Мазмұнға өту

Жаңа

Шетелде білім алу: Institute of French Petroleum (IFP) School

Бүгінгі біздің кейіпкеріміз Францияның Мұнай институтында магистратурада білім алған Камиля Сейілханова. Камиляның бір жарым жыл ішінде жинақтаған тәжірибесін, қызықты оқиғалары мен кеңестерін төмендегі сұхбаттан оқи аласыздар. - Камиля, сәлем! Алдымен өзің туралы айтсаң? - Өзім Алматыданмын, Қазақстан-Британ техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша 2011 жылы аяқтадым. - Ал Парижге оқуға қалай түстің? - Соңғы курста оқып жүрген кезде Total E&P Kazakhstan компаниясы біздің студенттер арасында сайыс өткізіп, магистратурада білім алуға қаржылай көмек көрсетті. Компания үшін осындай шара алғашқы емес, бұрыннан да дарынды студенттерге қолдау көрсететін еді. Бірақ, алдыңғы жылдары тек техникалық мамандық меңгеріп жүрген студенттер арасынан таңдау жасаса, біз қатысқан жылы басқа ма…

6
3
2838

Бизнесті қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы туралы баспасөз ақпараты

Бүгін прокуратура органдары мен «Атамекен Одағы» арасындағы ынтымақтастық туралы бекітілген Меморандум аясында «Бас прокуратураның бизнесті қорғауға және тексерулердің айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралары туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/biznesti-korgau-mseleleri-boyynsha-dongelek-ustel-otyrysy-turaly-baspasoz-akparaty

0
0
282

«Жауынгерлік достастық-2013» оқу-жаттығуы аяқталды

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесі бекіткен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің біріккен жүйесі шеңберінде бүгін «Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық – 2013» оқу-жаттығуының шешуші кезеңі өткізілді. Аталған оқу-жаттығудың барысын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков бақылады. «Жауынгерлік достастық» оқу-жаттығулары Қазақстанның «Сарышаған» полигоны мен Ресей Федерациясының «Ашулук» полигонында екі жылда бір рет өткізіліп тұрады. Бүгінгі маневрға Әскери-әуе күштерінің экипажы мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік есептоптары қатысты. Біріккен жаттығуларға барлығы 1500 адамнан тұратын жеке құрам, 28 авиациялық техника, 9 зенитті-зымыран кешені, сонымен қатар байланыс және…

0
0
477

Аса ірі мөлшерде ақшалай қаражатты ұрлаған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Теміржол әскери күзетінің лауазымды тұлғалары сотталды

Бірінші сатыдағы сотпен мүлкін тәркілеумен 8 жылға бас бостандығынан айыруға «Теміржол әскери күзеті» АҚ экономика және қаржы бойынша вице-президенті Шыныбеков, «Теміржол әскери күзеті» АҚ Семей филиалының бөлім бастығы Сахариев, есепшілері: Кенжин мен Төрегелдинова сотталды. Аталған филиалдың бас есепшісі Аленова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаржы полициясы олардың 2006-2012 жылдар аралығында еңбек төлемі қорын арттыру жолымен кәсіпорынның 236,4 млн.теңгесін ұрлағандығын дәлелдеді. Оған қоса тексеріс нәтижесінде қаржы полициясы органдарымен «Теміржол әскери күзеті» АҚ өзге де аумақтық филиалдарында бюджет қаражатын ұрлау фактілері анықтады. Олар бойынша қылмыстық істер қозғалып тергелуде. Мәселен, Алматы қаласы бойынша қаржы полициясы департаменті «Теміржол әскери күзеті» АҚ Алмат…

0
0
526

Жаңа кәріс телехикаясының тұсаукесері — «Мың рет сүйдім»!

Тағдырлары қиын екі ағайынды қыз туралы әңгіме. Біреу - жайдары да жайнақы болса, екіншісі, дегеніне қалайда жететін - көңілсіз және пайдакүнем қыз. Екеуі де махаббатын кездестіреді, алайда, бақытқа жету үшін, көп қиындық көреді...

1
0
816

«Барыс» хоккей клубының биылғы бюджеті жарияланды

«Барыс» хоккей клубы
Құрлықтық хоккей лигасы командалардың биылғы бюджетін жариялады.

Лиганың ресми сайты хабарлағандай, ең ірі бюджет Санкт-Петербор қаласының «СКА» командасына тиесілі. Оның жалақы капиталы 38 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Одан кейін «Ақ барс» (32,9 млн. доллар) және «Металлург» (30,9 млн. доллар) командалары келеді. Ал астаналық «Барыс» хоккей клубы 16,8 млн. доллармен 11-ші орында тұр.

