Серена Уильямс «US Open-2013» жеңімпазы атанды
2013 жылғы теннистен «Үлкен Дулыға» турнирлерінің соңғысы — АҚШ ашық біріншілігінің әйелдер арасындағы сыны аяқталды.Биыл да өткен жылғыдай америкалық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямс өз жерінде топ жарды. Бұл — оның «Үлкен Дулыға» турнирлеріндегі 17-ші жеңісі. Финалда ол Беларусь елінің өкілі Виктория Азаренконы 7:5, 6:7, 6:1 есебімен тізе бүктірді.
АСТАНА. ҚазАқпарат

