деңгейін жоғары бағалағанын атап өтті. Қазақстан үшін екінші орынды экипаж командирі аға лейтенант Жанат Қуанышев, сержант Мирас Нурко, қару оқтаушы аға сержант Айдын Қалиолдин, механик-жүргізуші ефрейтор Мақсат Түсіповтер қамтамасыз етті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
379

Осы тақырып бойынша