Мазмұнға өту

Жаңа

Әскери полиция отряды дөңгелек үстел өткізді.

Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция отрядында Қазақстан психологтар ассоциациясының президенті Владимир Стеблянконың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Алматы өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінен өкілдер қатысты. Әңгіме өскелең ұрпақты тәрбиелеу ерекшеліктері жөнінде болды. Себебі әскерге баратын да осы өскелең ұрпақтың өкілдері екендігі белгілі. Сондықтан командирлердің тәрбие жөніндегі орынбасарлары әскери бөлімдердің психологтарымен бірлесе отырып, армияға шақырылатын жастағы бозбалаларды тәрбиелеу процестерінің және психологиялық ерекшеліктерін оқып үйренулері тиіс. Бұл жерде тәртіп бұзуға бейім жастарды ерте анықтау да назардан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ, дөңгелек үстел өткізу барысында қатысушыларға әртүрлі психологиялық тренингтер өткізілді. Алматы…

0
0
328

Қыз-келіншектерге темекі шегуді үйреткен кім екенін білесіңдер ме?

Қыз-келіншектерге темекі шегуді үйреткен адам – Эдвард Бернейс. Бұл 1929 жылы болған оқиға еді. Сол кездері Америка жұртшылығына өзінің неше түрлі қисынды-қисынсыз PR-акциялары арқылы танымал бола бастаған Эдвард Бернейске темекі бизнесінің өкілдері өтініш жасады. Өтініштері – «темекі бизнесін дамытудың жаңа әдістерін тауып бер» деу. Э.Бернейс бұған дейін «Дженерал Электрик» деген фирма үшін электр шамының қолданыла бастағанына 50 жыл толуына орай «Жарықтың алтын тойы» деген атаумен ең алғашқы халықаралық деңгейде мерекелік шара ұйымдастырған еді. Осы мерекелік шарадан кейін жұртшылықтың электр шамына деген қызығушылығы артқан екен. Көп ұзамай өзінің осы сияқты қызметтерімен Э.Бернейс бизнестік ортаның назарын аудара бастады. Өз ісін жақсы білетін асқан шебер маман ретінде танылып, енді о…

1
0
2489

Конкурс жеңімпаздары анықталды

"Қазақстан тарихы" номинациясы бойынша 601 лайк жинаған erbolat063 атты қолданушымыз 1 орынға ие болды. Видеосы: http://kaztube.kz/ru/video/87406 "Қазақстан тарихы" номинациясындағы 2 орын 391 лайк жинаған jasik kvn атты қолданушыға бұйырды. Видеосы: http://kaztube.kz/ru/video/88193 36 лайк жинаған Talgat9520 атты қолданушымыз "Қазақстан тарихы" бөліміндегі видеосымен 3 орынға ие болды. Видеосы: http://kaztube.kz/ru/video/87900 «Қазақстанның аймақтары» номинациясындағы бірінші орынды U_ka жеңіп алды. Ол ұсынған видео: http://kaztube.kz/ru/video/90995 "Қазақстанның аймақтары" номинациясындағы 2 орын bekarazhan атты қолданушыға бұйырды.Оның видеосы 41 лайк жинаған http://kaztube.kz/ru/video/90955 "Қазақстанның аймақтары" номинациясында 3 орынға malyshka_aray ие болды. Ол 27 лайк жинаған. ht…

0
0
427

Инстаграмдағы қазақстандық актерлер

Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, фотограф, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Бүгінгі материалда қазақстандық актерлердің инстаграмына шолу жасамақшымыз. 1. Азамат Сатыбалды @azamatc Қазақстанның бірден-бір танымал актері жайлы сұхбат осыған дейін "Екпінде" жарияланған болатын. Ал өз инстаграмынан Азаматтың әрдайым Астана мен Алматы арасында ұшып жүретінін, қандай жаңа жобаларға, фильмдерге қатысып жатқандығын және де ұлымен уақыт өткізуді жақсы көретін үлгілі әке екендігін білдік. Кейбір суреттер астына жазылатын астарлы сөздерінен актердің өмір жайлы терең философиялық ойларын біліп қала…

6
6
4611

Қаржы полициясы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорнының бұрынғы топ-менеджерін ұстады

Ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Қаржы полициясы агенттігіндегі жауап беруден кейін «Транстелеком» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылтайшысы болып табылады) бұрынғы бірінші вице-президенті Абдрахманов ұсталды. Қазіргі кезде ол «Қазпочта» АҚ басқарушы директоры – «Корпоративтік сатылым дирекциясы» филиалының директоры болып табылады. Оған 2006 жылы «Транстелеком» АҚ бірінші вице-президенті болған кезінде, өз қызметтік уәкілеттігін теріс пайдаланып, «КТ&Т» ЖШС-мен консорциалдық келісім-шартқа заңсыз қол қойып, мемлекетке 4,1 млрд.теңге залал келтірген деп күдік тағылуда. Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы маманының қорытындысы бойынша «Транстелеком» АҚ мен «KT&T» ЖШС арасындағы келісім-шарт жалған мәміле бойлып табылады. Ол мемлекеттің 4,1 млрд.теңгесінің негізсіз төленуіне әкеліп со…

0
0
285

Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына 106 футбол алаңы сыйға тартылады

Шығыс Қазақстан облысының орталығында Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына дайындық барысы пысықталды. Бұл туралы облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбай баяндады, деп хабарлайды Аltaynews.kz сайты. Басқарма басшысының келтірген деректеріне қарағанда, «жүз жылдыққа жүз алаң» жоспары бойынша аймақтың елді мекендерінде 106 алаң пайдалануға берiлмек. Өскеменде 8 алаң салынуы тиіс болса, соның екеуі қолданысқа беріліп қойған, алтауында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Семейде 13 алаң жоспарланса, жетеуі іске қосылып, алтауының тұсауы оныншы қыркүйекте қиылмақ. Риддер қаласында межеленген төрт футбол алаңының үшеуі аяқталып, біреуінде жұмыс әлі жүргізілуде. Абай ауданында да дәл осындай жағдай, төрт алаңның үшеуі дайын, біреуі жақын арада қолданысқа өт…

0
0
562

Семейде көркем гимнастика мектебі ашылды

№ 2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде гимнастика залы ашылды. Спорт нысанының салтанатты ашылуына қала әкімі Айбек Кәрімов, спорт қауымдастығы, жанкүйерлері, жас спортшылар қатысты. Бұл туралы Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторынан хабарлады. Көркем гимнастика мектебінің ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала әкімі Айбек Кәрімовтің айтуынша, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 55 млн. теңге қаржы бөлінген. Баласын спорттың осы түріне бергісі келгендер соңғы он жылдан бері жеке ғимаратты былай қойғанда жаттығу залын таба алмай, талай рет тұйыққа тірелген. Осынау игі қадам — елімізде біраз уақыттан бері қолға алына бастаған бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы жүзеге асқан іргелі істердің бірі. Іргетасы 1985 жылы қаланған ғимарат бүгінде жан-жақты жөндеуден өткізілг…

0
0
604