Тікелей эфир

Адам көркі — шүберек #2: Әсел Cherie

Әсел Қадірбаева блог әлемінде Cherie/Asselcherie нигімен белгілі. ҚБТУ-дің 4-курс студенті Қаржы-Экономика факультетінде білім алуда. Бьюти-блогингте бағын сынап, Yvision.kz сайтында «Chérie жазбалары» атты блогын жүргізеді. Проза, аспаздық, сурет салу, дизайн, қолөнер мен тігумен айналысатын Әселдің арманы — өзгелерге ұқсамайтын жоба жасау.


Жыл маусымдары ауысқан сайын ауа райымен қоса, киім үлгілері де өзгереді. Киім-кешекті бірінің үстіне бірін киіп, түрлі образдар жасауға болатыны үшін күзді ұнатамын. Мысалы, жазда жейде мен шорты немесе көйлек киіп, жүре береміз, оларға тек моншақ не білезіктерді қосуға болады, бірақ аптап ыстықта басқа аксессуарларды тағу қиын.

Ал бұл күзгі образға келетін болсам, университетке, жұмысқа, құрбыларыммен сыртқа шығуға немесе сүйіктіммен бір жерге баруға болатын киім үлгісі. Бойдағы нәзіктікті көрсете білетін осындай стильдегі киімді жақсы көремін. Себебі бұл стиль айналадағы адамдарға жағымды әсер етеді, әрі сені мезі қылмайды.

Әселдің үстінде:


Күзгі образымды тоқыма сарғыш Batik пальтосы құрайды. Бұл пальто күләпараға айнала алатын жағасымен ерекшеленеді, түсі де ұнайды. Мен үшін бұл өте сәтті модель, себебі орташа ұзындығы бар пальтоны тауып алу мен үшін қиын.

Жасыл түсті Zara блузкасын сатып алған себебім – оның түсі. Күзгі бейтараптықты осы жасыл түсті киім ерекше қылады. Белдемшеге (Shendel) назар аударсаңыз, байсалды стильді жақсы көремін, бірақ ерекше түстес киімді де үйлестіре білген дұрыс.

Nila&nila етігін мен сонау 2009 жылы Оралда сатып алған едім. Ерекше өкшесі бар етік анам екеумізді бей-жай қалдырмады. Осы етікті кисем, айналадағылар міндетті түрде оларға назар аударады. Етік өте ыңғайлы, алайда, қатты жел соқса, жүруге қиындық туғызады.

Сөмкем (Gilda Tonelli) көлемді болғанымен, әдемілігін жоғалтпайды. Мектепте оқып жүргенімде бұл сөмкені анам сыйға тартқан болатын. Итальян сөмкелерін жақсы көремін, себебі олар пішінін ұзақ сақтап, он жылдай қасыңызда жүруі мүмкін. Сыйымдылығы, әрі көп нәрселерді салып қойсаң да шар ұқсап үрленбейтіні ұнайды.

Орамал-шарфтарды қатты жақсы көремін, суық болса, басыма тағып аламын, себебі бұл образыма нәзіктік береді. Күзде оларды киімге қосып киюді ұнатамын. Бұл орамалым байсалды реңкте - қара мен қызғылт түстес. Әдемі ою кез келген look үшін жарасымды.

Аксессуарларға келетін болсам: ақ алтыннан жасалған алқа мен шексіздік формасындағы кулон және Romanson сағаты. Сағатты Жаңа жылға ата-анам сыйлаған болатын. Үнемі тағып жүретін сағатым кешке арналған көйлек болсын, күнделікті киімім болсын, бәрімен де үйлесіп тұрады.

Макияж күзге сәйкес жылы реңкте, қоңыр күздің түсін қайталап тұрғандай. Көзге акцент жасай отырып, ерінге тек қана бальзам жаққан болатынмын.

Киімді қай жерден сатып аламын

Киімді көп ретте жоспарламай сатып алатыным бар: ұнаса – ала беремін. Анаммен бірге дүкен аралаған көңілдірек, сол себепті Оралдан жиі киім сатып аламын, ал мына жақта құрбыларыммен немесе сіңліммен Mega Center, Promenade, Silkway city, Пассаж, ЦУМ секілді дүкендерді аралаймыз; жеке дүкендерге кіргенді жақсы көремін, ондай жерде басқа дүкендерде жоқ нәрселерді тауып алуға болады.

Материалды дайындаған: Әлия Сембай

_________________________________________________________________________

Адам көркі — шүберек #1: Гаухар Very Berry

Алия Arsik
13 қараша 2012, 22:58
13251

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Aikona
1
0
Әдемі қыз екен
әдемі. киім де, киімнің ішіндегі де :)
Zere
2
0
Қазақ жері бай ғой сұлуларға. Қандай керемет сұлулық!
Комментарий удалён администрацией
Cherie'дің сұлулығы ешқандай бояуды да қажет етпейтін табиғи,нәзік әсемдік. Тіл-көзім тасқа. Ал дәл осындай Romanson сағатын мен де тастамай тағып жүрем. Пальтоға да +.
nurma
2
0
Посттарын канша окысам да, киiну мен бояну туралы. Казiргi кызды одан баска бирдеме кызыктырады ма?
Arsik
0
0
басқа посттарымызды оқымағансың ғой деймін, үйтіп айтатын болсаң)) бізде осындай екі пост қана. басқасы өнер, мәдениет немесе мамандық таңдауға байланысты, сілтемелерін бермей-ақ қояйын.
nurma
0
0
Алия, Кудай сактасын, екпин туралы емес, Аселдин посттары жайлы айткан едим )))
кешір, асығам деп, дұрыс оқымадым. Әсел сен сияқты сурет салады, әңгімелер жазып тұрады)
Пальтосы жақсы екен.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8526
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 2963
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3113
  • 37
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2433
  • 9
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2559
  • 31
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 1993
  • 17
Хочу сказать работникам ЦОНа «Большое спасибо!». Я бы не хотела работать там

Хочу сказать работникам ЦОНа «Большое спасибо!». Я бы не хотела работать там

Шум, гам, есть люди воспитанные, есть невоспитанные, есть просто дикие люди. Есть и странные люди. В очередях хаос, все друг друга хотят перепрыгнуть, все суют свои бумажки под нос справочному бюро.
decorus
14 июля 2017 / 16:04
  • 2156
  • 15
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 2096
  • 50