АСТАНА.   ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
257

Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

стивенс головкин

Аты шулы GGG лақап атпен әлемге танымал боксшымыз Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды alaman.kz.

Жерлесіміз АҚШ-тың 28 жастағы боксшысы Кертис Стивенспен қолғап түйістірмек. Геннадий атағы бойынша WBA сериясын 9-рет, IBO 6-рет қорғайын деп отыр. Өз сөзінде Генадий Кертис Стивенсті танымайтынын айтқан.

Кертис Стивенс 28 жекпе-жек өткізген. Оның 25-ін жеңіп, қарсыластарын 18 нокаутпен ұтқан, ал 3 рет жеңілген.

Геннадий 27 жекпе-жек өткізген. Оның 27-сін жеңіп, қарсыластарын 24 нокаутпен ұтқан, ешкімге жеңілмеген.

Жекпе-жек 2 қараша күні АҚШ-тың Мэдисон Сквер Гарден аренасында, Нью-Йорк қаласында өтпек. Осы кездесуге орай, екі спортшының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат

0
0
283

«Шахтердің» Еуропа Лигасына қатысатын тізіміне 25 футболшы енді

Футболдан Еуропа Лигасына қатысатын қарағандылық «Шахтердің» тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz. Ресейлік маман Виктор Кумыков жаттықтыратын қарағандылықтардың тізіміне 25 футболшы енген. Қақпашылар: Стас Покатилов, Валерий Фомичев, Сергей Ткачук және Александр Мокин; Қорғаушылар: Никола Васильевич, Асхат Борантаев, Андрей Порываев, Евгений Тарасов, Алдин Джидич, Михаил Габышев, Сергей Малый, Бақыт Әбуов және Александар Симчевич; Жартылай қорғаушылар: Гедиминас Вичюс, Мақсат Байжанов, Вадим Боровский, Аслан Дарабаев, Геворг Казарян және Рохер Каньяс; Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай, Андрей Финонченко, Роман Муртазаев, Станислав Лунин, Игорь Зенькович және Сергей Хижниченко. Еске сала кетейік, Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчын «Шахтер» қыркүйектің 19-нан 20-на қ…

0
0
249

Ара шағып алғанына қарамастан Нибали «Вуэльтаның» жалпы есебінде көш бастады


Винченцо Нибали

Қазақстандық «Астана» командасының үздігі Винченцо Нибали Испания жолдарымен өтіп жатқан «Вуэльта» мәртебелі велокөпкүндігінде жалпы есепте көш басына оралды, деп хабарлайдыVesti.kz.

Бұл жағдай 11-кезеңнен кейін орын алды. Жеке жарыс қорытындысы бойынша Нибали швейцариялық Фабиан Канчеллара, неміс Тони Мартин және өзінің отандасы Доменико Поццовивоға жол беріп, төртінші орын алды.

Жалпы есепте Нибали ирландиялық Николас Рошеден 33 секундқа озып келеді. Үшінші орында келе жатқан Алехандро Вальверде біздің велошабандоздан 46 секундқа қалып тұр.

Естеріңізге сала кетейік, В.Нибалиді дәл маңдайынан ара шағып алды деген ақпарат тараған болатын. Соның салдарынан «Астана» капитанының беті ісіп кетті.

   

АСТАНА.  ҚазАқпарат

0
0
431

Қазақстан азаматтары жаппай гимнастикаға шығады


Алдағы сенбі, қыркүйектің 7-сі күні республика бойынша Денсаулық фестивалі өтеді.

Биылғы фестивальдің ұраны — «Денсаулығым керемет — жаттығуға көп рахмет!». Осыған орай, республика бойынша жаппай гимнастика жаттығуларын ұйымдастыру жоспарланған. Ол үшін таңертең бір уақытта радио желі арқылы кешенді жаттығулар мен оларды орындау тәртібі таратылады. Осы кезде барлық стадиондар мен спорт алаңдарында сан алуан іс-шаралар — «Анам, әкем және мен — спортшы отбасымыз!», «Қол жеткіземіз көпке — болсақ біз бірге!», ұрпақтар эстафетасы, памперспен жүгіру сияқты «көңілді старттар», көрмелер, викториналар және байқаулар өтеді. Сондай-ақ сұлулық пен денсаулыққа арналған тауарлар, спорт әдебиеттері мен дұрыс тамақтану өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылмақ.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
367